- •Тақырыбы
- •Қарағанды 2010жыл Проблема
- •Өзектілігі
- •Мақсаты
- •Күтілетін нәтиже
- •Отбасын зерттеуде педагог төмендегідей мәліметтерге басты көңіл бөлуі керек
- •Отбасын зерттеуде сынып жетекшісі мына ережелерді сақтағаны дұрыс
- •Топтастыру. Ата-анамен жұмыста дифференциалды ықпал ету.
- •Глоссарий
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қорытынды
Отбасын зерттеуде педагог төмендегідей мәліметтерге басты көңіл бөлуі керек
Отбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік материалдық жағдайлары мен мектеп ісіне деген қызығушылықтары туралы толық мәлімет
Отбасындағы балалардың тәрбиелілік деңгейі
Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері
Отбасын зерттеуде сынып жетекшісі мына ережелерді сақтағаны дұрыс
ата-аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс;
зерттеу мақсатты, жоспарланған, жүйелі болуы қажет;
зерттеу әдістері мен тәрбие әдістері өзара байланысты болуы керек;
психологиялық-педагогикалық әдістер түрленген және кешенді түрде қолданылуы керек;
Отбасын зерттеу педагогқа не береді?
Оқушы отбасын зерттеу педагогке отбасының тәрбиелік мүмкіндігімен оның күш-қуатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогикалық-психологиялық диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу-сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе.
Топтастыру. Ата-анамен жұмыста дифференциалды ықпал ету.
Жанұя 5 типке бөлінеді
Балалары үлгілі жанұя |
Бала тәрбиесіне ұстаз көмегін қажет ететін жанұя |
Ынтымақсыз жанұя |
Жағымсыз қасиеттері басым жанұя |
Қоғамдық орындардың араласуын үнемі қажет ететін жанұя |
Жанұядағы адамгершілік құндылық жоғары деңгейде қалыптасқан. Бақытты, дені сау жанұя. Балаларға мүмкіндік жасалған. Кей уақытта жекелеме кеңестер қажет бола тұра, ұстаздардың араласуы қажет емес |
Жанұядағы ата-аналардың қарым-қатынасы жақсы бола тұра, бала тәрбиесінде бағыт жоқ. бала тек ата-ананың «ерекше» қамқорлығын сезінеді. «Өзімшіл» болып өсіп келеді. Сондықтан ұстаздың көңіл аударуы сөзсіз талап етіледі. |
Мұндай жағдайда ата-аналар өзара қарым-қатынас дауынан аса алмайды. Бала тәрбиесі мүлде ескерусіз қалған. Өсіп келе жатқан ұрпаққа әсері болмас үшін, жанұядағы көңіл-күйді өзгертуге белсенді педагогикалық ықпал қажет. |
Сырттай қарағанды қолайлы жанұя қатарында болмағанымен рухсыздық, нақты адамгершілік құндылықтар, ұрпақтар ізгілігінің бұзылуы сияқты жағымсыз қасиеттер басым. Мұндай жанұямен тәрбие жұмысын жүргізу ерекше қиындық туғызады. |
Қолайсыз жанұя, мұнда дөрекілік, ұрыс-керіс, жағымсыз тәртіп сияқты сипаттар көп. Баланың қызығушылығын қорғау үшін мұндай жанұяларға тұрақты педагогикалық бақылау, қоғамдық орындардың араласуы үнемі қажет және талап етіледі. |
Жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерге сараптау, талдау жұмыстарын жүргізе отырып, төмендегідей қорытындыға келу:
-Төрт одақ жұмысын жандандыру;(отбасы, бала, мұғалім, қоғам)
Ынтымақтастықты нығайтуда, мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысындағы міндеттердің жүзеге асуына, ата-аналарды педагогикалық біліммен қаруландыруда, олардың белсенділіктерін көтеруде - ата-аналар жиналысының маңызы ерекше.
Ата-аналар жиналысының тақырыптары мектептің жылдық жоспарындағы тәрбие жұмысының іс-шараларына, сыныптың жас ерекшелігіне, ағымдағы міндеттерге байланысты іріктеліп алынып, бір апта бұрын жиналыстардың өткізілу кестесі бекітіледі.
Ата-аналар жиналысын дайындау ережесі
Бірінші ереже
-Ата-аналар жиналысының тақырыбы өзекті болуы керек.
Екінші ереже
-Ата-аналар жиналысы оларға ыңғайлы уақытта болуы тиіс.
Үшінші ереже
-Ата-аналарға жиналыстың өту жоспары белгілі болуы қажет.
Төртінші ереже
Жиналыс ата-аналармен сыйластық қарым-қатынаста өтуі керек.
Бесінші ереже
-Жиналыс жоғары дайындықпен өтуі тиіс.
Ата-аналар жиналысының түрлері
Ұйымдастыру
Тақырыптық
Қорытынды
Ұйымдастыру ата-ана жиналысы
Жиналыстың мақсаты: Сынып оқушыларының ата-анасымен танысу, ата-аналарды өзара таныстыру, ата-аналарды мектептегі жұмыстарға тарту.
