Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
к.1-3 САЛЫҚ ЖҮЕСІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
863 Кб
Скачать
☆

Әдебиет:

1. Салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). 2008 жылдың 10 желтоқсан.

2. Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан. (общая и особенная части) Алматы, 2003 г.

3. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть.- Алматы: Каржы-Каражат, 2001.

4. Худяков А.И. Основы теории финансового права Алматы: Жеты Жаргы, 1995.

5. Диденко П.В. Налоговое право в вопросах и ответах. Алматы, 2001.

6. Балабин В.И. Налоговое право:теория, практика, споры. М.2000 г.

7. Иванова Г.А. Налоговое право. Конспект лекции. М. 2000 г.

15 Дәріс тақырыбы. Шағын бизнес субъектілеріне белгіленетін арнайы салықтық режим

Кіліт сөздер: Салық, құқық, салық тұрлері.

Дәрістің мақсаты: Салық түсінігі, элементтері, түрлері және атқаратын қызметі және пайда болуының тарихи негіздері, теорияларының қалыптасуына тұсінік беру және талдау

Дәріс жоспары:

  1. Шағын бизнес субъектілеріне белгіленетін арнайы салықтық режим түсінігі

  2. Субъектілері

  3. Объектілері

  4. Қойылатын талаптар, режимді қолдану тәртібі

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік және егеменділік алуынан кейін, нарықтық экономика талаптарына жауап беретін өзінің салық жүйесін құруға қажеттілік туды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, салықтық реттеу несие-ақшалық реттеумен бірлесіп нарықтық экономиканы басқарудың тиімді формасы. Және де, салық механизмі өзіне қоғамдық өндіріске, оның динамикасы мен құрылымына, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына және т.б. экономикалық әсер етуге толып жатқан мүмкіндіктерді қосады. Салық қызметтерін іске асыру, оны бекіту сәйкес құқықтық нормаларды шығару арқылы мемлекетпен жүргізіледі. Салықтық құқықтың нормаларымен салықты толық және уақытыл төлеуді, салықтан жалтарған жағдайда мәжбүрлеп өндіріп алуды, заңдық жауапкершілік бекітілген салық заңдылығын бұзған тұлғаларды тартуды қамтамасыз етіледі. Жалпы, мемлекеттің салықтық қызметі тек салық заңдылығының мәнін анықтайтын құқықтық нормамен іске асады.

Қазақстан Республикасында 1991 жылға дейін салық салу сұрағы туралы өзінің заңдық актілері болған жоқ. КСРО-ның құлауынан және Қазақстаннның егемендік алуынан кейін салық салудың теориялық және практикалық облысында ФГР-дің тәжірибесіне негізделген, орыстардың тәжірибесін көшірумен көрінген тоқырау көрінісі байқалды. Ең бірінші 1994 жылдың 25 желтоқсанында біздің мемлекетімізде өзінің «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заң қабылданды. Заң Қазақстан Республикасының салық жүйесі құрылуының жалпы принциптерін анықтады. Бұл заңға сәйкес республикада жалпымемлекеттік, жалпы міндетті жергілікті және жергілікті салықтар әрекет етті. Ең бірінші заңға сәйкес қосымша құн салығы (ҚҚС) енгізілді. [18]

«Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға сәйкес 16 жалпы мемлекеттік, 10 жалпыміндетті жергілікті және 19 жергілікті салықтар мен алымдар қарастырылды. Одан басқа, әр түрлі бюджеттен тыс қорларға аударымдар болды: Қазақстан Республикасының экономикасын қайта қалыптастыру қоры; жол қоры; кәсіпкерлікті дамыту және көмек беру қоры, қалалық жолаушылар көлігін дамытуға және ұстауға алым және т.б. Жалпы, 1991-1995жж. кезеңдерінде Қазақстан Республикасының салықтық заңдылығына нормативтік құқықтық актілердің мәнді саны сипат алады. Мысалы, пайдаға және кәсіпкерлердің табысына салық, қосымша 12.02.94ж. «Пайдаға және кәсіпкерлердің табысына салық салу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен реттелді [24], ал жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі 17.04.02ж. «Жеке тұлғалардың табыстардың объектілерінің құның анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен. 1992-1994жж. аралығында салық заңына тұрақты түзетулер мен өзгертулер кіргізіліп отырды. Бірақ көрсете кету керек, толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша бұл сипат бүгінгі күнге дейін бар. [25]

Үшдеңгейлік жүйені қолдану федеративтік құрылғылы мемлекеттерге еркін болғандықтан, Қазақстан сияқты унитарлы мемлекетке бөндай бөлу қолайсыз болды.

