Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lecture_SBD.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Білімді бағалау жайлы ақпарат

Студент курсты меңгеру барысында екі аралық бақылаудан және қорытынды емтихан тестінен өтуі керек.

Аралық бақылау тест түрінде өтеді (компьютерде немесе қағазда). Аралық бақылауда студент 25 сұраққа 50 минуттың ішінде жауап беру керек. Бірінші (екінші) аралық бақылаудың сұрақтары 1-ші мен 7-ші (8-ші мен 15-ші) апта аралығында өткен тақырыптарды қамтиды. Емтихан тест түрінде өтеді (компьютерде немесе қағазда). Емтиханда студент 50 сұраққа 100 минуттың ішінде жауап беру керек. Сұраққа жауап беру реті студенттің өз қалауынша жүргізіледі.

Аралық бақылау төмендегідей формуламен есептеледі:

мұндағы - зертханалық сабақтардан алынған баллдар.

- тапсырылған зертханалық сабақтар саны (бір кредитте)

- келмеген сағаттар саны (бір кредитте)

аралық бақылауға қойылған балл (0 мен 100 аралығы).

Аралық бақылау сұрақтары дәріс сабақтарының тақырыптары мен қатар СӨЖ, СОӨЖ тақырыптарын да қамтиды.

Қорытынды баға

Қорытынды баға қоярда аралық бақылаулар мен емтиханның баллдары есепке алынады.

Қорытынды баға аралық бақылаулардың орташа мәні 0,5- ке тең салмақтық коэффициентке және емтиханда алған баллды 0,5 –ке көбейтілетін төмендегі формуламен есептелінеді:

мұндағы , - сәйкесінше бірінші және екінші рейтинг бағалары;

емтихан бағасы ( ).

Әріптік баға мен оның баллмен алынған сандық эквиваленті кестеде көрсетілгендей дұрыс жауаптардың пайыздық мәні бойынша анықталады.

Баға

Баллдардың сандық эквиваленттері

Пайыздық мәні

Қалыпты үлгі бойынша баға 

А

4

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

 

В

3

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

 

С+

2,33

70-74

 

С

2

65-69

 

С-

1,67

60-64

Қанағаттандырарлық

D+

1,33

55-59

D

1

50-54

F

0

0-49

Қанағаттандырарлықсыз

Курс саясаты мен талаптары

Сабаққа кешікпей келу керек; оқытушының тапсырмаларын тиянақты орындау керек; сабақ уақытында тәртіп сақтап, ортаға кедергі келтірмеу керек; зертханалық жұмыстар өз уақытында өткізілуі керек (негізгі және қосымша).

Сабақ уақытында төмендегідей тыс жұмыстармен айналысуға тыйым салынады:

  • ұялы телефонды қолдануға;

  • сабақ тақырыптарынан тыс тақырыптарға сөйлесуге;

  • музыка тыңдауға;

  • ойнауға;

  • сабаққа қатысы жоқ әдебиеттерді оқуға;

Қатаң тыйым салынады:

    • кабельдер мен тоқтарға тиісуге;

    • оқытушының рұқсатынсыз компьютерге дисктерді салуға;

    • өз бетінше программаларды орнатуға;

    • сабаққа тамақтар мен ішімдіктерді әкелуге;

    • оқытушының рұқсатынсыз компьютерді қосуға, өшіруге тыйым салынады.

Аталған ішкі ережелерді бұзған студент сабақтан (аудиториядан) шығарылады.