- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті Экономика,құқық және басқару факультеті «Әлеуметтік саясат» кафедрасы
- •« Әлеуметтік саясат» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •«Әлеуметтік саясат» пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •6. Күнтізбелік тақырыптық жоспар
- •7. Әрбір тақырыптың мазмұны
- •8. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Студентке арналған пәнді оқыту бағдарламасы (Syllabus)
- •6. Пәннің күнтізбелік тақырыптық жоспары
- •7. Семинар сабақтары мен соөж және сөж тапсырмаларының
- •7.1 Семинар сабақтарының жоспары
- •7.2. Соөж сабағының жоспары
- •8. Соөж кестесі (тәжірбиелік және лабораториялық тапсырма)
- •9 Студенттердің өзіндік жұмыс (сөж) тақырыптарының өткізілу кестесі
- •10.2. Студенттің білімін бағалау:
- •10.6. Әдебиеттер тізімі
- •2012 Жылға «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасының іске асыру қортындысы
- •2013 Жылға қр Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қортындысы
- •Әлеуметтік саясат модельдері
- •Әлеуметтік саясат модельдері
10.6. Әдебиеттер тізімі
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
Аженов М. Социальная стратификация в Республике Казахстан. Алматы 1997ж.
АгафоновА.Н.,Менлибаев К.Н. идр.Основы теории социальной работы.Караганда2002.
Әлеуметтік қорғау. Алтын Орда. 16 мамыр, 2002 ж.
Бабакумов Е.Ж. Социальная политика государства. Алматы, 1996
Зейнышев И.Г Взаимосвязь социальной политики и социальной работы- М, 1996
ҚР.-Конституциясы-А, 1995
Кадомцева С.В Социальная защита населения- М, 1999
Менлибаев К.Н., Туганбекова К.М., Черная Г.Г., Каргин С.Т. Социальная работа. Караганда, 2000.
Мемлекет саясатының стратегиясының басым бағыттары- баянды даму кепілі. Ақиқат. №10, 2001 ж.
Назарбаев Н.А. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы,Астана. 2013жыл14 желтоқсан.
НазарбаевН.А XXI ғасырлар тоғысында- Л, 2002
Рапатский Б.В Социальная политика, Социальная защита, самозащита трудящихся в обществе. -М, 1998
Романов В.И. Социальная политика Казахстана. Саясат. №9, 1997 .
Сәрсенова Ж.Н.Әлеуметтік жүмыс - Алматы,2004ж
Тасмаганбетов И.Н. Сущность и типология социальной политики. Саясат. №7,1997 ж.
Тасмағанбетов Ш.А. Социальная политика и политическая трансформация-А, 1997
ХолостоваЕ.И. Социальная политика и социальная работа,- М,
ХолостоваЕ.И. Социальная работа.-М, 2004
Қосымша әдебиеттер
Государственная семейная политика в странах Европейского общества и США.-М, 1996.
Конституция РК – Алматы, 1995
Виллиандт Демократический социализм (статьи и речи) – М.: Изд. «Республика», 1992
Б.В. Ракитский Социальная политика, социальная защита, самозащита трудящихся в обществе. Часть первая. Социальная политика – М.:2004
Институт перспектив и проблем страны, 1998
Бабич А.М., Егоров Е.Н., Жильцов Е.Н. Экономика социального страхования. – М., 1998.
Гуслякова Л.Г., Холостова Е.И. Основы теории социальной работы. – М., 1997.
Гершунский Б.С. Философия образования для ХХI века. – М., 1998.
Законодательство зарубежных стран по социальному обслуживанию населения. – М., 2004.
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Пәннің атауы: Әлеуметтік саясат
№1- ші дәріс.
Тақырып. Әлеуметтік саясат қоғамдық теория, практика ретінде
Негізгі мақсаты:«Әлеуметтік саясат“ ұғымы және негізгі мақсаттарына, әлеуметтік саясаттың принциптері мен тұжырымдамасына жалпылама тоқталу
Негізгі түсініктер:Әлеуметтік мемлекет, әлеуметтік саясат, полициялық мемлекет ұғымдары
Жоспары
1. «Әлеуметтік саясат“ ұғымы және негізгі мақсаттарының бірі.
2. Әлеуметтік саясаттың принциптері мен тұжырымдамасы.
Әлеуметтік мәселелерді реттеу ең алдымен әлеуметтік саясатты қажет етеді. Әлеуметтік саясат – бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Әлеуметтік саясат – бұл түпкі мүдделерді және белгіленген халық топтарының ұзақ мерзімді мүдделері мен қоғам мақсаттарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қоғамдық өнімді құру мен бөлу шарттару бойынша әлеуметтік топтар мен қоғамдар (общности) арасындағы қатынастармен байланысты мемлекеттің немесе (және) қоғамдық институттардың іс-әрекеті. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – еңбекке жарамды азаматтарға өзінің еңбегімен ауқаттылығын сақтап қалу үшін жағдай жасау және еңбекке жарамсыздарға-кепілденеген әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсету жолымен қоғамдық-саяси жүйенің серпінді дамуын қамтамасыз ету.
Әлеуметтік саясат төрт бөліктен тұрады:
- Қоғам мүшелерінің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік сфера ұйымдарына құқықтық, ұйымдастырушылық, қаржылық жағдай жасау.
- Өмір сүру деңгейін қажетті деңгейде сақтап қалу үшін азаматтарға өз еркімен табыс табуына құқықтық, ұйымдастырушылық, өндірістік алғышарттар жасау.
- Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жолымен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау
- Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік сфераның өндірістік кәсіпорындары мен мекемелеріндегі өндірісті ұйымдастыру, бөлек тауарлар мен қызметтерді бөлу және тұтыну.
Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін көтеруге, өндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың ауыруға шалдығу деңгейін төмендететіп өндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық өндірістегі жұмысбастылықты көтеруге мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғам мүшелерінің материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамассыз ету.Қазақстан реформасының негізгі мақсаттарының бірі әлеуметтік мемлекетті құру. Бірақ бұның мәнін кез келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, кұнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы нақты білу қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз. Бұл көптеген мәселелерді қамтиды.
Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі- өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші екінші жартысында “әлеуметтік мемлекет” ұғымын ең алғаш ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол “әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдаландырып, үйретуге міндтті, өйткені, бірінің дамуы- екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады” деп көрсеткен. “Әлеуметтік мемлекет” деген ұғымның пайда болуы “полициялық” мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді.
1930 жылы неміс ғалымы Герман Геллер әлеуметтік-саяси әдебиетке әлеуметтік құқықтық мемлекет ұғымын еңдірді. Екінші дүниезүзілік соғыстан кейін бірқатар Батыс Еуропалық мемлекеттердің Конституциясында әлеуметтік мемлекет формуласы жазылған еді. XX ғасырдың 60 жылдары шамасында алғашқы әлеуметтік мемлекеттер, мысалы, Францияда, германияда, швецарияда, Англияда, т.б. елдерде құрыла бастады. Олардың негізгі өмір сүру шарты-қоғамдағы жағдайын нашар топтарды қолдау үшін халықтық табыстың белгілі бір бөлігін бөле алатын экономикалық дамудың ең жоғарғы деңгейі болып табылады.
Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы-ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми- техникалық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мемлекеттің- әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатады. Әлеуметтік мемлекеттің басты идеясы- гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірінің саяси және құқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына жағдай жасау… Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекеттің мәні туралы ғылыми зерттеулерде әртүрлі тұжырымдама жасалынған. Ғалымдардың мемлекет туралы берілген анықтамаларында бұл әрбір азаматтардың лайықты өмір суруіне, өндірісті басқаруға, азаматтарды әлеуметтік қорғауға ұмтылған мемлекет. Ал біздің қозқарасымыз бойынша, әлеуметтік мемлекет әр азаматтың жақсы ортада тіршілік етуіне, әлеуметтік жағынан қорғалуына, таланттары мен шеберліктерін толық дамыту үшін мүмкіндік жасайтын мемлекеттік биліктің формасы болуы керек. Мұндай мемлекет адам мен қоғамға қызмет етеді және әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік бітім мен әлеуметтік келісім принциптеріне негізделген адамдар адасында жаңа типті байланыстарды қалыптастырады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Әлеуметтік саясат ұғымына анықтама берііңіз
Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптерін атаңыз
Әлеуметтік саясат тұжырымдамасы
Ұсынылатын дебиет
АгафоновА.Н.,Менлибаев К.Н. идр.Основы теории социальной работы.Караганда2002.
Әлеуметтік қорғау. Алтын Орда. 16 мамыр, 2002 ж.
Бабакумов Е.Ж. Социальная политика государства. Алматы, 1996
Зейнышев И.Г Взаимосвязь социальной политики и социальной работы- М, 1996
Кадомцева С.В Социальная защита населения- М, 1999
2- ші дәріс.
Тақырып. Әлеуметтік саясаттың мәні , прициптері және негізгі категориялары
Негізгі мақсаты:Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты- қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қауіп қатерден қорғауға кепілдеме беру.
Негізгі түсініктер:әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамтамасыз ету, әлеуметтік қызмет көрсету ұғымдары
Жоспары
1. Әлеуметтік саясаттың мәні .
2. Әлеуметтік саясаттың негізгі категориялары
Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу қажет. Бірінші белгісіне-әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқытық табиғаты, мемлекеттың әлеуметтік процесстерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші- әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші- бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші- әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің болуы саяды, бесінші- қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуі жатады, алтыншы- өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары деңгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан.
Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы-құқытық мемлекет құру принциптерінің ролін төмендеткен жоқ. Жеке тұлғаның азаматтық құқығы мен бостандығының басымдылығы-демократиялық мемлекеттің де әлеуметтік мемлекеттің де өмір сүруінің негізі болып қала береді. Дегенмен, әлеуметтік мемлекет өзінің өркендеу жолында, қоғамның әрбір мүшесінің тіршілік етуіне лайықты жағдай жаскауы үшін заңды түпде жарияланған азаматтық құқық пен бостандық мазмұнының шынайы кеңеюіне ұмтылады.
Ерекше айтатын жағдай, халықтың тіршілік ету деңгейінің жоғары болуы-әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда адам құқығы мен бостандығының құрылымы өзгереді, адамдардың саяси белсенділігінің төмендейді, мелекетке сенімсіздік пайда болады, саясатқа селқостығы ұлғаяды, құқық пен бостандық заңды кепілдіктері әрқашан мүмкін емес деген ұғым қалыптасады. Әлеуметтік мемлекеттің өмір суруі құқықтық мемлекетпен бірлікте екенін атап көрсету қажет. Өйткені, әрі құқықтық, әрі әлеуметтік мемлекет те жеке тұлғаның дамуы мен игілігі үшін тиімді жағдайлар жасауға тырысады. Сонымен құқықтық мемлекеттің тұжырымдамасы негізгі құрал болғандықтан тиімсіз құқытар санын мейлінше азайып, мемлекеттің жеке тұлға өміріне қол сүғуына заңды түрде шектеу қойып, нақты ережелер белгіленуі қажет. Әлеуметтік мемлекет болса, бәрінен бұрын адамдарды заңдастырылған құқықтармен, адам дамуына қажетті материалдық жағдаймен, ұлттық табыстың әділ және ұтымды бөлінуін қалыптастырумен қамтамасыз етуге ұмтылады. Нақты айтқанда, тұлғаның жеке өмірін қорғауға және қолдауға тырысу- әлеуметтік және құқықтық принциптердің тұтастығының негізін құрайды. Солай десек те, құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекеттік органдардың ұлттық табысты, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқада игіліктерді бөлу процесіне қатыспауын да мойындайды. Бірақ әлеуметтік мемлекет әр адамды материалдық жағынан қамтамасыз етуге, нақты айтқанда, ұлттық табысты бөлумен айналысуға міндетті, осы процесті ұтымды түрде жүзеге асыру арқылы қоғамда пайда болатын теңсіздіктерді болдырмауға тырысады.
Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты- қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қауіп қатерден қорғауға кепілдеме беру. Осындай мемлекетті құрудың міндетті шарты- саяси және экономикалық билік бөлісі болып табылады. Бұл меншік түрінің әр алуандығына байланысты. Әрбір адам нақты қандай да болсын қәсіпорын қызметін пайдалануға ерікті: мемлекеттік, кооперативтік немесе жеке меншіктік.
Қазіргі кезеңде демократиялық мемлекет бәсекелестікті шектеу мен оны қайта қалпына келтіру арасындағы тәсілді ұстануға, өз әрекеттерінде құқылық және әлеуметтік принциптердің тиімді мөлшерін табуға ұмтылуда. Кез келген қоғам тіршілік құрылымының ғылыми тұрғыда дәлелденген үлгісіне, нақты белгіленген мақсатқа сүйене отырып, дами алады.
