4.3 Рекреациялык саланың классификациясы және кұрылымдык ерекшеліктері.
Рекреация саласынын классификациясынын негізгі белгілері оның ұзактыгы мен өткізу орны болып табылады. Рекреация ұзактыгы бойынша туризм мен экскурсияны бөледі. Уакыт айырмасы рекреацияда өте түсінікті, 24 сағаттан аз болса экскурсия, басқасы туризм болып табылады.
Рекреация қызметтің көріністері сан алуан. Демалыстың барлық көріністерін екіге бөліп қарастыруға болады: стационарлық және ұтқыр. Өзге классификацияда демалыс ұзақ категориялы ( емдік, сауықтыру, спорттық, және танымдық туризм) немесе қысқа мерзімді категория болып қарастырылады. Мезгілдік белгілерне байланысты демалыс жазғы, қысқы және ауыспалы мезгілдердің түріне байланысты бөлінеді. Жас ерекшеліктеріне байланысты демалысты: мектеп жасына дейінгі, оқұушылар, жастар,орта жастағы адамдар және егде жастағы адармдар деп қарастырады. Сонымен қатар, демалыс отбасылық, жеке, аралас, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған деп бөлінеді.
Рекреацияның дамуының қажетті шартымен бөлек-бөлек көлемдерде бағалау болады, баста деңгейде әлемнің, елдің, ауданның және рекреация және т.б әлуеттің бары болып табылатын. Рекреациялық потенциал бұл келесідей табиғиттың барлық құрамын түсінеді, мәдени - тарихи және әлеуметтік - экономикалық алғышарттардың рекреациялық қызметтінің ұйымы үшін аумақта тағайынды ( Т. В. Николаенко, 1998). Анда-санда рекреациялық потенциал арқылы туристік ресурстар санын, оған қатысты туристің шын мәнісінде және келуге мүмкіндігі бар туристтердің ықтимал санын анықтауға мүмкіндік береді. Жиі-жиі рекреациялық потенсаластында барым аумақта тағайындалған бірегей немесе, тым, қызықты тек жергілікті халықтың, нысандары жобаланады.
Орналасқан аумағына байланысты, рекреациялық потенциал территориясы тез өзгергіш және қоғамдық мәдени білімге байланысты болып келеді. Рекреациялық потенциал түсінігіне келесілер кіреді: келісім және рекреациялық көріністердің даму факторлары.
Классификация және рекреация қызметтін топтастыру үшін әр түрлі жолдарды қарастрады. ( А.С. Кусков, О.В. Лысикова. 2004). Көбіне оның негізінде сапардың мақсаты, огранизации мінезі, құқық мәртебесі, сапары және рекреанттың болған жері, маусымдық, рекреанттың қозғалыс мінезі, жасы , кәсіп белсенділік және т.б. жатады.
Рекреацияық көріністің классификациядағы басты белгісі ретінде функционалбді бағдарлау болып табылады. Рекреацианың келесідей функциялары бап:
Емдік. Адам денсаулығын жаксартуға бағытталған.
Танымдық. Адамның ішкі рухани патенциалын дамытуға бағытталған.
Спорттық. Адамның күш қуатын арттыруға бағытталған.
қоғамдық функциясы мен технологиясынан емдік-курорттық, сауықтыру, спорттық және танымдық рекреациясымен ерекшеленеді
емдік-курорттық рекреация негізгі табиғи емдік факторымен ерекшелінеді: климат, балшық, минералды сулар. емдіе курорттық рекреация медико-биологиялық шарттарға сай болуы тиіс.
сауықтыру және спорттық рекреация әр түрлі болып келеді. бүкіл әлемдегі ен кең етек жайған жағажайлық демалу. онымен қоса суда неше түрлі рекреациялық шаралар ұйымдастыруға болады. серуендеп демалуға таза ауада пейзаждарға қарап, орманнан сағырауқұлақтар мен жеміс-жидектер теруді жатқызуға болады.
