Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Босану тарихы.docx111 ЛИЯ.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Асқорыту жүйесі бойынша тексеру.

Ернінде цианоз анықталмайды, ылғалды, ерні жарылмаған. Ауыз-қуысның кілегей қабаты қалыпты. Тілі ылғалды, қызыл, көмей ашық қызғылт түсті. Бадамша бездері қалыпты. Асқазан ішек жолдарының жағдайы қалыпты, беткей пальпациялағанда ауырсынуы жоқ.

Бауыр және өт жолдары.

Бауыр ұлғаймаған, ауырсыну жоқ. Образцов Стражеско тәсілі бойынша бауыр шекарасы бауырдың төменгі шеті оң жақ бұғана орта сызығы бойында қабырға тінінен 2 см төмен орналасқан, сүйір консистенциясы жұмсақ, беті тегіс, бауыр ойығы анықталмайды.

Бауыр перкуссиясы бауырдың төменгі және жоғарғы шегін анықтау

Оң жақ алдыңғы қолтық сызығы:

Жоғарғы шегі – 7 қабырға, төменгі шегі – 10 қабырға.

Оң жақ бұғана орта сызығы :

Жоғарғы қабырға – 6см, төменгі – оң жақ қабырға тінінің төменгі шегі.

Оң жақ төс маңы сызығы:

Оң жақ қабырға тінінен 6 см.

Курлов бойынша өлшемдері.

  • Оң жақ қолтық алдыңғы сызығы бойынша – 9 см

  • Оң жақ бұғана орта сызығы бойынша – 8 см

  • Қисық өлшемі (оң жақ қабырға тіні) – 7 см

Зәр шығару жүйесі бойынша тексеру.

Бел аймағы қарағанда патологиялық ісінулер жоқ. Пастернацкий симптомы екі жақта да теріс, зәр шығаруы өздігінен. Зәрдің түсі, иісі, жиілігі қалыпты. Кіші дәретке сирек отырады, бұл жүктілікке байланысты.

Жүйке жүйесі.

Санасы айқын, сөйлесуі дұрыс, қойылған сұрақтарға кешікпей жауап береді. Сіңір рефлексі қалыпты.

Эндокринді жүйесі бойынша тексеру.

Әйелдің сыртқы түрі жасы мен жынысына сәйкес. Біріншілік, екіншілік жыныстық белгілері дамыған. Қалқанша безі ұлғаймаған.Бойы-164см,салмағы-70кг.

Жамбасты өлшеу.

Пельвиметрияда дәрігер жүкті әйелдің іш айналымын, жатырдың биіктік деңгейін және жамбас өлшемдерін өлшейді. Ол үшін сантиметрлік лентамен жамбас өлшеуін қолданады.

Іш айналымын өлшеу: сантиметрлік лентамен кіндік тұсында өлшейді (жүктілік соңында іш айналымы 90-100 см-ге тең). Ал егіз жүктілікте, ірі ұрықта, көп сулы жүктілікте, нәрестенің көлденең орналасуында, семіздікте іш айналымы 100 см-ден артық болуы мүмкін. Мерзімі жетпеген жүктілікте жатырдың деңгейі 36-37 см-ге тең, босанар алдында жатыр деңгейі төмендеген, 34-35 см-ге теңеседі.

Жамбас өлшемдерін анықтау үшін, жүкті әйел қатты тақта үстінде екі аяғын созып, шалқасынан жатады. Үлкен жамбастың 4 өлшемі бар: 3 көлденең, 1 тік өлшемі бар.

  1. Distantia spinarum - мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы. Ол үшін жамбас өлшеуішінің түймелерін осы өсінділерінің сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда бұл аралық 25-26 см

  2. Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелік аралық (28-29см). Ол үшін жамбас өлшеуішінің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетімен жылжытып, оның ең алшақ нуктелерінің арасын өлшейді.

  3. Distantia trochanterica – ұршық аралығы. Ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол 31 – 32 см.

  4. Conjugate externa – сыртқы конъюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі. Бұл өлшемді анықтау үшін әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созу керек. Өлшеуіштің бір түймесін шаттың сыртқы жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын сегізкөзүсті ойығына орналастырады. Қалыпты жағдайда 20-21см тең.

1сурет

  1. Диоганальдық коньюгата (соn.diagonalis)-деп шат сүйегінің төменгі қырынан сегізкөздің ең шығыңқы мүйісіне дейінгі аралықты айтады. Бұның тура өлшемін қынаптық зерттеу арқылы анықтайды: екінші және үшінші саусақтарды қынапқа енгізе отырып, 4-5 саусақтарды бүгеді, 1 үлкен саусақты шат сүйегінің үстіне орналастырады. Қынапқа енген саусақты мүйістің ұшына жеткізіп, ал алақанның үстіңгі қырын қасағаның төменгі қырына тірейді.

Жамбас сүйектерінің қалың жұқалығын анықтау үшін жүкті әйелдің білезігін өлшейді, орта шамамен ол 14см-ге тең : бұл Соловьев индексі. Егер ол 14см-ден артық болса , онда жамбас сүйегінің қалыңдығынан оның қуысы тарылады, ал 14см кем болса, жұқалығына байланысты оның қуысы кеңиді.

ММихаэлис (сегізкөз ) ромбысы – (2 сурет) жоғарғы бұрышы бесінші бел омыртқаның қылқанды өсіндісінің шұңқыры. Бүйір бұрыштары мықын сүйегінің артқы жоғарғы өсінділеріне сәйкес келеді. Төменгі бұрышы құйымшақтың ұшына жетеді . ал жоғарғы және сыртқы жағынан ромбы арқаның үлкен бұлшық еттерімен, төменгі және сыртқы жағынан бөксе бұлшық еттерінің қырымен шектеледі.

2сурет