Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
муницип.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

3 Тақырып. Басқарудың даму тарихы

1 Басқару ғылымының тарихи алғышарттары

2 Ғылыми басқару мектебі және оның қазіргі модельдері

3 Басқарудың әкімшілік мектебі

4 Адамдық қарым-қатынастар мектебі

5 Мінез – құлық мектебі

6 Басқару ғылымы мектебі

1 Басқару ғылымының тарихи алғышарттары

Басқару қалай және қашан пайда болғанын анықтау қиын. Менеджмент әр түрлі кейіпте, адамдар топталып жұмыс істеуде болды. Ол адам қоғамның үш саласында:

А) саяси – топтағы тәртіпті қалыптастыру және қолдану қажеттілігі;

Б) экономикалық – ресурстарды өндіру, бөлу;

В) қорғаныс – жануарлар мен жаулардан қорғаныс;

Бұрынғы ежелгі қоғамда да топты үйлестіруші және бағыттаушы тұлғалар керек болды. Мысалы: Египет пирамидалары – бұл сол заманғы басқару өнерінің ескерткіші. Өйткені бұндай құрылысты салу басқаруда нақтылық, көптеген адамдарының жұмыстарын ұйымдастыру және олардың жұмыстарын бақылауды талап етті.

Менеджменттің пайда болу мен даму тарихы жеті мың жылдықты қамтиды. Осы уақыт ішінде ол басқарудың бес революциясынан өтті.

діни – коммерциялық,

дамыған - әкімшілік;

өндірістік – құрылыстық;

кәсіпқой басқарудың пайда болуы;

рационалды бюрократия;

Континиум – оның тарихи дамуында ғылыми бағытта болған маңызды оқиғалардың тізімі. Ал басқарушылық дегеніміз – менеджментті басқаруда болған сөз.

Менеджмент өркениетінің дамуында маңызды роль ойнайды. Мәселен, Үлкен Катон (234-149 б.э.д) кітабында «Басқарушылық ойларының тарихы». Б.э.д. 5000-жан бастап басқарудағы тарихи оқиғалар жазылған бөлім бар.

Бірінші тарихи тенденция – ол басқарудың спираль тәрізді дамуы және басқару объектілерінің күрделенуі.

Қызмет ете бастайды: дәстүрлі, жүйелік, жағдайлық, әлеуметтік – этикалық, моральдік – этикалық.

Екінші тенденция – менеджменттің кәсіпкерліктен бөлінуі.

Макроэкономикалық деңгейде басқару глобальдік үрдістерді қамтиды, ол әлемдік экономикалық жүйенің құрылуымен байланысты.

Қазіргі менеджмент келесі жағдайларды сипаттайды:

өндірістің ішкі факторларына күшті әсер етуден бас тарту, мәселе икемді және бейімдеуші болу керек;

ұйымды құраушылары бірлігінде қарауға мүмкіндік беретін, жүйелерді басқару теориясында қолданылды;

сыртқы факторларды анықтау мақсатында арнайы спецификалық тәсілдерді пайдалану үщін бақылауға жағдайлық тұрғы;

ұйымдағы адамдар қатынасы жүйесінің барлығын өзін-өзі ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді.

2 Ғылыми басқару мектебі және оның қазіргі модельдері

ХХI ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында менеджмент ғылымы негіздерін қалыптастыру мен жиналған тәжірибені ғылыми түрде жалпылайтын жұмыстар пайда болды. Бұның өзі жалпылық сипатқа ие бола бастаған өнеркәсіптік даму қажеттіліктеріне жауап болды. Кәсіпорын-гиганттар өнеркәсіп пен еңбектің рационалды ұйымдастырылуын, барлық бөлімшелер мен қызметтер жұмыстарының байланысын, ғылыми негізделген қағидалар, нормалар мен стандарттар негізіндегі менеджерлер мен атқарушыларды талап етті.

ХХ ғасырдың басында төрт басқарушылық мектеп пайда болды: ғылыми басқару мектебі (1885-1920жж), әкімшілік мектеп (1920-1950), адамдық қатынастар және мінез-құлықтық мектеп (1930- қазіргі уақытқа дейін), ғылыми басқару немесе сандық мектеп (1950-қазіргі уақытқа дейін). Осы мектептердің әрқайсысы ұйым мақсаттарына тиімді жету жолын тапты деп ойлады.

