Билет №16
Бір әйел перзентханаға АИВ бойынша тестілеу нәтижесінсіз түседі. АИВқа экспресс тестілеу жүргізіледі және оның нәтижесі «теріс» болады, АИВқа қаттыфазалық ИФА бойынша қан тапсырады. АИВқа экспресс тестілеудің «теріс» нәтижесіне байланысты әйел мен балаға босану және босанғаннан кейінгі кезеңде профилактикалық антиретровирустық терапия жүргізілген жоқ. Бала әйелдің бауырына беріліп, төрт күн бойы емшекте болады. Мейрам күндерін қоса есептегенде ЖИТС Орталығы босанғаннан кейінгі төртінші күні ғана ИФА бойынша «оң» нәтиже береді.
Экспресс тестілеу мен қаттыфазалық ИФА нәтижелері сәйкес келмегендіктен эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі. Экспресс тестілеу жүргізген кездегі акушердің қателігі анықталады. Ол нәтижені оқу уақытын ескермеген. Әйелден анамнез алу кезінде оның күйеуінің инфекциясы бар екені анықталады. Осылайша бала төрт айлық болғанда оған «АИВ инфекциясы» деген диагноз қойылады.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай ережесі бұзылған?
Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы
заңнама негіздері модулінің жетекшісі з.ғ.д., доцент Испаева Г.Б.
хаттама №1, 28.08.2014
Билет №17
Бір емхананың (клиниканың) бас дәрігері өзінің мекемесіндегі АИВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайының қолайлығына күмән келтіріп, мазасызданған соң қарамағындағы барлық қызметкерлерді АИВ-қа ИФА анализін алып тексеруге шешім қабылдады. Тексерудің алдында медициналық қызметкерлерді сол мекеменің әкімшілігінің шешімі бойынша барлығына АИВ-қа тексеруден өту қажет екендігі туралы жай ғана ескертілді. Тексеру барысында үш қызметкердің арасында (бөлімшенің аға мейірбикесі, шаруашылық мейірбике және лаборант) нәтиженің «оң» болып шыққандығы анықталды және ол нәтиже соңынан иммундық блотингте дәлелденді.Тексерудің нәтижесімен әкімшілік қызметкерлері танысқан соң аталған жұмысшылар жұмыстан шығарылды. Әкімшілік өзінің бұл әрекетін аталған медициналық қызметкерлер науқастарға қауіп-қатер туғызуы мүмкін екендігімен түсіндіреді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай ережесі бұзылған?
Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы
заңнама негіздері модулінің жетекшісі з.ғ.д., доцент Испаева Г.Б.
хаттама №1, 28.08.2014
Билет №18
Мейірбике зертханаға АИВ инфекциясы бар баланың қаны құйылған әйнек пробирканы алып бара жатып құлатып сындырып аалады. Ол әйнек сынықтарымен қолымен тере бастағанда қан дақтары бар әйнек сынықтары оның саусағын кесіп кетеді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай ережесі бұзылған?
Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы
заңнама негіздері модулінің жетекшісі з.ғ.д., доцент Испаева Г.Б.
хаттама №1, 28.08.2014
