Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
050701 «Биотехнология» маманды_ына арнал_ан О_У...doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
456 Кб
Скачать
☆

Лекция №1. Кіріспе Жоспар:

  1. Экологиялық биотехнология пәні мен міндеті.

  2. Ағын сулардың негізгі сипаттамасы.

Қоршаған ортаны қорғау туралы мәселе мәдениетті қоғам пайда болғаннан белгілі. Адамның өндірістік, ауыл шаруашылықтық және тұрмыстық әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаның биологиялық, химиялық, сондай – ақ физикалық құрамы үнемі өзгеріске ұшырап және де бұл өзгерістердің басым көпшілігі қоршаған орта үшін жағымсыз болып табылады. Қоршаған ортаны қорғауда және оның жағдайын бақылауда биотехнологияның тигізетін әсері алуан түрлі болатындығына үміттенеміз. Бұл бағытқа қарапайым мысал, қалдықтарды қайтадан өңдеудің жаңа, тым жетілген әдістерін енгізу, бірақ қазіргі уақытта биотехнология тек бұл әдспен шектеліп қоймайды. Себебі оның химиялық өндірісте және ауыл шаруашылығындағы көптеген мәселелерді шешуде маңызы зор.

Бұл пәнде біз, қалдықтарды қайтадан өңдеу мәселелерімен қатар, биотехнологияның қазіргі уақытта және келешекте маңызды рөлі туралы қарастырамыз.

Сондай – ақ жақында пайда болған, қоршаған ортаға қауіп төндіретін – мұнайлы ластану және ксенобиотиктердің таралу жолдарымен күресуде биотехнологияның маңызына тоқталамыз.

Қазіргі уақытта өндірісте микроорганизмдердің тіршілік әрекетін пайдаланып жабық жүйелер құру, ағын сулардың ластануын бақылау, альтернативті энергоресустарды және химиялық ішкі заттарды қолдану сияқты түрлі салалары дамуда; бұл процестердің барлығы ауыл шаруашылығында кеңінен қолданыс табуда.

Осындай әрекеттердің бірі дамушы елдерде «Мақсатты технология» деген атпен белгілі, ол миллиондаған адамның өмір сүру деңгейін, сапасын едәуір мөлшерде жоғарлатуға негізделген. Бұл жаңа биотехнологиялық процестердің масштабы мен олардың қоршаған ортаны қорғауда түрлі мәселелерді шешуде қолдану таңқаларлық болуы мүмкін. Мысалы: қалдықтарды қайталап өңдеу үшін сыйымдылығы 4000 – 5000м3 болатын үлкен биореакторлар салынды. Мұндай реакторларда бактерия клнцентрациясы 1мл - ға 103 – 109 клетка болуы мүмкін. Сондықтан биотехнологтар өз құзырына «биотехнологиялық энергияның» қуатты көзін жеткілікті мөлшерде ала алады.

Қалдықтарды биологиялық жолмен өңдеу бірқатар пәндермен – биохимия, генетика, химия, микробиология, химиялық технология және есептеу технологиямысен байланысты. Жоғарыда аталған пәндердің күші 3 негізгі бағытқа топтастырылған:

  1. Органикалық және бейорганикалық токсинді қалдықтардың деградациясы;

  2. Көмірсу, азот, фосфор және күкірт айналымына қажетті шикізат мөлшерінің өсуі;

  3. Органикалық отынның құнды түрлерін алу.

2.Ағынды сулардың негізгі сипаттамасы.

Ағынды сулардың ластануы табиғат пен оларды ластайтын шикізаттың қайнар көзіне байланысты. Ағынды сулар өндірістік және тұрмыстық деп бөлінеді. Тұрмыстық ағынды сулар көше қалдықтарымен, жуғыш құралдармен, сондай – ақ экскременттармен ластанған. Суда олар суспензиялы қатты және ұшқыш зат күйінде кездеседі. Суспензиялы қатты заттардың басым көпшілігі целлюлоза тектес, ластағыш органикалық компоненттерден, май қышқылынан, көмірсудан, ақуыздан тұрады. Ағынды суларда соңғы аталған өнімдердің ырырауы нәтижесінде жағымсыз иіс пайда болады. Мұндай сулардың микрофлорасы әр алуан. Бұлардың ішіне ішек және топырақ микроорганизмдерінің бірқатар түрі енеді: аэробты, облигатты және факультативті анаэробты. Олар ашытқы бактериялар, саңырақұлақтар, зеңдер мен вирустар қатарына жатады.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Ауыл шаруашылығының қандай салаларында экологиялық биотехнология әдістері қолданылады ?

  2. Қандай қатты қалдықтарды білесің ?

  3. тұрмыстық ағынды сулардың негізгі сипаттамасы ?

  4. Өндірістік ағынды сулардың негізгі сипаттамасы?

Ұсынылған әдебиеттер:

    1. Экологиялық биотехнология: ағылшыннан аударма/ К.Ф. Фостер, Д.А. Дж. Вейз. – Л.: Химия, 1990. – 348 бет.

    2. Биотехнология: принциптері мен қолданысы/ И. Хиггинс: ағылшыннан аударма. М.: Мир, 1988.