Менеджмент теориясы мен практикасында қазіргі жағдайда өз дамуын жалғастырған ғылыми тұрғылар анықталды: басқаруға үрдістік тұрғы, жүйелік тұрғы, ситуациялық тұрғы.

Ғылыми басқару мектебінің пайда болуы Ф. Тейлор, Френк және Лилиан Гилберт, Генри Гантт өкілдерімен байланысты.

Ғылыми басқару идеяларының негізін қалаушы Фредерик Тейлор (1856-1915) болды. Басқарушылық теорияларды құрастырушылардың ішінде Ф. Тейлор практик болды. Ол алғаш рет тәжірибеге хронометражды, еңбекақының тарифтік жүйесін енгізді. Ф. Тейлор идеялары 3 компанияда қызмет атқару нәтижесінде қалыптасты: «Мидвейл стиль», «Симондс Роллинг Машин», «Бетхелем Стил». «Мидвейл стиль» компаниясында өнім көлемін максималды өсіруге тырыса отырып, хронометраж көмегімен жұмысшының уақыт шығынын жеке қозғалыстарға бөлу көмегімен зерттеді. Тейлор ұйымдастыру үрдісін келесідей элементтерге бөлді: 1. Кәсіпорын мақсаттарын ұйымдастыру, 2. Қызмет құралдарын таңдау және құрастырылған жоспарға пайдалану, 3. Қызмет нәтижелерін бақылау.

Ф. Тейлор басшылығымен жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде еңбекті ғылыми ұйымдастыру ұғымы пайда болды. Ол әрі қарай «тейлоризм» атына ие болған бірқатар принциптерді қалыптастырды. Ф. Тейлор басты назарды еңбек өнімділігіне бөлді. Еңбек өнімділігінің төмендеуін тиімсіз басқару жүйелерімен байланыстырды.

Тейлор системасы тек қана өндірістің белгілеген факторларын қарастырумен шектелген жоқ, сонымен қатар ол олардың көптеген рационалдық байланыстыруын анықтады.

Сонымен Тейлор мынаны ұсынды: еңбектің рационалды ұйымдастыру туралы занының ғылыми жүйесінің білімін, оның құрама элементтері болып өзіндік құн есептеуінің математикалық әдісі болып табылады; еңбекақының дифференциалдық жүйесі, қозғалыстың (хронометраж) және жеке элементтердің уақытын есептеу әдісі; еңбек тәсілдерін рационалдау және бөлшектеу әдісі, инструкциялық карточкалар және т.б., олар кейін ғылыми менеджмент механизміне кірген.

Тейлор өзінің жүйесін айта отырып, өзімен мыналар құрылғаның көрсетті: әдеттегі дағдының орнына ғылым, қайшылықтын орнына үйлесім, жеке жұмыстын орнына қызметтестік, шектеулі өнімділіктің орнына максималдық өнімділігін дамыту.

3 Басқарудың әкімшілік мектебі

Басқарудағы классикалық немесе әкімшілік мектебі Тейлор мен Гилбрет өз қызмет сатыларын карапайым жұмысшыдан бастады, бұл әрине олардың ұйымды баскару туралы түсініктеріне әсер етті. Оларға карағанда, классикалық мектеп ретінде өте әйгілі әкімшілік басқарудағы мектептің құраушылары болып есептелетін авторлар үлкен бизнесте бас-шылықтың жоғары буын жетекшілері ретінде кызмет атқарып, үлкен тәжірибе жинақтаған.Бұл мектептің пайда болуын сонын есімімен байланыстыратын және кей кезде менеджменттің әкесі деп атайтын Анри Файоль (1841—1925) көмір өңдеу жөніндегі ірі француз компаниясына жетекшілік еткен. Линдалл Урвик Англияда басқару жөнінде консультант болды, А.И.Рейлимен бірге жұмыс жасаған Джеймс Д.Муни Алфред П.Слоунның жетекшілігінде, "Дженерал Моторс" компаниясында жұмыс істеді. Олардың басты жұмыстары ұйымның жалпы жұмысына қатысты үлкен мағынадағы тиімділік болды.

