- •1 Геологиялық бөлім
- •1.1 Кен орнының жалпы мағлұматтары
- •Стратиграфия
- •1.1.3 Тектоника
- •Мұнайгаздылығы
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Кен орнын игеру жүйесі
- •2.1.1 Игерудің ағымдағы жағдайын талдау
- •2.1.2 Ұнғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау
- •2.1.3 Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1 Кен орнын игерудің техника – экономикалық көрсеткіштері
- •4 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •4.1 Атмосфералық ауаны қорғау
- •4.2 Су ресурстарын қорғау
- •4.3 Жер ресурстарын қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2 Технологиялық бөлім
2.1 Кен орнын игеру жүйесі
Жанажол мұнай-газ кен орнын игеру кезінде, жалпы кәсіпшілік шаруашылығымен, бұрғылау техникасы және технологиясымен, пайдаланумен, жинаумен, тасымалдаумен, мұнайды сақтау және дайындаумен байланысты барлық мәселелерді қамтиды.
Кез–кеген кен орынды жобалау, игеру жобасын құрастырудан басталады:
мұнай мен газ қорларын есептеу;
кен орнын сұлбасын (схемасын) жасау;
барлық өнімді қабаттардың (горизонттардың) геологиялық, гидродинамикалық және пайдалану сипаттамаларын анықтау;
қабат суларының сипаттмасы мен химиялық құрамын анықтау;
мұнай мен газдың физикалық – химиялық қасиетің анықтау;
айырудың әр түрлі сатысындағы мұнайдың дифференциялды газсыздануы;
мұнайды өндеудің неғұрлым тиімді сұлбасын ұсыну;
кен орын игеру жүйесі бойынша ұсыныстар;
игерудің барлық мерзіміндегі әр жыл бойынша мұнайдың сулануын ескере отырып мұнай мен газды өндірудің болашақ жоспарын жасау;
жақын жатқан аудандардың мұнайлылық болашағы;
ұңғыны пайдалануға енгізу тәртібі мен уақыты және оларды пайдаланудан шығару;
игеру кезіндегі ұңғылардағы қабаттық, түптік, буферлік (сағалық) және құбыр сыртындағы қысымдардың өзгеру динамикасынан;
ұңғыларды сусыз мұнаймен фонтандандыру қысымының есебі және параметрлері, осыған байланысты ұңғыларды фонтандық тәсілден механикалық пайдалану тәсіліне ауысуы;
газ факторын анықтау;
қабат қысымын ұстау және айдалатың жұмысшы агентінің (су, газ) көлемі мен көрсеткіштерін анықтау;
игеру жүйесіндегі техникаэкономикалық көрсеткіштерді анықтау,
Ауданның геологиялық құрылымы туралы алғашқы мәліметтер Е.И.Ковалевский және А.П. Гернгросе жұмыстарында жарияланды. Олар 1940 жылы Темір, Ембі, Атжақсы Жанажолдерінің аудандарын зерттеген болатын. Кейін ауданды зерттеу жұмыстары бағытты сипатта болды. Территорияны барынша жоспарлы бөлшектеп зерттеу жұмыстары 1944 жылдан басталды. 1944 - 46 жылдар аралығында Г.Н. Водорезов және А.Л. Кишкиннің "Каспий - Арал" партиясын басқарумен м-40 бетін 1:1000000 масштабында геологиялық түсіру жұмыстары жүргізілді. Түсіру нәтижесінде геологиялық карта жасалып және жерге түсіндірме жазбасы жазылды. Мұнда территорияның тектоникасы және стратиграфиясының негізгі талаптары қамтылды. Бұл жұмыстар қортындысы әлі күнге дейін өзінің құнын жойған жоқ. 1949 жылы Самодуров және Ивановалар 1:200000 масштабында М - 40 -ХХХІІ бетінде геологиялық түсіруді жүргізіп, осы еңбектерінде Жаңажол ауданы да енгізілген. Осы жұмыстардың арқасында авторлар ауданның геологиялық құрылымын толық сипаттап берді.
1952 жылы ауданды дәл осы масштабта гравиметрикалық түсіру жұмысымен қамтылды. Бұл жұмыстарды Л.И.Тушканов басқарды. Олар 1940 жылы Темір, Ембі, Атжақсы Жанажолдерінің аудандарын зерттеген болатын.
1953-1954 жылдар аралығында аталмыш ауданда 1:50000 масштабында коротаждық бұрғылаумен геологиялық түсіру жүргізілді.
Жаңажолды көтеру 1960 жылы анықталды.
1961 жылы МСВ "Ақтөбегеофизикалық экспедициясы" сейсмикалық жұмыстарымен бұрғылауға дайындалды.
1975 - 80 жылдар аралығында оның құрылымы МОГТ зерттеушілерімен толық анықталды.
Тереңдете бұрғылаумен іздестіру жұмыстары 1961 жылы "Ақтөбемұнай-барлау" тресінің "Мұғаджар маңы терең бұрғылау" экспедициясымен жүргізілді.
1976 жылдан бастап іздестіру жұмыстарын "Ақтөбемұнайбарлау" экспедициясымен ал 1978 жылдан бастап "Қазмұнайгеология" бірлестігінің
"Кеңқияқ мұнай барлау" экспедициясымен қосарлана жүргізілді.
Кен орында алғашқы мұнайдың ағыны 1978 жылдың 4 наурызында 4 скважинадан алынды.
