Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АБД лекция мен емтихан сратары.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
956 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Банк ресурстары–бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және тартылған қаражаттарының жиынтығы. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктың акционерлік капиталы , резервтік қоры, сол сияқты қосымша қоролары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемеден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылады.

Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар

Лекция материалдарын игеру үшін барлық көңілді негізгі ұғымдарды игеруге аудару қажет: банк ресурстары, резервтік капитал, қосымша капиталдар, банк операциялары, бөлінбеген банк пайдасы, меншікті капитал, несиелік ресурстар және т.б. ұғыну қажет. Сонымен қатар коммерциялық банктің қаржы құрамын талдауды жалпы зерттеу әдістемелігінің дамуын қарастыру және экономикалық талдау түрлерін жетік білу қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Батракова Л.Г. Экономический анализ деятельности коммерческого банка. –М.: Издательская корпорация «Логос», 1999.

  2. Джозеф Ф.Синки, мл. Управление финансами в коммерческих банках. –М.: 1994.

  3. КовалевВ.В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Выбор инвестиции. – М.: Финансы и статистика, 1995.

  4. Панова Г.Н. Анализ финансового состояния коммерческого банка. –М.: Финансы и статистика, 1996.

  5. Шелекбай Ә.Д., Әлмереков Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практика, Қазақстан тәжірибесі: Оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2007. – 208 бет.

  6. Ширинская Е.Б., Пономарева Н.А., Купчинский В.А. Финансово аналитическая служба в банке: практическое пособие. – М.: ФБК ПРЕСС, 1998.

Өзіні өзі тексеру сұрақтары:

  1. Банк ресурстары мен банк несиелері ұғымдары

  2. Банктік меншікті капиталын талдау

  3. Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымы

  4. Банктің меншікті капиталын нығайту жолдары

  5. Банктің меншікті капиталы қандай қызметтер атқарады?

  6. “Капиталдың жеткіліктілігі” термині

  7. Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын факторлар?

Дәріс 5– Коммерциялық банктін меншікті қаржыларын (капиталын) талдау

Мақсаты: Студенттерді коммерциялық банктің меншікті қаржы құрамын талдау негізгі ұғымдарымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін айқындау, әдебиеттер тізімін ұсыну, дәріс сұрақтарын қарастыру.

Мазмұны

  1. «Бантің меншікті қаржысын талдау.

  2. Меншікті қаржы- нетто көлемін анықтау.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: меншікті қаржылары, баланс өтімділігі, табыстар, пассивтік операциялар, депозиттік операциялар, брутто, нетто ұғымдары және т.б.

Коммерциялық банктін меншікті қаржыларын (капиталын) талдаудың негізгі мақсаты: банкті меншікті қаржы жағдайына баға беру; меншікті қаржы құрылымының өзгеруін бағалау; банктің меншікті қаржыларының шашырау себептерін анықтау, банктің меншікті қаржыларын тиімді пайдалану арқылы баланс өтімділігі мен табыстардың өсі резервтерін анықтау.

Баланстың пассив бөлімі меншігіне қарай және пайдалану мақсатына қарай топтастырған қаражаттардың қайнар көздерін көрсетеді. Пассивтік операциялары болып, банктік операциялардың нәтижелерінде пассивтік немесе актив-пассивтік шоттардағы ақша қаражаттарының ұлғаю процесі жүретін операциялар табылады.

Коммерциялық банктер үшін пассивтік операциялар маңызды рөл атқарады. Нақты солардың көмегімен банктер ақша нарықтарында несиелік ресурстарға ие болады. Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларының төрт формасы бар:

1.құнды қағаздардың бірінші эмиссиясы;

2. банк табыстарының қалыптасуы мен ұлғаюына қаржы бөлу;

3. басқа заңды тұлғалардың алынған несиелер мен заимдар;

4. депозиттік операциялар;

Пассивтік операциялар айналымдағы ақша қаражаттарын банктерге тартуға мүмкіндік береді.

Ал жаңа ресурстар банктік жүйемен қарқынды несиелік операциялар нәтижесінде қалыптасады. “Валют–Транзит Банк” АҚ-ның міндеттемелерінің құрамын 7-кестеде қарастырамыз.

