Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айдана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55 Кб
Скачать
☆

1.6 Оқушылардың үлгерімін есепке алу және білімін бағалау

Оқушылардың білімін тексеру және үлгерімін есепке алудың міндеттері.

Педагогикалық талаптарды сақтау: жеке-даралық, жан-жақтылық,

жауапкершілік, әділдік, жүйелілік.

Ілгерімді есепке алудың түрлері: ағымдағы, мерзімді, қорытынды.

Еңбегі бойынша білімді, ептілікті және дағдыны бағалаудың критерийлері;

дәлдік; материалды сапалы өңдеу; еңбек тәсілдерін орындаудың ережелері,

сандық көрсеткіштері; тапсырманы орындаудың өзіндік деңгейі; жұмысшы

орнын ұжымды (орынды) ұйымдастыру; еңбек ету қауіпсіздігін және

денсаулық сақтау, тазалық ережелерін сақтау.

Оқушылардың білімі мен ептілігін тексерудің түрлері: ауызша, жазбаша;

бағдарламалық сұрақ қою (машиналық және машинасыз, бақылау, үй

тапсырмасы мен оқушылардың жұмысын, құрал-жабдыққа қатынасын

тексеру).

Тақырып 7

1.7. Технологияны оқыту әдістері

Сабақ барысында мұғалім мен оқушылардың қызметі алуан түрлі. Бұның

мәнісі мынада: әрбір нақты жағдайда оқытудың білім беру, тәрбиелік және

дамытушылық мақсаттарына жету үшін әр түрлі жұмыс әдістері

қолданылады.

Технология мұғалімдерінің жұмыс сараманында оқытудың түсіндіру-безендіру және репродукциялау (суреттерді көшіру), ғылыми зерттеу,

демонстрация әдістері өте жиі кездеседі.

Түсіндіру-безендіру әдістері. Мұғалім түсіндіру-безендіру әдістерін

дайын ақпараттарды хабарлағанда қолданады. Оқушылар сол

ақпараттарды қабылдайды, ой елегінен өткізеді де есінде сақтап қалады.

Түсіндіру-безендіру әдістеріне әңгіме, түсініктеме, оқулықтар мен басқа

көрнекі дүниелерді көрсету, нұсқау карталармен жұмыс жатады.Бұл әдісті

жүзеге асыру үшін мұғалімнің жанды сөзіне, оқу кітаптары мен көрнекі

құралдарға ақпараттарды шоғырландырып беру мүмкіндігі қосылады,

сондай-ақ тігін және тоқыма кәсіпорындары мен қызмет көрсету

саласындағы жұмысшылар ақпаратын еңбек тәсілдерінің орындалу

барысын кино арқылы көрсетуге болады.Компьютерлерде конструкцияның

есептеулерін жүргізуге, әр түрлі бұйымдардың үлгілерін жасауға,

модельдерді, жұмыстың әр түрлі озық жолдары мен тәсілдерін көрсетуге

мүмкіндік туды.

Репродукциялау әдістері. Бұл әдістер негізінен оқушылардың

дағдылануы мен шеберлікке үйреніп, меңгеруінде қолданылады. Мұндай

әдістерге жаттығу, лабороториялық жұмыстар, нұсқамалар жатады.

Ғылыми зерттеу әдістері. Мектептерде оқу процесін ғылыми зерттеу

оның мазмұны мен мақсатына, ғылым ретінде жүргізіледі. Бұл

мұғалімдердің алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибесін жан-жақтылы, жоспарлы ғылыми түрде жаңа формаларды іздестіру негізі

болып табылады. Олардың шығармашылық,іс-әректтеріндегі жеткен озық

тәжірибелерімен мүмкіндіктерімен бірге кейбір жіберілген кемшіліктерін

анализдеу кезінде қол жеткізіледі.

Бұны нағыз ғылыми практикалық ізденіс кезінде мұғалімнің іс-тәжірибесін, басқа мүмкіндікте жұмыс жүргізетін мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен салыстыра отырып анықтайды. Осындай іс-шаралар

кезінде оқыту кезеңіндегі нақтылы заңдылықтар көрінеді, оның

эксперименталдық тексерістер кезінде байқалатындығын көреміз.

