Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 1 ЭМР.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
462 Кб
Скачать
☆

2. Өтпелі кезеңдегі жалпы экономикалық және макроэкономикалық тенденциялар

IS-LM үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс 1937 жылы ұсынған. А. Хансенің 1949 жылы шыққан «Монетарлы теория және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды. Содан кейін ол Хикс- Хансен үлгісі деп аталып кетті.

IS-LM үлгісі (инвестиция- қор жинағы үнамды өтімділік- ақша)- жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті экономикалық факторы айқындайтын тауар- ақша тепе- теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе- теңдік қалыптасу үшін қажетті табыс көлемі У пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі R-дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді.

Сондықтан да IS-LM үлгісі АD- AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.

Төмендегі теңдеу классикалық үлгідегі тауар нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді.Бұл теңдеулердің айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде IS-LM үлгісінің негізгі теңдеулері:

1.Y=C+I+G+Xn негізігі макроэкономикалық тепе- теңдік

2.C=a+b (У-Т)

3. I=e-d *R

4. Xn =g-m*Y-n :R

5.M= k*Y-h*R

P

Үлгінің ішкі айнымалылары:

Y (табыс), С(тұтыну), І (инвестиция), Xn (таза экспорт), R (пайыздық мөлшерлеме)

Үлгінің сыртқы айнымалылары:

G (мемлекеттік шығындар), М (ақша ұсынысы), Т(салық мөлшерлемесі)

Эмпирикалық коэффициенттер:

(a, b,e,d,g,m,n,k,h) мәндер және салыстырмалы

3. Ауыспалы экономиканың негізгі заңдылықтары

Қазіргі заманда теория «нарықтық», «нарықтық экономика» немесе әлеуметтік реттелінетін нарықтық экономика түсініктеріне қандай экономикалық мазмұн береді.

Нарық, қазіргі кезде басты элементтері «сұраным», «баға» және «ұсыным» болып табылатын дербес қосалқы жүйеге айналды. Дәл осылардың бірлігі «нарық» түсінігімен аталады. Нарықтық экономика түсінігі «нарық» түсінігіне тағы да екі саланы «өндірісті » және «тұтынуды қосу» есебінен кеңейіп отыр.

Әлеуметтік- реттелінетін нарықтық «экономика» түсінігі де ерекше кең; нарықтық экономика (яғни сұранымға, бағаға, ұсынымға, өніріс пен тұтынуға) ол нарықтық экономиканың реттеу (тікелей және жанама) механизімін құрайтын факторларын –мемлекетті, нарықтық мекемелерді дүние жүзілік экономика ықпалын үстемелейді.

Өзге нарықтар үшін «мемлекеттік нарықтың» маңызы ерекше, өйткені оған тән белгіленген бағлар және кепілді өткізу барлық нарықтың қозғалысына реттегіш ықпалын тигізеді. «Монопольдік нарық» та әдетте өзіне тән тұрақты бағаларымен түрақтанушы міндет атқарды.

Нарықтық дамыған инфрақұрылымы- қоғамның экономикалық байлығы болып табылады.Оның қалыптасуы –нарықтық экономикаға қатысушылардың тұтас ұрпағы еңбегінің нәтижесі.

Дәріс 5. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар

1. Экономикалық өсудің мәні.

2. Экономикалық өсудің факторлары мен негіздері.

3. Елдің экономикалық өсуінің негізгі көрсеткіштері.

1. Экономикалық өсудің мәні

Экономикалық өсу деп экономикалық өмірдің қозғалысы, экономика элементтерінің даму үрдісі (өндіру көлемі, баға деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және т.б.) түсініледі.

Экономиканың сандық және сапалық өзгерістері, өсу мен құлдырауы – экономиканың дамуын құрастырушылар. Құлдырау

экономика дамуының кері серпінінде көрінеді. Экономикалық өсу тұрғындардың, өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз ету үшін

қажет.

Экономикалық өсудің тұрақтылығы – экономикалық саясаттың

ең бір басты мақсаты.

Ұлттық экономиканың өсуін мөлшерлеу үшін келесі көрсеткіштерді пайдаланады: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) және жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ).

ЖҰӨ - елде жыл ішінде шығарылған барлық дайын өнімдер мен қызметтердің жалпы рыноктың құны.