Қазақстан Республикасы Конституциясында біздің еліміздің әлеуметтік мемлекет қатарында екендігі ерекше көрсетіген. Алайда, әлеуметтік құқықтық мемлекеттің идеясын конституциялық бекітуден оны шын мәнінде жүзеге асыруға дейінгі аралықта ұзақ та қиын жол жатыр. Сол үшін де саяси ерік-жігер, соған сәйкес саяси реформалар жасау, қажетті әлеуметтік-саяси базаны құру, мәдениетті өркендету және басқа да алғы шарттарды дамыту қажет.
Қазақстан алдында сапасы мен саны әлемдік нарыққа сай келетін жалдамалы еңбекке жалақы төлеуді ұйымдастыру міндеті тұр. Сонда ғана реформаның жағымды нәтижесі туралы айтуға болады. Мемлекеттік биліктің қандай түрі болғанына қарамастан, жуық арада өндірістік процестер мен қажеттіліктерді үйлестіре алмайды, сондықтан да таяу арада бізде әлеуметтік мемлекет құрылуы өте қиын. Әлеуметтік мемлекеттің жемісті өмір сүруі- қоғамның барлық топтары мүддесіне қызмет ететін, дамыған экономика негізінде ғана қалыптасады.
Соған қарамастан, белгілі сипаттамасы бар әлеуметтік мемлекет туралы ереже Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілуге тиіс, ол өкімет билігіндегі және қарапайым азаматтардың өз міндеттерін есіне салатындай болуы керек. Ол мемлекеттің негізгі функциясы мұқият қарастыруды қажет ететін маңызды мәселе болып табылады. . Ол- мемлекеттің алғаш заңдастырылған міндеттері болғандықтан жэне әлеуметтік сапаға жетуге жасаған қадамы болғандықтан, қоғам және түлға қатынастарының өзгеруінің бастамасы болды. Сондай-ақ, әлеуметтік қамсыздандыру өндірістегі материалдық игілік-жасына, жынысына, денсаулық, т. б. жағдайына қарамастан қоғамның барлық мүшесіне тиісті болуы керек. Әлеуметтік қамсыздандыруды қалыптастыру кезеңі қүқықтық негіздің пайда болу мен әлеуметтік процестерді қүқықтық реттеу функциясын мемлекеттің өз міндетіне алуымен тікелей байланысты.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары:
Қоғамдық қатынасты үйлесімді дамыту, халықтың әр түлі топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру.
Халықтың материалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандыру, әлеуметтік мүдделерді теңестіру.
Халықты әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдік беретін әлеуметтік экономикалық құқықты қамтамассыз ету. Оның ішінде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлігіне қолдау көрсету.
Қоғамдағы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ету.
Қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету.
Әлеуметтік салаларды (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, тұрмыстық
үй т.б. ) дамыту.
Еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету.
Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттің экономикалық саясатының әдістері
Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеу әдістері қолданылады:
құқықтық реттеу – бұл барлық деңгейде қабылданған құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардағы міндеттердің орындалуы;
қаржы- несиелік реттеу – қаржы ағындарын реттеу құралдары, яғни әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте арнайы баптың қаралуы. Сондай-ақ бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар құру (зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру т.б.)
жекешелендіру - әлеуметтік саладағы кәсіпорындарды жеке меншікке беру шектелген, өйткені мұндай кәсіпорындардың шығындарын көпшілік жағдайда мемлекет өтейді. Сондай-ақ әлеуметтік саясатта төмендегі маңызды ұғымдар қарастырылады.
Әлеуметтік саясатты жүргізу құралдарына мыналар жатады:
Әлеуметтік кепілдік - мемлекеттің азаматар алдындағы, азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілктерін заңды түрде қамтамасыз ету.
Әлеуметтік стандарттар - бұл әлеуметтік қызмет көрсетудің әр түрлі формалары мен көлемдерін қалыптастыру. Бұл қаржы норматиытерін белгілеу үшін қажет. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар бірыңғай негізде және жалпы әдістемелік принциптерде жасалады.
Минималды тұтыну бюджеті тұрмысы төмен отбасыларына көмек беру үшін, сондай-ақ зейнетақы мен жалақының минималды деңгейін белгілеу үшін қолданылады.
Өмір сүру минимумы - бұл минималды табыс. Ол әлеуметтік саясаттың маңызды құралы. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, табыстар реттеледі және әлеуметтік төлемдер белгілегенде қолданады. Өмір сүру минимумы экономиканың белгілі деңгейінде адамның денсаулығын сақтау мен қызметке қабілетін қамтамассыз ету үшін қажет. Оның құрамына ғылыми негізделген азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны және салықтар мен міндетті төлемдер кіреді. Минималды өмір сүру минимумын анықтау үшін тұтыну қаржыны қолданылады.
Жалақының минималды көлемі – квалификациясы төмен қарапайым еңбекке негзделген жалақының ең төменгі шегі. Оны басқа маман жұмысшылардың жалақысын белгілеу үшін қолданады.
Зейнетақының минималды деңгейі – нормативті актілер бойынша белгіленетін зейнетақының ең төменгі шегі. Ол минималды жалақы мен өмір сүру минимумына негізделеді.
Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары:
1. Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, яғни халықты материалдық және рухани игіліктерімен қамтамассыз ету. Ресейлік ғалымдар өмір сүрудің 4 деңгейін атап көрсетеді:
- молшылық - жан-жақты қамтамасыз етілген өмір, яғни өмір сүрудің жоғары деңгейі;.
- қалыпты өмір - адамның физикалық және интелектуалды күшін қалпына келтіру деңгейі;
- кедейшілік – еңбекке қабілетін сақтау мүмкіндігі;
- жоқшылық - бұл биологиялық критерий бойынша өмір сүру.
БҰҰ бойынша өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесі құрылған. Оған мыналар кіреді: Өмірге келу; Өмірден кету; Өмір сүрудің санитарлық - гигиеналық жағдайы; Азық-түлікті тұтыну; Тұрғын үй жағдайы; Жұмысбастылық; Білім деңгейі немесе сауаттылық; Мәдениеттілік деңгейі; Демалыс; Көлікпен қамтамасыз етілуі; Адам құқықтарының қорғалуы.
2. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Халықтың кедейшілікке ұшыраған тобына, аурулар, мүгедектер, қарттар, көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ету жүйесін қалыптасыру. Бұл топтар мемлекеттен өмірге қажетті минималды игілктер мен қамтамассыз етілуі тиіс. Ол үшін түрлі мақсаттағы қорлар, арнайы көмектер, тегін мемлекеттік мектептер, тегін медициналық көмек көрсетілу түрлі жеңілдіктер алуға міндетті.
Мемлекеттік әлеуметтік саясатта міндетті түрде еңбек пен халықты жұмыспен қамту бағытын қамтиды.
Мемлекеттік еңбек нарығы тек құқықты мамандық таңдау еркіндігіне кепілдік беруі тиіс. Ол үшін орта және жоғарғы білім беру жүйелері бар минималды жалақы деңгейі белгіленіп, жұмыс аптасының ұзақтығы демалыс уақыты заңды түрде келісім арқылы белгіленеді. Сондай-ақ жұмыссыздықпен күресу шаралары қолданылады. Мұндай бағдарламалармен еңбек биржалары айналысады. Олардың қызметтеріне сонымен қатар төмендегілер жатады:
көші-қон үрдістерін реттеу;
зейнетақы жүйесін жетілдіру;
Мемлекеттің денсаулық сақтау мен әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы рөлі.Бұл бағыт мемлекет тарапынан тегін медициналық көмек берілуін қамтамассыз етуді көздеуді.
Казіргі кездегі аймақтық саясат ерекшеліктері.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б. аумақтық факторлары толықтай ескеріп, оларды мемелекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.
Қазіргі уақытта ресрублика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемелект тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемелекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизімдері анықталады.
Мемелекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызыметіне тікелей араласпағанымен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б,) арласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тимді қызымет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемелекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемелекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемелекеттік реттеу олардың дамуының қажетті шарты.
Экономиканы мемелекеттік реттеудің ерекше бағытты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тимді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналды.
Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше мәселелермен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады.
шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
индустриялық дамыған;
агроөнеркәсіптік;
дағдарыстық.
Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық - әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстанның экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей мәселелер кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндірумен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық щикізат түрлеріне бай жерлерді интенсипті игеру;
отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрлымдарды құру;
ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.
Екінші топқа- ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары техногиялық ғылыми жетістіктер қажетсінетін өнріс құру үшн қолайлы экономикалық жағайлары және жоғары ғылми-өндісті әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурыстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.
Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін мәселелер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, элоктроника құралдары, автомобиль құрлысы жаңа материялдар, лазер технологиясын дамыту;
нарықтық инфрақұрлымды дамытуды жеделдету.
Үшінші топ- ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.
Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тимді мамандандыруды жүзеге асыру;
ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалылығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану,
тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материялдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.
Төртінші топқа- қысылшаң (экстремльный) табиғи-климаттық, әлеуметтік - экономикалық және техника - технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрлымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған мәселелерден «арылу» үшін мемелекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:
экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;
осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материялдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқада тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.
Аймақтағы дағдарыстың нақты белгілері мынадай:
өндіріс қарқынының төмендеуі;
халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);
жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың етек алуы (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);
демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызыметтер көрсету саласындағы мәселелердің күшеюі және т.б.
Аймақтар дамуының (дамымауының) негізгі себептері мен міндеттері.
Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен- өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың дамуына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктері де ескерілуі керек. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама дайындап, сол бойынша әрбір аймақ өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Мемлекет аймақтық саясатты қалыптастыру үшін еліміздің территориясы бойынша себептерді көрсету қажет. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:
еліміз аймақтарының табиғи - климаттық жағдайының айырмашылығы;
аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл тек ауылшаруашылық, пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайын жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;
аймақтың орналасуының «күрделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсіуі байқалады. Бұл аймақтың көлік және байланс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық дамуына ықпал етеді;
инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;
елдің экономикалық даму тенденциясы;
тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;
институционалдық факторлар: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайды, аймақтың даму тарихы т.б. ;
орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфроқұрылым;
әлеуметтік мәдени факторлар. Урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б.;
орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;
орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.
Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу - еліміздің және оның жекеленген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге қойлған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Ал, аймақтық саясаттың мәні - жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды тиімді басқару болып табылады.
Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:
Әрбір аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайының деңгейін теңестіру.
Дағдарыстық аймақтарды құрлымдық қайта құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемелекет үшін жүргізілетіндігімен ерекшелінеді. Дағдарыстық аймақтарды құрлымдық қайта құру тек ірі, жалпы мемелекттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажет ресурыстардың жетіспеушілігі болады. Мемелекеттің негізгі функциясы, артта қалған аумақтарды - даму деңгейі жоғары аймақтардың қатарына жеткізу, бірақ мүндай жағдайлар халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс.
Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру.
4. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Әлеуметтік саясаттың мәні неде ?
Әлеуметтік саясаттың негізгі категорияларын атаңыз атаңыз
Әлеуметтік саясаттың негізгі фуңкциялары
Ұсынылатын дебиет
АгафоновА.Н.,Менлибаев К.Н. идр.Основы теории социальной работы.Караганда2002.
Әлеуметтік қорғау. Алтын Орда. 16 мамыр, 2002 ж.
Бабакумов Е.Ж. Социальная политика государства. Алматы, 1996
Зейнышев И.Г Взаимосвязь социальной политики и социальной работы- М, 1996
Кадомцева С.В Социальная защита населения- М, 1999
3- ші дәріс.
Тақырып. Әлеуметтік саясаттың обьектілері мен субьектілері
Негізгі мақсаты:Әлеуметтік саясаттың мәнін анықтағанна соң әлеуметтік саясаттың субъектілерімен обьектілерін анықтау заңдылық . Егер кез келгег саясат сияқты әлеуметтік саясатта қоғамдық қарым-қатынастар негізгі болса, мазмұнын білу үшін әлеуметтіе саясатты кім жұргізеді деген сурақ туындайды.
Негізгі түсініктер: обьект, субьект,әлеуметтік топтар
Жоспары
Әлеуметтік саясаттың субъектілері
Әлеуметтік саясаттың мазмұнды мінездемесі
Әлеуметтік саясаттың мәнін анықтағанна соң әлеуметтік саясаттың субъектілерімен обьектілерін анықтау заңдылық . Егер кез келген саясат сияқты әлеуметтік саясатта қоғамдық қарым-қатынастар негізгі болса, мазмұнын білу үшін әлеуметтіе саясатты кім жұргізеді деген сурақ туындайды.