1995 жылға қарай салық заңдары Қазақстан Республикасы Президентінің үш Жарлығынан және 45 заңнан тұрды. Ол жекелеген заңдық актінің 18-і салық қатынастарының жүйесін, салық түрлерін және салу тәртібін, 11-і бюджеттен тыс қорлардың қызметтерін және олардағы қатынастарды, қалғандары салық жеңілдіктерін қолдануды реттеді.

Сол кездегі бар салық қатынастарының жұқа жері нормативтік құқықтық актілер жағдайының жеткіліксіз анықтылығы және түсінтілігі болды. Салық салу сұрағы бойынша нормативтік актілерге енгізілген тұрақты өзгертулер мен толықтырулар салық заңдарын өте көлемді және практикада қиын өтпелі қылды. Осы және басқа да объективті себептер салық туралы жаңа заң қабылдауды тездетті. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті, жаңа салық заңдарының халықаралық принциптерге біртіндеп көшу қарастырылған салық реформасының ұзақ мерзімді концепциясын бекітті. Бірінші кезеңі «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Заң күші бар 24.04.95ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылдануы болды. [19]

Бұл Жарлық Қазақстан Республикасының салық заңдары осы Жарлықтан, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігімен келісілген мемлекеттік табыс Министрінің актілерінен қарастырды. Солай болса да Жарлықта көрсетіледі, Жарлық қосымшаларына қарсы келетін Заңдар және басқа актілердің заңдық күш жоқ болып саналады. Салықтық емес заңдарға салық салумен байланысты сұрақтарды кіргізуге тиым салынады (1 бап, 2 тармақ). Осы баптың қосымшасы Жарлықты басқа барлық заңдық актілерге қатысты артықшылығын бекітуге жағдай жасайды. Маңызды айтып кететін тағы бір жәйт, осы Жарлықпен көрсетілеген, қайсыбір салықтан және алымнан босату немесе салық ставкасының азайтылуы осы Жарлыққа өзгертілер мен толықтырулар тәртібінде, сонымен қоса Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Жарлығы мен Заңына сәйкес инвестиция бойынша уәкілдік органмен жасалған келісім-шарт негізінде жүргізілуі мүмкін. [26]

Одан басқа, инвестиция бойынша уәкілдік органмен ұсынылған жеңілдіктен басқа, жеңілдік жеке сипат ұстанға, салық және алым бойынша басқа актілермен жеңілдік беруге тыйым салынады (2 бап, 4 тармақ). Жалпы, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы салық салу саласында кодифицияланған құқықтық акт болып табылады. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының салдарына Заң мәртебесі берілген.

Жалпы, бұл салық заңы 6 жылдан көп, тәжірибеде 7 жыл өмір сүрді. Осы уақыт ішінде оған 200-дей көптеген толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Тағы айта кететін жәйт, кеден төлемдерінің сұрақтары кеден ісі бойынша заңмен, табиғи ортаның ластануына төлемдер және табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер – табиғат қорғау заңымен реттелді. Міндетті зейнетақылық салымдарды төлеуді және жинақтаушы зейнетақылық қорларды арнайы нормативтік акт реттеді. [20]

Енгізілген өзгертулер мен толықтырулар салық заңын өте үлкен қылып жіберді, және де халықтың барлық топтарына қол жеткіліксіз болды, сонымен қатар облыс бойынша Салық комитетінің кейбір жергілікті актілері (мысалы, салық төлеу бойынша инструкциялар және т.б.) мемлекеттің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» негізгі Заңына сәйкес келмеді. Осының артынша, салық заңының жетілмеуі салық органдарының тұрақсыз жүмыс істеуіне әкелді. Салық заңының шатыстырылуы және қиындығы өздерінің салық міндеттерін орындауға салық төлеушілерді қорқытты, және көбісі мәселені басқа әдістермен шешті. Біз білетіндей, заң өзінің белгілеріне сәйкес келуі керек және оның бөлінбес белгісі – тұрақтылық болып табылады.

