2. Ашық нарықтағы операциялар жүргізнтін федералды комитеті;
3. Федералдық кеңес беру кеңесі;
4. 12 Федералдық резервтік банктер;
5. ФРЖ-ға мүше 6000 коммерциялық банктер.
2-сызба. ФРЖ-ның құрылымы(№11)
Басқару кеңесі Федералды резервтік банктердің қызметін бақылауға ФРЖ-ның саясатының басты бағыттары бойынша шешім қабылдауға өкілетті мемлекеттік құрылым ретінде құрылған.
ФРЖ-ның басқару кеңесінің басты қызметі – ақша-несие саясатын дайындау. Бұдан басқа бұл Кеңес әр түрлі банктік институттар мен федералды резервтік банктерге қатысты қадағалау және реттеу қызметтерін де жүзеге асырады.
Басқару кеңесі елдің төлем жүйесінің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етеді, сол сияқты, тұтыну несиесі аумағындағы қызметтерді реттеуге бағытталған федералдық заңдардың орындалуын қатаң бақылап отырады. ФРЖ-ның Басқару кеңесі Федералдық резервтік банктердің қызметін бақылаумен қатар, резервтік банктер мен ФРЖ-ға мүше басқа да резервтік округтарда, сол сияқты шет елдерде филиалын құру туралы шешім қабылдайды және жылына бір рет резервтік банктердің қызметіне ревизия жүргізеді. Кеңестің төрағасы халықаралық валюта – қаржы мәселелері бойынша үкіметтің осы төңіректегі саясаты ретке келтіріп отыратын Ұлттық кеңес беру Кеңесінің мүшесі болып табылады.
ФРЖ-ның Басқару Кеңесі ФРЖ-ның ақша-несие саясаты аясында кең өкілеттіліктерге ие болып келеді:
-федералды резрвтік банктердің бюджетін бекітеді;
-барлық 12 федералды резервтік банктердің есепке алу мөлшерін бекітеді және қайта қарайды;
-ФРЖ-ның ашық нарықтағы операциялары жөніндегі Комитеті арқылы ФРЖ-ның бағалы қағаздарымен жасалатын операциялардағыц саясатын анықтайды;
-бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға қатысты барлық басты талаптарды реттейді.
ФРЖ-ның басқару кеңесі
Резервтік талаптарды белгілеп, ақша
және несие, қаржы саясатының компоненттері
ретінде дисконттық пайыз саясатын
бекітеді;
ФРЖ-ға мүше банктер мен банктік
холдингтік компаниялардың қызметін
бақылайды және реттейді;
Банк қызметін тұтынушыларды қорғайтын
қаулыларды дайындап, оны іске асырады;
Федералды резервтік банктер қызметін
бақылайды;
Федералды резервтік
банктер(12 округтан):
Дисконттық пайыз мөлшерлемесінің
көлемін ұсынады;
Депозиттік мекемелердің резервтік
қалдықтарын сақтап оларға ссуда береді;
Айналысқа нақты ақшалар шығарады;
Депозиттік мекемелер үшін чектерді
инкассациялау және ақшаларды аударуды
жүргізеді;
АҚШ Үкіметінің қарызына, кассалық
нақты ақшаларына жетекшілік етеді;
Жалпы
жетекшілік
жасайды
Тұтынушылардың мүдделік сұрақтары
бойынша мәжілістік кеңес.
Федералдық кеңес беру кеңесі.
Жинақ мекемелері бойынша мәжілістік
кеңес.
Ашық нарықтағы операциялар бойынша
Федералды комитет.
(ФРЖ-ның басқару кеңесінің мүшелері
және федералдырезервтік банктердің 5
президенті).
Ашық нарықтағы операцияларға жетекшілік
етеді.(АҚШ Үкіметінің бағалы қағаздрын
сатып алады және сатады).