Оқытушының педагогикалық іс-тәжірибесін анықтау үшін, мына

төмендегі шаралар іске асырылады: бақылаулар жүргізу, әңгімелесу,

анкеталық сұрақтар алу, оқушылардың творчествалық, шығармашылық

жұмыстарын талдау, құжаттармен жұмыс, эксперименттер жүргізу,

техникалық оқу құралдарын пайдалану, статистикалық көрсеткіштерді

байқау және теориялық анализдер жүргізу.

Бақылау белгілі бір мақсатпен мұғалімнің методикасын қадағалау, оның

дамуы, өзгерісін жан-жақтылы бағалау, әр түрлі жағдайларда еңбекке

баулу процесін, оқыту тәсілін, әдістерін, білімдері мен дағдыларын

анықтауда оқушылардың жекелген іскерлігінен көруге болады. Бақылау

барысында көптеген фактілер, толықтырулар, қорытындылар, анализ тағы

басқа методикалық жақтарын көруге болады.Бұл кезде бақылау үшін алға

дұрыс мақсат қоя білу шарт. Бақылауды жай жүргізе салмай, алдын-ала

мұқият дайындалып, мақсатын анықтап, нәтижелі болу үшін пртокол және

күнделік жүргізу, фото суретке түсіріп отыру деген сияқты іс-шараларды

жүзеге асыру қажет. Бақылау күнделікті іс-әрекет ретінде жүргізіледі.

Мұндайда мұғалім мен оқушылар сыртынан бақылаулар жүргізіліп

жатқанын біл-мегені дұрыс.

Әңгімелесу - мұнда оқушылармен пікір алысу олардың ойын пікірін білу

мақсатында жүргізілетін методикалық әрекет. Әңгімелесуге мұғалімдерді

де, мастерлерді де, ата-аналарды да тартуға болады. Алдын-ала

жоспарланған шаралар бойынша оқу-еңбек процесін де жай қарапайым

жағдайда өткізілуі керек. Әңгімелесудің нәтижелерін хаттамаға түсіруге

болады. Стенография немесе магнитофондық жазулар жүргізуге болады,

ал соңынан оңашада анализдеп, қорытындылау қажет.

Демонстрация әдістері. Демонстациялық әдіс оқытудың ең қажетті

көрнекілік принциптерін орындау болып табылады. Осы әдісті қолдану

оқушыларға сабақта пәндерді табиғи түрдегі немесе оларды бейнелеу

процесін қабылдауға мүмкіндік береді. Осы және басқа да жағдайларда

демонстрация статистикалық немесе динамикалық болуы мүмкін. Олар

негізгі білімді қабылдағанын сезінуге, оқушылардың оқылатын пәндері

туралы дұрыс ұғымдарының қалыптасқанын білдіреді. Барлық жағдайда

демонстрация ауызша түсіндірумен бірге жүреді. Оқу шеберханасындағы

демонстрация тек қана көрнекілік құралдармен оқыту әдісі емес,

оқушылардың білім бұлағының объектісін үйрену болып табылады.

Мысалы: тігін машинасын, кілем станогын, мальберттің құрылымын, оның

объектісін қараусыз операцияларды орындауды дұрыс қабылдау үшін

мұғалім айтып қана қоймай, олармен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетеді.

Демонстрациялау арқасында оқушыларға көру арқылы пәннің әсері

қалады. Демонстрация пәнді басқа да ережелерге сүйене отырып

қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, тігін машиналары оны тек көріп

қана қоймай, оның құрылысымен танысып, онымен тігіп жұмыс істейді.

Оқушылар жұмысты қабылдаған кезде, мұғалімнің түсіндіргенін тыңдап

барып, содан кейін сол жұмысты өздері істеп көреді және сол жұмысты

қорту процесінде қолданады.

Оқу шеберханасындағы сабаққа әр түрлі демонстрация түрлері

қолданылады, оларды келесі топтарға біріктіреді:

- табиғи түрде оқылатын объекті мен процестерді демонстрациялау;

- графикалық құралдар мен суреттерді демонстрациялау;

- киноларды демонстрациялау;

- жұмысты қабылдау демонстрациясы.