Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау са...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54 Кб
Скачать
☆

Экологиялық бақылау ұғымы, түрлері және мақсаттары

Экологиялық бақылау, бұл жалпы мемлекеттік бақылаудың бөлігі болып табылады. Экологиялық бақылау - табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны зиянды әсерлерден қорғау мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз етудің маңызды құқықтық іс-шаралары, экологиялық құқықтың институтының және мемлекеттік басқару қызметі. В.В.Петровтың пайымдауынша, экологиялық бақылау, жалпы алғанда «кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, яғни шаруашылық қызметтермен айналысатын барлық субъектілер мен азаматтардың табиғи ортаны қорғаудың және қоғамның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын сақтауын тексеру». Экологиялық бақылау - деп, экологиялық заңнаманың талаптарының орындалуын және сақталуын уәкілетті субъектілердің тексеруі жөніндегі қызметін айтамыз.

Экологиялық бақылау құқықтық шара ретінде бірқатар қызметтерді атқарады - ескерту, хабарландыру және жаза қолдану.

Экологиялық бақылау объектілеріне жататындар: қоршаған ортаның және оның жекелеген объектілерінің шаруашылық және өзге де қызметтер әсерінен өзгеруінің дәрежесі мен жағдайы; экологиялық заңнамасының сақталуы; заңды және жеке тұлғалардың табиғат қорғау шараларын орындау бойынша қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік экология-лық сараптама жарлықтары; шарттарда (келісімшарттарда) көзделген шарттар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық талаптардың орындалуын, арнайы табиғат пайдалануға лицензиялар және басқа да объектілер. Экологиялық бақылаудың бұл объектілері ҚР Экологиялық кодексінің 114-бабында «мемлекеттік экологиялық бақылаудың бағыттары» ретінде айқындалған, олар туралы мемлекеттік бақылау тарауында баяндалады.

Объектілеріне байланысты экологиялық бақылауды бірнеше нысандарға абөледі: интеграцияланған - бүкіл қоршаған ортаны қамтитын; кешенді - объектілер тобы мен кешендерді қорғауға байланысты; дифференцияланған - табиғаттың жекелеген объектілерін қорғауға бағытталған.

Экологиялық бақылау әдістеріне жататындар:

Қоршаған ортаның сапалы жағдайы мен жекелеген табиғи объектілерді бақылау;

• экологиялық және санитарлық органдардың бұйрықтарын орындалуын тексеру;

• экологиялық заңнаманың талаптары мен нормаларының сақталуын тексеру;

• экологиялық зиянды өндірістерді тоқтату, тоқтата тұру және шектеу;

• кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту.

Барлық мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және осындай талаптар қойылған азаматтардың ластауынан мемлекеттік экологиялық бақылаудың міндеті қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану боынша талаптардың орындалуын қамту болып табылады.

Мемлекеттік бақылау ведомствалардың үстінен қарайды.

Мемлекеттік экологиялық бақылау ескерту және ағымды нысанда жүргізіледі. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жалпы және арнаулы деп бөлуге болады. Жалпы экологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың жалпы құзыретін экологиялық бақылау жүзеге асырады. Мұндай органдарға Үкіметтен және жергілікті атқарушы органдардан басқа ҚР Президентін де жатқызған жөн. Президенттік бақылау тікелей Президентпен, сондай-ақ Президенттің Әкімшілігі арқылы жүзеге асады.

Арнайы мемлекеттік бақылауды - арнайы құзыретті органдар жүзеге асырады.