Кесте 7- “Валют- Транзит Банк” АҚ- ның міндеттемелерінің құрамын талдау (мың.тг)

№

Көрсеткіштер

2004ж

2005ж

Ауытқуы (+;-)

өсу қарқыны %

1.

Банктердің корреспонденттік есеп- шоттары мен салымдары

1062191

1210023

147832

113,9

2.

РЕПО шарты бойынша сатылған бағалы қағаздар

645273

1304283

659010

202,1

3.

Туынды қаржылық құралдар

88985

297755

208770

3,3есе

4.

Қызмет көрушілердің банктен есеп- шоттар мен салымдар

22407516

32704880

10297344

145,9

5.

Шығарылған берешек бағалы қағаздар

1477461

1866957

389496

126,3

6.

Банктер алдындағы берешек

35822

1233272

1197450

34,4есе

7.

Басқа тартылған қаржылар

1142

451438

450296

39,5есе

8.

Субординацияланған берешек

-

-

-

-

9.

Салық міндеттемелері

3127

29036

25909

9,3есе

10.

Мерзімі ұзартылған салық талаптары

-

-

-

-

11.

Басқа міндеттемелер

411461

618553

207092

150,3

12.

Төленетін дивидентер

-

-

-

-

Міндеттемелердің барлығы

62132978

39716177

13583199

151,9

Есептеу нәтижелері бойынша “Валют - Транзит Банк” АҚ – ның 2004 – 2005 жылдар аралығындағы міндеттемелер 13 583 199 мың теңгеге (39 716 177- 26 132 978) немесе 51,9 пайызға өсті, себебі:

- банктердің корреспонденттік есеп шоттары мен салымдары 147832 мың теңгеге;

- РЕПО шарты бойынша сатылған бағалы қағаздар 659010мың тенгеге;

- туынды қаржылық құралдардың 208770 мың теңгеге;

- қызмет көрушінің банктік есеп-шоттары мен салымдары 10297344 мың теңгеге;

  • Банктер алдындағы берешек 1,6 пайзды;

  • Басқа тартылған қаржылар 1,0 пайызды;

  • Туынды қарждылық құралдар 0,5 пайызды;

  • Салық міндеттемелері 0,04 пайызды құраған;

Банктің өз меншігіндегі капиталдың құрылымын 9-кестеде қарастырамыз.

Есептеу нәтижелері бойынша “Валют – Транзит Банк” АҚ-ның меншікті капиталдың құрылымы 4889578 мың теңгеге (10319096-5429518) өсті, өсу себебі:

  • жарғылық капиталдың 4470491 мың теңгеге (7580221-3109730);

  • эмиссиялық кірістің 500000 мың теңгеге (1370516-870516);

  • кезеңдегі таза табыстың 376458 мың теңгеге (1100701-724243) байланысты болған;

Сондай-ақ, “Валют – Транзит Банк” АҚ-ның міндеттемелерінің құрылымын 8-кестеде қарастырамыз. Банктік меншікті акционерлік капиталы оның шығарған акцияларының номиналды (көрсетілген) бағасына тең болады. Табыстың шығыстардан артықтығын сипаттайтын банк балансының стаьясы тартылмаған пайда болып табылады. Акционерлік капиталды эммиссиялау арқылы құрылтайшылық пайда есебінен құрылатын (яғни шығарылған акциялардың көрсетілген бағасы мен оны сатудан түскен түсім ақшаның айырмасы) резервтік капитал және әр жылдық ағымдық пайдадан аударым жасалынатын резервтік капитал.

Банктің меншікті қаржы құрылымы

БРУТТО

Н Е Т Т О

Иммобилизацияланған (шашыраған) меншікті қаржылар

Меншікті қаржы-нетто ( ) меншікті қаржы-бруттодан ( ) иммобилизациялаған (шашраған) меншікті қаржыларды ( ) азайтқанға немесе формула бойынша:

= -

1 теңге несие салымдарына келетін меншіті қаржылардың тиімді пайдалану коэффициенті мына формуламен анықталады:

К= меншікті қаржы сомасы / несие салымдар сомасы