Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Табанның зақымдалуы және даму ақаулары 521 Даул...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Топай сүйегінің шығуы

Келесі түрлерін ажыратады:

  • Топай сүйегінің шығуы: топай сүйегінің шығуы сирақ-табан, топай-қайықтәрізді, топай-өкше буындарында шығады.

  • Топайасты шығу: шығу топай-өкше және топайқ-айықтәрізді буындарда болады, бұл кезде сирақ-табан буынының конгурэнттілігі сақталады.

Емі: Шығу сипатына байланысты жалпы және жергілікті жансыздандырғаннан кейін топай сүйегін орнына салған соң бізбен трансартикулярлы не гипсті таңумен бекітеді. Алғашында артқы U-тәрізді лонгета, сосын ісік қайтқан соң циркулярлы гипсті таңу салынады.

Асқынулар: топай сүйегінің сынығындай

Өкше сүйегінің сынықтары

Өкше сүйегінің сынықтары табан сүйектері сынықтары ішінде 50%, жалпы сынықтар ішінде 3% құрайды.

Жіктелуі: Өкше сүйектері сынықтарының ерекшелігі сынық типі әр түрлі және соның ішінде жиі буынішілік сынықтар (90%)

Өкше сүйектері сынықтары (5-сурет)

  1. Буыннан тыс жиектік вертикальді сынық (5а сурет)

  2. Буыннан тыс жиектік горизонтальді сынық («үйрек тұмсығы» 5б сурет)

  3. Буынішілік сынық(ығысусыз, буын бетінің басылуымен 5в сурет)

  4. Компрессиялық сынық(5г сурет)

  5. Жарықшалы сынық( 5д сурет)

5-сурет: өкше сүйегі сынықтары

Буыннан тыс, ығысусыз сынықтар-жеңіл ; ал буыннан тыс, ығысумен және буын ішілік, ығысусыз-орташа ауырлықтағы; буынішілік, ығысумен және жарықшақты-ауыр сынықтар қатарына жатады.

Жарақат механизмі: тура соққы. Негізгі себебі биіктіктен аяпен құлау

Диагностикасы: Табанда ауырсыну және ісіну. Жеңіл және орташа ауырлықтағы сынықтар кезінде науқас зақымданған аяғына басып жүре алады, бірақ ауырсынумен жүреді, ал ауыр сынықтар кезінде жүру мүмкін емес. Өкше сүйегінің сынығына өкшенің бүйір аймағында және табанның табандық бетінде қан құйылу ошақтары тән. Және осы аймақтарды пальпациялағанда ауырсыну (теріасты клетчатканың мыжылуынан) Сирақтабан буынында белсенді қозғалыстар біршама шектелген, ал топайасты буынында мүлдем шектелген.

Егер ығысумен болса:

  • Өкше аймағында вальгусты не варусы деформация, оның енінің кеңеюі

  • Сыртқы толарсақ ұшынан табандық бетке дейінгі аралықтың қысқаруы

  • Табанның бойлық күмбезінің кеңеюі және ісінуі

Радиологиялық зерттеу: бүйірлік және аксиальді проекцияда түсіріледі. Бүйірлік проекция табанды башпай ұшына дейін түгелдей қамту керек, себебі ол арқылы сынықты және ығысуды ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар топайасты және өкше-текше буынын және Белер бұрышының(6-сурет) өзгерісін анықтайды.

6-сурет: Топай-өкше бұрышы қалыпты жағдайда(а) және өкше сүйегі сынығы ығысумен(б)

Аксиальді проекция(сыртқы табандық) өкше сүйегі төмпегінің бүйірлік ығысуын, топайасты буынның артқы бөлігінің жағдайын анықтайды.

Ауруханаға дейінгі көмек: Б\і анальгетик, сатылы шинамен тасымалдаушылық иммобилизация және науқасты ауруханаға жеткізу. Зақымдалған аяққа күш түсірмеу керек.

Емі: зақымдалған аймақта анатомиялық құрылымдарды қалпына келтіру, бірақ өкше сынықтарын емдегенде негізгі мақсат табанның көлденең күмбезін қалпына келтіру. Емдеу әдістері консервативті, жартылай белсенді(қаңқадан тарту) және белсенді(оперативті ем)

Консервативті ем. Функциональді әдіс ығысусыз сынықтар кезінде қолданылады. Ол кезде аяқ жоғары көтерілген жағдайда болады және табанмен ерте пассивті қозғалыстарды бастау керек. 1.5-2 аптадан кейін(ісік қайтып, ауырсыну басылғаннан соң) біртіндеп үдемелі жүктеме түсіруге болады.

Жабық репозиция сынық түрі және ығысу сипатына байланысты жүргізіеді. Егер сүйек сынығы проксимальді бағытта ығысса осы фрагмент арқылы не одан жоғары біз өткізіп таға тәрізді темірге(скоба) тартып қояды. Бұдан кейін табан күмбезін жақсылап қалпына келтіріп 4-6 аптаға гипсті таңу салады(7-сурет) Иммобилизация уақыты 1-2 апта.

7-сурет: Юмашев-Силин әдісі бойынша өкше төмпегінің горизонтальді сынығы кезіндегі репозиция: а-біз өткізітін орын, б-репозиция, в-гипсті таңумен бекіту

Қаңққадан тарту өкше сүйегінің ығысумен сынығы кезінде қолданылады. Бізді өкше сүйегінің төмпегі арқылы өткізеді, егер керек болса өкше сүйегінің төмпегі төмен және артқа ығысатындай етіп үлкенжіліктенде өткізеді(8а сурет) Қаңқадан тартуды сонымен қатар Г.С.Юмашев ( 8б сурет )бойынша жұмсақ тіндер арқылы өткен біз арқылы жүргізуге де болады(өкше төмпегіне ахилов сіңірінің беку алдында) Тарту 3-4 апта бойы жүргізіледі, сосын аяқты жарақат алған уақыттан бастап 2.5-3 ай бойы гипсті таңумен иммобилизациялайды.

8-сурет: Өкше сүйегі сынған кезде қаңқадан тарту

А-А.В.Каплан бойынша өкше сүйегі фрагментінен үш ауырлық жүйесімен тарту

Б-Г.С.Юмашев әдісі бойынша

Оперативті ем. Ашық әдіс-енгіш фиксаторлардың көмегімен жүргізіледі (біз, винт, сүйек трансплантаттары, моделдеуші пластиналар) Жақсы нәтижені сыртқы бекітуші аппараттар береді, себебі оның көмегімен ығысуды қалпына келтіреді және аяққа ерте күш түсіруге болады(9 сурет)

9-сурет: Өкше сүйегінің остеосинтезі

А-винтпен, б-моделдеуші пластинамен,в-бізді аппаратпен,г-өкше сүйегінің буынішілік компрессионды сынығы: пластинамен остеосинтезге дейін және кейін

Бекіту уақыты мұндай аппаратпен 1-2 айға созылады. Ауыр травма кезінде(көп жарықшалы буынішілік сынықтар ), яғни қалыпты анатомиялық құрылымдарды қалпына келтіре алмағанда топайасты буынының біріншілік артродезі қолданылады.