Әлеуметтік саясаттың мәні әлеуметтік топтар - әлеуметтік құрылымның тұрақты элементтерінің қарым -қатынасы арқылы көрінеді. Бұндай топтардың тұрақтылығы көптеген қоғамдық жағдайлардыңпайда болуы және даму комплексінің іске асырылуы арқылы пайда болады.
Сонымен қоса, әлеуметтік топтар өз қызығушылықтарын біліп немесе оларды білмей іс-әрекет жасауы мүмкін. Яғни, әлеуметтік процесстің белсенді (нақты саясаттың субъектілері) немесе пассивті әлеуметтік күштері бола алады.
Әлеуметтік саясаттың субъектілері – іс-әрекет ететін жеке әлеуметтік топтар және олардың қызығушылықтарын білдіретін органдар, институттар, құрылымдар. Әлеуметтік саясат субъектілеріне әлеуметтік топтар мен қоса олардың қызығушылықтарын білдіретін ұйымдық құрылымдар да жатады. Субъектілер екіге бөлінеді. Бірінші әлеуметтік субъектілер - әлеуметтік топтардың өзі. Екіншілері- олардың қызығушылығын білдіретін ұйымдар мен мекемелер және т.б.
Тоталитарлық қоғамда әлеуметтік саясат әлеуметтік саладағы тоталитарлық тәртіпке дейін тарылады. Демократиялық қоғамда- әлеуметтік саясат демократиялық мемлекеттің және басқа азаматтық қоғам субъектілерімен біріккен функцияны атқарады. Тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтү кезінде ерекше өтпелі кезеңңің әлеуметтік саясатын қалыптастырады.
Тоталитарлық қоғамдағы әлеуметтік саясат абсолютті мемлекеттік үкімек талабымен, халықтың толық пассивтігімен іске асады. Тоталитарлық кезеңнен кейінгі қоғамның демократияға өту мемлекеттік басқарудың абсолютизмінен және халықтық пассивтіліктен алшақтаумен қамтамасыз етіледі. Тоталитарлықтан кейн қоғамның пассивтілігі, ұйымсыздығы, әлеуметтік құрылымсыздық - әлеуметтік сасаттың, мемлекеттік үкімнің бұзылуының негізі. Барлығы өтпелі кезеңңің мемлекеттің мінездемесіне, оның халықтың, елдің қызығушылықтарына назар аударуының деңгейіне байланысты. Бұл жағдайда мемлекеттік үкіметтің тарихи жауапкершілігі, халықтың және барлық топтар мен қоғамдастықтардың жағдайы туралы сүрақ күрделенеді.
Әлеуметтік саясаттың келесі мазмұнды мінездемесі - әлеуметтік саясатқа белсенді қатысушыларының өз алдыларына қоятын мақсаттар жүйесі. Бұл- қоғамдық өзгерістердің нәтижелі көрсеткіштері. Әлеуметтік топтың әрқайссысы өзінің нақты жағдайын және жақсыға өзгеру мімкіндігін толық сезінеді.Егер әлеуметтік топ белсенді қоғамдық іс-әрекет жасаса (әлеуметтік саясаттың субъетісі болса) ол өзінің қоғамдағы жағдайының жақсаруын өз іс-әрекетінің мақсаты деп сезінеді. Егер әлеуметтік топ пассивті болса, онда оның мақсатының орнында арман, ғажап жағдайды күту немесе әлеуметтік саясаттың «мейірімді» субъетісіне кудер болады.
Тоталитарлық қоғамда көптеген субъектілер шынайы емес, декоративті келеді. Әлеуметтік сасаттың нақты субъектілері тек басшылық ететін әлеуметтік топ, қалған барлығы- әлеуметтік саясаттың объектілері.
Демократиялық қоғамда бір субъектілі жағдайдың болуы мүмкін емес. Сондықтан, әлеуметтік саясатта барлық субъектілерге бір мақсаттың болуы мүмкін емес. Әлеуметтік саясаттың нақты субъектілерінің әр қайсының өзіндік мақсаты бар. әлеуметтік мақсаттың көптігі- бұл көп субъектілі азаматтық қоғамның нәтижелі қалпы. Мақсатттардың әртүрлі болуы негізгі мақсат болып табылады және қоғамның сапалы ерекшелігінің белгісі. Бұл кез келген қоғамның мақсаттарының бір болу идеясынан, үлшылдық идеясынан, құндылықтардың бір болуынан алшақтамайды. Демократиялық қоғамда бұл мақсаттар тоталитарлықтан ерекше қойылап шешіледі.
Әлеуметтік саясат құрылымдық қоғамдық қарым-қатынас болып табылады.
Әлеуметтік саясаттың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:
Әлеуметтік тұрақты қоғамдағы әлеуметтік саясат ( қоғамдық формацияларда);
Жүйелі кризистердегі қоғамдардың әлеуметтік саясаты (революциялық жағдайдағы);
Деформация жағдайындағы қоғамдардағы әлеуметтік саясат (қоғамдық жүйенің перманенті кризистерінде);
Күрделі реформалар арқылы жүйелі кризистерден шығу жағдайындағы қоғамдағы әлеуметтік саясат, яғни өтпелі кезеңнің әлеуметтік саясаты.
Әлеуметтік түрақты қоғамдағы әлеуметтік саясаттың ерекшіліктері:
Әлеуметтік топтар және класстардың қарым-қатынасындағы тұрақты тәртіптің болуы;
Өз жағдайымен қанағаттанбаған кейбір топтарға білім беру;
Басқарған класстардың және оның бөлігінің қызығушылығының баланста болуы. Бүндай басқарудың түрі құқықтың қоғам формасында белгіленеді;
Сонымен, қандайда бір мемлекет болмасын халықтың түрмысы
нашарлауына жол бермеуді көздейтін, халықты еңбекпен қамтуды және жұмыссыздықты шектен тыс өспеуін қадағалап отыруды іске асыратын, халықтың түрлі топтарымен жіктерін материалдық жағдайымен тұрмыс тіршілігін біртіндеп жақсартуға бағытталған әлеуметтік саясат жүзеге асырылуы тиіс.
Негізінен әлеуметтік саясат дегеніміз- ішкі саясаттың құрамдас бөлігі, және адамдардың қоғамдық, топтық мүдделерін үйлестіру және экономикалық әлеуметтік саяси, идеологиялық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі саяси қызмет болып табылады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Әлеуметтік саясаттың мәні неде ?
Әлеуметтік саясаттың негізгі категорияларын атаңыз
Әлеуметтік саясаттың обьектілері
Әлеуметтік саясаттың субьектілері
Ұсынылатын дебиет
АгафоновА.Н.,Менлибаев К.Н. идр.Основы теории социальной работы.Караганда2002.
Әлеуметтік қорғау. Алтын Орда. 16 мамыр, 2002 ж.
Бабакумов Е.Ж. Социальная политика государства. Алматы, 1996
Зейнышев И.Г Взаимосвязь социальной политики и социальной работы- М, 1996
Кадомцева С.В Социальная защита населения- М, 1999
4- ші дәріс.
Тақырып. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі әлеуметтік саясат
Негізгі мақсаты: Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі әлеуметтік саясат орнын көрсету
Негізгі түсініктер:қоғам, реформа, теория, практика
Жоспары
1. «Әлеуметтік саясат“ ұғымы және негізгі мақсаттарының бірі.
2. Әлеуметтік мемлекеттің принциптері мен тұжырымдамасы.
Қазіргі ортадағы әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері
Саясат жалпы алғанда қазіргі адамның қажеттілігі, талап – тілегі болады. Өйткені, саясат қоғам өмірінің барлық, оның алуан түрлі іс-қимылының көрсеткіші шектеушісі. Саясат қоғам өмірінің кез-келген саласындағы барлық құбылыстармен процесінде көрсетледі деуге болады. Сондықтан, ол өзінің пайда болуы кезенінен бастап, әртүрлі деңгейде, күрделі түрде түрліше дәрежеде өтіп жатады. Ол адамның тұрған жерінен, жұмысшылардың алғашқы ұжымнан басталып, мемлекетте, мемлекеттер арасындағы саяси қатынастарға саяси тұрғыдан басшылық етумен аяқталады.
Қазіргі саяси ғылымда саясаттың табиғаттың түсіну өте күдрделі ұғым болып отыр. Саясаттың сонау ертеде пайда болғаннан бастап, қазіргі күнге дейінгі түсініктеріне бірнеше көзқарастар мен аңықтамалар кездеседі.
Мәселен: зерттеушілердің бір тобы саясатты – адамдардың өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған, саяси билікті басып алуға, қолында ұстап тұруға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекттің, ұлттың, үлкен әлеуметтік топтың, не жеке адамның қызметі деп түсіндіреді.
Ал, екіншіден, саясат- ол мемлекеттің істеріне қатынасу оның қызметінің мақсаты мен мазмұның аңықтау. ( Мұнда міндеттері арқылы аңықтап тұр.)
Үшіншіден, саясат – шебер жасалынған басшымен оның сыбайластарының ниеттерін, амал - әрекетін білдіреді.
Саясат - ол қызмет болса, екіншіден өнер, басқару өнері болып табылады. /Аристотель/.
Саясаттың негізгі екі түрін ажыратуға болады; ішкі және сыртқы. Ал біздің қарастырайық деп отырғанымыз, ол әлеуметтік саясат. Әлеуметтік саясат – мемлекеттің ішкі саясатының құрамдас бөлігі.
Әлеуметтік саясат дегеніміз – ішкі саясаттың құрамдар бөлігі және мемлекеттің, адамның, қоғамның, топтың мүдделерін үйлестіру және экономикалық-әлеуметтік, саяси-идеологиялық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі саяси қызмет болып табылады. Қоғам шеңберінде болып жатқан реформалар қоғамның басқару механизімінде ғана емес, жеке адам мен еңбек ұжымдарының топтар және әлеуметтік немесе кәсіптік топтар өмірінде жан жақты терең әсерін тигізеді. Міне, осындай жағдайда жеке адам мен қоғам арасындағы жарасымдылық мүддесін, оның құқығы мен бостандығын қорғауға, кепілдік беретін факторлар негізінде мемлекеттің әлеуметтік саласы мен халықтың түрлі топтарымен жүргізетін құрылымының орны деп атауға болады.
Әлеуметтік саясат мәні көптеген кешенді мәселелерді қамтиды өзінің мазмұнында мына төмендегі өзекті проблемаларды шешуге бағтталған қызметтерді анықтайды. Олар, нарықтық қатынастарға өту кезеңінде халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарын әлеуметтік қорғау, азаматтардың өмір тіршілігіне байланысты кепілдіктер, қызмет көрсету саласы халықтың денсаулығын қорғау, білімін, рухани мәдениетін дамыту. Сонымен қоса, әлеуметтік саясаттың мәні-қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтІк серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қорғауға кепілдеме беру. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - бұл мемлекеттің және оның институттарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен мекемелердің, азаматтардың қоғамның дамуы мен әлеуметтік саласын басқару әрекеті. Қазіргі жағдайда әлеуметтік саясаттың дамуы-мәдениеттің, денсаулық сақтаудың, білім берудің және экономиканың дамуы деңгейімен байланысты.
Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған.
Әлеуметтік саясаттың басты идеясы - гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси және құқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына жағдай жасау.
Әлеуметтік саясатты терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу керек. Біріншіден, әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады. Екіншіден, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады. Үшіншіден, бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртіншіден, әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе және қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуі жатады.
Әлеуметтік саясат мемлекеттің экономикалық саясатына шешуші әсер ете алады. Өйткені, онда әлеуметтік және экономикалық қатынастар арасындағы шиеленістеи және олардың шешімі объективті орын алған.
Қоғамдық өмірдің күрделілігі және қарама-қайшылығы қоғамның нақты дамуының кезеңдерде маңызды бағыттарына мемлекеттің көңіл бөлуін талап етеді. Сондықтан қазіргі қоғамдағы экономиканың нарыққа көшуі мемлекеттің әлеуметтік саясат мәселелеріне және көптеген категорияларды әлеуметтік қорғауға ерекше көңіл бөлуін қажет етеді.
Біріншіден, әлеуметтік салада экономикалық іскерлік қорытындылары жүзеге асырылса, екіншіден, әлеуметтік процестер неғұрлым жоғары дәрежеде қоғамдық прогрестің адам барлық құндылықтарының шегі болатын және осы процестің өзіндік мақсаты болып табылатын гуманистік мәнін атқарады. Үшіншіден, белсенді әлеуметтік саясаттың қоғамның басты өндірістік күштерін құрайтын адами фактордың активтендірушілігі, мемлекеттің материалдық және рухани мәдениетінің дамуындағы шығармашылық бастаудың болуы мүмкін емес.
