Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭЛ.МАШ. Лаб.раб.№3 (каз.яз).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Аппаратуралар тізімі

Белгіленуі

Аталуы

Типі

Параметрлері

G1

Үш фазалы қорек көзі

201.2

~ 400 В / 16 А

G5

Бұрыштық ығысулардң түрлендіргіші

104

6 шығ. каналдар / бір айналымға келетін 2500 импульс

М1

Айнымалы ток машинасы

102.1

100 Вт / ~ 230 В /

1500 мин

М2

Тұрақты ток машинасы

101.2

90 Вт / 220 В /

0,56 А (якорь) /

2×110 В / 0,25 А (қозу)

А2,А7

Үш фазалы трансформаторлар тобы

347.1

380 ВА;

230 В/242,235, 230, 226, 220, 133, 127 В

А6

Үш полюсті ажыратқыш

301.1

~ 400 В / 10 А

Р1

Мультиметрлер блогы

508.2

3 мультиметр

0...1000 В /

0...10 А /

0…20 МОм

Р2

Қуаттар өлшеуіші

507.2

15; 60; 150; 300; 600 В /

0,05; 0,1; 0,2; 0,5 А.

Р3

Айналу жиілігінің көрсеткіші

506.2

-2000…0…2000 мин1

Жалғанулардың электрлік схемасының сипаттамасы

G1 қорек көзі – өндірістік жиіліктегі синусоидалы кернеу көзі.

G5 бұрыштық ығысу түрлендіргіші Р3 элетрмашиналық агрегаттың айналу жиілігінің бағыттауышының кірісіне келіп түсетін импульстарды генерациялайды.

Сынақтан өткізіліп отырған М1 асинхрондық қозғалтқышы А6 ажыратқышы және G1 үш фазалы қорек көзінен қоректенетін А2, А7 үш фазалы трансформаорлар тобы арқылы қоректенеді.

А14 сызықты реакторы сынақтан өткізіліп отырған М1 қозғалтқышына берілетін қосымша кернеуді төмендету үшін қызмет етеді.

Сынақтан өткізіліп отырған М1 қозғалтқышының сызықты кернеуі мен статор орамының тогы Р1 блогының мультиметрлерінің көмегімен басқарылады.

Сынақтан өткізіліп отырған М1 қозғалтқышының бір фазасын тұтынатын активті және реактивті қуаттар Р2 өлшеуішінің көмегімен басқарылады.

Тәжірибені жүргізу нұсқаулары

  • Тәжірибеде қолданылатын құрылғылардың ток көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіздер.

  • М2 тұрақты ток машинасын М1 қозғалтқышының білігімен қосатын муфтаны жауып тұратын қапамасын шешіңіз және стопорлық құрылғыны оның үстіне орналастырыңыз.

  • Айнымалы ток машинасының жылулық қорғаныс электрлік схемасын жинаңыздар.

  • Тәжірибеде қолданылып отырған құрылғылардың қорғаныстық жерлестірулерінің " " ұяшықтарын үш фазалы G1 қорек көзінің «РЕ» ұяшығымен жалғаңыз.

  • Аппаратураны жалғанулардың электрлік схемасына сәйкес жалғаңыз.

  • G2 қорек көзінің және А6 ажыратқыштарының жұмыс режимдерінің ауыстырып қосқыштарын "РУЧН." күйіне келтіріңіз.

  • А2 және А7 үш фазалы трансформаторлар топтарында трансформаторлардың екінші ретті номинал кернеулерін 242 В етіп қойыңыздар.

  • Тәжірибеге қатыстырылған блоктардың «СЕТЬ» ажыратқыштарын қосыңыз.

  • Р1 блогының тәжірибеде қатыстырылған мультиметрлерін іске қосыңыздар.

  • G1 қорек көзін қосыңыз. Жанып тұрған шамдардың сигнал беруі оның шығысында кернеу фазаларының бар екенін білдіреді.

  • А6 ажыратқышының «ВКЛ.» кнопкасын басу арқылы М1 қозғалтқышын іске қосыңыз.

  • Жылдам (10 с-тан аз) есептеңіз және Р1.1 вольтметрінің (М1 қозғалтқышының U сызықты кернеуін), Р1.2 амперметрінің (М1 қозғалтқышының статорлық орамының Ik тогын), сонымен бірге Р2 өлшеуішінің ваттметрі (М1 қозғалтқышының бір фазасымен тұтынылатын PK1 активті қуатын) көрсетулерін 4.3.1-кестеге енгізіңіз және осыдан кейін А6 ажыратқышының «ОТКЛ.» кнопкасын басу арқылы М1 қозғалтқышын электр желіден ажыратыңыздар.

  • А2 және А7 трансформаторлар тобының аз екінші ретті номинал кернеулері кезіндегі электрлік желіден қоректенетін М1 қозғалтқышының ажырауын және өлшеуіш приборлардың көрсетулерін қарау үшін М1 қозғалтқышының электрлік желіге қосылуының процедурасын қажетті рет қайталаңыздар.

4.3.1 кесте

U, В

IК, А

PК1, Вт

  • G1 қорек көзін ажыратыңыз.

  • Тәжірибеде қолданылатын блоктардың «СЕТЬ» ажыратқыштарын сөндіріңіз.

  • Сызықты кернеу мәндерінің көп вариативтілігі қажет болған жағдайда тәжірибені А7 трансформаторлар тобының трансформаторларының орамдарын «жұлдызша» жалғау арқылы қайталаңыздар

  • 4.3.1 кестесінің берілгендерін пайдалана отырып, U кернеуіне сәйкес келетін М1 қозғалтқышымен тұтынылатын PК толық активті қуаттың және қысқа тұйықталудың ZK толық кедергісін мына формулалар бойынша есептеңіздер

PК= 3PК1,

ZK=U/ IК.

Алынған мәліметтерді 4.3.2 кестеге еңгізіңіздер.

4.3.2 кесте

U, В

PК, Вт

ZK, Ом

  • 4.3.1 және 4.3.2 кестелерінің берілгендерін пайдалана отырып, қысқа тұйықталған роторлы үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың IК=f(U), РК=f(U), ZK=f(U) қысқа тұйықталу сипаттамаларын тұрғызыңыздар.

    1. Қысқа тұйықталған/фазалық роторлы үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың I=f(P2), P1=f(P2), s=f(P2), =f(P2), cos=f(P2), M=f(P2) жұмыс сипаттамаларын анықтау