Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4вариант.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186 Кб
Скачать
☆
  1. I саты//

  2. IIб саты//

  3. IIIа саты//

  4. IIIб саты//

  5. IV саты

***

58. 48 жастағы әйелде сипап сезгенде және маммограммада оңжақ емшектің төменгі - сыртқы квадрантында диаметрі 5,5 см ісік анықталды. Емшек ісігіне пункциялық биопсия жасау нәтижесі: цитологиялық - аденокарцинома. Сипап сезгенде, ультрадыбысты зерттегенде оңжақ қолтық астында ұлғайған көлемі 1,5 см бір лимфа түйін анықталды. Ісіктік процесстің сатысы://

  1. I саты//

  2. IIа саты//

  3. IIб саты//

  4. IIIа саты//

  5. IIIб саты

***

59. 58 жастағы әйелде сипап сезгенде және маммограммада солжақ емшектің ортаңғы квадрантында диаметрі 2,5 см ісік анықталды. Емшек ісігіне пункциялық биопсия жасау нәтижесі: цитологиялық - аденокарцинома. Арқасының ауырсынуына байланысты омыртқаға компьютерлі томография жасалды. IV- ші және V- ші бел омыртқада деструкция ошақтары анықталды. Ісіктік процесстің сатысы://

  1. I саты//

  2. IIб саты//

  3. IIIа саты//

  4. IV саты//

  5. IIIб саты

***

60. Емшек обырының этиологиясында осы ағзаның функциясының бұзылуы маңызды роль атқарады://

  1. бүйректің//

  2. көкбауырдың//

  3. аналық бездің//

  4. айырша бездің//

  5. сүйектің

***

61. 33 жастағы әйелде сипап сезгенде екі емшектің паренхимасы дән тәріздес, анық сезілмейтін ұсақ ошақты қатаюлар анықталады. Етеккір келер алдындағы кезеңде олар қатайып ауырсынады. Емшектің терісі өзгермеген. Емшектің ұшынан бөліністер көрінбейді. Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз://

  1. диффузды фиброзды-кистозды мастопатия//

  2. обырдың мастит тәріздес түрі//

  3. обырдың ісіну-инфильтративті түрі//

  4. созылмалы екіжақтық мастит//

  5. Педжет обыры

***

62. 38 жастағы әйелде сипап сезгенде және маммограммада оңжақ емшектің жоғарғы - сыртқы квадрантында диаметрі 1,5 см ісік анықталды. Емшек ісігіне пункциялық биопсия жасау нәтижесі: цитологиялық - аденокарцинома. Сипап сезгенде, ультрадыбысты зерттегенде солжақ қолтық астында ұлғайған көлемі 1,5 см лимфа түйін анықталды. Цитологиялық - аденокарциноманың метастазы. TNM жүйесі бойынша ісіктік процесстің сатысын көрсет://

  1. TIN0MO//

  2. TINIMO//

  3. T2NOMO//

  4. T3NOMO//

  5. T2N1MO

***

63. 65 жастағы әйелде сипап сезгенде және маммограммада оңжақ емшектің жоғарғы - ішкі квадрантында диаметрі 3,5см ісік анықталды. Емшек ісігіне пункциялық биопсия жасау нәтижесі: цитологиялық - аденокарцинома. Сипап сезгенде, ультрадыбысты зерттегенде және компьютерлі томография жасағанда зақымдалған лимфа түйіндері анықталмады. TNM жүйесі бойынша ісіктік процесстің сатысын көрсет://

  1. TINOMO//

  2. TIN1MO//

  3. T2NOMO//

  4. T2N1MO//

  5. T3NOMO

***

64. 50-жастағы еркекке келесі диагноз қойылды: оңжақ өкпенің жоғарғы бөлігінің орталық обыры. III сатысы. Цитологиялық – жалпақ жасушалы обыр. 2 ай бұрын дәрігерлер науқасқа химиялық және сәуле терапиясын жасамақ болды. Науқас емнен бастартты. Науқас бетінің қатты ісініп, терісінің көгеріп, мойын тері асты көк тамырларының кеңеюімен онкологиялық диспансерге бір сағат бұрын жеткізілді. Науқас басының ауырып, тынысының тарылуына шағымдалады. Науқастың сипатталған жағдайы осыған байланысты://

  1. оңжақ өкпенің ортаңғы бөлігінің ателектазы//

  2. жақасты лимфа түйіндеріне метастаз берілген//

  3. «жоғарғы қуыс көк тамырының қысылу синдромы»//

  4. өкпе көк тамырларының тромбозы//

  5. ісіктің өңешке жарып шығуы және плеврит

***

65. 54-жастағы еркек қан аралас қақырықты жөтелмен онкологиялық диспансерге жеткізілді. Науқасты тексеруді осы зерттеуден бастаған жөн://

  1. бронхография жасау//

  2. трахеяның интубациясы және өкпеге қосымша вентиляция жүргізу//

  3. ұлғайған қолтық асты лимфа түйіндеріне биопсия жасау//

  4. бронхоскопия жасау//

  5. торакоскопия жасау

***

66. 64-жастағы еркекке рентгенологиялық және бронхоскопиялық зерттеулер нәтижесінде келесі диагноз қойылды: оңжақ өкпенің жоғарғы бөлігінің орталық обыры. Эндобронхиальді түрі. II сатысы. Цитологиялық – жалпақ жасушалы обыр. Өкпе резекциясына аб­солютті қарсы көрсетімдер://

  1. ісіктік процесстің перикардқа өсуі//

  2. диафрагмалық нервтің параличі//

  3. көкірекорта лимфа түйіндерінің ұлғаюы//

  4. ісіктің кальцификациясы//

  5. миокардтың жіті инфаркті

***

67. 62-жастағы еркек онкологиялық диспансерге оң жақ қолының ауырсынуына және функциясының төмендеуіне шағымданып келді. Біріншілік қарау кезінде жоғарғы қабағының төмен түсуі және қарашығының кішірейгені анықталды. Дәрігердің алдынала диагнозы://

  1. субдуральді гематома//

  2. мойынның алдыңғы саты бұлшық еті синдромы//

  3. мойын остеохондрозы//

  4. Пенкост ісігі//

  5. стенокардия

***

68. Өкпенің жиі кездесетін зарарсыз ісіктері://

  1. гамартома//

  2. невринома//

  3. гемангиома//

  4. өкпе кистасы//

  5. липома

***

69. Сипаты жедел өтетін пневмонит осы ісіктің түріне тән://

  1. Пенкост обырына//

  2. өкпе обырының атипиялық түріне//

  3. өкпе обырының перибронхиальді түріне//

  4. бронхтың саңылауын тарылтатын эндобронхиальді өкпе обыры//

  5. өкпе обырының медиастинальді түрі

***

70. Өңеш обырының экзофитті түріне тән рентгенологиялық белгі://

  1. көкірек қуысында қосымша көлеңкенің болуы//

  2. өңеш саңылауының бір қалыпты емес тарылуы//

  3. өңеш саңылауының циркулярлы тарылуы//

  4. өңеште баридің депосы анықталады// 5. «ниша» симптомы бар

***

71. 57 жастағы әйел дисфагия, дене температурасының 38 градусқа көтерілуіне шағымданады. Клиникалық-рентгенологиялық, эндоскопиялық, морфологиялық өңештің жалпақ жасушалы обыры деген диагноз қойылды. Ұзындығы 8 см ісік өңештің ортаңғы үштен бірінде шоғырланған. Өңеш-медиастинальді жылан көз асқынуы анықталды. Негізгі емдеу әдісі://