Сондықтан әлеуметтік саясат - бұл қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды, оның көптеген мүшелерінің мүдделері арқылы реттейтін демократиялық мемлекеттің жалпы саяси бөлігінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік саясат - бұл жалпы халықтың, оның таптарының, әлеуметтік, әлеуметтік- демографиялық, әлеуметтік-кәсиби, әлеуметтік қоғамдастықтардың (отбасы, ауыл, қала халқы және т.б.) әлеуметтік жағдайларын сақтауға және өзгертуге байланысты қарым-қатынастар жүйесі. Яғни, әлеуметтік саясасаттың негізгі тақырыбы жалпы халықтың және оның кейбір бөліктерінің әлеуметтік жағдайы.
Әлеуметтік саясат құрылымдық қоғамдық қарым-қатынас болып табылады.
Әлеуметтік саясаттың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:
әлеуметтік тұрақты қоғамдағы әлеуметтік саясат
( қоғамдық формацияларда);
жүйелі кризистердегі қоғамдардың әлеуметтік саясаты (революциялық жағдайдағы);
деформация жағдайындағы қоғамдардағы әлеуметтік саясат (қоғамдық жүйенің перманенті кризистерінде);
күрделі реформалар арқылы жүйелі кризистерден шығу жағдайындағы қоғамдағы әлеуметтік саясат, яғни өтпелі кезеңнің әлеуметтік саясаты.
Әлеуметтік тұрақты қоғамдағы әлеуметтік саясаттың ерекшіліктері:
әлеуметтік топтар және класстардың қарым-қатынасындағы тұрақты тәртіптің болуы;
өз жағдайымен қанағаттанбаған кейбір топтарға білім беру;
басқарған класстардың және оның бөлігінің қызығушылығының баланста болуы. Бұндай басқарудың түрі құқықтың қоғам формасында белгіленеді;
Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты - ұйымдардың, экономиканың, электро-техниканың, адами-құқықтың жағдайлар жасап отырып, қоғамдық қатынастағы жарасымдық тату, оларды реттеп отыру болып табылады.
Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары:
Қоғамның дамуының қазіргі кездегі мемлекеттің әлеуметтік саясатының бірнеше бағыттырын атап көрсетуге болады. Олардың жиынтығы әлеуметтік саясаттың мазмұнын ашып береді. Жоспарлы экономиканың өзін-өзі басқарудың нарықтық механизіміне тлық бетбұрған жағдайда мемлекеттің әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты ретінде адамдардың күнкөрісі, әлеуметтік бар жағдай жасау, яғни, нарықтық қатынастардың экономикаға жасайтын қолайсыз ықпалынан халықты қорғау ол ең алдымен халықты ақшалай қарызы тек тауар қорларын арттыруға байланысты сақтап тұру болса, екіншіден, адамдарға тұрғын үй жағдайын жақсарту. Үшіншіден, халыққа қызмет көрсету саласын жетілдіру, ал төртіншіден, халықтың денсаулығын нығайту мақсатында материалдық базаларын кеңейтіп, білім мен мәлениетін көтеру.
Әлеуметтік саясат негізгі мынадай міндеттерді атқарады:
әлеуметтік әсер ету және бақылау механизмдері арқылы әлеуметтік процесстерді реттеу;
әлеуметтік әділеттілік принциптері негізінде материалдық қорларды бөлу;
тұрғындардың анықталған өмір сүру деңгейін ұстап тұруға қажетті жағдайларды қалыптастыру;
тұрғындарға әлеуметтік кепілдемелер беру;
кедейшілікпен күрес;
тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету;
медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолдану мүмкіндігін арттыру;
білім беру саласын дамыту және реформалау;
зейнетақы реформасын одан әрі жетілдіру және төлемшілердің зейнетақы қорының сақталуына кепілдеме беру;
тұрғындардың жұмысбастылығы мәселесін шешу;
ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығын қолдау;
азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қолдау;
баға мен инфляцияның өсуін бақылау;
тұрғындардың кәсіпкерлік қызметін қолдау және ынталандыру;
мәдениет саласын реформалау, бұқаралық сипаттағы шаралар жүргізу;
демографиялық жағдайды жақсарту;
спортты дамыту.
Жоғарыда аталып кеткендей әлеуметтік саясат мемлекеттің ішкі саясатын жүргізуде елеулі орын алады. Бұл әлеуметтік саясаттың негізгі және өзекті бағыттарының бірі болып отыр. Себебі, мемлекеттегі халықтардың бірлігі, тыныштығы, олардың денсаулығы мен рухани дүниесінің дұрыс дамуы аталмыш әлеуметтік саясатқа байланысты.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Әлеуметтік саясаттың мәні неде ?
Әлеуметтік саясаттың негізгі категорияларын атаңыз атаңыз
Әлеуметтік саясаттың негізгі фуңкциялары
Ұсынылатын дебиет
Аженов М. Социальная стратификация в Республике Казахстан. Алматы 1997ж.
АгафоновА.Н.,Менлибаев К.Н. идр.Основы теории социальной работы.Караганда2002.
Әлеуметтік қорғау. Алтын Орда. 16 мамыр, 2002 ж.
Бабакумов Е.Ж. Социальная политика государства. Алматы, 1996
Зейнышев И.Г Взаимосвязь социальной политики и социальной работы- М, 1996
5- ші дәріс.
Тақырып. Әлеуметтік саясат және әлеуметтік қауіпсіздік
Негізгі мақсаты: Әлеуметтік саясат және әлеуметтік қауіпсіздіктің байланысын көрсету
Негізгі түсініктер:қауіпсіздік, әлеуметтік қауіпсіздік, гуманизм, бейбітшілік,
Жоспары
1. «Әлеуметтік қауіпсіздік “ ұғымы және негізгі мақсаттарының бірі.
2. Әлеуметтік саясаттың негізгі белгілері
Әлеуметтік мемлекеттің басты түжырымдамасының негізі-өте ертеде пайда болған элеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған.
Әлеуметтік саясаттың басты идеясы-гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси жэне қүқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына жағдай жасау.
Әлеуметтік саясатты терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу керек. Біріншіден, элеуметтік саясатты жүзеге асырудағы қүқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады. Екіншіден, элеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады. Үшіншіден, бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртіншіден, элеуметтік қамсыздандыруды, жүмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе және қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуі жатады.
Әлеуметтік саясаттың мэні-қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтІк серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу қүқығына жэне қорғауға кепілдеме беру. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты-бүл мемлекеттің және оның институттарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен мекемелердің, азаматтардың қоғамның дамуы мен әлеуметтік саласын басқару әрекеті. Қазіргі жағдайда элеуметтік саясаттың дамуы-мәдениеттің, денсаулық сақтаудың, білім берудің жэне экономиканың дамуы деңгейімен байланысты.
Әлеуметтік саясат мемлекеттің экономикалық саясатына шешуші әсер ете алады. Өйткені, онда әлеуметтік және экономикалық қатынастар арасындағы шиеленістеи және олардың шешімі объективті орын алған.
Қоғамдық өмірдің күрделілігі жэне қарама-қайшылығы қоғамның нақты дамуының кезеңдерде маңызды бағыттарына мемлекеттің көңіл бөлуін талап етеді. Сондықтан қазіргі қоғамдағы экономиканың нарыққа көшуі мемлекеттің элеуметтік саясат мәселелеріне және көптеген категорияларды әлеуметтік қорғауға ерекше көңіл бөлуін қажет етеді.
Біріншіден, әлеуметтік салада экономикалық іскерлік қорытындылары жүзеге асырылса, екіншіден, элеуметтік процестер неғүрлым жоғары дэрежеде қоғамдық прогрестің адам барлық құндылықтарының шегі болатын жэне осы процестің өзіндік мақсаты болып табылатын гуманистік мэнін атқарады. Үшіншіден, белсенді элеуметтік саясаттың қоғамның басты өндірістік күштерін қүрайтын адами фактордың активтендірушілігі, мемлекеттің материалдық жэне рухани мэдениетінің дамуындағы шығармашылық бастаудың болуы мүмкін емес.
Сондықтан әлеуметтік саясат-бүл қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды, оның көптеген мүшелерінің мүдделері арқылы реттейтін демократиялық мемлекеттің жалпы саяси бөлігінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қоғамдық қатынастарды қазіргі кезеңде реформалау әрбір жеке адамның, еңбек ұжымдарының, әлеуметтік топтардың мүдделеріне ықпалын тигізуде.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жасап, оны іс жүзіне асыру қоғам дамуының объективті заңдылығы және оның басты шарттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік саясат-ішкі саясаттың құрамдас бөлігі ретінде аса маңызды рөл атқарады.
Экономиканың мүмкіндіктеріне байланысты, әлеуметтік саясат халықтың әртүрлі топтарын өтпелі кезеңнің күрделі қүбылыстарының элеуметтік қорғау қызметін, адамдарды еңбекпен қамту, денсаулығын қорғау, білім, мэдениетін өркендету, демалысын үйымдастыру сияқты өзекті мэселелерді шешуге бағытталған саясат болып табылады.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік саясат- бұл жалпы халықтың, оның таптарының, әлеуметтік, әлеуметтік- демографиялық, әлеуметтік-кәсиби, әлеуметтік қоғамдастықтардың (отбасы, ауыл, қала халқы және т.б.) әлеуметтік жағдайларын сақтауға және өзгертуге байланысты қарым-қатынастар жүйесі. Яғни, әлеуметтік саясасаттың негізгі тақырыбы жалпы халоықтың және оның кейбір бөліктерінің әлеуметтік жағдайы.
Әлеуметтік жағдай – жалпы халықтың және оның құрамдас бөліктерінің өмір сүруінің негізгі комплексті сипаттамасы. Ол белгілі көмақты факторлар (себептер) нәтижесінен қалыптасады, олар қоғамның құрамдас бөліктерінің дамуын қалыптастырады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Әлеуметтік саясат және әлеуметтік қауіпсіздік мәні неде ?
Әлеуметтік қауіпсіздік кепілін атаңыз
Әлеуметтік саясаттың негізгі фуңкциялары
Ұсынылатын дебиет
Аженов М. Социальная стратификация в Республике Казахстан. Алматы 1997ж.
АгафоновА.Н.,Менлибаев К.Н. идр.Основы теории социальной работы.Караганда2002.
Әлеуметтік қорғау. Алтын Орда. 16 мамыр, 2002 ж.
Бабакумов Е.Ж. Социальная политика государства. Алматы, 1996
Зейнышев И.Г Взаимосвязь социальной политики и социальной работы- М, 1996
6- ші дәріс.
Тақырып. Қазақстандағы және шетелдегі әлеуметтік саясаттың негізгі парадигмалары мен приоритеттері.
Негізгі мақсаты: Қазақстандағы және шетелдегі әлеуметтік саясаттың негізгі парадигмалары мен приоритеттері байланысын көрсету
Негізгі түсініктер: Әлеуметтік парадигма ,әлеуметтік қауіпсіздік, гуманизм, қарттар,жастар
Жоспары
1. «Әлеуметтік парадигма“ ұғымы және мағынасы .
