Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халықаралық құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Жоспар:

  1. Саяси және заңдық даулар туралы мәселелер.

  2. Дауларды халықаралық ұйымдарда шешу тәртібі.

  3. Халықаралық соттар.

Негізгі ұғымдар: халықаралық дау, бейбітшілік, саяси дау, заңдық дау, халықаралық сот.

Халықаралық дауды екі немесе одан да көп халықаралық құқықтық субьектілердің қарама-қайшылығынан туындайтын саяси құқықтық қатынастар ретінде көруге болады. Дау туындаған сәттен бастап және оның даму кезеңдері кезінде халықаралық құқықтың жалпыға бірдей императивті қағидасы-халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу жүзеге асуы керек.

Осы туралы алғаш рет 1907 ж. Гаага конферециясында қабылданып.екінші әлемдік Гаага конференциясында толықтырылған «Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу туралы» әмбебап акт. Оған қоса 1928 жылы 26 қыркүйекте Ұлттар Лигасы қабылдап, 1949 ж. 28 сәуірде БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген «Дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі» жалпы акт. БҰҰ Жарғысының 33-бабында бейбіт тәсілдердің төмендегідей түрлері көрсетілген: Келіссөз, зерттеу, делдалдық, татуласушылық, бітімгершілік, Төрелік сот, Сотта қарау, аймақтық органға шағымдану.

Халықаралық ұйымдардың жарғылары дауларды бейбіт жолмен шешудің тетіктерін қарастырған. Ол шешімдер ұсыныс сипатына ие болады. Осындай органдар БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесі. Қауіпсіздік Кеңесі Жарғысының 34-бабына сәйкес, ол кез келген дау бойынша зерттеу жүргізуге өкілдігі бар. Осы негізде халықаралық тергеу әрекеттерін жүргізеді, оны шешудің тәртібі мен әдістерін ұсынады және оны шешудің жағдайларын қарастырады.

Бас Ассамблея халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауіп төндіретін дауларды қарайды және шешеді.

Дауларды Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым шеңберінде төрт элементтен тұратын дауларды шешуге қатысты жүйе жасалған:

1. Валетта тетігі, ол бітімгершілік органның міндетін атқарады.

2. Бітімгершілік комиссиясы.Мемелекеттер арасындағы дау, егер оған тараптар келісетін болса, комиссияға берілуі мүмкін.

3. Төрелік трибунал тараптардың ұсыныстарымен құрылуы мүмкін. Төрелік трибунал нақты дауды шешу үшін дауласушы тараптардың арбитрларынан және Сот Президиумы тағайындаған арбитрлардан тұруы мүмкін. Трибунал дауда халықаралық құқыққа сай шешеді және оған тараптардың келісімі қажет. Оның шешімі соңғы шешім, шағымдануға жатпайды.

4. Бітімгершіліктің директиві тәртібі.Тарап өз бастамасымен немесе бақа біреудің өтінішімен игі қызыметтер,делдалдықты жүзеге асыруы мүмкін.

Халықаралық төрелік «аралық қарау»-үшінші тараптың дауын шешу болып табылады.Оның шешімі дауласышы тараптар үшін міндетті.Төрелік соттардың халықаралық дауларды шешуі құлиеленушілік мемелекеттер кезеңінен белгілі. Халықаралық төрелік тәртіптің дамуына 1899 және 1907 жылдардағы халықаралық қақтығыстарды шешу жөніндегі Гаага конвенциясы үлкен үлес қосқан.1958 жылы Бас Ассамблея төрелік өндірістің үлгі ережелерін шығарып,олар ұсынбалы сипатқа ие болған.

Халықаралық сотытың іс қарауының теориялық негіздері Х1Х ғасырда қорытылып жасалғанымен,олар дауларды бейбіт жолмен шешудің жаңа әдістері болып танылады.

Кәзіргі заманда жалпы деңгейдегі БҰҰ-ның халықаралық соты, Теңіз құқығы бойынша халықаралық трибунал, Адам құқықтары жөніндегі Еуропа соты, ТМД-ның Экономикалық сотары құрылған, олар дауды бейбіт жолмен шешудің жаңа тәсілдеріне жатады.

27 тақырып. Мұнай, ауыл шаруашылық және туризм саласындағы ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық нысандары.