маршруттық туризм спорттық немесе сауықтыру мақсатында болуы мүмкін қиындық дәрежесіне байланысты таулы және жазықты болып бөлінеді. бұл туризм түрі танымдық туризммен және краеведческим туризммен тығыз байланысты болып келеді. Өткізудің тәсілі жаяу. моторлы және т.б болуы мүмкін. радиусы бойынша: жергілікті, ауданды, мемлекеттік болып бөлінеді.
Судағы туризм серуендеу мен спорттық туризм сияқты жақсы дами бастады. Бұл туризм түрлері жағажай туризммен тығыз байланысты. Фотоаңшылық пен су астындағы теңіз жануарларын аулауға байланысты соңғы уақытта су асты туризм де жақсы дамуда. Бұл туризм өзіне танымдыө туризмді ұштастыра алады. Мысалы археологиялық теңіз асты туризмді жатқызуға болады. Балық аулау мен аңшылықпен айналысқысы келетін туристердің саны көп. Әсіресе кең етек жая бастаған фото мен кино охота. Аң аулау туризм - ең қымбат туризм түрі болып есептеледі. Мысалы Сафариді жатқызуға болады. Соңғы жылдары әлемде тау-шаңғы туризімі мен альпинизм жақсы дамуда.
Танымдық рекреация. Танымдық аспектілер рекреацияның коп түрлеріне қатысы бар. Алайда танымдық рекреацияның нағыз танымдық мақсатта ақпараттық мәдени шараларында көруге болады. мәдени-тарихи ескерткіштер, жаңа аудандармен танысу, көрнекті жерлерін көру, елдермен, олардың этнографиясы, экономика, мәдениеті және табиғатымен танысу т.б.
Халықаралық және ішкі туризмде іскерлік туризм, көрме, жәрменке, спорттық жарыстар, фестевальдар, киелі орындаға бару ерекше орынды алады.
Бос уақытты өткізуіне байланысты күнделікті, апталық, жылдық деп бөлу әдістемелік катынаста өте маңызды, өйткені рекреацияның кұрылымын зерттеуге негіз болып табылады және бос уақытты рекреациялық мақсатта өткізуіне көмектеседі. Бос уақытты осылай бөлу арқылы рекреациялық қызметті мерзімді және аумақтық белгілер көзқарасы бойынша қарауға мүмкіндік береді.
Бос уақытты күнделікті қолдану тұрғылықты және қалалық ортамен байланысты. Күнделікті рекреация табиғи рекреациялық орындарға және саяжайларға орналастырумен тәуелді.Күнделікті бос уақытты өткізу курорттық типтегі рекреациялық орындарға барумен байланысты. Сәйкесінше, рекреацияны елдімекен ішінде, апталық тұрғылықты жерде, жылдық аймақтық, мемлекеттік және халықаралық юолып ұйымдастырылады.
Ұйымдастырылуы бойынша рекреация регламенттік (жолдама бойынша) және өзіндік (жабайы демалыс).
Қатысушылар саны бойынша туризм жеке және топтық туризм деп бөлінеді. Маңызды көрсеткіштерге: әлеуметтік қарым- қатынастың тығыздығы, аудан бірлігіне рекреанттардың саны. Максималды аулақтау деп орталыққашқақтау, ал максималды қарым-қатынасты орталықбірігу деп атауға болады.
Қозғалыс түріне байланысты туризм стационарлық және кочевтік болып бөлінеді. Стационалық туризм түрінде саяхаттың мақсаты қандайда бір курортқа бару үшін жасалынады. Бұл туризм формаларына емдік туризм және сауықтыру-спорттық туризмнің жеке түрлері жатады. Кочевтік туризм түрінде әрдайым қозғалыста болады, демалыс орындарын ауыстырып отырады. Осыған байланысты туризмнің материалдық- техникалық базасының қымбаттауына акеліп соқты. Рекреациялық шаруашылық кеңеюде.Сондай-ақ рекреация саласында аумақтық еңбек бөлінісі нашарлауда.
Рекреацияның көп түрі маусымдық сипатқа ие. Маусымдылық көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемаларды туғызады(шыңы және құлдырау).Маусымдылықтың байыпты және объектілік факторлыр климат және ауа райы болып табылады.Маусымдылық және де адамдардағы стереотиптердің қалыптасуына да байланысты.