2. Әлеуметтік саясаттың негізгі парадигмалары
Әлеуметтік парадигма - саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама қайшылыққа толы үдеріс ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма топтар мен тап күресі идеологиясының концептуалды тұғыры болып табылады.
|
Егде және кәрілік жастағы кезеңге тән ерекшеліктердің бірі әлеуметтік-психологиялық бейімделмеушілік болып табылады. Егде адамның әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі – зейнетке шығу, жақын туысқандарын жоғалту, өзіне-өзі қызмет көрсетуге байланысты қиындықтар, экономикалық жағдайының нашарлауы – дағдылы өмірлік таптаурындарды бұзады, осы жаста едәуір төмендеген өзінің жеке және психикалық резервтерін жаңалауды талап етеді. Мұның барлығы кәрі адамның психикасына әсер етеді. Денсаулығы нашарлаған адамдар үлкен физикалық энергияны немесе анық қозғалысты талап ететін рольдерді орындай алмайды. Бірақ мұның барлығы бәріне бірдей қатысты еместігін ескеру керек: өйткені барлығы бірдей жүк тиеуге немее сағат жөндеуге міндетті емес қой. Бұдан басқа, биологиялық факторлардың қандай да бір шамада әлеуметтікке байланыстығын еске түсірген жөн. Егер егде адамдарды әлсіз әрі тәуелді деп санар болса, онда олар осыған сенуге және кейбір күші келмейтін, мысалы дене еңбегінен жалтаруға дайын. Кәрі адамдар көбінесе кедей, ауру және жалғыз, оларға қимылдау қиынға түседі. Сонымен бірге олар оларды өте жас адамдар орындайтын көптеген рольдерден шығаруға бейімделуі тиіс; бұдан басқа олаоға қоғамда орын алатын кәрілікке деген теріс көзқараспен күресуге тура келеді. Ең бастысы, ол жастық шақтың өтіп кеткенімен ымырыласуға мәжбүр. Күнделікті тұрмыспен дербес айналыса алмау басқа адамдарға тәуелді болуға әкеледі. Бұл көптеген кәрі адамдарда әлсіздік, одан әрі өмір сүргісі келмеу сезімін тудырады. Аурулардың түрі көбейген сайын бұл тәуелділік тереңдей түсіп, кейбір жағдайларда кәрі адамдар толықтай дерлік тәуелді болып қалады. Олардың отбасының басқа да мүшелерімен өзара қарым-қатынасы экономикалық, адамгершілік, психологиялық тұрғыдан күрделене түседі. Мұндай жағдай қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді көрсететін отбасылық қатынастардың эволюциясынан туындайды. Жоғарыда атап өткендей, қазіргі кезде қарттар құрметті орын алатын ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы ролін жоғалту белең алып келеді.бір отбасының ішіндегі әр түрлі өзара көмек,өзара пайда,өзара байыту негізінде өзара қарым-қатынас жасады. Қарттар балаларынан бөлек тұра бастады, ал отбасы мүшелерімен және туысқандарымен бірге тұратындар бөлек тұратындарға қарағанда жалғызты сезінетіндіктеріне жиі шағымданады. Осыған байланысты егде адамдардың тұлға ретінде өзін сақтауға және өз тәуелсіздігін көбірек сезінуіне мүмкіндік беретін жеке тұруға ұмтылуы түсінікті. мұңдай қарттар үшін жалғыз тұратындар мәртебесі отбасында жалғыздықты сезінгеннен гөрі, психологиялық жағынан қолайлы болып табылады. Өмірлік циклдің болмай қоймайтын циклі ретінде кәрілікке ойдағыдай бейімделу адамды өмірінің соңында бақытты қылатындай шешуші фактор болып табылады. Жастар мен орта жастағы адамдар өз өміріне иелік ете алатындығын әдетте сезінеді. Бірақ қартайған кезде адамдар басқалардан жиі тәуелді бола бастайды. Бұдан басқа, егде адамдар бұрын орындаған көптеген роллтдердің өзгерісімен кездеседі. Заңгерлер, автобус жүргізушілері, мұғалімдер, әйелдері, күйеулері, ата-анасы болған адамдар зейнеткер, жесір еркек, жесір әйел, әже мен ата болады. Егде адамдар ролінің өзгеруіне байланысты белгілі бір шамада оларды бір кезде қуантқан тіл табысудан айыру мүмкін. Егде адамдар орындауы тиіс жаңа рольдерге көшу проблемалармен байланысты. Егде жастағы әлеуметтендіру өмірдің бұрынғы кезеңдеріне қарағанда мүлдем бөлек. Адамдар қарттықтың туындауына жеткілікті шамада дайындалмауы мүмкін. өмір оларға ешқандай игілігін ұсынбайды; олар өз өмірінің осы кезеңіне қиындықпен бейімделеді. Қазақстанда бірде-бір білікті геронтологиялық қызмет жоқ, сондықтан егде адамдардың тәуелділік жағдайы туралы деректерді талдауға мүмкіндік жоқ. Осыған байланысты мысал ретінде АҚШ-тағы тұжырымдық түрде қазақстандық егде адамдардың жағдайынан ерекшеленбейтін халықтың дас құрылымының өзгеруіне байланысты тәуелділік проблемасын келтіруге болады. Соңғы 150 жылда драмалы беталыстардың бірі әйелдер бала туатын орташа жас кезеңінің төмендеуі болды. ХІХ ғасыр басталғалы әйелдер өзінің жемісті кезеңінің барлығында бала туды және өмірінің үлкен бөлігін балаларды тәрбиелеуге арнады. Қазіргі кезде балалардың көпшілігін 20 жастан астқан әйелдер туады. Соңғы кезде 3, және одан жоғары жаста бала туатын әйелдердің саны өсті. Әдетте ең кенже бала мамасы қырыққа жетпей тұрып-ақ дербес өмір сүре бастайды. Орташа өмір сүру ұзақтығыны ескере отырып, бір немесе ата-анасының екеуі де балаларсыз әлі де отыз жыл өмір сүретіндігін көруге болады. Соның нәтижесінде материалдық қамтамасыз ете алмайтын және басқаларға тәуелді болып қалуы мүмкін зейнеткерлердің саны көбеюде. Бұл жағдай түрлі дас санатындағы өзін материалдық қамтамасыз ете алмайтын адамдардың тәуелділік коэффициентін немесе пайыздық ара-қатысын есептегенде көрінеді (1-кесте). Егде адамдардың тәуелділік коэффициентінің едәуір артуы және 1980 және 2030 жылдарға дейінгі аралықта жастардың тәуелділік коэффициентінің аз төмендеуі жас құрылымының өзгергендігін айғақтайды. 2030 жылға дейін шындығынд жалпы тәуелділік коэффициентін ұлғайту байқалмайды және кейбір бақылаушыларды жастарды оқытуға арналған бастапқы қорлар қартайған кезде зейнетақыны өзгертуге себеп болады деген факт жұбатады. Алайда американдық сарапшылардың есептеуінше, әрбір егде адамға қоғамдық қордан шығынның құны 18 жасқа дейінгі әрбір жас адамды қамтамасыз ету шығысынан үш есе артық. әрине, бұл қарттар туралы қамқорлық салмағы келесі ғасырдың жартысында ұлғаюы мүмкіндігін білдіреді. Американ халқының нақты және болжамды тәуелсіздік коэффициенттері, 1980-2030 жж.
Елімізде егде адамдардың тәуелділігі әлеуметтік-экономикалық проблемалармен шиеленісе түсуде. Басқа адамдардан толық тәуелдікте қалу қаупі және жалпы жағдай батыстағы құрдастарға қарағанда анағұрлым үлкен. Осыған байланысты республикадағы әлеуметтік қауіпсіздік мазмұны үлкен геронтологиялық маңызға ие. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында республика әлеуметтік мемлекет, адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары оның жоғары құндылықтары болып табылатындығы жазылған. Бұл негізінде мемлекет азаматтарға еңбекке, тұрғын үйге, оқуға, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б. құқықтарын кедергісіз іске асыруды қамтамасыз ету тиістігін білдіреді. Сонымен бірге батыс елдердегі дәстүрлі әлеуметтік жауапкершілік бизнес пен қоғам болып табылады. Мемлекетіміздің азаматтардың әлеуметтік қауіпсіздігіне бағытын қуаттай отырып, республика Президенті Н.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне кіретін елдер тобындағы орынға үміткер болудың маңыздығын атап өтті. Атап айтқанда, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлыққа алатын, еліміздегі халықтың барлық тобының өмірінде озық әлеуметтік стандартты және жоғары сапаны қамтамасыз ететін әлеуметтік бағдарланған қоғам құратындығымыз айтылған. Негізгі әлеуметтік қауіпсіздік стандарттары Еуропа әлеуметтік хартиясында жазылған. Әлеуметтік құқықтарды жүзеге асыру нәсілі, терісінің түсі, жыныс белгісі, діні, саяси көзқарасы, ұлты немесе әлеуметтік жағдайы бойынша кемсітілмей қамтамасыз етілуі тиіс. Мәселен, 13-бапқа сәйкес тараптар жеткілікті қаражаты жоқ және өз күшімен немесе басқа да көздерден мұндай қаражат таба алмайтын кез келген адамға қажетті көмек алуын, ал ауырған жағдайда оның жай-күйіне қажетті күтімді алуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Мемлекеттік әлеуметтік саясатын бағалау өлшемдерінің бірі орнықты әлеуметтік қаіпсіздік құру өлшемі болып табылады. Сонымен бірге бүгінгі таңда зейнет жасындағы адамдардың көпшілігі қатерлі қоғамда өмір сүруде. Халықтың қажетін қанағаттандырудың қарапайым талаптарымен әлеуметтік проблемаларды шығын деп есептейді. Егде адамда жалғыз табыс көзі кішкене зейнетақысы болғанда, еңбек орналастыруға мүмкіндік жоқ, сондай-ақ жеке тұрғын үй және білікті әлеуметтік көмек алу өте қиын. Ал коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеу, дәрі-дәрмектер мен тамақ өнімдерін сатып алу бюджеттің көп бөлігінде орын алады, оны тәуелді болу қатері өсе түседі. Елдегі экономикалық реформалардың қарқыны өз орнықтылығымен және қарқындылығымен таң қалдырады, бірақ табысты экономиканың негізінде адам тұруы тиіс. Бастысы – экономикалық реформалар адам үшін белгілі бір маңызы бар әлеуметтік шаралармен, экономиканың өзгеруімен байланысты емес. Бұл ретте егде ретінде осы санаттағы халықтың өзгешелігін ескеру қажет. Көбінесе олардың көмекке қауқарсыздығына және әлеуметтік қауіпсіздіктің өзгеруіне байланысты тәуелділік те өсе түсуде. Егде адамдардың жай-күйіне теріс әсер ететін тәуелділіктің салдары туралы біз жоғарыда айттық. Әлеуметтік қауіпсіздіктің кез келген қырын екі сәтке ажырату керек: мемлекет мемлекеттің әлеуеті – жастарға, еңбекке қабілетті халқына – даму мүмкіндігін ұсынуға міндетті, ал өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтындар – балалар, зейнеткерлер мемлекеттік қамқорлығына сенуі тиіс. өз кезегінд, егер бірінші элементті іске асыруда кедергілер болатын болса, екінші элементті орындау барлық ұрпақтар арасында орны өзара байланыстың (өзара көмектің) болуына байланысты екі есе қиын болады. Бүгінде біздің әлеуметтік саясат «гуманитарлық көмек» үлестіруге келіп саяды, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, білім беруге және денсаулық сақтауға, яғни адамға үлес қосу керек. Жалпыға белгілі, ең тиімлі және перспективті қаражат салу адам капиталына инвестиция салу болып табылады. Әлеуметтік саясат – енжар және шығынжы экономика емес, керісінше болашаққа жұмыс істейтін экономиканың белсенді бөлігі, және адам – еліміздің басты байлығы. Кейбір топтағы егде адамдар басқаларға қарағанда қолайсыз жағдайда болатыны күмәнсіз. Осы санатқа жесір еркектер мен жесір әйелдер жатады. Жақындарын жоғалтқан, бірақ достарымен және көршілерімен юайланысып отыратын адамдар тек өз отбасының мүшелерімен тілдесуді ғана артық көрсетіндерден толық өмір күреді; олардың моральдық жай-күйі орнықты. Ола жалғыздықтан және алаңдаушылық сезімімег көп жапа шекпейді; олар көп шамада өздерін басқаларға керекпін және сыйлымын деп сезінеді. (Арлинг, 1976). Айналасындағылармен достық және басқа да байланыс жасына жеткен жалғыз басты еркектер мен әйелдердің өмірін жеңілдетеді, белгілі бір шамад жалғыздықтан, оқшауланудан бәрібір жапа шегеді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Әлеуметтік саясат және әлеуметтік қауіпсіздік мәні неде ?
Әлеуметтік қауіпсіздік кепілін атаңыз
гуманитарлық көмекке түсініктеме беріңіз
Ұсынылатын дебиет
Аженов М. Социальная стратификация в Республике Казахстан. Алматы 1997ж.
АгафоновА.Н.,Менлибаев К.Н. идр.Основы теории социальной работы.Караганда2002.
Әлеуметтік қорғау. Алтын Орда. 16 мамыр, 2002 ж.
Бабакумов Е.Ж. Социальная политика государства. Алматы, 1996
Зейнышев И.Г Взаимосвязь социальной политики и социальной работы- М, 1996
7- ші дәріс.
Тақырып. Әлеуметтік саясат және әлеуметтік қорғаудың прициптері
Негізгі мақсаты: Әлеуметтік саясат және әлеуметтік қорғаудың принциптеріне жалпылама тоқталу
Негізгі түсініктер: әлеуметтік қорғау, стандарттар, әлеуметтік кепілдіктер,практика .
Жоспары
1. «Әлеуметтік қорғаудың прициптері ұғымы және негізгі тұжырымдамасы.
2. Әлеуметтік принциптері мен тұжырымдамасы.
Елбасы өз Жолдауында әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарын баяндады. Жолдауда айтылғандай, біздің басты мақсат біздің азаматтардың әлеуметтік қауіпсіздігі мен игілігі. Бұл қоғамдағы тұрақтылықтың үздік кепілі. Біздің қоғамда уақыт талабына сай келетін тиімді әлеуметтік саясатты жаңғыртуға сұраныс көбеюде.
Біріншіден, мемлекетіміз әсіресе, жаһандық дағдарыс жағдайында азаматтарға ең төменгі әлеуметтік стандарттарға кепілдік беруі тиіс. Басты міндет – кедейшіліктің өсуіне жол бермеу. Кедейлік бірде бір қазақстандық үшін әлеуметтік келешек болмауы керек.
