- •Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген «__22__» _04_ 2010 ж. № 13 хаттама
- •1. Жатыр мойны патологиялық жағдайларының клиникалы-морфологиялық жіктеуі
- •2. Жатыр мойнының фонды аурулары
- •Фонды процестерді емдеу
- •3. Жатыр мойнының ісік алды аурулары
- •2011 – 2012 Оқу жылында қолданылатын негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
Фонды процестерді емдеу
Фонды процестер кезіндегі кольпоскопиялық суреттемелер сан-алуан: цилиндрлі эпителидің эктопиясы, қатерсіз трансформация аймағы, субэпителиалді эндометриоз, нақты эрозия, цервицит, қарапайым лейкоплакия. Аталған жағдайлардың емдеу әдісін таңдау үшін көрсетілген кольпоскопиялық деректер мен цитологиялық зерттеулердің теріс нәтижелері жеткілікті.
Фонды қатерсіз дерттерді емдеу жүйесіндегі маңызды орынды электрлі коагуляцияның және криоәсердің көмегімен орындалатын деструкция (құрылымды бұзу) әдістері алады. Хирургиялық емдеу полиптерде жүргізіледі: полипті алып тастау, оның орынын күйдіру, міндетті гистологиялық зерттеу. Егер фонды процеске жапсарлас жатыр мойынының бейнесі анық бұзылған болса, электрлі хирургиялық немесе пышақты әдіспен орындалатын конизация таңдалады. Бұл жағдай сол сияқты лейкоплакиямен зақымдалған науқастарға да қатынасты, олар үшін криодеструкция да тиімді.
3. Жатыр мойнының ісік алды аурулары
Дисплазия – жатыр мойыны эпителийінің «қатпарлығы» бұзылған атипиясы, бірақ процеске беткейлі қабат және базалді мембрана қамтылмайды. Дисплазияның жатыр мойынының фонды дерттерінен айырмашылығы көзге байқалатын сипатты ерекшеліктері болмауы және жатыр мойынын айналармен тексергенде анықтау мүмкін емес.
Көбінесе кольпоскопиялық түрде атипиялық эпителийді айқындауға болады. Кольпоскопия гистологиялық зерттеу үшін қажетті материалды дұрыс алуға көмектеседі.
Дисплазия диагнозы цитологиялық (о/цитол. жұғым) және гистологиялық (жатыр мойынының биопсиясы) деректерінің негізінде қойылады. Дисплазия – таза морфологиялық түсінік.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жіктеуі бойынша жасушалардың атипия және эпителиалді қатпардың зақымдану дәрежесіне байланысты дисплазияның үш деңгейі болады:
Әлсіз дисплазия (I дәрежелі) - өзгерістер эпителиалді қатпардың 1/3 қалындығын қамтиді.
Орташа дисплазия (II дәрежелі) – эпителиалді қатпардың ½ қалындығы зақымданатын атипиялық өзгерістер.
Ауыр дисплазия (III дәрежелі) – эпителиалді қатпардың 2/3 немесе толық зақымдануы.
Қазіргі кезде бұл жағдайлар бір қатерлі процестің біртіндеп орындалатын кезеңдері екендігі анықталды (I. II. III дәрежелі дисплазия – рак алды аурулары).
Дисплазия – жатыр мойыны жалпақ эпителийінің міндетті малигнизациялану кезеңі. Дисплазияның жатыр мойынының құралды немесе құралсыз көзге байқалатын өзгерістерімен (псевдоэрозия және басқалары) анық байланысы болмайды. Бұл жағдай өзгермейтін беткейлік эпителий қабатымен сипатталатын дисплазияның морфологиялық табиғатымен түсіндіріледі. Жатыр мойынының жалпақжасушалы рагі өзгеріссіз эпителий негізінде өте сирек туындайды, себебі оның алдында заңды түрде дисплазия немесе преинвазивті рак болады. Бірақ әлсіз және қауіпті дәрежелі дисплазия тұрақсыз және де қайтуы мүмкін.
Жатыр мойыны дисплазиясын емдеу.
Жатыр мойынының дисплазиясы дербес түрде оның күрделілік дәрежесіне және науқастың жасына байланысты емделеді.
40-45 жастағы әйелдерде қабынуға қарсы жасалған емнен соң сақталатын I-II дәрежелі дисплазия ДЭК, криодеструкция немесе лазерлі вапоризациямен емделеді. I-II дәрежелі дисплазияға қосымша эктропион, жатыр мойынының деформациясы байқалатын болса жатыр мойыны конизация әдісімен (пышақты, лазерлі, электрлі) емделеді.
I-II дәрежелі дисплазияны жалпы емдеу торабының акушер-гинекологы жүргізеді. Кольпоскопиялық және цитологиялық зерттеулердің нәтижесі 3 рет теріс болса есептен шығарылады, бірақ екі жылдан бұрын шығаруға болмайды.
III дәрежелі дисплазияда жатыр мойынының аумақты және терең конизациясы жүргізіледі немесе ампутацияланады.
40-45 жастағы әйелдерде қынап күмбездерінің жазылуына, жыныстық аппараттың атрофиялық өзгерістеріне байланысты мүшесақтау операцияларын орындау қиындайды, сол себепті жатырдың экстирпациясы жүргізіледі.
III дәрежелі дисплазияны арнайланған онкологиялық стационардың онкогинекологы емдейді.
Иллюстрациялы материалдар: дәрістің электронды презентациясы.
Әдебиеттер:
1. Есенќ±лов Є.Е., Арзыќ±лов Ж.Є., Єбисатов Ќ.Є., Есенќ±лова С.Є. Ісік аурулары: Оќулыќ. – Алматы, 2009». – Том I. – С. 412-422.
Полякова В. А. Онкогинекология. Руководство для врачей. – М.: Медицинская книга, 2001.
Шакирова А.Ф., Байназарова А.А. Онкогинекология бойынша дәрістер циклы (оқулық құрал). – Қарағанды, 2007. – 66 б.
Бақылау сұрақтары ( кері байланысы):
Жатыр мойнының фонды ауруларын атаңыз.
Жатыр мойнының ісік алды ауруларын атаңыз.
Жатыр мойны ауыр дәрежелі дисплазиясы анықталғанда, дәрігер акушер-гинекологтың тактикасы.