Сонымен қоса келесіге көңіл аударайық және көрсетіп кетейік. Салық жүйесінің тұрақтылығы салық құрамы, ставкалары, жеңілдіктері, санкциялары бір және мәңгі-бақи бекітілді дегенді білдірмейді. Кез-келген салық салу жүйесі қоғамдық тұрақтылық сипатын, мемлекет экономикасы жағдайын, әлеуметтік-саяси жағдайдың тұрақтылығын, халықтың үкіметке сенім дәрежесін көрсетеді. Енгізілген өзгертулер шамасында әр түрлі жағдайда салық жүйесі оған қойылған талаптарға жауап беруді қойды, экономика дамуының объективті шарттарымен қарама-қайшылыққа түсті. Осыған байланысты, жалпы салық жүйесіне немесе оның жеке элементтеріне өзгертулер енгізу қажет еді.

Жоғарыда аталған жағдайлармен байланысты нарықтық экономиканың жаңа талаптарымен салық заңын түпкілікті қайта қарауға қайта қажеттілік туды.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» жаңа кодекс (Салық кодексі) 12.06.01ж. №209-11 Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданды және 2002ж. 1 қаңтарынан бастап іске қосылды.

Салық кодексінің 2 бабында көрсетілген: Қазақстан Республикасының салық заңдары осы салық Кодексінен, сондай-ақ қабылдануы осы кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Салық салу мақсатында осы кодекспен және басқа Қазақстан Республикасының заңдық актілерінің арасында қарама-қайшылық болса, осы кодекстің нормалары әрекет етеді (2 бап, 4 тармақ). [20]

Осылайша, салық заңдары Салық кодексінен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік табыс Министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Солайша Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік табыс Министрлігінің нормативтік құқықтық актілері қабылданатын сұрақтар шеңбері Салық кодексімен анықталған.

Бірақта, салық қатынастары облысында барлық сұрақтарды реттеуді қамтитын, бірыңғай нормативтік акт – Салық кодексін әзірлеу бойынша міндет мүмкін емес болмады, яғни қатынасты реттеу. Жеке құқық, сонымен қоса салықтық құқық қатынастары облысында құқық теориясына сәйкес мемлекет алдында салық төлеушінің салық міндеттемесін орындаумен байланысты барлық процедуралық мезеттерді бөлшек реттеуді талап етеді. Осыған қоса, міндеттерді орындаудың бұндай формаларына салықтық есеп-қисаптың декларациясы, есептесулер және басқа формалар табылады. Салықтық есеп-қисаптың декларациясы, есептесулер және басқа формаларды бекітуді құқық нормасының бекітілгені деп есептеуге болмайды, соған сәйкес олардың формаларын бекіту мемлекетке де, салық төлеушіге де міндетті болып табылады. Сондықтан Салық кодексі нормативтк құқықтық актілерді Үкіметпен және уәкілетті мемлекеттік органдармен бекітуді қарастырады. Соған қоса, салықтық есеп-қисаптың формасын бекіту уәкілдік мемлекеттік органға берілген. Салықтық есеп-қисаптың көрсетілген формалары уәкілдік мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының мемлекеттік табыс Министрлігі бұйрығымен бекітіледі. Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік табыс Министрлігінің көрсетілген нормативтік құқықтық актілері салық заңының құрамына кіреді.

Салық кодексі, тек Салық кодексімен тура қарастырылған нормативтік құқықтық актілерді бекітуді болжайды. Егер Үкімет немесе уәкілетті мемлекеттік орган, салық кодексінде жоқ кез-келген форма немесе нормативтік құқықтық актіні бекітсе, онда бұндай формалар мен нормативтік құқықтық актілер салық төлеушіге міндетті болып табылмайды.

Жаңа салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді бекіту, әрекеттегі салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің ставкалары мен салық базаларын өзгерту сол жылдың 1 желтоқсанынын кешіктірілмей қабылдануы мүмкін және қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан ерте емес іске қосылуы керек.

Салық кодексіне өзгертулер мен толықтыруларды қарастыратын, заңның 1 қаңтарынан бастап іске қосылуы мүмкіндігі туралы көрсетілген норма бірінші рет енгізіліп отыр. Бұл норма, әрекеттегі салық заңына бір календарлық жыл кезеңінде бақылауға мүмкін емес өзгертулер мен толықтырулар енгізілген, және салық төлеушінің қаржы шаруашылық қызметіне кері әсерін тигізген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің ставкалары да өзгерген. Көрсетілген норма Қазақстан Респбликасының Парламентіне бір жыл календарлық жыл уақытысында Салық кодексіне өзгертулер мен толықтыруларды қабылдауға мүмкіндік береді. Бірақта салық әкімшіліктілігімен байланысты сұрақтардан басқа, әрекеттегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің ставкалары мен салық базаларының өзгертулерін қоса, өзгертулер мен толықтырулар қабылдау жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан ерте емес уақытта іске қосылады.

