Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsii_sayasattanu.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
249 Кб
Скачать
☆

2. Этнос - саясат субъектісі ретінде

Ұлттық саясат проблемаларын дұрыс тұжырымдап, дәл шешу, әлеуметік-этностық қауымдасуды дамыту үшін, ең алдымен, саясатану категориялары мен саясат субектісінде аса маңызды мәселе болып табылатын этнос, ұлыс, ұлт деген түсінікке ғылыми тұрғыдан анықтама беру қажет. Олар тарихи даму барысында белгілі бір аумақта /территорияда/ мекендеп, қалыптасқан адамдар қауымдастығы, бірыңғай ортақ тіл, мәдениет, мінез құлық, ортақ сана-сезім, этнонимдікте қалыптасқан белгілермен дараланады.

«Этнос» - гректің сөзі. Ол «тайпа, «халық» дегенді білдіреді. «Этнос» дегенді екі түрлі мән-мағынада ұсынған жөн.

Біріншіден, этникос атауы тұрғысында, екіншіден, этностық әлеуметтік организм /құбылыс/. Бір тұрпатты этникосқа қай жерде тұратына қарамастан аталған этностың барлық топтары жатады. Мысалы, Туркияда, Иранда, Қытайда, Моңғолияда, Францияда басқа да елдерде тұратын қазақтар бір этнос құрайды. Ал әлеуметтік этнос организм міндетті түрде ұлттық мемлекетпен астарлас. Мәселен, қазақтың әлеуметтік этнос организмне Қазақстан Республикасында тұратын қазақтар ғана жатады.

Этнос - белгілі бір аумақта /территорияда/ тарихи қалыптасқан, адамдардың тұрақтылық жиынтығын бейнелейтін аса күрделі қоғамдық-тұтастық құбылысты айқындайды. Бұған өзіндік белгілер ретінде тілдің, мінез-құлықтың, мәдениеттің ерекшелігі, сана-сезімнің бірлігі сияқты ортақ ұқсастықтар тән. Осы тәрізді ұқсастықтан тек тіл, халық өнері, дәстүр, салт, ғұрып, әдет-дағды т. б. белгілермен ерекшеленеді.

Этнос - үш түрлі тұрақты тұрпатқа бөлінеді. Бастапқы, ертерек кезеңдегі тұрпатқа тайпалар жатады. Этнография, археология, тарих ғылымдарының мәлімет тұжырымы бойынша тайпалар рулық қоғамның дамыған кезеңінде пайда болған, сөйтіп, бұл қоғамдық ұя ретінде көрініс тапқан. Тайпа бір текті қандас адамдардың өзара туыстық байланыстары, рулық қарым-қатынас негізінде өріс жайған. Әрбір тайпаның өзіндік аты-жөні, жері, экономикалық өмірінің ортақтығы, тілі, салт-дәстүрі, діни нанымдары, діни ғұрыптары т. б. ерекшеліктерімен жекедара дамыған.

Тайпа мекендеген жерлер, әдетінше, тұрақты иелікте болған. Ал жекелеген тайпалар арасындағы айрық алқаптар екі жақ үшін қол сұғылмайтын жер ретінде мойындалған. Жердің бөлінбейтін біртұтастығына қолсұғу дұшпандық әрекет деп саналған.

Кейбір ғалымдар тайпалардың экономикалық өмірінің ортақтығын мойындағысы, танығысы келмеді. Алайда, іс-тәжірибесі көрсеткендей, тайпа адамдары өндірістік процестің материалдық негізін бірлесе иеленген. Экономикалық тіршілік негізінде тайпаның барлық жандарының ортақ мүддесі, тайпа мүдделерін қорғау, еңбек саласында да ортақтық бел алып отырған. Сонымен, тайпаның барлық мүшелері үшін тіл мен алғашқы қауымдық мәдениеттің де ортақ болғанын жоққа шығаруға ешбір болмайды. Мысалы, әрбір тайпаның өзіне тән мәдени мерекелері мен дәстүрлері қалыптасқан. Тайпаның белгілі бір әлеуметтік басшы жүесі, ртақ салтанатты жағдайлары болған.