Мәжілістік Құрайды
қызмет
атқарады
3-сызба. ФРЖ-ның ұйымдастырылу құрылымы
1978 жылыц ФРЖ-ның Басқару кеңесі АҚШ-та қызмет ететін шетелдік банктердің филивлдары мен бөлімшелері үшін жоғарғы шекті пайыз мөлшерлемесін және резервтік талаптарды белгілеу, федералды резервтік банктердің олпрға несие беру және басқа да қызметі туралы сұрақтарды шешу, олардың АҚШ аумағында жүзеге асыратын банктік операцияларын бақылау туралы өкілеттігін алады.
Ашық нарықтағы операциялар бойынша федералды комитет ФРЖ-ның құрылғанына 20 жыл болғаннан кейін, 1933 жылы құрылды. Алғашқы жылдары комитеттің ашық нарықтағы бағалы қағаздармен жасалған операциялары әр резервтік банк орналасқан жерде жекеше түрде жүргізілді.
Комитеттің құрамына 12 адам кіреді: 7 – ФРЖ-ның басқару кеңесінің мүшелері, 5 – федералды резервтік банктерден алынған өкілдер. Нью – Йорктің федералды резервтік банкісінің Президентіне Комитеттің төрағалық қызметі жүктелген.
Федералдық кеңес беру кеңесі де 12 адамнан тұрады. Бұл кеңестің мүшелері 1 жыл мерзімге федералды резервтік банктерден тағайындалады. Кеңес беру кеңесі ФРЖ-ның қызметтері: ақша-несие саясатына, алтынмен жасалатын операцияларға, банкноттарды эмиссиялау және шетел банктерінің операцияларына байланысты сұрақтар жайлы қызмет көрсетеді.
ФРЖ операцияларын 12 федералды резервтік банктер жүзеге асырады. Бұл банктер және олардың 25 бөлімшесі ірі қалаларда орналасқан. АҚШ аумағында ФРЖ-ның құрылуы туралы заңға сәйкес 12 федералды резервтік округқа бөлінген. Федералды резервтік банктер орталық банктің банкноталарды эмиссиялау және басқа да қызметтерін жүзеге асырады.
Әр резервтік банкті 9 директордан (6 директор ФРЖ-ға мүше банктердің өкілдері, ал 3 директор ФРЖ-ның басқару кеңесінен) тұратын Кеңес басқарады. Директорлар 3 топқа бөлінеді: А класы, В класы,С класы. А және В класының директорлары ФРЖ-ға мүше банктерден сайланады, екі кластың да бір-бір директоры ұсақ банктерден, біреуі – орташа, біреуі – ірі банктерден сайланады. С класының директорларын ФРЖ-ның Басқару кеңесі тағайындайды.
Федералды резервтік банктердің 3 директорының әрқайсысы 3жыл мерзімге сайланады, сөйтіп әр кластағы директорлардың біреуі жыл сайын ауыстырылып отырады. Әр резервтік банкті директорлар кеңесі сайлайтын және ФРЖ-ның басқарү кеңесі бекітетін президент және бірінші вице президент басқарады.
Несиелік мекемелердің қосылу мүмкіндіктерін бағалайды
Резервтік округтар төңірегінде банктерге есептік несиелер береді
ФРЖ мен бизнесмендер арасындағы байланысты жүзеге асырады
Штаттағы банктерді тексереді, округтердегі шаруашылық қызметтерінің жағдайлары туралы ақпараттар жинайды
Ақша-несие саясаты туралы мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді және аналитикалық журналдар мен бюллетендер шығарады.
Федералды резервтік жүйеге мүше банктердің жалпы саны 6000-ға жуық жеке коммерциялық банктер, ал қалғандары штаттағы банктерден құралады. Ұлттық банктерфедералдық аудандардың шегінде қызмет етеді. Штаттардың банктері штаттағы заңдардың негізінде қызмет етеді және олардың қызметтерінқадағалауды штаттағ билік ұйымдары жүзеге асырады.
