- •Пән бағдарламасы (syllabus)
- •Оқытылатын пәннің сипаттамасы
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •3. Пәннің қысқаша мазмұны
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •8. Студенттердің білімін бағалау жүйесі, оқытушының талаптары
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •7. Тәлімгерлердің білімін тексеру кестесі
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •9.1. Негізгі әдебиет:
- •9.2. Қосымша әдебиет:
4.2. Тәжірибелік сабақтар
Рет. №№ |
Сабақтың тақырыптары |
Көлемі, сағаты |
1 |
Кіріспе. Коммуникация түсінігі |
1 |
2 |
Ұйымдағы коммуникацияның мәні мен мазмұны |
1 |
3 |
Коммуникацияның түрлері мен типтері |
1 |
4 |
Коммуникациялық қызметті фукнционалдық талдау |
1 |
5 |
Коммуникативті тұлға түсінігі, көрсеткіштері |
1 |
6 |
Ұйымдағы ішкі коммуникация |
1 |
7 |
Ұйымдағы коммуникацияның жіктелуі, негізгі түрлері |
1 |
8 |
Коммуникативті процесстер және ақпараттың коммуникация жүйесі бойымен өтуі |
1 |
9 |
Коммуникация процессін қамсыздандыру. Қарым-қатынас коммуникативті процесс ретінде |
1 |
10 |
Іскерлік коммуникация |
1 |
11 |
Таныстыру: мақсаты, түрлері және тәсілдері. Тауарлар мен қызметтерді презентациялау |
1 |
12 |
Өзін-өзі таныстыру. Байланыс орнату амалдары мен тәсілдері |
1 |
13 |
Коммуникациядағы қарым-қатынас түрлері |
1 |
14 |
Коммуникациялық процестегі ақпараттың ролі |
1 |
15 |
Маркетингтегі және менеджменттегі коммуникация ерекшеліктері |
1 |
БАРЛЫҒЫ: |
15 |
|
5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
Әр апта сайын жаңа тақырыпқа сәйкес студенттің өзіндік жұмысына тапсырмалар беріледі. Ол тапсырмалар өз уақытында тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған жұмыстар қабылданбайды. Тапсырмалар түсінікті, мұқият орындалып, беттері тігілуі қажет. Тапсырманы басқа студенттермен бірлесе отырып орындауға рұқсат беріледі, бірақ әрбір студент мәтінді өз сөзімен жазуы талап етіледі. Студенттің өзіндік жұмысына тапсырмалар баяндама, презентация, слайд-шоу, реферат, ауызша жауап беру немесе тест алу түрінде болуы мүмкін.
6. Кеңес уақыты
Әрбір бейсенбі күндері сағат 15.00. аудитория Е308.
7. Тәлімгерлердің білімін тексеру кестесі
Бақылау тапсырмалары алдын-ала ескертусіз және дайындықсыз тікелей сабақтың үстінде орындалады. Ал аралық бақылаулар мен емтихандар университет бұйрығымен бекітілген уақыттарда жүргізіледі.
8. Студенттердің білімін бағалау жүйесі, оқытушының талаптары
Бақылау шаралары. Кредиттік білім беру жүйесінің талабына сәйкес студенттің сабаққа келуі, белсенді қатысу деңгейі және сол пәнді игерудегі жетістігі әр апта бойынша бағалануы тиіс. Ол үшін ais-kguti.kz сайтында берілген әр топтың, әр пәніне арналған электрондық журналындағы әр аптаның «дәріс», «тәжірибе», «БОӨЖ» бетшелерінде әр студентке бағалаудың баллдық жүйесі бойынша балл қойылады.
Бағалау кезеңінде әр аптадағы «дәріс», «тәжірибе», «БОӨЖ» бойынша 100 балл шеңберінде балл қойылады. Бұл бағалау көрсеткіштері келесідей түрде болмақ:
№ |
Сабақ түрі |
Бағалау тәсілі |
Апта бойынша жиналатын балл |
|||||
Сабаққа қатысуы |
Өткен тақырыпты қайталау кезеңіндегі белсенділік |
Жаңа тақырыптың игерілуін бағалаудағы белсенділік |
Берілген тапсырмаларды орындау және қорғаудағы белсенділік |
Аудиториядағы тапсырмаларға атсалысуы |
||||
1 |
Дәріс |
50 |
25 |
25 |
- |
- |
100 |
|
2 |
Тәжірибе |
30 |
- |
- |
40 |
30 |
100 |
|
3 |
БОӨЖ |
|
|
|
100 |
|
100 |
|
Электрондық журналдың әр беті апта соңында толықтай жабылып, келесі аптаның бетшелері активтенеді, осыған орай өткен аптаның күндеріне баға қою мүмкіндігі жоқ.
Сондықтан студент берілген әр тапсырманың дер уақытында тапсырып, бағалануы керек екенін үнемі жадында ұстауы тиіс.
Себепті жағдайлармен сабаққа қатыса алмайтын уақытта студент оқытушыны алдын-ала ескертуі қажет. Ондай жағдайда студентке сабаққа қатысқаны үшін минималды балл қойылады.
Бірінші аралық бақылау 8 аптада жүргізіледі. Бұл бақылауға дейін студент №№ 1-7 СӨЖ тапсырмаларын тапсыруы тиіс. Екінші аралық бақылау 15 аптада өткізіледі. Екінші аралық бақылауға дейін студент №№ 8-14 СӨЖ тапсырмаларын тапсырып болуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған СӨЖ кейін қабылданбайды.
Әрбір аралық бақылаудың нәтижесі бойынша студент 100 балл жинақтауы тиіс.
Қорытынды емтихан: Қорытынды емтихан университет бекіткен кестеге сәйкес уақытта өткізіледі. Етиханға қатысу үшін студент семестр бойына жинаған балының орташа көрсеткіші бойынша ең аз дегенде 55 бал иемденуі тиіс. Емтихан, пәннің таңдау пәндері санатына жататындығына байланысты ауызша, билетке жауап беру тәсілі арқылы қабылданады.
Студенттің тәртібіне қойылатын талаптар:
Міндетті талаптар: сабақтарға міндетті түрде қатысу; барлық бақылау түрлері бойынша тапсырмаларды мерзімінде орындау; қатыспаған сабақтарды өтеу мақсатында СОӨЖ уақытында берілген тапсырмаларды тапсыру.
Рұқсат етілмейді: сабаққа кешігуге және себепсіз қалуға; сабақ үстінде сабақтан тыс жұмыстармен айналысуға; берілген тапсырмаларды уақытында орындамауға, сабақ үстінде ұялы телефонмен сөйлесуге және жеке компьютерлерін сабақтан тыс мақсатта пайдалануға.