Адамдардың рулық-тайпалық этностық қауымдастығының құрылысы ондаған мың жылдар бойы үстемдік құрған. Алайда, өндіргіш күштерді дамыту қажеттілігі бірте-бірте алғашқы қауымдық ұжымдарды нығайта түсуді талап еткен. Алғашқы рулық-қауымдық құрылыс дәуірінің аяғында тайпаның дамуы кезінде тайпалық өзіндік басқару жүесі болды. Бұл жүе тайпалық кеңес, оған әскери және азаматтық көсемдері тартылды. Біртіндеп тайпада мүлікке иелік тұрғыдан жіктелу басталды. Сөйтіп, бай және кедей рулар шықты, тайпалық әскери жетекшілердің ролі артты, олар көбінесе тайпаның азаматтық өкіметін басып алатын болды.

Қазіргі кезеңде әлемнің кейбір аймағында әлі де болса «классикалық түрдегі» таипалар бар. Мысалы, Индияның таулы тропикалық ормандарындағы Андаман аралдарында негройдттер тайпалары тұрады. Олар алғашқы рулық қауым кезіндегі өмір тіршілігін сақтап қалған, аңшылықпен шұғылданады, бұл тайпалар, әсіресе джарва тайпасының адамдары Андаман тұрғындарынан бойын аулақ салып қарым қатынас жасаудан бас тартуда, Андамандықтарды өз жеріне жолатпайды. Папуа-Жаңа Гвинея мемлекеті жерінде алғашқы тайпалар тұратыны анықталды, ол тұңғыш рет ақ адамдармен кездескен. Тайпаның үй тұрмысындағы барлық ыдыс-аяқ түгел ағаш пен тастан жасалған екен.Осы заманғы тайпалар белгілі бір түрде, деңгейде феодалдық, капиталистік, өркениетті қатынастарға араласа бастаған. Сол сияқты рулық тайпалық ұйымдасу белгілері көшпенді, жартылай көшпенді таипаларда әлі де сақталуда.

Сонымен, тайпа - ерте кезеңдегі этностық тұрпатты бейнелейтін, біртұтас этгостық құрылым, бұл алғашқы рулық-қауымдық құрылысқа, ондағы рулық қатынастарқа тән белгілерді жоймаған. Бұл этностық тұрпат рулар жиынтығы, олардың мәдениет жағынан, пайда болуы жағынан пайымдауы, әдет-ғұрпы, өзіндік аты-жөні жағынан ортақтастығы бар. Өндіргіш күштердің дамуы жеке меншік пен таптардың пайда болуы рулық-қауымдық құрылыстың ыдырауына әкеп, біртіндеп тайпалық қауымдастық жаңа сатыға - этностық тұрпатқа, яғни ұлыстық түрге астаса бастады. Бұл қауымдасу рулық тайпалыққа қарағанда адамдардың өзара бірлесіп, топтасуын нығайта түсті.Ұлыстық сырттай жиынтық қалпын, яғни өзіндік даралануын көршілестік қауымдастардың қалыптасуынан байқалады. Алғашқы рулық-тайпалық құрылыстың ыдырауы барысында мүдделердің ортақтастығы көптеген тайпаларды одақ түріндегі бірігуге әкелді. Мысалы, тайпалардың одаққа бірігу Солтүстік Америкадағы, Мексикадағы, Оңтүстік Африкадағы прокездердің, антектердің, зулустардың бірігу процесі дәлелдейді. Осы одақтардың құрылуы тайпалар арасында шаруашылық және мәдени байланыстармен ұштасып, бірте-бірте сол тайпалардың өзара қоян-қолтық араласып кетуіне, қандас-туыстық байланыстың аумақтық байланысқа ұласуына себеп болды.

Сонымен, ұлыстық-тек тайпалар одағы емес, ол бірлесу, яғни тайпалар өзара қосылып, аралас-құралас болып, өзіндік жеке даранушылықтан ада болды. Олардың жерлері де қосылды, барлық тұрғындар басқарудың ортақ жүесіне ауысты. Мұның басты айғағы, нақты дәлел - көне орыс ұлыстарының құрылуы еді.

