- •Экономикалық ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар
- •1 Ms Excel функциялары мен формулалары
- •1.1 Формулалармен жұмыс
- •1.2 Функциялар. Функция ұғымына анықтама
- •1.3 Логикалық функциялар
- •1.4 Диаграммалар (Графиктер)
- •1.5 Құрама кестелер
- •1.6 Тақырып бойынша тапсырмалар
- •2.1 Финанстық функциялармен жұмыс
- •2 Ms excel-де экономикалық есептеулер жүргізу
- •2.2 Тақырып бойынша тапсырмалар
- •3 Параметрді келтіру
- •3.1 Параметрді келтіру құралын пайдалану мысалдары
- •3.2 Тақырып бойынша тапсырмалар
- •4 Қою кестесі (таблица подстановки)
- •4.1 Бір айнымалысы бар қою кестесін қолдану
- •4.2 Екі айнымалысы бар қою кестесін қолдану
- •4.3 Тақырып бойынша тапсырмалар
- •5 Шешімді іздеу (поиск решения) баптамасының көмегімен тиімділеу есептерін шығару
- •5.1 Шешімді іздеу баптамасы
- •5.2 Тақырып бойынша тапсырмалар
- •6 Транспорттық есеп (не трогать)
- •6.1 Транспорттық есептің математикалық моделі
- •6.2 Тақырып бойынша тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •1 Ms Excel функциялары мен формулалары 4
- •1.1 Формулалармен жұмыс 4
1.2 Функциялар. Функция ұғымына анықтама
Microsoft Excel программасының функциясы ретінде белгілі бір алгоритм бойынша немесе формулалар бойынша жүргізілетін есептеу операциялары қарастырылады. Әрбір функцияның өзіне тән аты болады. Excel программасында функциялардың аттары пернелік тақтадан теріліп жазылады немесе Функция шебері (Вставка-> Функций) деп аталатын команда немесе саймандар панеліндегі fx батырмасы көмегімен енгізіледі. Функция шебері функцияларға сәйкес формулалардың дайын шаблондарын береді, қолданушы бар болғаны функцияның аргументтерін ғана жазады.
Excel программасында, күрделі және қарапайым есептеулерге арналған 200 ден аса функцияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, бұл қосымшада қолданушының Excel-дің програмалау мүмкіндіктерін (VBA) пайдаланып өзіне қажет функцияларды да құрып алуына жағдай жасалған.
Функция шеберін пайдаланып функцияларды іздеуді жылдамдату мақсатында оларды келесі: 10 недавно использовавшихся, Полный алфавитный перечень, Финансовые, Дата и время, Математические, Статистические, Ссылки и массивы, Работа с базой данных, Текстовые, Логические и Проверка свойств категориялары бойынша топтастырған.
Функциялардың аргументтері ретінде сандар, сан мәнді өрнектер немесе сәйкесінше сандар мен сан мәнді өрнектер жазылған ұяшықтар адрестері, диапазон адрестері пайдаланылады.
Мысалы
= СУММ(А5:А9) – мұндағы СУММ функциясы, А5, А6, А7, А8, А9 ұяшықтардағы сандар қосындысын есептейді;
= СРЗНАЧ(G4:G6) – мұндағы СРЗНАЧ функциясы, G4, G5, G6 ұяшықтардағы сандардың орташа мәнін табады.
Күрделі функцияларды жазу әдеттегідей бірінің ішіне бірі жай жақшалар арқылы жазылады : = ОКРУГЛ(СРЗНАЧ(H4:H8);2).
Функцияның аргументтерін Функция шеберін пайдаланып енгізу. Функцияны Функция шеберін пайдаланып жазғанда, егер оның аргументі бар болса, онда келесі 1.2 суреттегідей терезе пайда болады. Бұл терезе функция аргументтерін енгізуге арналған.
1.2-сурет – Функция шеберін терезесі
Анықтамасы,
1 – функцияның аты;
2 – аргументтерді енгізу жолақтары;
3 – терезені кішірейту батырмасы , бұл батырмаға қайта шерту терезені бұрынғы қалпына келтіреді;
4 – аргументтің мәндері ;
5 – функцияның сипаттамасы;
6 – анықтаманы шақыру.
Функция аргументтерін енгізуде келесі тәсілдер қолданылады:
а) қажет адрестерді (ұяшықтың немесе диапазонның) пернелік тақтадан теруге болады;
б) қажет ұяшықтар мен диапазондарды жұмыстық беттегі кестедан белгілеу арқылы жазуға болады.
1.3 Логикалық функциялар
Логикалық функциялар қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады.
ЕСЛИ(лог_выражение;значение_если_истина;значение_если_ложь) функциясы, функция аргументіндегі логикалық өрнек (лог_выражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина) , ал қарсы жағдайда екінші мәнді (значение_если_ложь) береді. Мұндағы:
– лог_выражение – бұл нәтижесі, екінің бірі, яғни не АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болатын логикалық өрнек;
– значение_если_истина – бұл лог_выражение АҚИҚАТ болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_истина) түсіп қалған болса, онда функцияның мәні де АҚИҚАТ болады;
– значение_если_ложь – бұл лог_выражение ЖАЛҒАН болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_ложь) түсіп қалған болса, онда функцияның мәні де ЖАЛҒАН болады.
Мысалы
B1 ұяшыққа = ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15) формуласы жазылған. Егер A1 ұяшығына 30000 саны енгізілетін болса, онда нәтижесінде B1 ұяшықта 15 саны шығады, себебі 30000<20000 шарт ЖАЛҒАН болып тұр.
И, ИЛИ функциялары күрделі шарттарды жазу үшін қолданылады:
И (логическое_выражение1; логическое_выражение2;....) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.
ИЛИ (логическое_выражение1; логическое_выражение2;...) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.
Мысалы
Егер A1 ұяшығына [1, 4] аралықтағы сандардың бірін жазғанда В1 ұяшығындағы = ЕСЛИ (И(A1>=1;A1=<4);15;18) - өрнегінің мәні 15-ке тең болады, ал қалған жағдайда 18 болады.
ЕСЛИ немесе т. б. функцияларды аргумент ретінде қайталап қолдану арқылы күрделі шарттар жасалады.
Мысалы
= ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) формуласы бойынша, егер A1< 20000 болса, онда нәтиже 12 тең, қарсы жағдайда келесі тұрған A1<40000 шарты тексеріледі, бұл шарт ақиқат болған жағдайда формула нәтижесі 15, ал жалған болғанда формула нәтижесі 18 болады.