«ФРЖ –ны құру туралы» заңға сәйкес барлық ұлттық банктер ФРЖ-ның мүшесі болуға тиіс. Штаттардың банктері ФРЖ-ға мүшелікке ену талаптарына сай келген жағдайда ғана оның құрамына кіреді; яғни, ол ФРЖ-ның мүшелері санынан 15% мөлшерін құрайды және шығу барысында алдын ала 6 ай бұрын хабардар етеді. ФРЖ-ға мүше банктер өз резрвтерін нақты ақшада немесе өз округтарындағы федералды резервтің банкте депозиттер формасында ұстауға міндетті.
ФРЖ-ға мүше болудың басты бір артықшылығы – ол банктің федералды резервтік банктің клиенті болуымен қатар оның қызметтерін пайдалану мумкіндігі болады. Егер де жеке банктен алатын несиелердің мөлшері сол банктің ресурсының көлемімен шектелетін болса, ал ФРЖ-ға мүше банктер федералды резервтік банкке несие жайлы сұраныс жасағанда, ондай шектеуге кез болмайды. Себебі, федералды резервтік банктің ФРЖ-ның барлық қаржылық ресурстарын пайдалану мүмкіндігі бар. Жеке банктер ФРЖ-ның мүшесі болып табылмайды, бірақ олар ФРЖ-ға мүше банктермен іскерлік қарым – қатынаста болған жағдайларда ФРЖ-ның несие, чек айналысы, клиринг және т.б. қызметтерін жанама түрде пайдаланады.
«Коммерциялық банктер: ұлттық және штаттық болып бөлінеді. Біріншісі федералдық заңдарға бағынады және ФРЖ-ға кіреді, соңғысы бөлек штаттардың заңдарына негізделеді және ФРЖ-ға өз еріктерімен кіреді немесе кірмейді.
Ірі банктердің ішінен гигант-банктердің тобы бөлінеді – «Бэнк оф Америка», «Ферст нейшнл сити бэнк оф Нью-Йорк», Чейз Манхэттан бэнк», «Менюфекчурез Гановер траст К», «Морган Гаранти траст К». Бұл банктер алып қаржылық-кәсіпкерлік топтарды басқарады немесе үлкен рөл ойнайды.
1994 жылдың аяғында барлығы 4313 млрд доллар актив құрайтын 40.9мың коммерциялық банк, ФРЖ мүшелері және 24.5мың мүшелікке кірмейтін 9.3мың штаттық банк саналды.
Бұл мемлекетте ұзақ жылдар бойы федералдық деңгейдегі және штаттық деңгецдегі банктердің әрекетін бақылау мен реттеу жүйесі қалыптасқан. «АҚШ-тың заңдарының қаталдығына қарамастан, банк жүйесінің бытыранқылығы сақталған. Атап айтқанда, көптеген филиалсыз банктер сақталған: 15,5 мың банктердің 7 мыңының бөлімшелері жоқ.
«Бақылау екі топтағы банктерге жүргізіледі:
Федералдық билікке бағынатын ұлттық банк жүйесі
Бөлек штаттардың юрисдикциясындағы штаттық банктік жүйе
Одан басқа, АҚШ банктерінің әрекетіне бақылауды ФРЖ, мемлекеттің 98% банктері мүше болып табылатын Депозиттерді сақтандыратын Федералдық корпорациясы (ДСФК).
Қазынашылық органы ақша айналымын бақылайды, оған 4,9 мың ұлттық банктер бағынады. Оның қадағалау функциясы келесіде көрініс тапқан: ол ұлттық банкті құруға рұқсат береді; бақылау және ревизиялық тексерулерді жүргізеді; бөлімшелерді ашу мен банктерді қосу туралы мәселелерді шешеді.
ФРЖ 1056 штаттық банк мүшелерін бақылайды. ДСФК 8,4 мың сақтандырылған банктерді бақылайды, оның кез-келген банкті тексеруге құқығы бар.