Көне орыс ұлыстары байырғы шығыстық славян тайпаларынан – мәселен, северян, древлян, вяттік, кривтік және басқада осылай аталған тайпалардан қалыптасып, сонан славян емес тайпалармен бірігіп кеткен. Көне орыс ұлыстарының негізін қалаушы тайпа - орыстардың тайпалық одағы еді. Орыстық тайпалық одақ өз қауымдастығында ұзаққа созылғанымен кейін соншалықты берік одақ бола алмай шықты. Көне орыс ұлыстары IX-X ғасырларда пайда болып, олардың мәдениеті, экономикалық байланыстары, тілі, шығыс славяндардың жері ортақ болды.

Осы тұрғыдан алғанда ұлыстық бірігу, даму - этностық тұрпаттың тарихи қалыптасуының екінші сатысында пайда болды. Сонымен, қорыта айтқанда, ұлыстық адамдардың әлеуметтік-этностық қауымдастығы рулардың, тайпалардың, тайпалық одақтардың бір-бірімен қосылып, құрылуының нәтижесі - жердің, тілдің, экономикалық өмірдің, мәдениеттің ортақтығымен сипатталады, ал мұның өзіндік ерекшелігі саясат субъектісі болып табылады. Алайда, ұлыстықты тілдің, мәдениеттің, жер мен экономиканың ортақтастығының әлсіз тұрақтылығымен ғана анықтау оңтайлы, ал бұл сипаттар ұлттық қауымдастыққа тән тұрақты сипат бола алмайды. Сөйтіп, ұлыстық қауымдастық ұлттың қалыптасуының басты негізі болып табылады.

«Ұлт» деген атауадамдар қауымдастығының әлеуметтік-этностық түрі ретінде ерекше қалыптасуына дейінгі кезеңде пайда болды.

Қоғамдық - саяси ои тарихында біздер ұлт деген ұғымның мән-мағынасын анықтау тұрғысында көптеген әрекеттер болғанын білеміз. Сондықтан әлемдік ғылымда «ұлт» жөнінде жүздеген тұжырымның болуы кездейсоқ емес. Осыған орай ұлтқа нақты, дұрыс анықтама берудің ғылыми да практикалық мәні аса зор.

Ұлт - өндіргіш күштер дамуының, өндірістік қатынастардың аса жоғары сатысының жемісі, адамдардың әлеуметтік - экономикалық және саяси бірігуінің нәтижесі болып табылады. Ұлт дегеніміз - бұл адамдардың анағұрлым тұрақты берік қауымдастығы, бұл рулық-тайпалық қауымдастықтан айрықша, ұлыстық қауымдастықтың неғұрлым тұрақты белгісі.

Ұлт адамдардың түрліше тайпалар мен ұлыстардың түрліше этикалық топтары мен нәсілдік тұрпаттарының қосылуынан қалыптасқан. Мысалы, неміс ұлты түрліше тайпалар мен ұлыстардан құралған олар— фриздер, гоптар, батавалар, анғалар, вариндер, бандалар боварлар, алемандар, бүргіндер, свевиялар, маркомандар, гауыттар, келитілер, франктер, сакстар, тюрингтер, хавкилер т. б. антропологиялық және нәсілдік тұрпақта жататын ұлыстардан тұрады. Англияда, Индонезияда, Италияда, Испанияда, Францияда да осы ұлттардың қалыптасуына түрліше тайпалар мен ұлыстардың бірлесуі ықпал жасалған. Ал Америка ұлты күллі Еуропалық елдерден лек-легімен қоныс аудара келушілерден пайда болған. Олармен бір бөлікте Африка негірлері мен индеицтер араласқан. Осы тұрғыдан алғанда ұлттардың дербестеле қалыптасуына түрліше туыстас немесе бір туыс емес тайпалар мен ұлыстардың түрліше этнникалық топтар мен нәсілдік тұрпаттағы адамдардың топтасуы себеп болған. Сөйтіп, ұлттың қалыптасуына басты ролде туыстас тайпалар мен нәсілдік қатынастардың жақындығы емес, керісінше жер аумағындағы ортақтастық, экономикалық және саяси өмірдің ортақтастығы, экономикалық және саяси байланыстар ықпал еткен. Сондықтан да ұлтқа анықтама беруде бірінші кезекте этностық ортақтастық емес, әлеуметтік этностық қауымдастығы алға шығады.