Бұл норма Қазақстан Республикасының салық заңында тиімді қадам болып табылады, яғни салық төлеушілер мен салық қызметі органдарына бір календарлық жыл уақытысында Қазақстан Республикасының салықтың заңының тұрақтылығына кепілдік береді.

12.06.2001ж. салық кодексінде Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылымы өзгерген. Осы кодекстің 60-64 баптары салықтың 9 түрін, алымның 13 түрін, төлемақылардың 9 түрін, мемлекеттік баж бен кеден төлемдерін бекітеді. [20]

Кеден төлемдеріне келетін болсақ, онда оларға көңіл аудару керек: біріншіден, 2001ж. дейінгі салық заңында (жаңа Кодексті қабылдағанға дейін) кеден төлемдері Қазақстан Республикасының салық жүйесіне қосылмаған. Ал бұл біздің ойымызша заң жағынан жіберілген өте үлкен қателік болған. Бұл кеден төлемдері бюджеттің көзі болып табылатын салықтар, алымдар, төлемдер сияқты сипатта. Кеден төлемдері салықтар сияқты мемлекеттік бюджетті қалыптастырады (әрине, тек Қазақстан Республикасының емес). Сонымен қоса Қазақстан Республикасының заңы бойынша кеден органдарына басқа өкілдіктермен қатар, кеден төлемдерін өндіріп алу (кеден органдарымен) болатын, фискалдық орган статусы берілген.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексі келесі міндеттерді шешуге шақырады:

  • бірыңғай салық құқығы кеңістігінде оның барлық элементтерінің құқықтық механизмімен Қазақстанға бірыңғай, тұрақты салық жүйесін тұрғызу;

  • бірыңғай салықтық құқықтық базаны қалыптастыру;

  • жалпымемлекеттік және жеке қызығушылықтардың балансталғандығын қамсыздандырылған, кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік туғызатын, инвестициялық қызметті жандандыратын және мемлекеттің және оның азаматтарының байлығын көбейтетін тиімді салық жүйесін құру;

  • олармен кепілдендірілген салық көздері бекітілген регионалдық және жергілікті бюджетті табыстармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін салық заңының дамуы;

  • салық заңын бұзушылыққа салық төлеушілердің жауапкершілік жүйесін жетілдіру.

Осылайша, 2002ж. аяғына қарай (11 жыл ішінде) Қазақстан Республикасында салық туралы үш негізгі заң қабылданды. Біздің ойымызша, салық салу сферасында соңғы әзірлеу белгілі-бір деңгейде тиімді және дұрыс болып табылады. Салық салу жүйесін тұрақты деп санауға болады, егер салық салудың негізгі принциптері, салық құрамы, жүйесі және өте мәнді жеңілдіктер мен санкциялары өзгертусіз қалса, сәйкесінше кәсіпкерлік қызметке сәтті болып табылады. Салық заңының нарықтық экономика жағдайында негізгі мақсаттарының бірі – республиканың барлық аумағында салық тәртіптерінің бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету. Салық кодексінің пайдасына айта кететін жәйт, біздің заңымызда бекітілген принциптер, бүгінгі күнге дейін маңызды және әлемнің көптеген салық жүйесі негізіне кірген, салық салу теориясының классигі А.Смиттің «Табиғат және халық байлығы себептері туралы зерттеу» жұмысында жетілдірілген және баяндалған принциптерге негізделеді.

Сонымен, салық заңы салық салу сферасында қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын көрсетеді және салық, алым және міндетті төлемдерді бекіту, кіргізу және алу бойынша биліктік қатынастарды, сонымен қатар салықтық бақылауды жүргізу және салықтық заңбұзушылықтарды жасағанына жауапкершілікке тарту процесінде пайда болған қатынастарды заңды реттейді.

Маңызды білетін нәрсе, салық туралы заң және басқа да нормативтік актілерді қабылдау кезінде мемлекет бір жақты әрекет етеді. Одан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995ж. 2 қарашасындағы «Республикалық референдум туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес бюджеттік және салықтық саясат сұрақтары болмау керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Салықтық мiндеттеменiң элементтерi:

а. субъект, объект, мазмґны.

б. субъект, объект.

в. салықтық база, салықтық ставка.

г. субъект, салықтың мөлшерi.

2. Салықтық мiндеттеме қалай орындалады?

а. Мәжбүрлеу арқылы.

б. Салықтөлеушi дербес жүзеге асырады.

в. хабарландыру арқылы.

г. Салық органдарының есептеуi арқылы.