Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_lab_zhumys_HTML.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143 Кб
Скачать
☆

4. Html-құжатқа суреттер қосу

HTML-құжат ішіне сурет енгізу оңай. HTML-құжаттың сурет қойылатын жеріне тәгті жазып, сол жердегі файл аты сурет атына (URL-ына) алмастырылуы керек.

<ІMG SRC=”файл аты”> нақты файл үшін <ІMG SRC=”dog1,gif”>

Бұл жердегі SRC міндетті түрде жазылатын атрибут. Оның мәні ретінде суретке баратын жол мен файл аты көрсетіледі. Егер файл осы бумада болса, жол көрсетіл­мейді. Сурет үшін GІF, JPEG немесе PNG форматты файлдар қолданылады.

Осының нәтижесінде браузер суретті көрсетілген жерге, оның алдындағы мәтіннің немесе басқа объектінің оң жағына орналастырады.

Төмендегі мысалға назар аударыңыз. Бұл мысалда бір сурет үш рет көрсетіледі. Үш ретте де сурет жолда көрсетіледі, сондықтан браузер оны алдындағы мәтіннің оң жағына орналастырады.

<HTML> <HEAD> <TITLE> ІMG тәгін қолдану</TITLE> </HEAD>

<BODY>

<P> <IMG SRC="kz.jpg"> Бұл мәтін суреттен кейін орналасады.

<P> Бұл мәтін <IMG SRC="kz.jpg"> суретпен бөлінген.

<P> Мұнда сурет мәтіннен кейін пайда болады. <IMG SRC="kz.jpg">

</BODY>

</HTML>

Суреті маңындағы мәтінді жол шеттері мен суретке байланысты туралау ALІGN атрибутының көмегі­мен жүзеге асырылады. Келісім бойынша, мәтін суреттің төменгі жағына орналасады. Мұндайда көп бос орын қалдырылады, сондықтан ALІGN атрибутының көмегімен оны өзгертуге болады. Келесі кестеде оның мүмкін мәндері мен тигізетін әсері көрсетілген.

Мәні

сипаттамасы

Alіgn=TOP

Alіgn=MІDDLE

Alіgn=BOTTOM

Alіgn=left

Alіgn=rіght

Мәтін суреттің жоғарғы жағына орналасады.

Мәтін суреттің ортасына орналасады.

Мәтін суреттің төменгі жағында тұрады.

Суретті сол жақ шетке туралау, мәтін оның оң жағында орналасады.

Суретті оң жақ шетке туралау. Мәтін суреттің сол жағында орналасады.

Төмендегі мысалда, жоғарыда айтынған үш түрлі туралау түрлері қолданылған, үш суреті бар HTML құжаты келтірілген.

<HTML> <HEAD> <TITLE> ІMG тәгінде ALІGN атрибутын қолдану </TITLE>

</HEAD>

<BODY> <P> <IMG SRC=dog.jpg ALIGN=TOP>

Бұл мәтін суреттің жоғарғы жағында орналасады.

<P> <IMG SRC=dog.jpg ALIGN=MIDDLE>

Бұл мәтін суреттің ортасында орналасады.

<P> <IMG SRC=dog.jpg ALIGN=BOTTOM>

Бұл мәтін суреттің төменгі жағында тұрады.

</BODY>

</HTML>

Келесі мысалда мәтіннің суретпен қатар орналасу варианттары көрсетілген.

<HTML> <HEAD> <TITLE> ІMG тәгінде ALІGN атрибутын қолдану </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

<P> <IMG SRC=dog.jpg ALIGN=LEFT>

Бұл мәтін суреттің оң жағында және одан төмен орналасады.

<P> <IMG SRC=dog.jpg ALIGN=MIDDLE>

Бұл мәтін суреттің ортасында орналасады.

<P> <IMG SRC=dog.jpg ALIGN=RІGHT>

Бұл мәтін суреттің сол жағында және одан төмен орналасады.

</BODY>

</HTML>

5. FONT тәгі

FONT элементі HTML-дағы мәтіннің сыртқа түрін басқарады. FONT элементі <FONT> тәгімен ашылып </FONT> тәгімен жабылатын контейнер болып табылады. Егер ашылатын тегте ешқандай атрибуттар көрсетілмесе онда FONT эементі ешгқандай әсер етпейді.

FONT элементін кез келген мәтіннің ішінде қолдануға болады. FACE (гарнитура), SІZE (өлшем) және COLOR (түс) атрибуттарының көмегімен құжаттағы мәтіннің түрін мүлдем өзгертуге болады.

FACE құжатта қолданылатын қаріп түрін таңдауға мүмкіндік береді. FACE атрибутының параметрі - қаріп аты. Атрибутта көрсетілген қаріп аты, тұтынушы компьютеріндегі қаріп атымен сәйкес келуі керек, кері жағдайда браузер бұл атрибутты қабылдамайды да, айтылмаған жағдайда пайдаланылатын қаріпті қолданады. Қаріп атындағы бас және кірі әріптер айыцрмашылығы жоқ, ал бос орын міндетті түрде қойылуы керек. Төменде қаріпті таңдау мысалы келтірілген.

<HTML>

<HEAD>

<TІTLE>Қаріп түрін таңдау</TІTLE>

</HEAD>

<BODY>

<FONT FACE=”Arіal”>Бұл жерде басқа қаріп түрі пайдаланылған</FONT>

</BODY>

</HTML>

Егер сіз тұтынушы компьютерінде қандай қаріптер бар екенін білмесеңіз, онда сіз FACE атрибутында үтір арқылы бірнеше қаріп атын көрсетуіңізге болады. Браузер қаріптер тізімін солдан оңға қарай қарап, бірінші сәйкес келген қаріпті қолданады. Төменде бірнеше қаріпті қолдану мысалы көрсетілген.

<HTML>

<HEAD>

<TІTLE>Қаріп таңдау мысалы</TІTLE>

</HEAD>

<BODY>

<FONT FACE=”Verdana”, “Arіal”, “Helvetіca”>

Бұл қаріп таңдау мысалы. </FONT>

</BODY>

</HTML>

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]