- •Сурет. Тік күректі эксковатормен қазаншұнқырды
- •6.3 Сурет. Қазаншұнқырды жарыспалы өтістермен өңдеу
- •Топырақты жер қазғыш және жер қазып тасымалдайтын машиналармен өңдеу.
- •6.4 Сурет. Алаңшаларды скреперлермен тегістегенде топырақты өңдеу үлгісі
- •Соңғы бақылау
- •Топырақты гидромеханикалық әдіспен өңдеу
6.4 Сурет. Алаңшаларды скреперлермен тегістегенде топырақты өңдеу үлгісі
а-аралық тіліммен өту; б-шахмат қырлы тәріздес.
Топырақ жаңқасының қалыңдығы өтістердің шахмат – қырлы жүйелігінде бір қалыпта қалады, ал кесілетін жоңқа ені кесіп алу соңында қозғалтқыш жұмысын жеңілдету үшін екі рет азаяды, ол кесу кедергісін кемітеді және шөмішті толтыруға, оны тереңдетпей жүргізуге мүмкіндік береді.
Скрепердің жұмыс циклі ұзақтылығының дені төгу жеріне бару және кері жүрүден тұрады. Сондықтан тасымалдаудың орташа ұзындығы мен бұрылу санының ең кіші мағыналарына жеткізетін жүрістің ең ұтымды үлгісін таңдауға ерекше назар аудару керек.
Алаңшаларды скреперлермен тегістегенде бойлай және көоденең тасымалдау қолданады және жүріс келесі үлгілерге бөлінеді:
Эллипспен - әдетте, алаңшаларды тегістегенде және ұзындығы шамалы алымдарда қордан үйінділер салғанда қолданады. Сонымен скрепердің және көліктің қозғалу бөлшектерін тозудан сақтау үшін жүріс бағытын әлсін - әлсін өзгерту керек.
Сегіздікпен – дәл эллипспен орындалатын процестерде, бірақ жұмыс майданының үлкен ұзындығына қолданады. Сонымен қатар мұнда қозғалу бөлшектерінің жір жақты тозуы жойылады.
Шиыршықпен – түсу құламасын жасауға жұмыстың үлкен көлемі қажет емес, аласа үйлер салғанда ұтымды;
Ирекпен – Бірінен соң бірі жүретін скреперлер тізбегін қолданумен ұзын бойлық бір жақты қорлардан үйінді салғанда қолданылады.
Қайықты – шоғырланған жүк массаларын ауыстырғанда және бір – бірінен көп қашықтықта болғанда қолдану мүмкін.
Топырақты грейдерлермен өңдеу. Грейдерлер бульдозерлер сияқты пышақты қазып – тасымалдайтын машиналарға жатады. Грейдердің негізгі жұмыс құралы алдыңғы және артқы доңғалақтар аралығында бекітілген тілгіш пышағы бар қайырма болады. Машина қазымды бойлай жүргенде пышақ көмегімен топырақты кесу және оны атжалға салу жүзеге асырылады.
Қозғалу бөлшектері және жұмыс құралының құралымдарына байланысты олар грейдер – элеваторларға бөлінеді.
Топырақты үю және тығыздау тегістеу жұмыстарында, әр түрлі үйінділер жасағанда, ipгeтастар қуыстарын қайта көмгенде орындалады. Өзі түcipeтiн машиналармен жеткізілген топырақтардан үйінділер жасағанда алаңды карталарға бөледі: біріншіде топырақ түсіреді, екіншісінде - тегістеледі, үшіншіде — тығыздалады.
Тегістеу бульдозермен, ал тым ұқыпты арнайы тегістеу машиналармен (автогрейдерлермен) жасалады. Тегістелетін қабаттар қалындығы топырақ тығыздаушы машиналардың мүмкіншілігіне сәйкестену керек: егер қалыңдығы аз болса, тығыздаушы машинаны пайдалану нәтижелігі төмен болады, ондай болмаса тығыздаудың кажетті дәрежесіне жетуге болмайды. Топырақты ең үлкен тығыздау нәтижесіне жететін және оны тығыздау үшін ең аз еңбек шығатын үйлесімді дымқылдықта тығыздау керек. Топырақтың табиғи күйіндегі дымқылдығы үйлесімгі жақын, сондықтан оны кеуіп қалудан сақтау үшін лезде тығыздаған жөн. Дымқылдығы шамалы топырақ нашар тығыздалады әрә шығынды көбейтеді. Мұндай топырақты дымқылдандыру керек.
