Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
O_1179_u__1179__1201_raly_buyrek_aurularyn_zert...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33 Мб
Скачать
☆

Бүйректің осмостық концентрлеу қызметі

Күнделікті жұмыста Зимницкий әдісі қолданылады. Күмәнді жағдайларда «құрғақ тамақ ішу» сынамасын қолдануға болады. әдісті өткізу үшін несепті әр 3 сағат сайын тәулік бойы жинайды, ал диурезі аз балаларда және «құрғақ тамақ ішу» сынамасында зәрді еркін жинаған жөн. әрбір шыққан зәрдің осмостық концентрациясын есептеу нақтырақ әдіске жатады. Егер осындай мүмкіндік жоқ болса, зәрдің салыстырмалы тығыздығын анықтаған жөн. Сау адамда тәуліктік диурез 1л шамасында болғанда зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1020 кем болмауы керек. Егер жалпы несеп талдауында салыстырмалы тығыздық 1020 не одан жоғары болса, Зимницкий сынамасын өткізудің қажеті болмайды.

Бүйректің метаболикалық ацидозды компенсациялау қызметі

Бүйректің ағзадағы сілітілі-қышқылды тепе-теңдікті сақтау қызметін бағалау үшін артериялық қанның газдық құрамын зерттейді. Метабиоликалық ацидозды компенсациялау мақсатымен өткізілетін аммоний хлоридінің жүктемелі сынамасы қазіргі таңда қолданылмайды. Жасы үлкенірек балалар және ерсектермен салыстырғанда қан сарысуында бикарбонаттар концентрациясы 4-6ммоль/л төменірек болғандықтан, жаңа туған нәрестеделрде физиологиялық ацидоз байқалады. Ересектерде бикарбонат конуентрациясы 20-25 ммоль/л, қан рН = 7,35-7,45 тең, ал жаңа туған нәрестелерде 0,03-0,05 төменірек..

Коагулограмма бейспецификалық симптомдарды анықтайды. Терминалды бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарда қабыну үрдісінің сипатына байланысты гемостаз жүйесінің әртүрлі бұзылыстары тән.

Иммунологиялық әдістер

Терминалды бүйрек жетіспеушілігі бар науқастардың 1/3 бөлігінде ауру себебіне иммунды-белсенген бүйрек ауруы немесе жүйелі аурулар жатады. Иммунологиялық зерттеу әдістері 8 кестеде келтірілген.

Кесте 8. Бүйрек ауруларындағы қанды иммунологиялық зерттеу әдістері

    • Жалпы комплемент, С3, С4 және С3 –нефритикалық фактор

    • Антинуклеарлы антиденелер (ANA)

    • Қосарланған спиралді ДНҚ антиденелері

    • Антинейтрофилді цитоплазмалық антиденелер (p-, c-ANCA)

    • Гломерулярлы базалды мембранаға қарсы антиденелер (Anti-GBM-Antibody)

    • Криоглобулиндер

    • IgA, IgE концентрациясы

Комплемент жүйесінің жағдайы қан сарысуындағы жалпы гемолиздік белсенділік (СН50) және С3 пен С4 концентрацияларын анықтау арқылы бағаланады. Басқа компоненттерді анықтау тек С3 пен С4 мөлщері қалыпты бола тұрып, СН50 деңгейінің төмендеуінде көрсетілген. С4 мөлшерінің төмендеуі комплемент жүйесі дәстүрлі сипатта , ал С3 азаюы комплемент жүйесінің альтернативті механизм арқылы белсенгенін көрсетеді. Жедел жұқпадан кейінгі гломерулонефритке С3 пен С4 төмендеуімен өтетін қос механизмнің де белсенуі тән, алайда бұл өзгерістер өтпелі сипатта болады. Егер гипокомплементемия ұзақ сақталса, қосымша зерттеу әдістерін өткізу қажет.

Мембрано-пролиферативті ГН II типіне («тығыз депозиттармен») С3 деңгейінің төмендеуі мен С3-нефриттік фактор анықталуы тән. Комплемент концентрациясын анықтау жүйелі қызыл жегіде, бактериялық эндокардит пен жүрекше-қарыншалық шунттың қабынулық жұқпалы ауруында көрсетілген. (кесте 9).

Кесте 9. Бүйрек ауруларында комплементті зерттеу маңыздылығы (50-90 мг/дл)

Комплемент деңгейінің төмендеуі келесі ауруларға тән:

    • Стрептококктан кейінгі ГН (50-90%)

    • Мембранопролиферативті ГН I және II тип (50-100%)

    • Криоглобулинемии (≈ 85%)

    • Шунт-нефрит (жүрекше-қарыншалық шунттың жұқпалы ауруында нефрит) (≈ 90%)

    • Созылыңқы бактериалды эндокардит (≈ 90%)

    • ЖҚЖ (≈ 75-90%)

    • С3 туа біткен жетіспеушілігі

    • С3-нефриттік фактор – С3-конвертазаға қарсы аутоантиденелер (мембрано-пролиферативті ГН II типінде)

Иммуноглобулиндер. IgA нефропатиясы мен оның жүйелі түрі (Шенлейн-Генох ауруы) бар науқастардың 50% қан сарысуында IgA жоғарылауы тән. Мардымсыз (минималды) өзгерістермен өтетін нефротикалық синдромы бар науқастардың бір бөлігінде жалпы IgЕ деңгейінің жоғарылауы байқалатындықтан, аурудың генезінде аллергиялық реакцияны болжауға болады. Көптік миелома, амилоидоз бен аралас криоглобулинемияда парапротеинемия анықталады. Иммунды кешендердің сандық мөлшерін анықтау бүйрек ауруларында аса маңызды емес.

Криоглобулиндер – төменгі температурада тұнба түзетін иммунды кешендер. Олар криоглобулинемиямен өтетін жүйелі ауруларды анықтауға қажет(эссенциалды, екіншілік).

Аутоантиденелер. Жүйелі қызыл жегіде (ЖҚЖ) көп мөлшерде саналуан аутоантиденелер анықталады. Нефрологиялық салада әдетте антинуклеарлы фактор және ДНҚ қос өріміне (спираль) қарсы антиденелерді (70%) анықтайды. Жүйелі васкулиттерге антинейтрофилді цитоплазмалық антиденелердің табылуы тән (АНЦА, қалыпты <10 U/l). АНЦА (АNCA) 2 түрге бөлінеді:

p-ANCA – микроскопиялық полиартериит, Чарга-Стросс синдромы, Шенлейн-Генох васкулитінде анықталса;

c-ANCA –Вегенер гранулематозына тән.

Гломерулярлы базалды мембранаға қарсы антиденелер (anti-GBM-antibody) тез үдемелі гломерулонефритті (экстракапиллярлы) туғызатын себептердің бірін, атап айтқанда Гудпасчер синдромын анықтауда маңызды болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]