Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабуc АЖҚ 2014-2015ж — 3 курсВТИПО.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227 Кб
Скачать
☆

3 Пререквизиттер:

Берілген пәнді зерделеу үшін Информатика, Алгоритмдеу және бағдарламалау тілдері, Программалау технологиясы, Ақпараттық жүйелер теориясы пәндерін меңгеру қажет.

Постреквизиттер:

Студенттердің «Ақпараттық жүйелерді қорғау» пәні бойынша алған білімдері Ақпараттық қауіпсіздік негіздері, Қолданбалы криптография пәндерін оқытуда жалғасын табады.

Пәннің қысқаша сипаттамасы:

5.1 Пәннің мақсаты

«Ақпараттық жүйелерді қорғау» пәнінің мақсаты ақпаратты қорғау жүйелерінің теориялық негіздерін зерттеу және практикалық қолдану, студенттерге мәліметті қорғауды жүзеге асыру ұстанымдары, әдістері және құралдары туралы жүйеленген түсініктеме беру, ақпараттық жүйелерді жобалау және пайдалануға қажетті ақпаратты қорғау бойынша практикалық іс жүргізуді үйрету. Компьютерлік ақпаратты қорғаудың ұйымдастыру, техникалық, алгоритмдік және басқа әдістерімен, құралдарымен таныстыру. Осы саладағы заңдармен, стандарттармен, заманауи криптожүйлермен таныстыру. Ақпаратты қорғау әдістерін, пайдаланушыларды идентификациялау әдістерін үйрету. Сонымен қатар студенттерді компьютер жүйелерінде ақпараттарды қорғаудың негізгі принциптерімен, ақпаратты, деректер қорын және программаларды қауіпсіз сақтауды ұйымдастырумен, сонымен бірге программаларды рұқсатсыз көшіруден және компьютер ресурстарын рұқсатсыз қолданудан қорғаумен таныстыру.

5.2 Пәнді оқытудың міндеттері:

  • Ақпаратты қорғаудың мақсатын және тапсырмаларын түсіндіру;

  • Ақпараттық жүйелердегі ақпараттарға шабуыл формаларын және қауіптерін меңгерту;

  • Ақпараттық қауіпсіздік қауіптерінен қорғану тәсілдерін үйрету;

  • Ақпаратты криптографиялық қорғау әдістерін үйрету;

  • Шифрлеу алгоритмдерімен, пайдаланушыларды аутентификациялаумен таныстыру;

  • Компьютерлік желілердегі және корпоративтік желідегі ақпараттарды көпдеңгейлі қорғаумен таныстыру;

  • Ақпаратты қорғаудың антивирустық тәсілдерімен таныстыру.

Студент білуі керек (Дескриптор А):

  • Ақпаратты қорғау объектілерінің ерекшеліктерін және олардың классификациясын;

  • Ақпараттық үрдістерін жүзеге асыру барысында ақпаратты қорғаудың әдістері мен құралдарын;

  • Компьютерлік ақпаратты қорғаудың құқықтық негіздерін;

  • Ақпараттық жүйелердің қызмет етуін оңтайландыру үшін ақпаратты қорғау құралдарын қолдану бойынша нақты есептердің қойылымын және оларды шеше білуі керек;

  • Шифрлеудің стандарттарын, модельдерін және әдістерін;

  • АЖ және компьютерлік желілердің ақпараттық қорғау жүйелеріне қойылатын талаптар;

  • АЖ қауіпсіздік деңгейін бағалай алуы керек.

Студент орындауы керек (Дескриптор В):

  • Ашық желілерде ақпаратты қорғауды;

  • Корпоративтік желілерді қорғауды;

  • Ақпаратты криптографиялық қорғау тәсілдерін;

  • Шифрлеу алгоритмдеріне бағдарлама құруды;

  • Ақпаратты рұқсатсыз көшіруден қорғауды;

  • Компьютерлік жүйелердің қорғалуын бағалауға арналған қажетті материалдарды талдауды.

Студент дағдылануы керек (Дескриптор D, C, E):

С. Алынатын ақпаратқа сыни қатынас, негізгісін бөліп көрсету, ақпараттың анықтылық дәрежесін бағалау (сауалдың релеванттығы, желіде жұмыс және с.с)

D. Топта жұмыс істеу, іздеу және мәмілеге келе білу (бірлескен программалық жобамен жұмыс, компьютерлік желіде өзара әрекет, клиент-сервер технологиясы және т.б.)

Толеранттық, басқа көзқарасты өкілдермен қарым-қатынас құра білу (желілік ортада бар болуы, қашықтағы пайдаланушылармен телекоммуникациялар және т.б.)

Е. Ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру:

  • Ақпаратты қорғаудың тәжірибелік әдістерін;

  • Бағдарламалық қорғау әдістерінің жалпы бағыттарын;

  • Пайдаланушылардың идентификациялар әдістерімен;

  • Рұқсатсыз қатынаудан ақпаратты қорғауды.