Білім алу мекемелеріндегідей каникулдар,себебі адамдар маусым мен қыркуйек айлары аралығында демалуға тырысады. Тек санаторлы курортты мекемелер жыл бойғы қызмет көрсету түрі бар, бірақ мұндада маусымдылық кішкене болсын орын алады.
Транспорт қызметтерінің пайдалануына қарай туризм бөлінеді: автомобильді, автобусты, авиациялық,темір жолды, теплоходты(теңіздік, өзендік, көлдік)
Құқықтық стастусы бойынша туризм бөлінеді: ұлттық(ішкі), халықаралық(шет елді). Халықаралық туризм бөлінеді активті және пассивті болып,оның мемлекет төлем балансына тәуелді.
Әр ел үшін өз азаматтарының шет елге саяхаттауы пассивті туризм, ал шет ел азаматтарының келуі активті туризм болып саналады.
Тұрақтау ұзақтығына қарай халықаралық туризм қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Егер тұрақтау үш куннен аспайтын болса оны қысқа мерзімдіге жатқызады, ал егер үш күннен асатын болса – ұзақ мерзімдіге жатады.
Рекреациялық қажеттіліктер рекреациялық саланың белгілі бір түріне байланысты пайда болады, ол психикалық қалпына келтіру және дамыту, физикалық және рухани кушін қалпына келтіругше арналған бос уақытты қажет етеді.
Бос уақыттың екі басты функциясы бар:
1) адамның күнделікті шаршаумен кетірген күшін қалпына келтіру
2) рухани жіне физикалық даму. Функцияларды қалпына келтіру, оған кіреді: тамақтану, ұйқы, қозғалыс. Олар қарапайым психофизикалық қалпына келтіру функциясының параметрін атқарады. Даму функциясы(рухани-интеллектуалды) қатарына кіреді сауықтыру, танымдық, қарым-қатынас.
Рекреациялық сабақтар. Рекреациялық саланың түрлерінде белгілі бір мөлшерде реализация түрлері бар, рекреациялық сабақтар деп аталады.
Сабақтар арасында, мына өзіндік рекреациялық сабақтарды ерекше атап өтуге болады( шомылу, жаяу жүру, саңырауқұлақ пен жемістер жинау), күнделікті физиологиялық қажеттіліктерді өте жақсы қанағаттандыру.
Өзіндік рекреациялық сабақтар типологиясынан екі группада ерекше атауға болады, олар төрт басты сабақ типтерін қамтиды.
1) Қайта қалпына келтіру группасы
а) емдік- рекреациялық әрекеттер
б) сауықтыру- рекреациялық әрекеттер
2) Дамыту группасы
а) спорттық- рекреациялық әрекеттер
б) танымдық- рекреациялық әрекеттер
Емдік- рекреациялық әрекеттер санаторлық- курорттық емдеу әдістерімен жүзеге асырылады. Ал сауықтыру- емдік рекреациялық әрекеттерің ауқымы кеңірек. Бұған серуендеу, шомылу, ауа және күн ваннасын қабылдау, ойындар, жеміс-жидектер теру, аңшылық т.б. жатады. Спорттық-рекреациялық әрекеттерге адамның физикалық күш қуатын қалпына келтіру болса, танымдық- рекреациялық әрекеттер адамның танымдық мақсатта жүзеге асырылады.
Рекреациялық әрекеттер кей жағдайларда бір- бірімен тұстасып кетеді. Рекреант саналы түрде белгілі бір уақытта барлық рекрециялық әрекеттерді араластыра алады. Мұндай жағдай өз кезегінде тиімді, әрі рекреациялық қажеттіліктердің қанағаттануы ойдағыдай жүзеге асырылады. Осылай әрекеттердің іске асырылуы және уақыт аралығында қайтадан қайталанып отырылуын рекреациялық әрекеттер циклі деп атаймыз.
Тәуліктік рекреациялық әрекеттердің қысқа уақыт және ұзақ уақыт аралығындағы қайталануы бірінші ұяшық ретінде қаралуы мүмкін. Бұдан, демалыс циклін, өмірлік циклді бөліп қарастыруға болады.
