Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.7 Тәж саб.doc Учет и Аудит. СРСП+СРС doc.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
350 Кб
Скачать
☆

Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі.

1 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Кәсіпорындар мен ұйымдар, фирмалар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылары, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы ақшалай қаржылар есептелінеді.

Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім-шартқа сәйкес бекітіледі. Бұл шартта мыналар көрсетілуі қажет:

  1. Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің аталуы.

  2. Аккредитивтің түрі және оның орындалуы мен пайдалануының әдісі мен тәсілі.

  3. Аккредитив бойынша қаржы алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет ететін банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары.

  4. Тауарларды, материалдарды тиеп-жөнелткеннен немесе жұмыстарды, қызметтерді орындағаннан кейін құжаттардың банк мекемесіне тапсырылу мерзімі және олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы туралы хабарлау.

  5. Басқа да керекті құжаттар мен шарттар.

Аккредитивтердің “өтелінген” және “өтелінбеген” – деп аталатын түрлері ашылуы мүмкін. Аккредитив сонымен қатар “кері шақырылатын” және “кері шақырылмайтын” болып екі түрге бөлінеді.

Аккредитив жабылған уақытта пайданылмаған сома сатып алушының банкісіндегі тиісті шотына аударылады.

1. Сөж. Тауарлық-материалдық құндылықтар

Мәтінді аударыңыз.

Тауарлық-материалдық құндылықтар қысқа мерзімді активтер болып табылады және бухгалтерлік баланстың «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінде есепке алынады. Материалдық құндылықтар айналым активтерінің ішінде өтімділігі жоғары активтерге жатпайды. Өйткені, бұл баптың ақша құралына айналуы үшін тек сатып алушыны табуға ғана емес, сонымен бірге сатып алушының сатылған ТМҚ үшін мерзімінде төлеуіне де біраз уақыт қажет. Кәсіпорындар мен ұйымдар ТМҚ есепке алғанда және бағалағанда №2 «Қорлар» атты қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына және №7 «Тауарлық-материалдық қорлар есебі» атты қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына негізделеді. Аталмыш стандарттарда стандартың әрекет ететін саласы, ТМҚ өлшеу және бағалау, олардың өзіндік құнын анықтау тәртібі, шығыстарды тану, есептілікте ашып көрсету мәселелері қарастырылған.

Екінші сабақ.

Лексикалық тақырып: Бухгалтерлік есептің шығу тарихы

Грамматикалық тақырып: Күрделі сөйлем.

1 - тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.

Махаббат, музыка және бухгалтерлік есеп – мәңгілік! Бухгалтерлік есеп адамзат дамуымен бірге қалыптасып, дамып келе жатыр. Ежелгі Египетте, Месопатамиде, Вавилонда, Иранда шаруашылық есеп жүргізетін есепшілердің болғаны анық. Египетте - папирустарға, Вавилонда - қыш кестелерге жазбалар жазылған. Біздің уақытқа дейін келіп жеткен есеп регистрлары ретіндегі бос парақтар сол уақытта – ақ қалыптасқан. Шамамен 5-6 мың жыл бұрын бухгалтерлік есептің әдіс – тәсілдері пайдаланыла бастаған.

Ежелгі Греция мен Римде шаруашылық есеп жүргізідің деңгейі едәуір жоғары болды. Ағаш тақтайшаларға есеп жазып, оларды кодекс деп атаған. Шаруашылық қатынастардың болуы, адамзаттың дамуы өздігінен есептің дамуын қажет етті. Қажеттіліктен туындаған есеп жүргізудің ежелгі әдістері бүгінгі бухгалтерлік есептің негізін құрайды.

Орта ғасырдың соңында бухгалтер сөзі пайда болды. 1498 жылы Әулие Рим империясының императоры Максимилиан 1 алғашқы бухгалтер етіп Христоф Штехерді сайлады. Сол уақыттан бері есепті арнайы кітаптарда жүргізу қалыптасқан.

Бухгалтерлік есеп бойынша алғашқы кітапты 1494 жылы белгілі математик, монах Лука Пачоли жазды. Бұл кітап математикадан болатын, «Арифметика, геометрия сомалары, пропорциялар мен қатынастар туралы ілім» деп аталған.

Онда «Жазбалар мен шоттар туралы трактат» деп аталатын бөлім қосарлы бухгалтерияны жүргізудің тәсілдерін сипаттайды. Итальяндық қосарлы бухгалтерия есептің дамуына үлкен үлес қосты.

Ежелгі Ресейде есепті шіркеулер мен монастырларда жүргізді.Жазба кітаптарында мал саны, жер өлшемдері сияқты деректер болды. Петр І Ресейдегі есептің дамуына үлес қосты.Арнаулы мектептерде есеп жүргізетін адамдарды даярлап, есеп кітаптарын жүргізуді ұйымдастырды. Петр І мемлекеттің табыстары мен шығындарына ғана есеп жүргізіп қана қоймай, қазыналық зауыттарда да есеп жүргізуді талап етті. Одан кейінірек орыс тілінде бухгалтерлік есеп туралы баспа кітаптар шыға бастады. 1783 жылы бухгалтерлік есеп туралы «Коммерция және сауданың кілті, немесе бухгалтерия ғылымы, көпестер шоттарының шығуы » деген алғашқы кітап шықты.

Адамзат қоғамы сияқты, бухгалтерлік есеп те ежелден дамып келеді.