Сонымен қатар штаттардың банктік департаменттері бар. Олар операциялар жүргізуге рұқсат береді, банктерді тексереді, банктердің қосылуы және т.б. қызметтер атқарады. Бұл органдардан банктер басқа Әділет Министрлігінің, Биржа және бағалы қағаздар Комиссиясы т.б. органдардың ықпалында болады.»(№13)
3. АҚШ-тың қаржы-несиелік және салық жүйесі
Ақша несие реттеу мемлекеттің ақша-несие саясатының ретінде экономикалық өсуді қамтамасыз ететін бірден 1 фактор болып табылады.Ақша несие реттеудің қазіргі таңдағы өркениет пен дамудың ажырамас мөлшнрі. Олардың қызметі қоғамдық өнімді өсіруді, бөлуді және тұтынуды 1-1-мен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Ақшк және несие мемлекеттің экономикалық жүйесінің 1 бөлігі ретінде қоғамдық дамудың проблемаларымен заңдылықтарын айқындайды.
Орталық банктің экономикалық белсенділікке ықпал ететін негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне ақша базасы, ресми ставкалар, ақша нарықтағы операциялар, атап айтқагда, бағалы қағаз шығару, резерв талаптардың нормативі, банктерден таратылатын депозиттер және банктерге берілетін несиелер көлемі, валюталық интервенция жататыны белгілі.
Ақша несие саясатының мәні елдегі ақша тепе-теңдігін, яғни, сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікті, инфляцияны мақсатты макроэкономикалық көрсеткішке сәйкес келетін деңгейде ұстап тұру болып табылады. Дәлелді жеткізуге көмектесетін ақша несие саясатының құралдарын таңдауға мүмкіндік береді. Осыған байлатысты ақша несие саясатының экономиканың нақты секторына ықпал ету нәтижесін болжау техникасын әзірлеу өзекті проблема ьолып табылады.
Ақша несие саясатының әдістері – ақша-несие саясатының субъектісінің объектісіне әсер етіп, алға қойған мақсаттарына жету үшін қолданылатын тәсілдермен құралдардың жиынтығы болып табылады.Ақша-несие саясатында реттеудің тікелей және жанама әдістері қолданылады.
Тікелей әдіс дегеніміз – орталық банктің өзінің іс-әрекеттерін әкімші- құқықтық өкілеттігімен орындауы, ал жанама әдіс дегеніміз – ақша нарығының хал-ахуалына ақшаның эмитенті ретінде әсер етуі болып табылады. Ақша – несиелік реттеудің тікелей және жанама әдістерінің арасындағы айырмашылықты екі жақты қарастыруға болады. Тікелей әдіс тауарлардың бағаларын немесе көлемін орнату немесе шектеуді құрастырады, ал жанама әдіс – нарық арқылы сұраныс пен ұсынысқа әсер етеді.Орталық банк тікелей және жанама әдіспен қатар ақша несие саясатын жүзеге асыруда жалпы және таңдамалы әдістерді де қолданады.
Резервтер Жүйесі атқарушы өкіметтен елеулі дәрежеде тәуелсіз. Оның шешімдері президенттің немесе үкіметтік құрылымдардың тарапынан ратификацияланбайды. Дегенмен, ФРЖ өзі жүргізетін ақша-несие саясаты үшін АҚШ Конгресі алдында жауапкершілік атқарады. Кеңес мүшелері қатарынан төраға мен вице-төрағаны тағайындауды қосқанда, ФРЖ басқарушылар кеңесіне барлық тағайындауларды сенаттың келісімімен президент жүзеге асырады. Осыны ескере отырып, сондай-ақ ФРЖ және үкімет жүргізетін саясаттың үйлестірілуін ескере отырып, бұл жүйені – «Үкімет ішіндегі тәуелсіз жүйе», - деп сипаттауға болады.