Өмірлік цикл әрекеттері рекреациялық әрекеттердің алмасуынан пайда болады. Рекреациондық циклдарды қоғамдық және технологиялық функцияларынан ажыратуға болады.
Рекреацияның циклдігі, әртүрлігі рекреациялық территорияға байланысты.
Қарапайым рекреациялық шара ( ҚРШ ) – техникалық компонентерге бөлінбейтін, бірегей емес, біргелкі рекреациялық шара. Қарапайым рекреациялық шара демалыс бағдарламалары мен конструктивтік рекреациялық істердің циклі болып табылыда.
Әрбір ҚРШ өзінің рекреациялық функцияның позициясына байланысты алдынғы және кеінгі класстарға бөлінуі мүмкін. Осыған сәйкес бөлінеді:
Негізгі ҚРШ, рекреациялық шаралардың негізгі мотивациясы болып табылады.
Қосымша ҚРШ, рекреацияның негізгі мақсаты емес, бірақ рекреациялық іс шараларды әр түрлі етіп қызықты болуына септігін тигізеді.
Қосалқы ҚРШ, белгілі бір рекреациядық эффект бермейтін, бірақ физиологиялық жіне технологиялық шектеулерге керек.
Қарапайым рекреациялық шара бір цикл шеңберінде белгілі бір байланыста болады. Осыған сәйкес осылай болады:
Ауыспалы яғни бір ҚШР-ның басқаға рекреациялық мақсатына кедергі келтірместен ауысуы.
Біртекті қалыптасуы яғни рекреациялық шара циклінің ұзақтығы мен интенивтілігі ҚРШ – ның белгілі бір қайталануына байланысты.
Кері әсері яғни кейбір ҚРШ-дың белгілі бір уақытта өз ішінде келіспеуі.
ҚРШ-нің негізгі белгілерінің бірі рекреациялық істің атрактивтілігі - топтық және жеке рекреациялық істердің бірлесуі.
Рекреациялық істің интенсивтілігі рекреациялық қажеттіліктердің қанағаттануының сапасын көрсетеді. Белгілі бір іс шаралар бос уақыттың адамның қалпына келуінің күндік, апталық жіне жылдық циклді құрайды. Олардың сыймдылығын негізінен бір уақытта қанша рекреациялық шараларды өткізе алатындығымен анықтайды. Туризм ең сыйымді іс болып саналыды, себебі бір уақыттаадамның көптеген қажеттіліктерін атқарады.
Рекреациялық қызмет кезеңі. (РҚЗ)
1) жүрiс-тұрыс мүмкiндiктері мен үлгілерінің негізінде белгiлi рекреациялық мақсаттардың, уәждемелер және нақты шарттардағы талаптардың iске асырылуына мүмкіндік беретін демалыс бағдарламасы.
2) басты кәсіптің негізінде туатын өзара іліктес және өзара шарттас ЭРЗ тіркесі.
Әр адам өз бетінше, көбіне ой елегіне салынбастан бастапқы қызметтің пайдалылығы, олардың тартылымдылығы, рекреацияға бөлінген уақыттың аумағы, әдеттері, сәні, қызмет көрсету мен тауардың бағасы, өз табысы және басқа да факторлар жайында меншікті ұсыныстарын шығара отырып рекреациялық қызметтің кезеңдерін құрастырады. Көбіне өз бетінше құрылған әрекет рекреациялық талаптарға нашар жауап береді.
Рекреациялық қызмет кезеңдері екі басты талаптарға сәйкес келу керек: тиімділік және жеке тартымдылық (аттрактивтілік). Рекреация қызмет кезеңдері "рекреациялық режим" ұғымына лайықты БРЗ-нің үйлесімді тіркестерінен құрылады және тәуліктік, апталық, жылдық және өмірлік РҚЗ-ң иерархиясын ұйымдастырады. Рекреациялық қызмет кезеңдерінде БРЗ міндеттілік бағдарлануы жағынан мақсатты, қосымша және ілеспе болып бөлінеді. Айталық, экскурсия танымдық қызметті жүзеге асыру үшін мақсаттық, сауықтыру үшін қосымша, емдік қызметі үшін- іліктік болып келеді.