Ұйымдастыру жиналысының міндеттері:
Ата-аналардың қызығушылық басымдылықтарын білу;
Ата-аналарды сынып жетекшісінің сынып ұжымымен өткізетін шығармашылық, белсенді іс-әрекеттерінің жоспарымен таныстыру;
Ата-аналар комитетінің сайлауын өткізу;
Ұйымдастыру ата-аналар жиналысында төмендегі сұрақтарға жауап алынуы тиіс:
1.Ата-аналардың аты-жөні, тегі.
2.Туған жылдары, білімі.
3.Мекен-жайы, телефоны.
4.Ата-аналардың мамандығы, кәсібі.
5.Жанұядағы бала саны, жас мөлшерлері.
6.Толық немесе толық емес жанұя.
7.Бала дамуындағы ерекшелік (дәрігерлік есепте, жиі ауырады, созылмалы ауруы бар т.с.с.).
Ұйымдастыру ата-аналар жиналысының үлгісі
Ата-аналар отырған соң алдын-ала дайындалған сауалнамаға жауап береді.
1.Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі.
Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық тәжірбиесі жөнінде, сол сыныптың жетекшісі ретінде оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудағы жоспары туралы айтады.
2.Оқушылардың ата-анасы өзара танысады.
3.Ата-аналарға ескерткіш кітапшалар таратылады.
Бұл кітапшаға ата-аналар тәрбие туралы ұлағатты сөздер, өз баласының тәрбиесі жөнінде ұсыныс, ой-пікірлерін жазады.
4.Сынып жетекшісі ата-аналарды оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспарымен, мектеп дәстүрлерімен таныстырады.
5.Ата-аналар төмендегідей кестені толтырады:
Сіздерді толғандыратын тәрбиедегі кедергілер |
Сыныпта ұйымдастыра аламыз |
Ата-аналар комитетінің құрамына кіре аламын. Көмек көрсете аламын.
|
|||
Тәрбие сағаты |
Үйірме |
Секция |
Студия |
||
ҮІ.Ата-аналар комитетін сайлау.
Тақырыптық ата-аналар жиналысының үлгісі
Тақырыбы:Адамның тұлғалық, мәдени қасиетін дамытудағы кітаптың рөлі
Өткізу формасы: дөңгелек үстел
Жиналыс оқушылармен бірге өтеді. Ата-аналар арасында сауалнамалар жүргізіледі. Сауалнама қорытындысы сынып жетекшісінің келешектегі жұмысына қажет.
Пікір алысатын сұрақтар:
1.Мектеп кітапханасының оқырмандар туралы қорытынды сипаттамасы. Кітапты көп оқитын оқушыларды марапаттау.
2.Пән мұғалімдерінің оқулықтардың сақталуы, оған қойылатын талаптар туралы пікірлері.
3.Ата-аналар мен оқушылардың ой-пікірлері
Жанұядағы кітап қоры;
Біздің жанұядағы дәстүр;
Оқушылардың кітап оқуға көзқарасы;
4.Ата-аналарға әзірленген анкеталық сұрақтар
1) Балаңыз кітап оқуды сүйе ме?
2) Балаңыз жақсы кітапты сыйлық санай ма?
3) Жанұяда қандай кітап оқисыздар?
Қорытынды ата-аналар жиналысының үлгісі
Тақырыбы: Өткен оқу жылының қорытындысы –«Сынып парақтары»
Өткізу формасы: Ауызша журнал
Жиналыс ата-аналар мен оқушылардың бірігуімен өтеді. Кездесу ерекше, салтанатты түрде өтуі керек.
1-парақ: «Біздің сабақтардағы сәтіміз...»
(Сабақтардан фрагмент)
2-парақ: «Біз үзіліс кездерінде...»
(Сергіту сәттері, ойындар)
3-парақ: «сабақтан соңғы уақытта...»
(Сыныптағы жыл ішінде ең жақсы өткен іс-шаралардан көріністер) 4-парақ: «Біздің шығармашылық...»
(Оқушылардың шығармашылық көрмесінен, үйірмелерден көрініс)
5-парақ: «Біз және біздің ата-аналарымыз...»
(Сыныптағы белсенді ата-аналарға алғыс айтып марапаттау)
6-парақ: «Біздің жазғы жоспарларымыз...»
Ата-анамен жүргізілетін жұмыс формасынан күтілетін нәтиже
-Отбасының әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат құрылады
-Мектеп өміріне қатысуға ата-ана өз қажеттігін сезінетіндей жағдай жасалады
-Ата-аналар тақырыптық кеңестер алуына мүмкіндіктер туады
-Шығармашылық кештер бағдарламасы жүзеге асады
-қызығушылықтарына орай отбасылық клубтар құрылады
-Әр түрлі типтегі жанұя мен мектеп арасындағы кері байланыстар ұйымдастырылады
Ата-анамен бірлескен іс-әрекет арқасында тәрбиеленген тұлға диагностикасы шығады:
Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген;
Алған тәрбие мен білімін өз өміріне пайдалана алатын;
Отбасылық құндылықтар мен этномәдени құндылықтарға сүйіспеншілігі бар;
Ата-ана мен Отан алдындағы перзенттік парыз бен борышты сезінетін тұлға тәрбиелеу.