Екіншіден, мемлекет мұқтаж топтарға әлеуметтік қолдау көрсетуі тиіс.
Үшіншіден, өңірлерді дамытуда әлеуметтік теңгерімсіздік мәселелерін шешуде күш-жігерімізді шоғырландыруымыз қажет.
Төртіншіден, біз жұмыспен қамту және еңбек төлемі саясатын жаңғыртуға тиіспіз.
Әлемдік тұрақсыздықтың басты қаупі – жұмыссыздықтың өсуі. Нақтылы жұмыспен қамту елімізде іске асырылатын олардың қандай да бөлігі емес, мемлекеттік те, салалық та, барлық бағдарламаларды қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар Елбасы Үкімет пен әкімдерге 2013 жылы бұрын қабылданған бағдарламаларды барлығын кәсіпкерлікті дамыту мен бизнесті қолдауға кіріктіруді, жұмыссыздар мен табысы төмен адамдар көрсеткішінің жоғарғы пайызы байқалатын аудандарға бюджеттік қаражат бөлудің механизімін жасауды тапсырды.
Әлеуметтік саладағы қойылған тапсырмаларды іске асыру шеңберінде келесі азаматтар үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатын болады:
- өмірдің қиын жағдайлары болған кезде қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде, психоневрологиялық потологиялары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде және белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығында тегін болу түрінде әлеуметтік көмек беріледі (МӘМ-де арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандартының 7 түрі: әлеуметтік-психологиялық, медициналық, тұрмыстық, еңбектік, заңгерлік және т.б. енгізілген).
- мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (әлеуметтік көмек пен қызметтің 16 түрі, олар: зейнеткерлерге, барлық топтағы мүгедектерге, көп балалы отбасыларға (62 мың адамды қамту) қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүру); мерекелік күндерге біржолғы төлемдер және тағы басқалар.
- аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік балалар жәрдемақысын төлеу (2013 жылы табыстары ең төмен күнкөріс деңгейінің көлемінен 1,6% халықтың үлесін, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын 6%-ға төмендету жоспарлануда);
Бүгінде атаулы әлеуметтік көмек, БМЖ, ТЖ алушылар саны төмендеп келеді. Бұл нәтижеге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарына т.б. және аудандық әкімдіктер жанындағы жұмыс топтарының белсенді жұмысының, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді шараларын қолдану арқасында қол жеткізілді.
Осыған қарамастан, алдағы уақытта жұмыссыздық деңгейін төмендету және Астана қаласы тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында 2013 жылға мыналарды жоспарлап отырмыз:
- энергетика, көлік және құрылыс салаларының жұмыс берушілерімен кадрларды қайта даярлау бойынша одан әрі оларды жұмысқа орналастыру мәселесін шеше отырып, кәсіпорындардың базаларында өндірістік тәжірибеден өту жұмыстарын жүргізу. Бұл үшін жұмыс берушілер талап етілген мамандықтар бойынша кәсіпорындар үшін кадрларды даярлау бойынша оқу орындарымен шарттар жасасады.
- жоспарланған жұмыс орындарына тек жұмыс берушілерден өтінім қабылдағаннан кейін еңбек нарығында талап етілетін мамандықтарға жұмыссыз азаматтарды оқыту және қайта даярлау өткізу;
- жұмысшылар мен еңбек нарығында талап етілетін мамандардың оң беделін бұқаралық ақпарат құралдары (бейне-роликтер, банерлер, документальдық фильмдер, жәрмеңкелер және т.б.) арқылы жариялау;
- халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерін, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа тарту мақсатында жұмыс берушілерді ынталандыру бойынша (мақтау, салық тәртібін оңайлату және т.б.) әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалаық үшжақты комиссияның жұмысын жандандыру;
- барлық меншік түріндегі жұмыс берушілермен уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмысқа қабылдау және ұжымдық шарттарды жасау жөніндегі жұмысты жандандыру.
Сонымен қатар бос орындар жәрмеңкесін, дөңгелек үстелдерді, шағын аукциондарды, бос лауазымдық орындарды анықтау бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту шеңберінде 2013 жылы 3 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, оның ішінде бірінші«Астаналық жас түлек-2013» жәрмеңкесі жастар мен оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға бағытталды. Жәрмеңкеге барлығы 10 мың жұмыссыз адам қатысты. Сондай-ақ мүгедектер мен жұмыссыз әйелдерді жұмысқа орналастыру бойынша 2 шағын жәрмеңке ұйымдастырылды.
Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал ететін төртінші жыл жұмыс атқаратын Астана қаласы әкімдігінің жанында жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыс тобының жұмысын атап өтуге болады.
Жұмыссыз азаматтарды анықтау мақсатында үйді аралау топтары құрылып, жұмыссызлдарды жұмысқа орналастыру бойынша іс-әрекет алгоритмі құрылды. Сауалнама, сұрау және т.б. жүргізу арқылы халықтың жұмыссыз азаматтарын анықтау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Жұмыссыздық деңгейінің төмендетілген бір жағдайларының бірі www.job.astana.kz порталының құрылуы болып табылады.
Одан басқа ҚР Үкіметінің тапсырмасына сәйкес еңбек нарығын реттеу және еңбек ресурстарының сұраныстары мен ұсыныстарының теңгеріміне ықпал ету мақсатында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүдделі басқа да мемлекеттік органдармен 2013-2015 жылдарға арналған Астана қаласының Жұмыспен қамту картасын әзірледі. Астана қаласының Жұмыспен қамту картасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бекітілді, қазір ҚР Үкіметінде бекіту кезеңінде.
Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру нәтижесі – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық процестерге араласуы – объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективті халықтың өмірлік жағдайын реттеу қажеттілігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен, макроэкономикалық үрдістердің сандық және сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жүйесінің мемлекет тарапынан реттеліп отыруымен де түсіндіріледі. Себебі, қазіргі таңда еліміздің экономикалық, саяси, демографиялық, әлеуметтік дамуының басты шешуші факторы адам, яғни ел азаматы танылады. Сонымен қатар ол адамдардың белгілі тобы еңбекке тағы басқа жарамсыз болуымен түсіндіріледі. Елбасымыз айтқандай еліміздің дамуының көзі – бұл халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жоғарылауымен сипатталады. Сондықтан кейбір адамдар әлеуметтік қорғауды қажет етеді. Яғни, мемлекет, кәсіпорындар және тағы басқа субъектілер арнаулы шараларды қолдануды талап етеді. Бұл жөнінде олар бағдарламаларды стратегиялық жоспарларды әзірлеп, тиісті жұмыс жүргізуге араласу қажет. азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуі. Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері экономикалық даму деңгейімен анықталса, ал адамдар арасындағы ынтымақтастық, мемлекеттік институттардың қатысу дәрежесі мен еңекке ынталандыру деңгейі таңдалған әлеуметтік-экономикалық модельмен өзара байланыста болады. Даму деңгейі бірдей мемлекеттердің өзінде де тарихи, мәдени, саяси және өзге де факторларға байланысты, әлеуметтік қорғау жүйесінде ынтымақтастықтың және мемлекеттік институттардың қатысуының әртүрлі деңгейі орын алуда. Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде жарна мен төлемнің арасында өзара байланыс болмайды. Және төлем алу құқығы қатерлі жағдай орын алған сәттен туындайды да, оның деңгейі адамның жүйеге қосқан үлесіне тәуелді болмайды. Қаржыландыру бүкіл салық төлеушілер мойнына түседі де, әлеуметтік қорғау жүйесінен төлем алу құқығына барлық азаматтар ие болады. Мұндай жүйеде табыстарды қайта бөлу тетігі және қаржыландырудың бірден бір көзі мемлекеттік бюджет болып табылады, ал реттеуші ретінде мемлекет әрекет етеді. Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде барлық азаматтарға әлеуметтік қорғаудың бірдей, әдетте, ең төменгі деңгейін ұсынады. Шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйеде төлемдерді алу құқығы адамның жарнасына байланысты болады. Әдетте, мұндай жүйе еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің аударымдары есебінен қаржыландырылады, ал жарнасына қарай төлемдерді алу құқығына аударымдар жасаған (немесе олар үшін жұмыс беруші аударым жасаған) азаматтар ғана ие болады. Мұндай жүйелер, әдетте, халықтың белгілі бір тобын, мысалы, ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді немесе белгілі бір еңбек ұжымының еңбеккерлерін әлеуметтік қорғаудың қосымша көзі болып табылады. Бұдан басқа, ынтымақтастық белгісі жоқ, әр азамат өмірдегі қатер жағдайына қаражатты дербес жинайтын әлеуметтік қорғау жүйелері де бар. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері, әдетте: 1) мемлекеттік жәрдемақылар; 2) міндетті әлеуметтік сақтандыру; 3) жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру; 4) әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды деген қорытынды жасауға болады. Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір деңгейде қамтамасыз етуге арналған. Жұмыс берушілер мен еңбеккерлер аударымдарының есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі төленген жарна деңгейіне сай ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді қосымша қорғауға арналған. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың зейнетақы жинақтарын жасау процесін реттеуге арналған. Әлеуметтік көмек азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттің қаражаты есебінен қосымша қорғауға арналған. Бұдан басқа, азаматтың әлеуметтік қатерлерден өзін өзі ерікті сақтандыруға құқығы бар. Осындай аралас жүйе ынтымақтастыққа негізделген және дербестендірілген жүйелердің артықшылықтарын үйлестіруге мүмкіндік береді. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу аяқталып келеді. Әлеуметтік қорғаудың жүйесі өзгерген экономикалық қатынастарға сәйкес болуы қажет. Өтпелі кезеңнің бастапқы кезінде мемлекет инфляция, бюджет тапшылығы, өндірістің құлдырауы, экономиканың бейресми секторының өсуі жағдайында әлеуметтік қорғаудың ағымдық мәселелерімен айналысуға мәжбүр болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мен заттай жеңілдіктерді ақшалай төлемдермен ауыстыруды қоспағанда, әлеуметтік саладағы реформалардың нәтижесі ағымдық мәселелерді шешуге арналған жауап қадамдар болды. Жүргізілген қайта құруларға қарамастан, қазіргі кезде әлеуметтік қорғау жүйесі күрделілігімен және заңнаманың жүйелілігінің жеткіліксіздігімен, жүйеге қатысуға ынталандырудың төмен деңгейімен сипатталады. Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін құруды қолға алуға мүмкіндік беріп отыр. Осыған байланысты Қазақстанның қазіргі және болашақтағы басымдықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігі туындады. Азаматтардың білім және медициналық көмек саласында қызметтер көрсетуге қол жеткізуі бұл Тұжырымдаманың шеңберінде қаралмайды, өйткені олар басқа бағдарламалық құжаттармен айқындалады. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Мұнда нарықтық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің әлеуметтік саясатымен қатар рынокқа көшіп жатқан біздің еліміздің әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін қарастырамыз. Табыс құрылуының нарықтық механизмі және әлеуметтік саясат. Табысты нарықтық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізінде анықталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, жоғары маманданған еңбек иелерінің егер оған сұранысы болмаса, табыстары төмен болуы әбден мүмкін. Ал астық бағасының динамикасын дәл болжап көрсете білген брокердің табысының жоғары болуы да әділетті. Рыноктың механизм әл-ауқаттың дәрежесіне кепілдеме бере алмайды. Дегенмен, ХХ ғасырда Батыстың өнеркәсібі дамыған елдерінде мемлекеттен адамдар үшін әл-ауқат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар кеңінен тарай бастады. Әсіресе теория мен тәжірибеде «берекелі мемлекетє деген ұғым, яғни ауқымды әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Нарықтық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлі табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде де бөлінетінін байқадық. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық өндірісі реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады. Елбасымыздын жолдауы бойынша, әлеуметтік мәселелер мемлекет үшін басымдықтар қатарында болып келді және болып қала да береді. 2005 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң қолданысқа енгізілді. Заңда келесі шараларға назар аударылды.
халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
негізгі әлеуметтік қателардің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
Әлеуметтік қорғау – бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе. Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды: ірдей жағдайына ие болу мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қамқорлығы болып табылады. Бұл азаматтарға көмектесу – біздің қоғамымыздың ізгілену мен кемелдену дәрежесінің көрінісі, сіздер мен біздің борышымыз. Адам дамуының басым міндеттерін шешудің маңызы аса зор. Сондықтан облыстарды дамытудың барлық бюджеттері тек қана білім беру, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мақсаттары мен тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымына пайдаланылуы тиіс.