Рекреациялық қызмет кезеңдерін үлгілеу кезінде маңыздысы ретінде әртүрлі типтегі қарым-қатынастар қарастырылады, яғни:
Өзара толықтырылуы - кейбір рекреациялық қызмет түрлерін жиынтық ретінде, белгілі пропорцияда қолдану мүмкіншілігі. Осыдан шыға отырып тағы да басқа қосымша рекреациялық қызметтің қосылуы мен тізбектілігі анықталады.
Өзара алмасу - рекреациялық қызметтің сан алуан түрінің баламалы пайдаланылу мүмкіндігі және сонымен қатар, қызметтің айтылмыш бір түрінің баламасы. Рекреациялық қызмет кезеңдерінің үйлесімді параметрлеріне жету үшін, туристтік қызметті ұйымдастыру кезінде өзара алмасымдылық қатынастары өте маңызды болып табылады.
Олар тек үлгі жасаудың мүмкіншілігін ғана емес, сонымен қоса туристің рекреациялық қызмет кезеңін таңдауын анықтайды.
Бұған қоса рекреациялық қызмет кезеңдерін құрастыру кезінде мынадай нәрселерді қарастырған жөн:
рекреациялық қызметтің әрбір арнаулы (мақсатты) типі бір немесе бірнеше кезеңдерді құрастырылады;
Кезеңнің өзгешелігі бір арнаулы қызметтің негізінде ғана құрылады;
Аттрактивтілігі жағынан біршама жоғары мәнге ие рекреациялық саланың қосымша типтері бар.
Рекреация және курорттық іс. Жоғарыда айтылғандай, рекреация деп адамның физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық күшін кең түрде арттыруды түсінеді. Рекреация жеке көзқарастарда қажет болып қана қоймай, сонымен қатар өз дамуы үшін қоғамның өндіріс күшін арттыруды қамтамасыз етуі қажет мелекет айқындамасында (позиция) да қажет.
Денсаулықты қалпына келтіру сынды реакрациялық қызметтің түрімен табиғи-емдік гидроминералдық және ландшафто-климаттық ресурстар пайдаланатын санаторлы-курорттық индустрия айналысады. Өз ішіне көптеген функцияларды біріктіруі курорттық тәжірибиенің ерекшелігі болып табылады:
Тұрғындарды профилактикалық сауықтыру;
Ауруларды емдеу және реабелитация;
Досугтік-анимациялық қызметі.
Тұрғындарды профилактикалық сауықтыру санаторлы-курорттық тәжірибиеде екі формада жүзеге асады:
Адамның физикалық күшінің компенсаторлық жан-жақты қалпына келуі санаторий профилакторийде күнделікті ем-доммен жүзеге асады;
Демалыс кезіндегі санаторлық емдеу процессінде физикалық күштің және денсаулықтың жан-жақты қалпына келтірілуі.
Қалпына келтірілген емдік факторларды және табиғи комплекстерді пайаланатын санаторлы-курорттық емдеу және реабелитация жоғары коффицентті медициналық бағыт болып табылады. Бір жағынан, рекреант денсаулығының жақсаруы рекреациялық қызмет сапасын жоғарлату үшін мүмкіндік туғызады. Екінші жағынан, рекреанттардың толыққанды демалуын ұйымдастыратын курортта өткізілетін іс шаралар эмоционалды және физикалық белсенділікті күшейте отырып, емдік-сауықтыру шараларының жоғары нәтижеге жетуіне септігін тигізеді.
Курорттардағы досугтік-анимациялық қызмет дербес және курорттық істің өте маңызды бөлімі болып табылады. Курорт жағдайында жүзеге асатын, яғни табиғи және техногендік факторлар комплексіне ие аймақтардың қалпына келтіру қызметіне маманданған, сонымен қатар ол рекреациялық кәсіптің үлкен тығыздығына байланысты өте тиімді нәтижеге ие.