Классикалық мектептің жақтаушылары ғылыми басқаруды жазғандар сияқты басқарудың әлеуметік аспектілері туралы аса бас катырған жоқ. Көбінесе олардың жұмыстары ғылыми әдістемеге емес, өздерінің қадағалауларына сүйенеді. Классиктер ұйымның жалпы сипаттамасы мен заңдылыктарын анықтауға ұмтылып, ұйымға кең перспектива тұрғысынан қарауға тырысты, классикалық мектептің мақсаты басқарудың әмбебап кағидаларын калыптастыру болды. Ол бұл қағидаға сүйену ұйымды сенімді түрде жетістікке жеткізеді деген идеядан туындады.

А.Файоль басты назарын қызметкерлерді басқаруға, оның ішінде әкімшілік кадрларға аударды. Оның пікірі бойынша, басқарушылар кеңесі мынандай касиеттерді бойына сіңіру қажет: физикалық; (денсаулық, қуаттылық, сыртқы пішіні), ақылды (түсіну және қызып алу, сергек ой, қуатты ойлану және бейімделу), моральды (қуаттылык, өзіне жауапкершілік алуға дайын болу, ынталылық, сыйластылық, тәсілге өз касиеттерін сезіне білуі), білімді (атқаратын қызметке қатысы жоқ мәселелерге жалпылай қанық болу) және (істеп жүрген жұмысынан алған) тәжірибе.

4 Адамдық қарым-қатынастар мектебі

Ғылыми басқару және классикалык мектептер психологтар әлі қалыптасу жағдайында болғанда дүниеге келген. XX ғ. басында ғалымдар жаңа Фрейдтің санаішілік тұжырымдамасына күмәндана бастады.

Психологиямен айналысатындар басқарушылықпен сирек айналысты, сол кезде болған адам санасы туралы ілімдер еңбек қызметі мәселелерімен еш байланыста болмады. Ғылыми басқару және классикалық әдістердің авторлары адами факторлардың маңыздылығын өзінше түсінгенімен де, олардың пікірталастары әділ төлем, экономикалық ынталандыру және ресми қызметтік катынастарды құру сияқты аспектілерін қарастырды.

1927—1932 жылдары профессор Э.Мэйо Ф.Ротлисбергер және олардың серіктестіктерімен Хоторн каласындағы "Вестерн электрик" компаниясының зауыттарында адам мінез-кұлқына ғылымның жетістіктерін қолдану мүмкіндіктеріне тәжірибе жүзінде зерттеу жүргізді (бихевиоризм).

Бұл компанияның зауыты Иллинойс штатында орналасқан және телефонның бөлшектері мен жабдықтарын шығарумен айналысқан. Онда 29 мың адам жұмыс істеді. Экспериментті бастағанда бес адам тобымен болса, оның аяқталуында 20 мың жұмысшыларды қамтыды.

Жұмыс орнының жарықталғандығын зерттеу. Ғалымдардың өткізген бірінші экспериментінің мақсаты шығарылатын өнімнің саны мен сапасына жұмыс орнының жарықтану деңгеінің әсер етуін анықтауда болады. Сонымен қатар жарықтану көлемінін жұмыскерлердің еңбек өнімділігімсн байланысы зерттелінді және оны 750-ден 0,65 люкске дейін өзгертті. (0,65 люкс — айдың толған түндегі табиғи жарықтың деңгейі). Тіпті жарықтану деңгейін ең төменгіге дейін түсіргеннің өзінде жұмысшылар еңбек өнімділігін өзгертпей сақтап калды.

5 Мінез – құлық мектебі

Соғыстан кейінгі жылдары психология және социология сияқты ғылымдарының дамуы жұмысшының жұмыс орнындағы тәртібін ғылыми негізде зерттеу мәселесін қойды. Бұл мінез – құлықтық мектептің дамуына әкелді. Мінез – құлық мектебінің өкілдері тұлғааралық қатынастарды, ынталандыруды, билік пен авторитет лидерлік, ұйымдық құрылым, ұйымдағы коммуникация, жұмыс мазмұнын өзгерту және еңбектік өмірдің сапасы сияқты мәселелерге көңіл қойды.

