Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014 каз ОЗ Лекции ОДМ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
776 Кб
Скачать
☆

1 Сурет. Сенімділік және жариялылық

2 сурет. Д.М қағидалары негізінде клиникалық шешімдер қабылдау моделі.

Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Флетчер Р., Флетчер С., Вагнер Э. Клиническая эпидемиология. Основы доказательной медицины: Пер. с англ./Под общ.ред. С.Е.Бащинского, С.Ю.Варшавского. – М.:Медиа Сфера, 1998. – 352 с. (Электронді түрде)

  2. Власов В.В. Эпидемиология. Москва, 2004.

  3. Т. Гринхальк. Основы доказательной медицины. Пер. с англ. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2004. – 240 с.

  4. Умарова С.У., Енсегенова З.Ж. Дәлелді медицина клиникалық тәжірибеде - Алматы, 2009. – стр. 47 (Электронді түрде)

Қосымша :

  1. Г.Гайятт, Д.Ренни. Принципы клинической практики, основанной на доказанном. – Медиа сфера, Москва, 2003 – 382 с.

  2. Власов В.В. Введение в доказательную медицину. М.: Медиа Сфера, 2001. – 392 с.

  3. Моисеев В.С. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологии. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.

  4. Общая эпидемиология с основами доказательной медицины. Под ред. В. Покровского. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008.

  5. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Москва, 2003.

6. Бақылау сұрақтар (кері байланыс)

  1. Дәлелді медицина,түсінік

  2. ДМ негізгі мақсаты, тапсырмасы

  3. Клиникалық эпидемиология түсінігі

  4. Клиникалық эпидемиология мақсаты, тапсырмасы

  5. Клиникалық эпидемиологияның негізгі қағидалары

  6. Клиникалық эпидемиологияның қағидаларын тәжірибеде қолдану

Тақырып № 2. Дәлелді медицинаның терминологиясы мен нұсқаулығы. ДМ зерттеу әдістері.

Мақсаты - студенттерді ДМ терминологиясы мен зерттеу әдістерімен таныстыру.

Дәріс тезисі

Терминологияны қабылдау барысында қажет:

  1. Аталған технология ғылыми зерттеулерде талданғандығын анықтау:

    1. Шешім қабылдамас бұрын нақты сұраққа нақты жауап алу;

    2. Іздеу шеңберін кеңейту

  2. Нәтиженің нақтылығы мен қолдау аясы және шектеуліктерін,қателіктерін қайта талдау.

  3. Алынған нәтижелерлі реттеу және жүйелеу.

  4. Тәжірибеде қолдану аясын анықтау.

  5. Мақсатқа бағытталған осы нұсқаның потенциалды және оған қарама қарсы нұсқаларын іріктеп алу.

Қандайда болмасын көмектік іс-әрекеттің (емдік, диагностикалық және т.б.) клиникалық тиімділік дәлелдігі басым деңгейде клиникалық сынақтардың немесе зерттеулердің ұйымдастырылуына, әдісіне және тағы осы зерттеулерден алынған мәліметтерді сараптауда қолданылатын тәсілдердің сәйкестігіне байланысты. Кәзіргі уақыттағы медицина науқасқа көрсетілетін емдік шаралар болсын немесе басқада іс-әрекеттердің тиімділігі мен қатерсіздігі туралы мәліметтердің сарапталуына қатаң талап қояды. Қандайда болмасын көмек шараларға жүргізілген клиникалық сынақтардың нәтижесін қалай бағалауға болады? Дәлелді медицинаның маңызды қыры – бұл клиникалық сынақтардан алынған мәліметтердің нақтылық деңгейін анықтау, яғни жүелік шолулардың негізін құрайтын қорытындылардың дәйектемелігі.

Клиникалық эпидемиологияның басты қағидасы - бұл әр клиникалық тексеріс дәлелденген ғылыми ақиқатқа негізделуі қажет, яғни дәйектемелерге негізделген медицина. Дәйектемелі медицина қағидаларына сәйкес дертті анықтауда, емдеуде және алдын-алуда теқ қана тиімділігі дұрыс ұйымдастырылған объективті, салыстырмалы зерттеулер мен дәлелденген тәсілдер қолданылуы қажет.

Клиникалық сынақтар (зерттеулер), анықтамасы, жіктеуі

Клиникалық сынақ – науқастарды негізгі (сынақ жүргізілетін) немесе бақылау (салыстыру) топтарға еңгізіп медициналық іс-әрекеттер мен клиникалық ақырының арасындағы себепті мен нәтижелік байланысын анықтауға арналған келешек бағытта (проспективті) жүргізілетін қандайда болмасын тексеріс (медициналық журналдар редакторларының халықаралық ұйымының анықтамасы). Бұл жаңа теориялық ілім нақтылығын тексеретін клиникалық сынақтардың (КС) ең ақырғы бөлігі.

КС дизайны – клиникада жүргізілетін ғылыми зерттеулердің тәсілі (әдісі), яғни оның ұйымдастырылуы немесе құрылымы.

Дизайн түсінігі ағылшыннан аударғанда - (design) жоспар, жоба, проект, сызба, құрылымы деген мағына береді.

КС дизайн түрі – бұл жіктелген белгілер жинағы, олар:

1) нақты клиникалық жағдайлар;

2) зерттеу әдістері

3) нәтижелерді өңдейтін статистикалық (сандық) әдістер.

Зерттеулердің дизайны бойынша жіктелуі

  1. Обсервациялық зерттеулер (бақылау)- бұл зерттеуде бір немесе одан көп науқастар тобы белгілі бір сипаты бойынша бақылауда болады, ал зерттеуші мәліметтерді жағдайлардың тәбиғи үрдісінде, белсенді араласпай жәй бақылау арқылы жинайды;

  2. Экспериментальдық зерттеулер – жасалған іс-әрекеттің (препарат, процедуру, ем) нәтижесі бағаланады; бір, екі немесе одан көп топтар қатысады. Жасалатын іс-әрекет бақыланады.

Көрнеқіліқ материал