Қазіргі уақытта әлемнің әрбір елдерінде өз орталық банкі бар, алайда елдің саяси және қаржылық-экономикалық дамуының ерекшеліктеріне байланысты олар өзіндік ерекшеліктерге ие. АҚШ, Германия, Швейцария, Швеция, Нидерланд заңнамасында Орталық банктердің осы елдердің парламенттеріне тікелей бағынуы көзделген, мемлекеттердің көпшілігінде Орт. Банктер қазынашылыққа немесе Қаржы министрлігіне бағынады. Бірқатар елдердің заңнамасында Орталық банктердің Парламентке есеп беруі көзделген (мысалы АҚШ,Германия, Жапония).
Ақша несие саясатын жүргізуде Германияның Орталық банкі – Бундесбанк ең үлкен тәуелсіздікке ие деп саналады, оның тәуелсіздігі «Бундесбанк туралы» заңда(1957ж.) көзделген. Бундесбанк үкіметтің экономикалық саясатын қолдауға міндетті, алайда, олардың нұсқауларына тәуелді емес. Бундесбанк ақша несие саясаттың ең маңызды мәселелері б/ша үкіметтің кеңесшісі ретінде және оған қажетті ақпарат ұсынуға міндетті.Ақша несие саясатының мәселелері б/ша шешім қабылдағанда Бундесбанк үкіметтің анр саясатының бағыттарына қайшы келгенше толық автономға ие.
АҚШ Федералды Резервтер Жүйесі атқарушы өкіметтен елеулі дәрежеде тәуелсіз. Оның шешімдері президенттің немесе үкіметтік құрылымдардың тарапынан ратификацияланбайды. ФРЖ өзі жүргізетін ақша несие саясаты үшін АҚШ Конгрес алдында жауапкершілік атқарады.
Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы болып табылады. Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ,, ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланады. Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы – жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша массасы – ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әртүрлі көрсеткіштер – ақша агрегаттары қолданылады. Бұл агрегаттардағыақша массасының мөлшерін бағалау ақша кредит айналымының әртүрлі параметрлерін толығырақ сипаттауға , ақша айналысының даму тендентциясын және олардың экономикаға сәйкесуін бағалауға мүмкіндік береді.
Белгілі бір мерзім аралығында сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әртүрлі көрсеткіштер – ақша агрегаттары қолданылады. Қазақстандағы қаржы статистикасында шетелдік тәжірибе сияқты мынадай ақша агрегаттарының есептері жүргізіледі:
M0 – айналыстағы қолма-қол ақша
M1=M0 + заңды тұлғалардың есеп айырысу, ағымдық, арнайы, чектік шоттарындағы қаражаты, коммерциялық банктердегі салым ақшалар, халықтың талап еткенге дейінгі депозиттері.
M2=M1 + халықтың банктердегі мерзімді салым ақшалары.
M3=M2 + мемлекеттік қарыз облигациялары, депозиттік сертификаттар.
4-сызба. АҚШ-тың ақша массасын құраушы агрегаттар(№15)
М3 агрегаты бойынша мәліметтер 2006 жылдың наурыз айында аяқталған. Бұны ФРЖ осы мәліметтерді жинауға кететін шығын көп, ал олардың пайдалылығы аз деп мәліметтерді жариялауды тоқтатты. Ал басға агрегаттар ары қарай жарияланатын болады.
АҚШ-тың салық жүйесіне тоқтала кетсек. АҚШ-тың салық жүйесі 1986 жылы қабылданған салық реформасы туралы Заңға сәйкес жүргізіледі. Бұл реформаның басты мақсаты – салық жүйесінің кейбір тұстарын жеңілдете отырып, салықты әділетті және қолайлы түрде жүргізу арқылы экономикалық өсімді ынталандырудың қайнар көзіне айналдыру б.т. АҚШ-тың Ішкі табыстар қызметі (ІТҚ) – орталық аппараттан, 7 аймақтық және 58 округтік салық басқармаларынан тұрады. Ішкі табыстар қызметінің (ІТҚ) аймақтық және аудандық бөлімшелері салықтардың, түсімдердің дер кезінде түсуіне, салықтар бойынша берешектерді өндіру мен салық төлену дұрыстығына бақылау жасауды сол жергілікті жерлерде жүзеге асырып отырады.
