- •Дәнекер ұлпасының биохимиясы
- •Дәнекер ұлпасының қызметі
- •Дәнекер ұлпасының құрамы мен құрылысы
- •Жасушаралық (негізгі) зат (Сур. 1)
- •Дәнекер ұлпасының протеогликандары және гликозаминогликандары
- •Гликозамингликандар
- •Слайд-рисунок 1 Белки соединительной ткани Гиалурон қышқылы
- •Коллагеннің құрылыс мен биосинтезі
- •Негізгі зат компоненттерінің катаболизмі
- •Дәнекер ұлпасының талшықтары
- •Коллагендердің синтезі және жетілуі (Сур. 2)
- •Коллагеннің катаболизмі
- •Эластикалық талшықтар
- •Дәнекер ұлпасындағы жасушалық элементтер
- •Сүйек ұлпасының биохимиясы Сүйек пен тіс ұлпалары химиялық құрамының және олардағы зат алмасуының ерекшеліктері
- •Сүйектің органикалық матриксі.
- •Апатиттің алғашқы кристаллы түзілуінің механизмі
- •Кальций және фосфор алмасулары
- •Тіс ұлпасының биохимиясы
Коллагеннің катаболизмі
Табиғи коллаген (нативті коллаген) кәдімгі пептидилгидролазалармен гидролизденеді. Коллаген катаболизмінің негізгі ферменті – коллагеназа.
Коллаген баяу алмасатын протеин. Оның алмасу жылдамдығын қандағы және несептегі оксипролин мөлшері бойынша айқындайды. Коллагеннің катаболизмі жас кезде (20 жасқа дейін) және кейбір ауруларда (коллагеноздар, гиперпаратиреоидизм, кейбір инфекциялық ауруларда) басмым түрде белсенді болады.
Эластикалық талшықтар
Талшықтардың 2-ші түрі – эластикалық талшықтар. Оның негізгісіне эластин протеині жатқызылады. Эластин коллагеннен де гидрофобты болады. Оның құрамының 90% -ы гидрофобты аминоқышқылдар.
Эластин – эластикалық талшықтардың негізгі құрылымдық компоненті. Олар жоғары эластикалық қасиет көрсететін ұлпаларда (қантамырларында, байламдарда, өкпелерде) болады. Эластикалық қасиет бұл ұлпалардың өте жоғары созылмалылығы мен тез арада бастапқы қалпына және өлшемдеріне қайта келушілігі (жүктеме алынған соң) бойынша байқалады.
Эластин — гликопротеин, молекулалық массасы 70 кДа, құрамында көп гидрофобтық аминоқышқылдар (Гли, Вал, Ала, Лей, Про) болады. Көптеген протеиндермен салыстырғанда эластиннің пептидтік тізбегі үшінші реттік құрылымға қалыптаспайды, ал керісінше иілгіш кездейсоқ конформацияға қалыптасады. (Сурет 5.).
Жасушаралық мариксте эластин молекуласы талшықтарды, торларды, қабаттарды түзеді. Олардағы жеке молекулалар көптеген көлденең байланыстармен байланысқан.
Эластин молекуласындағы кездейсоқ конформация және көптеген көлденең байланыстар эластикалық талшықтарға сағыз тәріздес әртүрлі бағытта созылмалы қасиетті береді.
Сурет 5. Эластиннің құрылысы.
Дәнекер ұлпасындағы жасушалық элементтер
Бұлар фибробластар, толыққан жасушалар (тучные клетки), макрофагтар. Оларда құрылымдық компоненттердің синтезі үдерісі мен дәнекер ұлпасының ыдырауы үдерістері өтеді. Оларда коллаген 10 жылда 50%-ға дейін жаңарады. Фибробластарда синтетикалық үдерістер өтеді, мысалы, коллагеннің, эластиннің синтездері.
Сүйек ұлпасының биохимиясы Сүйек пен тіс ұлпалары химиялық құрамының және олардағы зат алмасуының ерекшеліктері
Сүйектер — өте тығыз, дәнекер ұлпасының арнайы маманданған формасы. Сүйектің негізгі ерекшеліктері – бұл қаттылық, серпімділік, механикалық мықтылық.
Сүйектер тіректік қызметті атқарумен бірге кальций мен бейорганикалық фосфаттардың деполану орны болып табылады. Сонымен бірге, сүйек майында қан жасаушы жүйенің жасушалары түзіледі және иммундық жүйенің жасушалары жетіледі.
Сүйек ұлпасының маңызды минералдық құрамы, біршама басымы, ерімейтін кальций фосфаты - гидроксилапатит (Ca10(PO4)6(OH)2) немесе карбонатапатит (Ca10(PO4)6СО3) формасында болады. Сүйектерде басқа да жерсілтілік элементтердің карбонаттары да болуы мүмкін. Апатит — бұл ірі комплекстік катион Ca[Ca3(PO4)2]32+, оны келесі қарама қарсы иондар ОН-, СО32-, HPO42- немесе F- қоршап орналасады.
Минералдық компоненттердің ерекшелігі бұл кальций/фосфор қатынасы дәйек бойынша 1,5-ке тең, ал есептеулер бойынша қатынас 1,67-ге тең болуы керек еді. Жоғарыдағы айырмашылық сүйектерге фосфат иондарын оңай байланыстыруға немесе оны беруге мүмкіндік береді, сондықтан сүйек бұл минералдар үшін депо, оның ішінде кальций үшін қызметін атқарады.
