- •Сирақ, сирақ-табан буынының зақымданулары Cирақ сүйектері диафизінің сынықтары
- •Кіші жілік диафизінің жекеленген сынықтары
- •Жекеленген үлкен жіліктің зақымданулары
- •Сирақ сүйектерінің дистальды бөлігінің сынықтары
- •Сирақ-табан буынының зақымданулары
- •Тобық сынықтары
- •1) Дельта тәрізді байламның жыртылуы; 2) кіші жілік төменгі үштен бірінің сынығы;
- •3) Дистальды сүйекаралық синдесмоздың үзілуі; 4) табанның сыртқа қарай шығуы.
Сирақ сүйектерінің дистальды бөлігінің сынықтары
Сирақ сүйектерінің дистальды бөлігі сынықтарының клиникалық көрінісі тобық сынықтарына ұқсайды(пилон сынығы – үлкен жілік дистальды бөлігінің кеңейген аймағы, тобық пен диафиз арасы, тобық сынықтары), диагностикасы ісіну, локальды ауырсыну, сирақ-табан буынында пассивті, активті қозғалыстардың шектелуі болып табылады. Буыннан тыс сынықтарда патологиялық қозғалыс, деформация, буын сызығынан жоғары крепитация байқалады. Қорытынды диагнозды екі стандартты проекциядағы рентгенография негізінде қояды.
Емнің басты принципі буын бетін толық қалпына келтіру.
Қарапайым (сынықшаларсыз) буыннан тыс (А1) және буын ішілік (В1) ығысусыз сынықтарды гипстік таңғышпен тізе буынына дейін, ал сыну сызығы үлкен аймақта болса санның ортасына дейін салады.
Жарықшақты ығысқан сынықтарда А2 немесе A3, сонымен қоса толық емес буын ішілік В типті сынықтарда өкше сүйегінен қаңқадан тарту 3-5 апта, кейін гипстік таңғышқа ауыстыру арқылы емдейді.
Ү
лкен
жіліктің буындық бетін толық қалпына
келтіре алмаған жағдайда оперативті
ем
қолданылады. Көбінесе мұндай жағдай
толық емес буын ішілік ВЗ типті, толық
буын ішілік С типті және буын бетінің
импрессиясы кезінде байқалады. Буындық
беттерін бір-біріне тура келтіріп,
пластина, винт, біз, сүйекті пластинамен
стабильді остеосинте іске асырылады
(сур. 8).
Сур.8. Пилон сынығындағы тіреуіш пластинамен остеосинтез және кіші жіліктің төменгі үштен бірінің сынығындағы компрессиялық пластинасы.
Буын ішілік сынықтарда буын бетінің зақымдалуы жарақаттан кейінгі деформациялайтын артроз дамуына әкеледі, оған сирақ-табан буынындағы қозғалыстың шектелуі, ауырсынудың пайда болуы тән. Бұл асқынулар репозицияның кеш және дұрыс жасамағанда дамиды.
Сирақ-табан буынының зақымданулары
Сирақ-табан буынының жарақаттары жиі кездеседі және науқастардың ұзақ уақыт еңбекке жарамсыздығына, кей жағдайларда мүгедектілікке әкеледі.
Анатомо-биомеханикалық ерекшеліктері. Сирақ-табан буыны адам денесінің басқа буындарына қарағанда ең ауыр салмақты көтереді. Буын - сирақ сүйектерінің төменгі эпифиздері және топай сүйегімен түзілген, топай сүйегінің денесі жілік сүйектерінің буындық беті құрайтын «аша» құрамына кіреді. Ішкі жағынан ішкі тобық шектелген және дельта тәрізді бұлшықетпен бекіген. Сирақ-табан буыны сыртқы жағынан сыртқы тобық шектелген және үш байламнан тұратын бекітуші аппаратпен бекіген: артқы топай-кіші жілік, өкше-кіші жілік, алдыңғы топай-кіші жілік. Төменгі жілікаралық синдесмоз үш дәнекер тінді құрылымнан тұрады: сүйек аралық мембрананың төменгі қалыңдаған бөлігі, сыртқы тобықтың алдыңғы және артқы байламдары. Кейбір авторлардың айтуы бойынша жілікаралық синдесмоз, жілік сүйектерінің араларын ашуға кедергі жасап, «ашасын» ұстап тұруға септігін тигізеді. (сур. 9).
Сур.9. сирақ-табан буынын бекітетін байламдар:
1 – дельта тәрізді, 2 – артқы топай-кіші жіліктік, 3 –өкше- кіші жіліктік, 4 – алдыңғы топай-кіші жіліктік.
Сонымен, сира-табан буынының тұрақтылығын сүйектер де, байламдар да қамтамасыз етеді. Сирақ-табан буыны зақымдалғанда байлауша аппарат та зақымданады, сондықтан диагноз қойғанда, емдегенде оны ескерген жөн.
Сирақ-табан буыны күрделі болғандықтан көптеген қозғалыстар жасайды: сыртқы және табандық бүгу, әкету (абдукция), әкелу (аддукцию), пронация сур.10а, супинация сур.10б, ішкі және сыртқы ротация.
а
б
Сур.10. Сирақ-табан буынындағы қозғалыстар: А – пронация, б – супинация.
Анатомиялық дұрыс репонирленбеген ығысулар бұл қозғалыстардың бұзылуына әкеп, жарақаттан кейінгі артрозға соқтырады.
Сирақ-табан буынының жарақаттарын үш топқа бөлуге болады:
Жұмсақ тін компоненттерінің зақымдануы (байлайшы аппарат, буын капсуласы);
сүйек компоненттернің зақымдануы ;
аралас зақымданулар.