Кең мағынада әлеуметтік қорғау мына функцияларды жүзеге асырады: экономикалық, әлеуметтік, талдамалық, технологиялық, ақпараттық және еңбек. Тар мағынада: құндылықты, өтемақылы, ынталандырушы, бейімделуші
Экономикалық функция - өмірлік деңгейін көтеру үшін тұрақты экономикалық өсуге бағытталған.
Әлеуметтік функция - адамның өмірлік деңгейін жақсы тұрмысын жоғарылатуға әлеуметтік қорғауды бағыттау, халықтың әлеуметтік осал бөлігін өмір сүру кепілдігін қамтамасыз ету.
Талдамалық функция - халықтың өмірлік деңгейін жүйелік талдауды және аштық пен өзге де әлеуметтік салдарлар үшін әлеуметтік көмекке мұқтаж топтарды, аумақтарды анықтау мақсатында қолданылады.
Технологиялық функция - барлық еңбек сияқты әлеуметтік қорғау белгілі бір кезеңдерден, операциялардан құралатын технологиялардан тұрады.
Ақпараттық функция - азаматтарға өзінің қызығушылығын қорғау бойынша адамның құқықтары мен мүмкіндіктері туралы, Қазақстанның және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, олардың нәтижелері туралы толық және сенімді ақпараттарды ұсыну кепілдігінің жүйесін құруға бағытталған.
Еңбек функциясы – бұл нақты мақсаты, заты және құралы болатын нақты еңбек. Әлеуметтік қорғау функциясын орындайтын әлеуметтік институттар жоғары біліктілікті еңбек ресурстарымен қамтылуы тиіс.
Әлеуметтік қорғау функциясы - нақты әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Қазақстанда өтпелі кезеңде ең алдымен әлеуметтік қорғаудың құндылықты функциясы өзіндік күшке бағытталды. Нарықтық қатынастарды халыққа қойылған жағдайды жанға бататындай бастап кешіруге мүмкіндік беретін ерекше қызметті өтемақы функциясы алады. Көптеген өркениетті елдерде белсенділікті ынталандыру функциясы орындайды. Ынталандыру барлық әлеуметтік топтар және азаматтар өзіндік экономикалық жағдайларын жасауға бағытталған. Сонымен бірге, бейімдеуші функциясы жаңа қоғамдық нақтылыққа халықтың әрқилы санаттарын бейімдеуді қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік қорғаудың экономикалық, саяси, құқықтық механизмдерінің негізінде әртүрлі принциптер (қағидалар) жатыр. Бұл принциптер мемлекеттің өзінің азаматтарының өмірлік деңгейін қолдауда жауапкершілік дәрежесін көрсетеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтік бағыттау жағдайында әлеуметтік қорғау жүйесі келесі принциптерге сүйенеді және оларды келесідей бөлуге болады: жалпы, арнаулы
экономика мен саясатты әлеуметтік қорғау жүйесінің өзара байланыстыру принциптері Жалпы тарихымыз көрсеткендей, кедейшілікпен күресудің негізгі қаруы орташа тұтыну деңгейін өсуге мүмкіндік беретін экономикалық өсу мен минималды өмірлік деңгей болып табылады. Саясаткерлер кедейлерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша шараларды анықтайды, ал өз кезегінде кез келген үкіметтің тағдыры әлеуметтік орта мен жалпы экономикада іс-әрекет жағдайына байланысты. Әлеуметтік қорғаудың принциптері
Принциптер Жалпы Арнаулы Экономика мен саясатты әлеуметтік қорғау жүйесімен өзара байланыстыру Сақтандыру әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылуы мен дамуының ақырындығы Бірыңғай әлеуметтік кеңістік әлеуметтік қорғау жүйесін құру ке-зіндегі баламалылық әлеуметтік көмек «динамизациясыє атаулы әлеуметтік қорғау өкілеттіліктердің шектілігі өзін-өзі басқару Сақтандыру мен ынты-мақтастықтың үйлесімі Шығындарға қатысу әлеуметтік қамсыздандыру Превенция
) әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылуы мен дамуының ақырындық принципі. Дамыған елдердегі қолданылып жатқан әлеуметтік қорғау жүйесі – ұзақ жылдардағы дамудың нәтижесі. Олардың қалыптасуы эволюциялық жолмен жүзеге асырылады. Көрсетілетін әлеуметтік көмек көлемінің ұлғаюы экономикалық өсумен бірге жүреді. Сондықтан да ұзақ уақытқа еркін және қоғамдық құрылысты сақтап қалу үшін әлеуметтік саясаттың еркіндігін бекітуге ұмтылуға тырысу керек. б) әлеуметтік қорғау жүйесін құру кезіндегі баламалық принципі. Бұл принцип әлеуметтік қорғау жүйесін құру кезіндегі оның жеке құраушыларының негізінде (қаржыландыру, ұйымдастырушылық құрылым, әлеуметтік қорғауға жататын тұлғалар шеңбері, әлеуметтік қорғаудың көлемі мен формасы) «маневрдыңє еркіндігінде көрсетіледі. Бұл құраушылар өзара тығыз байланысты және оларды бөліп қарастыруға болмайды. в) өкілеттіліктердің шектілік принципі. Әлеуметтік көмек мемлекеттік, аймақтық, дергілікті және деңгейлерінде жүзеге асырылады. г) әлеуметтік қорғау жүйесінің өзін-өзі басқару принципі. Оның мәні мынада: өзін-өзі басқару органдарының тікелей мемлекеттік басқару жүйесінен бөлінуі, яғни әлеуметтік қорғау жүйесі құралдарының мақсатты қолданылуы мен қоғамдық шиеленістердің әлсіреуін жүзеге асыру. д) шығындарға қатысу принципі. Белгілі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру азаматтардың жеке құралдарының қатысуымен іске асырылады. е) превенция принципі. ¦леуметтік көмекті беру қажеттілігінен құтылу үшін апатты әлеуметті жағдайдың туындауын ескерту (денсаулық сақтауда алдын алу шаралары, өндірісте қайғылы оқиғаларды болдырмау, әлеуметтік оңалтулар) ж) сақтандыру принципі. Сақтандыру – нарықтық экономика жағдайында халықты әлеуметтік қорғаудың ең тиімді құралы. Адамдар мүмкін немесе болмай қоймайтын сипатты жағдайларды алдын ала жеткілікті ойламайды. Олар жиі жағдайларда мұндай жағдайлардың өршуіне байланысты қтелінетін толық шығындар көлемін дер кезінде таба алмайды және ақша қаражаттарын жинамайды немесе жиналған қаржы жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан мемлекет жұмыскерлерді сақтандыру бағдарламалары арқылы мәжбүрлі сақтандыру жолымен жағдайды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Ал әлеуметтік көмекті қаржыландыру арнайы сақтандыру төлемдері есебімен іске асырылады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Әлеуметтік саясат және әлеуметтік қауіпсіздік мәні неде ?
Әлеуметтік қауіпсіздік кепілін атаңыз
Әлеуметтік саясаттың негізгі фуңкциялары
Ұсынылатын дебиет
Аженов М. Социальная стратификация в Республике Казахстан. Алматы 1997ж.
АгафоновА.Н.,Менлибаев К.Н. идр.Основы теории социальной работы.Караганда2002.
Әлеуметтік қорғау. Алтын Орда. 16 мамыр, 2002 ж.
Бабакумов Е.Ж. Социальная политика государства. Алматы, 1996
Зейнышев И.Г Взаимосвязь социальной политики и социальной работы- М, 1996
8- ші дәріс.
Тақырып. Халықты әлеуметтік қорғаудағы әлеуметтік –саяси негіздің мазмұны
Негізгі мақсаты: Халықты әлеуметтік қорғаудағы әлеуметтік –саяси негіздің мазмұнын ашып беру
Негізгі түсініктер: әлеуметтік қорғау, әлеуметтік саясат
Жоспары
1. Халықты әлеуметтік қорғаудағы әлеуметтік –саяси негіздің мазмұны .
2. Әлеуметтік мемлекеттің принциптері мен тұжырымдамасы.
Тоталитарлық қоғамда әлеуметтік саясат әлеуметтік саладағы тоталитарлық тәртіпке дейін тарылады. Демократиялық қоғамда- әлеуметтік саясат демократиялық мемлекеттің және басқа азаматтық қоғам субъектілерімен біріккен функцияны атқарады. Тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтү кезінде ерекше өтпелі кезеңңің әлеуметтік саясатын қалыптастырады.
Тоталитарлық қоғамдағы әлеуметтік саясат абсолютті мемлекеттік үкімек талабымен, халықтың толық пассивтігімен іске асады. Тоталитарлық кезеңнен кейінгі қоғамның демократияға өту мемлекеттік басқарудың абсолютизмінен және халықтық пассивтіліктен алшақтаумен қамтамасыз етіледі. Тоталитарлықтан кейн қоғамның пассивтілігі, ұйымсыздығы, әлеуметтік құрылымсыздық - әлеуметтік сасаттың, мемлекеттік үкімнің бұзылуының негізі. Барлығы өтпелі кезеңңің мемлекеттің мінездемесіне, оның халықтың, елдің қызығушылықтарына назар аударуының деңгейіне байланысты. Бұл жағдайда мемлекеттік үкіметтің тарихи жауапкершілігі, халықтың және барлық топтар мен қоғамдастықтардың жағдайы туралы сүрақ күрделенеді.
Әлеуметтік саясаттың келесі мазмұнды мінездемесі - әлеуметтік саясатқа белсенді қатысушыларының өз алдыларына қоятын мақсаттар жүйесі. Бұл- қоғамдық өзгерістердің нәтижелі көрсеткіштері. Әлеуметтік топтың әрқайссысы өзінің нақты жағдайын және жақсыға өзгеру мімкіндігін толық сезінеді.Егер әлеуметтік топ белсенді қоғамдық іс-әрекет жасаса (әлеуметтік саясаттың субъетісі болса) ол өзінің қоғамдағы жағдайының жақсаруын өз іс-әрекетінің мақсаты деп сезінеді. Егер әлеуметтік топ пассивті болса, онда оның мақсатының орнында арман, ғажап жағдайды күту немесе әлеуметтік саясаттың «мейірімді» субъетісіне кудер болады.
Тоталитарлық қоғамда көптеген субъектілер шынайы емес, декоративті келеді. Әлеуметтік сасаттың нақты субъектілері тек басшылық ететін әлеуметтік топ, қалған барлығы- әлеуметтік саясаттың объектілері.
Демократиялық қоғамда бір субъектілі жағдайдың болуы мүмкін емес. Сондықтан, әлеуметтік саясатта барлық субъектілерге бір мақсаттың болуы мүмкін емес. Әлеуметтік саясаттың нақты субъектілерінің әр қайсының өзіндік мақсаты бар. әлеуметтік мақсаттың көптігі- бұл көп субъектілі азаматтық қоғамның нәтижелі қалпы. Мақсатттардың әртүрлі болуы негізгі мақсат болып табылады және қоғамның сапалы ерекшелігінің белгісі. Бұл кез келген қоғамның мақсаттарының бір болу идеясынан, үлшылдық идеясынан, құндылықтардың бір болуынан алшақтамайды. Демократиялық қоғамда бұл мақсаттар тоталитарлықтан ерекше қойылап шешіледі.
Әлеуметтіксаясатқұрылымдыққоғамдыққарым-қатынасболыптабылады.
Әлеуметтіксаясаттыңкелесітүрлерінбөліпқарастыруғаболады:
әлеуметтіктұрақтықоғамдағыәлеуметтіксаясат ( қоғамдықформацияларда);
жүйелікризистердегіқоғамдардыңәлеуметтіксаясаты (революциялықжағдайдағы);
деформацияжағдайындағықоғамдардағыәлеуметтіксаясат (қоғамдықжүйеніңперманентікризистерінде);
күрделіреформаларарқылыжүйелікризистерденшығужағдайындағықоғамдағыәлеуметтіксаясат, яғниөтпелікезеңніңәлеуметтіксаясаты.
Әлеуметтіктүрақтықоғамдағыәлеуметтіксаясаттыңерекшіліктері:
әлеуметтіктоптаржәнекласстардыңқарым-қатынасындағытұрақтытәртіптіңболуы;
өзжағдайыменқанағаттанбағанкейбіртоптарғабілімберу;
басқарғанкласстардыңжәнеоныңбөлігініңқызығушылығыныңбаланстаболуы. Бүндайбасқарудыңтүріқұқықтыңқоғамформасындабелгіленеді;
Сонымен, қандайдабірмемлекетболмасынхалықтыңтүрмысы
нашарлауынажолбермеудікөздейтін, халықтыеңбекпенқамтудыжәнежұмыссыздықтышектентысөспеуінқадағалапотырудыіскеасыратын, халықтыңтүрлітоптарыменжіктерінматериалдықжағдайыментұрмыстіршілігінбіртіндепжақсартуғабағытталғанәлеуметтіксаясатжүзегеасырылуытиіс.