Адамдардың ұлттық қауымдастығын қауымдастықтың діни түрінен ажырата ала керек. Мысалы, кейбір саясаткерлер «мұсылмандық ұлтшылдық» тек бірыңғай ұлтын мадақтайды, ол үшін соның негізіне тек ұлттық белгілерді ғана дәйек етеді. Мұсылман ұлтшылдығын саясаткерлері адамдарды діни белгіле бойынша бір ұлтқа біріктіруді жасанды түрде негіз етуге тырысады. Бұлайша пайымдауда лингвистикалық, жер аумағындағы бірлік басшылыққа алынбайды. Олардың басты мақсаты - ұлт әлеуметтік этностық қауымдастық деген ғылыми тұжырымды жоққа шығару. Бұл бүгінде құпия емес. Ал батыстың кейбір саясаткерлері ұлт жөніндегі ұғымды мемлекет турасындағы барабар етуге тырысуы да өзіндік бір сипат. Мысалы, француз саясаткері — социологы М. Мосс, «Біз ұлт деген ұғымды материалдық және моральдік жағынан астасқан қоғамды, тұрақты орталық өкіметпен, белгілі бір шекарамен тұрғындардың салыстымалы түрде моральдік, ақыл-ой мен мәдени бірлігі, саналы түрде мемлекетке және оның заңдарына бірігуі тұрғысынан пайымдаймын» деп жазған. Бұлайша тұжырым жасау, менің көзқарасымша, ғылыми дәлел бола алмайды. Әрине дербес мемлекет ұлттың дамуының аса маңызды бір шарты, бірақ оны ұлт жөніндегі ұғыммен бір мазмұнда қарастыруға болмайды. Өйткені, мемлекеттік дербестіктің жойылуы ұлттың да аренадан жоғалуы деп салыстыруға еш негіз жоқ, былай пайымдаушылық әрине, оғаштыққа ұрындырады.

Ұлтты мемлекетпен бір мағынада тұтастыруға болмайтындығына тағы бір басты дәйек мынау: ұлтың қалыптасуы мен мемлекеттің пайда болуы адамзат мүлде түрліше кезеңінде өмірге келген. Белгілі болғанындай, ұлтың қалыптасуы капитализмнің пайда болу кезеңінде туындаған, ал мемлекет біздің дәуірімізге дейінгі кезеңде өріс алған.

Ұлт – объективті тарихи құбылыс. Ол – адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы, міне осы қауымдастық ұлтты, мәселен, Кир мен Александрдың көне мемлекетінен ажырататын дәлел. Аталған мемлекет тарихи жағдайда түрліше тайплар мем ұлыстардан құралғанымен, оның өзіндік экономикалық бағасы болмады, өзара нашар байланысты топтардығ, уақытша және де негізі берік емес әскери-әкімшілік бірлестіктің жиынтығы ғана болды. Сол мемлекет-нендей бір жаулаушының жеңісі кезінде туындап, ал жеңілісі жағдайында ойсырай құлаған мемлекет болды.

Сайып келгенде, ұлт-этностық тұрпаттың үшінші сатысының жемісі, яғни өз ерекшелігімен анағұрлым дамыған әлеуметтік-этностық қауымдастық, ол тарихи ұзақ кезең барысында қалыптасып, өзіне түрліше тайпаларды, ұлыстарды, тіпті десең ұлыттар мен нәсілдерді қосып, «тұтастай араласып» кеткен қауымдастық. Бұл этностық қауымдастықтың тұрақты белгілері негізінде пайда болды, оған орақ-экономикалық байлаыстар, жер аумағы, тіл, мемлекет және ұлттық сипат, бұл ұлттың мәдениеті мен тұрмыс ерекшелігінен көрініс тауып отырды. Ұлттеқ белгілер ретінде бағаланатын осы элементтердің бәрі бір-бірімен өзара байланысты, бір-біріне белгілі мән-мазмұнда ықпал етеді. Ал осы өзара байланыста басымдылық экономикалық өмір тұрғысындағы қауымдастық еді міне тек қана осы белгіледің берік жиынтығы, бірлігі мен ажырағысыздығы ұлттық сипатты айқындайды. Ұлттық ұғыммен байланысты тағы бір өткір мәселе – саясаттанумен оның осы заманнан туындайтын ерекшілігі дер едік. Ұлт саясат субектісі ртінде қоғамдық процесте адамзат қоғамы тарихында елеулі роль атқарады және атқарып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]