Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК для геологов --- каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327 Кб
Скачать
☆

Мазмұны.

Кіріспе

6

1 бөлім. Қазіргі нарықтық экономика: негіздері, қызмет ету принциптері мен құрылымы

6

1.1 Ел экономикасының қазіргі жағдайы

6

1.2 Нарықтық экономиканың негіздері. Нарық заңдары. Экономикалық реформаның негізгі бағыттары

9

2 бөлім. Өнеркәсіп пен сала экономикасының негіздері

12

2.1 Елдің өндіргіш күштерінің дамуындағы минералды шикізаттың ролі

12

2.2 Жер қойнауын пайдаланудың экономикалық және құқықтық негіздері. Геологиялық барлау саласының сипаттамасы

16

3 бөлім. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын және кәсіпкерлік

21

3.1 Кәсіпкерлік – нарықтық экономикадағы іс-әрекеттің негізгі түрі

21

3.2 Кәсіпорын – экономиканың негізгі буыны. Кәсіпорындардың формалары

25

3.3 Геологиялық кәсіпорындардың негізгі қорлары

28

3.4 Геологиялық кәсіпорындардың айналыс құралдары

35

3.5 Өнімнің және геологиялық барлау жұмыстарының өзіндік құны

38

3.6 Нарықтық экономика жағдайындағы бағаның түзілуі

41

3.7 Геологиялық кәсіпорындардың пайдасы мен рентабельділігі

45

4 бөлім. Нарықтық экономика жағдайында геологиялық кәсіпорынды басқару

47

4.1 Менеджмент – өндіріс тиімділігінің факторы ретінде

47

4.2 Тауарлар нарығындағы кәсіпорынның әрекеті. Маркетинг

52

4.3 Геологиялық барлау жұмыстарындағы еңбек ресурстары

56

4.4 Еңбек өнімділігі – өндіріс тиімділігінің көрсеткіші

58

4.5 Еңбек төлемін ұйымдастыру – өндірісті басқарудың қызметі

61

4.6 Негізгі және қосалқы ндірісті ұйымдастыру - өндірісті басқарудың қызметі

64

4.7 Еңбекті мөлшерлеу – нарықтық экономикада өндірісті басқарудың қызметі ретінде

70

4.8 Еңбекті ғылыми ұйымдастыру – менеджменттің элементі ретінде

74

5 бөлім. Жоспарлау және жобалау – басқарудың қызметтері

80

5.1 Техникалық-экономикалық жоспарлау

80

5.2 Геологиялық барлау жұмыстарын жобалау және олардың өндірісіне кететін шығындардың сметасы

82

6 бөлім. Кәсіпорындардың қаржылары және несие

88

6.1 Қаржы және несие негіздері. Геологиялық кәсіпорындардың қаржылары, олардың мемлекетпен, банктермен қатынасы

88

7 бөлім. Геологиялық кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық әрекетін есепке алу және талдау

91

7.1 Кәсіпорындардың шаруашылық әрекетінің есебі мен статистикасы

91

7.2 Кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық әрекетін талдау

95

8 бөлім. Экономикалық өсім және геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігі

98

8.1 Ғылыми-техникалық өрлеу – экономикалық өсімнің көзі ретінде

98

8.2 Күрделі қаржылардың және геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігі

101

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

103

Кіріспе.

Бұл базалық (тірек) конспектісі геологиялық мамандықтар бойынша білім алатын, орта арнайы оқу орындарында білім алушыларға арналған «Экономика және геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастырудың негіздері» оқу пәнінің үлгілік бағдарламасына сәйкес жасалды. Мұнда минералды шикізат экономикасының, геологиялық барлау жұмыстары экономикасының, ұйымдастырудың, басқару мен жоспарлаудың негізгі мәселелері баяндалған. Менеджмент пен маркетингтің теориялық негіздері және геологиялық барлау өндірісіндегі олардың көрініс ерекшеліктері ашылған. Қазіргі жағдайларда еңбекті мөлшерлеудің, ұйымдастыру мен төлемінің мәселелерін қарастыру айтарлықтай орын алады. Геологиялық барлауға қатысты кәсіпкерліктің негіздері, қызметтері мен ерекшеліктері ашылған. Геологиялық барлау өндірісін ұйымдастыру мен жоспарлаудың теориялық негіздері мен әдістемелік принциптері баяндалған, соның ішінде геологиялық барлау жұмыстарын бизнес-жоспарлауға және жоабалуға ерекше көңіл бөлінген. Қазіргі кәсіпорынды қаржыландыру мен несиелеу, есебі мен статистикасы мәселелеріне назар аударылған. Жер қойнауын пайдаланудың экономикалық және құқықтық негіздері, соның ішінде жер қойнаулары туралы Заңның, Қазақстан Республикасындағы Еңбек және Салық кодекстерінің негізгі қағидалары қарастырылған.

1 БӨЛІМ.

Қазіргі нарықтық экономика: негіздері, қызмет ету принциптері мен құрылымы.

Тақырып 1.1: Ел экономикасының қазіргі жағдайы.

Жоспар:

  1. Индустриалды-инновациялық стратегияның негізгі бағыттары.

  2. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

Басты тезистер.

1. Экономиканы диверсификациялауға бағытталған, Қазақстанның жедел экономикалық және әлеуметтік өрлеуінің бағдарламасы ретінде Индустриалды-инновациялық стратегияның негізгі бағыттары:

а) шикізатсыз секторларда ел экономикасының арнайы бағытқа салынуын қамтамасыз ететін, нарық сегменттеріндегі кластерлерді дамыту:

- туризм;

- мұнайгазды машина жасау;

- азық-түлік және тоқыма өнеркәсібі;

- көлік-логистикалық қызметтер;

- металлургия;

- құрылыс материалдарының өнеркәсібі;

б) шағын және орта бизнестің дамуы;

в) аграрлық мәселелерді шешу;

г) XXI ғасырдағы білім беру мен кәсіби дайындық.

2. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына Қазақстанның ену стратегиясының негізгі басымдықтары:

а) 1-ші басымдық: Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға нәтижелі ықпалдасуы;

б) 2-ші басымдық: Қазақсттаның экономикасын бұдан ары модернизациялау және диверсификациялау;

в) 3-ші басымдық: Халықтың «осал» топтарын қорғайтын, осы заманғы әлеуметтік саясат;

г) 4-ші басымдық: қазіргі білім берудің дамуы, білікті кадрлардың үздіксіз артуы.

3. Қазақстан азаматтарының тұрмысын арттыру – мемлекеттік саясаттың мақсаты:

а) өндіруші секторды дамыту, экономиканың негізгі секторларын озық инфрақұрылымдық қамтамасыз ету;

б) жаңа үшжылдық бюджет және оның негізгі қағидалары:

- зейнетақы мөлшерінің артуы (2009 ж. 25% және 2012 ж. қарай 2,5 есе);

- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерінің артуы;

- 2010 – 2011 жж. бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшерінің артуы;

- бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақы мөлшерінің артуы;

в) білім берудің сапалы қызметтерін көрсету:

- 2010 ж. қарай білім берудің тиімді инфрақұрылымын құру;

- кәсіптік-техникалық білім беруді ары қарай дамыту;

- «Тілдердің үштік бірлігі» мәдени жобасын жүзеге асыру;

г) Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын өзгерту – Қазақстан азаматтарына үшін тұрғын үйдің қол жетімділігі мен сапасын арттыру.