Негізінен әлеуметтік саясат дегеніміз- ішкі саясаттыңқ ұрамдас бөлігі, және адамдардың қоғамдық, топтық мүдделерін үйлестіру және экономикалық әлеуметтік саяси, идеологиялық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі саяси қызмет болыпта былады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Әлеуметтік саясат және әлеуметтік қауіпсіздік мәні неде ?
Әлеуметтік қауіпсіздік кепілін атаңыз
Әлеуметтік саясаттың негізгі фуңкциялары
Ұсынылған әдебиеттер:
Конституция РК – Алматы, 1995
Вилли Брандт Демократический социализм (статьи и речи) – М.: Изд. «Республика», 1998
Б.В. Ракитский Социальная политика, социальная защита, самозащита трудящихся в обществе. Часть первая. Социальная политика – М.: Институт перспектив и проблем страны, 1998
№9 ші дәріс.
Қазақстан Республикасындағы өзекті әлеуметтік мәселелер және оларды әлеуметтік –саяси жолмен шешу ерекшеліктері
Негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы өзекті әлеуметтік мәселелер және оларды әлеуметтік –саяси жолмен шешу ерекшеліктерін түсіндіру
Негізгі түсініктер:жүйелілік принцип, нақтылыққа көшу
Жоспары
1. Қазақстан Республикасының қорғау жүйесі
2 Трансформация кезеніндегі өзгерістер
3. Негізгі стратегиялық бағыттар
Әлеуметтік саясаттың басты өлшемі: үйымдастырушылық, экономикалық, ғылыми техникалық, адамгершілік-қүқықтық жағдайлар жасай отырып, қоғамдық қатынастарға жарасымдық табу оларды реттеп отыру. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңдегі мемлекеттің элеуметтік саясатының бірнеше бағытын атап көрсетуге болады. Олардың жиынтығы әлеуметтік саясатының мазмүның ашып береді. Жоспарлы экономиканың өзін-өзі басқарудың нарықтық механизміне толық бет бұрған жағдайда мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі өлшемі жеке бастық. Ол адамның күн көрісіне, элеуметтік кепілдігіне жағдай жасау, яғни нарықтық қатынастардың экономикаға жасайтын қолайсыз ықпалынан халықты қорғау. Ол ең алдымен халықтың ақшалай қарызы тек товар қорлары арасындағы байланысты сақтап түру болса, екіншіден азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту, үшіншіден халыққа қызмет көрсету саласын жетілдіру, ал төртіншіден халық денсаулығын нығайтудың материалдық базаларын кеңейтіп, біліммен мәдениетін көтеру. Жоғарыда айтылған әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік байланыстың мәні ерекше. Экономикалық дамудың өндірістік жэне ғылыми техниканың қуаты қаншалықты жоғары болса,оған эсер ететін элеуметтік факторлар күшті де басым болуы керек.
Мәселен, зейнетақы жүйесі елдің әлеуметтік қамсыздандырудың маңызды құраушысы болып табылады. Зейнетақы жүйесінің дамуын және болашақ перспективаларын, сондай-ақ зейнетақы жарналарын қалыптастыру және инвестициялау тәртібін қарастыру көзделген. Зейнетақымен қамсыздандыру кез келген ел үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында да азаматтардың қартайғанда әлеуметтік қамсыздандыруға құқықтары Конституцияда бекітілген. Әлеуметтік кепілдік берудің патерналистік схемасын адам дамуының қажеттіліктеріне, саяси реформалар мен экономиканы ұйымдастырудың жаңа нарықтық қағидаттарына қарай қайта өзгерту қажеттігі туындады
Қазіргі таңда зейнетақы қызметі нарығында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде. ЖЗҚ-лардың аймақтық желісі 79 филиал және 51 өкілдікпен сипатталады. 13 заңды тұлғаның қорлардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға лицензиясы бар. Есепті күнде 10 екінші деңгейдегі банк кастодиандық қызметті жүзеге асырды, оның ішінде 6 екінші деңгейлі банк ЖЗҚ-лардың кастодиан банктері болып табылады. Жинақтаушы жүйедегі зейнетақы салымшыларының, ЖЗҚ аймақтық желісінің, кастодиан банктер санының өсуі аталған жүйенің институционалды дамығанын көрсетеді. Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің қысқа мерзім аралығында көптеген тосқауылдарға тап болды. Қазіргі таңда зейнетақы жүйесінде шешуді талап етететін көптеген мәселелер орын алуда.
1. Инвестициялық саясаттың жетілмеуі. ҚР зейнетақы нарығын реттеуші құқықтық-нормативті заңнамалық базасы ЖЗҚ-лар активтерін инвестциялауда қаржылық инструменттерге шектеулер қойылған. Оның салдарын біріншіден, қарапайым халық көруде, себебі ЖЗҚ-лар рұқсат етілген қаржы құралдарынан орташа табыстылыққа ие болып, зейнетақы салымшылары ДЗШ-ға тек кішігірім бөлігін аударуда. Бұл ретте шетелдік тәжірибені ескеріп, зейнетақы салымдарын инвестициялауда заңнамалық түрде қаржы құралдары аясын кеңейтіп, ЖЗҚ-ларға зейнетақы салымшылары шоттарына «әділ» инвестициялық табысты аударуды ретке келтіру қажет. Жапония, Германия және бірқатар басқа мемлекеттерде мемлекеттің араласуы біршама жоғары. Сонымен, Жапония мен Германияда ЖЗҚ үшін өзіндік инвестициялау шегінің 10%-нан басқа, келесі активтердің түрлеріне инвестицияланатын құралдардың жоғарғы шектері бекітіледі; яғни: өнеркәсіптік фирмалардың акциялары, мүлік салымдары, шет елдік инвестициялар. Қазіргі кезде бұл лимиттер Германия мен Жапонияда, сәйкесінше, 20 және 30% акциялар бойынша, 5 және 20% мүліктік инвестициялар бойынша, 4 және 30% шет елдік инвестициялар бойынша үлестерін құрайды .
2. Зейнетақы салымшыларының (тұрғындардың) зейнетақы жүйесіне тікелей қатыспауы және қаржылық сауаттылығының төмендігі. Қазақстандағы зейнетақы жүейесінің реформасы 15 жылдық тарихқа ие, аталған шара әр кезде мемлекеттің уәкілетті органдарының шетелдік тәжірибені ескере отырып, шақырылған мамандардың қатысуымен жасалып отырды. Алайда бұл реформаларда қазақстандықтардың қатысуы шамалы болды десек те болады. Қазіргі таңда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру мәселесі талқылануда. Алайда бұл сауалды қарапайым халық арасында талдау, сауалнама өткізу, әлеуметтік сұрау, т.с.с. шаралар байқалмайды. Бұл ретте тұрғындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында, жүйені ортақ мүдделі жетілдіру мақсатында негізгі құндылық – адами факторды ескеру қажет. Бұл мәселе қарапайым халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігінен десек те болады. Себебі қазіргі зейнетақы салыымшылары өздерінің зейнеткерлік жасына жеткенінде қандай табысқа ие болатынын білмейді де, ол жайлы ойлануы да шамалы. Сондықтан елдегі әлеуметтік әл-ауқатты арттыру мақсатында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру қажет.
3. Қор нарығы даму деңгейінің төмендігі. Зейнетақы салымдарын тартудың басты мақсаты халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және инвестициялық табыс табу болып табылады. Еліміздегі зейнетақы жйесіне қатысты заңнама инвестициялаудың шектеулі қаржы құралдарын рұқсат етеді, оған қоса отандық Қор нарығы да қаржы құралдары мен қызмет ету механизмі жағынан әлсіз, ал шетелдік қор нарықтарға инвестициялауға, біріншіден шектеулер қойылған, екіншіден отандық қаражаттардың сыртқа ағымы қайта орын алады. Бұл ретте ЖЗҚ-лардың алған инвестициялық табыстары да төмен, ал комиссиялық сыйақылар есептелгеннен кейінгі зейнетақы салымшыларының инвестициялық табысы мардымсыз көлемде қалып отыр. Сондықтан Қор нарығының барынша дамуы жинақтаушы зейнетақы жүйесінін толыққанды жұмыс істеуін қамсыздандырады.
4. Халықтың қартаю үрдісі. Қазіргі таңда қаржылық дағдарыстан кейінгі әлемдік зейнетақы нарығындағы мәселесі – халықтың қартаюы. БҰҰ бойынша, 2025 жылы ҚР 8% 65 жас және одан үлкен азаматтар болады. Жалпы қазақстан «қартаюшы мемлекет» санатына жатқызылған. Зейнеткерлiк жасқа келу шектерi биологтармен, психологтармен, экономистермен, әлеуметтанушылармен әр түрлi бағаланатын шартты түрде кәрiлiктiң басталуы деп санауға болады. Егде жастағы адамның жалпы жылдамдығы мен физикалық жылдамдығының төмендеуi сөзсiз, бiрақ, бiлiмi, кәсiпқойлығы сақталады; жасының ұлғаюына байланысты шығындары көп жағдайда білімінің және тәжiрибесiнiң жоғары сапалылығымен жабылады. Зерттеулер бойынша 60-69 аралығындағы адамдардың барлық өмiрлiк тәжiрибесi 16-19 жастағылардың балама көрсеткiшiнен 19,8 рет жоғары; 20-24 жастағылардан – 4,34 рет, 25-29 жастағылардан – 2,74 рет, 30-34 жастағылардан – 1,83 рет жоғары екен. Егер әлемдегі барлық зейнеткерлердiң арасындағы жұмыс iстейтiндердiң үлесi 1965 жылы 12% құраса, 1975 жылы – 20,3%, 1995 жылы – 19,2 %, 2005 жылы – 15%, 2008 жылы-13% , ал 2011 жылы – 7,9%құрайды. Бұл мәлiметтер үлкен жастағы адамдардың шын мәнiнде қоғамның еңбек резервi болып табылатындығын куәләндырады. Жалпы елдегі зейнеткерлік жастың ұлғайту реформасын жасау қажет, алайда реформа сатылай түрде және халық әл-ауқатын ескеріле жүзеге асырылуы қажет .
Қорытындылай келе, Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың келешек Халықтың ұлттық экономиканың шикізат моделінен индустриялық-инновациялық моделіне өтуімен тығыз байланысты, оның басты құрамдас бөлігі қоғам мен мемлекеттің заманауи зейнетақы жүйесінің жалпы рентабельдігіне тікелей әсер ететін тыныс-тіршілігінің барлық салаларын жаңарту болып табылады, ал мемлекеттік шығыстарды жоспарлаудың негізгі басымдығы халықтың тұрақты өсуі, өмір сүру деңгейінің артуы және олардың әл-ауқатын нығайту болған және бола да беретінін атап өтуге болады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Әлеуметтік саясат пен зейнетақы жүйесі
Әлеуметтік мәселелерді атаңыз
Ұсынылған әдебиеттер
Мемлекет саясатының стратегиясының басым бағыттары- баянды даму кепілі. Ақиқат. №10, 2001 ж.
Назарбаев Н.А. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы,Астана. 2013жыл14 желтоқсан.
НазарбаевН.А XXI ғасырлар тоғысында- Л, 2002
Рапатский Б.В Социальная политика, Социальная защита, самозащита трудящихся в обществе. -М, 1998
Романов В.И. Социальная политика Казахстана. Саясат. №9, 1997 .
Сәрсенова Ж.Н.Әлеуметтік жүмыс - Алматы,2004ж
Тақырып 10. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй мәселесі
мақсаты:Ғылым және ғылыми әдіс. Ғылыми зерттеулердің түрлерін жалпылыама тоқталу
Негізгі түсініктер: Қол жетімді тұрғын үй 2013- 2020
Жоспары
1. «Қол жетімді тұрғын үй 2012- 2020“ және де басқа бағдарламалар
Қол жетімді тұрғын үй 2013- 2020“ -Жаңа бағдарлама шеңберінде жоспарланған кең көлемді құрылыс қазақстандықтардың тұрғын үйге қол жеткізуін арттырады. Жылжымайтын мүліктің тез дамып келе жатқан нарығы республика экономикасының негізгі қозғаушы тетіктерінің біріне айналып, Қазақстанның құрылыс индустриясына жаңа серпін береді.
Мақсатты индикаторлар:
• 9 жыл ішінде жалпы ауданы 69 050 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
• Салынатын тұрғын үйлердің ауданы 35 пен 75 шаршы метр аралығында, бір шаршы метрінің бағасы 80-нен 100 мың теңгеге дейін, орташа айлық төлем 50 мың теңге көлемінде болады
• 2013-2020 жылдары тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы сатылатын 2 940 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй салынады
• Апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзудың ілкі жобасы шеңберінде 315 мың шаршы метр жаңа тұрғын үй салынады
