- •I позиция. Алдыңғы түрі.
- •Түскен кездегі шағымдар:
- •Жалпы қарау:
- •Дене мүшелерін жекелеп қарау: Тыныс алу жүйесі
- •Жүрек – қан тамыр жүйесі
- •Жамбасты өлшеу
- •Босанудың алдындағы арнайы акушерлік зерттеу: Айна көмегімен зерттеу
- •Қынаптық зерттеу
- •Босанудың болжам мерзімі
- •Дәрігерлік тағайындалымдар парағы:
- •Босануды жүргізу жоспары
- •Шүйдесімен келгендегі алдыңғы көрінісінің босану биомеханизмі
- •Босануды жүргізу жоспары:
- •Босану ағымы:
- •І кезең:
- •Іі кезең:
- •Ііі кезең:
- •Жаңа туған нәрестені біріншілік өңдеу:
- •Аудару эпикризі
- •Нәрестенің дамуы:
- •Бақылау күнделігі
Босануды жүргізу жоспары:
Клиникалық тексеру;
Босануды консервативті жүргізу;
Партограмма бойынша бақылау;
ІІ кезеңді еркін позициямен жүргізу;
Босанушы әйел мен ұрықты мониторингтеу;
ІІІ кезең активті жүргізу.
Босану ағымы:
Қағанақ суы кетті: 04.05.13 сағат 10:30-да
Толғақ басталды: 04.05.13 сағат 11:00-де
Қағанақ суы: ақшыл түсті.
Жатыр мойынының толық ашылуы:
22.02.12 сағат 12:10-де
Күшену басталуы: 04.05.13 сағат 13:20-да
І кезең:
Сағат 9.00
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымы жоқ. Тамыр соғысы 80 рет минутына. АҚҚ 120/70 мм с.б. Толғағы 10 минутта 5 рет. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісінде. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 136 рет.
Сағат 11:00
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120/80 мм.с.б.. Пульс минутына 84 рет. Ұрық жүрек соғысы анық, 140 рет минутына. Толғақ 10 минутта 5рет. Жатыр мойыны толық ашылды.
Іі кезең:
Сағат 12:10
Күшену басталды 10 минутта. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымы жоқ. АҚҚ 120/80 мм с.б. тамыр соғысы минутына 82 рет. Ұрық жүрек соғысы анық, ырғақты минутына 138 рет. Бала басы жамбас түбінде.
Сағат 13:20
Күшену жалғасуда 10 минутта 5 толғақ 50-55 мин. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шағымы жоқ. АҚҚ 110/70 мм с.б. Пульс минутына 84 рет. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ритмді минутына 136 рет. Бала басы жарып шығуда.
Сағат 13:30
Мерзімінде босану болды. Тірі, күні жетілген қыз жынысты, асфиксиясыз нәресте туылды. Апгар шкаласы бойынша 9-10 ұпай. Айқайы қатты, тері жамылғысы бозғылт, бұлшық ет тонусы жақсы, рефлексттері сақталған.
Ііі кезең:
Сағат 14:00
Бірінші минутта бұлшық етке 10 Б Окситоцин енгізілді.бесінші минутта белсенді түрде, үшінші тракцияда жатырға қысым жасап, кіндік баудан тарту арқылы бала жолдасы шығарылды. Плацентарлы тіні бүтін, қабығы түгел. Жатыры тығыз. Босану жолдары дәкемен қаралды. Жыртылу жоқ. Қан кету: 120 мл.
Сағат 11:30
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120/80 мм.с.б. Пульс минутына 78 рет. Шағымы жоқ. Жатыры тығыз. Бөліністері қанды, аз мөлшерде.
Жаңа туған нәрестені біріншілік өңдеу:
Алғашқы екі сағатта нәресте «теріге тері» әдісімен анасының үстіне жатқызылды. Өңдеу босануды жүргізген акушер. Босанудан кейінгі нәрестені электронды термометрмен дене температурасын 30 минут ішінде өлшедік (t - 37.5ºC). Туылғаннан кейін бір сағат ішінде профилактика ретінде нәресте көзіне 1% тетрациклин мазь жақтық. Кіндік шеңберінен 0.3 см аралықта Роговин қысқышын кигізіп, стерильді кіндік шеңберінің қалдығын 0.3-0.5см жоғары бөлігінен кестік. Қатты қысып орауға болмайды. Нәресте салмағын және бой ұзындығын өлшеу барлық ережелерді сақтап екі сағаттан кейін жүргізілді. Нәрестені туылғаннан кейін неонатолог қарады.
2 сағаттан кейін нәресте жағдайы жақсы болды, нәрестені анасымен бірге босанғаннан кейінгі бөлімге ауыстырды.