Бұл мектептің жарқын өкілдері – Крис Анджерс,, Ренсис Лакйкерт,, Фредерик Герцберг және Дуглас Макгрегор. бұл мектептің негізгі мақсаты адамдық ресурстардың тиімділігін көтеру.

Мичигандық унивеситетінің менеджмент мектебінің профессоры Д.Макгрегор (1906-1964) адамдық ресурстар теориясының мазмұны дамуы айтарлықтай үлес қосты, көп көңілді лидерлікке ұйымдағы адамдар тәртібіне, менеджер қалыптасуына бөлді. 1960 жылы өзінің «Кәсіпорынның адамдық жағы» еңбекгін шығарады. Ол басқару жүйесін екі позицияда қарастырады. Ол «Х» және «У» теориялары. «Х» теориялары дерективті, авторитарлы тәсіл арқылы болдыратын жетекші типі. Ол бағыныштыларына сенімсіз қарайды, олардың еркіндігін шектейді, үнемі бақылап отырады.

«У» теориясы идеалданған жағдайды көрсетеді. Онда субардинция тараптылық ретінде болады және ұжымның құралуы идеалды ортада жүреді.

Жетекшілік тәсілдері басқару стилін қарастыратын нақты әдістер жиынтығы. Олардың ішінен авторитарлы (автократиялық) демократиялық, либералдық деп бөлеміз. Мәселен авторитарлық екі түрге бөлінеді: «эксплуататорлық» және «игілікті». Оның негізі Д.Макгрегордың «Х» теориясы.

Демократиялық басқару стилінің екі түрін бөлеміз.: консультативті және парасипативті.

Либералды стиль қойылған мәселелерді шығармашылық тұрғыда шешуге негізделген, жетекші орбитр эксперт рентінде болады. Әрбір стиль тиімділігін бағалау үшін американдық ғалым Лайкерт – авторитарлық коэфицент ЛАК ұсынды.

6 Басқару ғылымы мектебі

Ғылыми басқару мектебінің құрылуы мыналарға байланысты : математиканың бөлінуіне, статистикаға, инжинерлік ғылымдарға және олармен байланысты облысындағы білімдерге. Бұл мектептің ең белгілі адамдары Р.Акофф, Л. Берталанфия, С. Бир, А. Гольдбергер, Д. Фосрестер, Р. Люс, Л. Клеин , Н. Джорджеску-Регандар болып табылады. Ғылыми басқару мектептері 50-ші жылдардың басында құрылып, қазіргі кезге дейін жемісті жұмыс істеп келеді. Ғылыми басқару мектебінде екі негізгі бағытты көрсетеді:

Жағдайлық , үрдісттік және жүйелік жағынан қолданыуын “әлуметтік жүйе” ретінде өндірісті қарастыру.

ЭЕМ-ді және математикалық әдістерді қолданылуын қоса алып кибернетикалық жағынан қолданыуын жүйелік анализ негізінде басқару мәселерін зерттеу.

Ғылыми басқару мектебінің қалыптасуы кезенінде басқару теориясы жасалған, ол тәжірибені түсіндіру жағдайда ғана емес сонымен қатар басқарушылардың әрекеттерінің жетілдіруде нақты нұсқаулар бере алды. Көптеген “ұстанымдар ” , “ уағыздар ”, “ережелер ” және т.б. жасалған . Бірақ басқарушылар үнемі бұл кеңесті қолданған жоқ, себебі бұл кеңестерді тәжірибеде қолдану қиын болды және абстракты болды. Теорияның жекелеген жағдайлары ғылыми байлықтай болды. Зерттеушілерді бұл туралы көп айтылған жоқ. Басқару мәселелерінің мұндай жағдайы эмпириялық деген ат алды. Оның ең негізгі мазмұны болып мына пікір болды: басқарудың нәтижелілігі адамдарды басқара алатынына байланысты

Өзінің зерттеулерінде ғылыми басқару мектебі 3 әдістемелік жағдайға сүйенеді – жүйелік, үрдісстік және жағдайлық, олар эмпириялық жағдай негізінде қалыптасқан.