АҚШ корпорациялары жыл сайын табыс болмаған жағдайда да декларация толтыруға міндетті. Егер корпорациялық келісілген мерзімде төленуге тиісті салық сомасының 90 % төленбесе, оларға айыппұл салынып, төлем пайызы өндіріледі. АҚШ-тағы салықтар 3 деңгейде алынады: федералды, штаттық және жергілікті деңгейде. Қазыналық тұрғыдан негізгі ауыртпалықты федералды салықтар көтереді. Федералды бюджеттің барлық табысының 41% азаматтар мен корпорацияларға салынатын табыс салығы құрайды.
Азаматтардан алынатын табыс салығына прогрессивті шкала пайдаланылып 5 түрлі мөлшерлемелер қолданылады. 1986 ж-ға дейін 11%-50% аралығында табыс салығының 15 мөлшерлемесі болған. Жалпы жиынтық табысты анықтау үшін барлық табыстар – еңбек ақы, кәсіпкерлік істің табысы, зейнетақы мен жәрдем ақы, бағалы қағаздардан түсетін табыстар топтастырылады. Жалпы жиынтық табыстан іскерлік шығындар алынып тасталады. Оған жататындар: ғимараттар,құрал-жабдықтар, жер учаскелері сиякты капиталдық активтерді алудағы шығындар, ағымдағы өндіріс шығындары. Оларды шегергеннен кейін таза табыс қалады.Таза табыс көлемінен табыстың салық салынбайтын бөлігі (өзгермелі шкала – 1990 жылы 4000 доллар) сияқты жеңілдіктер алынады. Жеңілдіктерден соң қайырымдылық қорға жарна, медициналық қызмет көрсету шығындарына азайтылғаннан кейін салық салынатын табыс қалады. Салық төлеушілер категориялары декларацияны бірге толтыратын ерлі-зайыптылар, табыстары бөлек ерлі-зайыптылар, жалғыз басты отбасы, жеке басты адам болып бөлінеді.
Корпорация табысына салынатын салықтар шағын және орта бизнесті ынталандыру мақсатында прогрессивті түрде бекітіледі. Жылдық табысы 50000 долларға дейінгі корпорацияға – 15%, ал 50 мен 70 мың доллар арасындағы табысы бар корпорацияларға - 34% салынады. Әлеуметтік салықтарды жұмыс берушілер, кәсіпкерлер жэне еңбекшілер төлейді. Бұл алымдардан қарттар мен жұмыссыздарды қамтамсыз ету үшін әлеуметтік сақтандыру қорлары қалыптасады. Сыртқы сауда саясатын жүзеге асырудың негізгі көзі ретінде қолданылатындықтан, федералды бюджеттің табыс бөлігінде кедендік баж салықтарының үлесі небәрі 1,6% құрайды. Сондай-ақ, құны 10000 доллардан жоғары сыйға тартылатын немесе мұрагерлікке берілетін мүлікке 18-50% (2,5 млн. мұра құнына – ең жоғарғы мөлшерлеме) мөлшерлемеде салық салынады.
Штат деңгейіндегі салықтардың өзіндік жүйесі бар. Штат бюджетінің басты көзі саналатын, сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтерге салынатын, акциз салығынан түсетін түсім түсімдердің 40% құрайды. Мөлшерлемелер әр штатта әр қилы (3-8%), кейбіреулерінде мүлдем қолданылмайды. Штаттардың барлығы мүлік салығын төлейді, олардың жалпы штат бюджетінде түсімдердегі үлесі 2% (мөлшерлеме 0,5 - 5 %). Штат бюджетінің 30 % халықтан алынатын табыс салығы құрайды. Ол 50 штаттың 44-де ғана алынады (мөлшерлеме 1-4%; 3-11%).(№16)