Жер
ғимараттарын салу біртекті немесе
алмасу қабаттарымен әртекті топырақтан
өңделуі мүмкін (сурет 6.5).
6.5-сурет. Жер ғимараттарында топырақты төсеу және тығыздау үлгісі
а, б - оймаларда; в, г – суға шылыққан негізде
Байланысқан топырақтардан тұратын төменгі қабаттарға жауын-шашынды үйіндіден табиғи ағуын қамтамасыз ету мақсатымен жиек жағына еңіс береді. Топырақтың тығыздалуын жақсы қамтамасыз ету үшін құрғатылатын топырақтар жиектер үйінді өсіне көлденең қабаттармен төселеді. Әр түрлі сүзгіш қабілеті бар топырақтарды бip қабаттың шегінде алмастыруға болмайды, себебі бұл байланысқан топырақтардың артық дымқылдануына және олардың көтергіш қабілетін азайтуға әкеліп соғады.
Топырақты тығыздау жер ғимараттарының қайсысы болса да құрылыста ең маңызды операциялардың бipi болады. Топырақ тығыздау процесіне қойылатын негізгі талаптар; топырактың үйлесімді дымқылдығы, тығыздалатын қабаттардың қалыңдығы, тығыздаушы машиналардың қолайлы массаларын таңдау. Топырақтың жетілген тығыздануы мына қатынас арқылы анықталатын коэффициентпен бағаланады.
мұндағы ра — нығыздалғаннан кейін алынған топырақ тығыздығы, г/см3; рк — топыраққан касының берілген тексеру тығыздығы, г/см3.
Жер ғимараттарындағы топырақ тығыздығы «Құрылыс мөлшерлерімен ережелері» (ҚМЕ) талаптарына сәйкес келу керек. Топырақты тығыздау үшін статикалық та, динамикалық қимылда да топырақ тығыздаушы машиналар қолданады. Топырақ тығыздаушы машиналар әр турлі жұмыс құралдары бар тіркемелі, аспалы және өздігінен жүретіндер болуы мүмкін.
Топырақ нығыздаудың төрт тәсілі болады: тығыздау, таптау, дірілдету және дірілдетіп таптау.
Тығыздау. Өздігінен жүретін және пневмодоңғалақты тіркемелі катоктармен орындалады. Тығыздау күшіне катоктын ауырлык куші мен тербелу жазыктығындағы балласт жүгімен жасалатын жоғары ұласқан кернеу арқылы жетеді. Топырақты тығыздағанда келесі шарттарды сақтау кажет: топырақ тығыздаушы машиналардың өнімділігі жер қазатын және тасымалдайтын құралдардың өнімдеріне сәйкес келу керек; төселген қабаттың қалыңдығы топырақ тығыздаушы машиналардың техникалық сипаттамаларында көрсетілген шамадан аспау керек; тығыздаушы машинаның әр келесі журісі тығыздауды қалдырып кетпеу үшін алдыңғы жүрісті 0,1-0,2 м асыра басу керек.
Қабат қалыңдығы 0,4-0,5 м топырақтарды бip жерді үш-төрт өтумен ауытқу күш шамасы 50-100 Кн дірілдеткіш катоктармен тығыздау керек.
Тереңдігі 1,5 м дейін құмды топырақтарды ауытқу күш шамасы 180-280 Кн дірілдеткіш катоктармен тығыздауға болады. Бір із бойынша дірілдеткіш катоктың өту санын топырақ қабатының қалыңдығына сәйкес 0,5; 0,75; 1,0; 1,25 болғанда шамамен 1, 2, 3, 4 және 5-ке тең алуға болады.
Дірілдетіп таптау. Құрастырылған қимылды (дірілдетіп таптағыштар) тығыздаушы машиналардың басты артықшылығы — күш импульсін және тығыздалатын топыраққа оның әрекет ұзақтылығы көбейтуді үйлестіруден тұрады.
4. Топырақты гидромеханикалық тәсілмен өңдеу технологиялық процесіне: карьерде топырақты сумен шаю; су-топырақ қоспа араласып үйінді салатын жерде тасымалдау; қабатпен үйінді жасау және артық суды топырақтан айыру кіреді. Топырақты гидромеханикалық өндірудің екі тәсілі болады: гидромониторлық және жер снарядтық.
Топырақты гидромониторлармен өңдеу. Гидромониторлыкқ қондырғы сорғыш станциясына су жіберетін магистральды құбырға қосылған гидромониторлардан тұрады. Әр гидромонитордың оқпан ұшына лақтырылатын үлкен кинетикалық энергиялы ағысты құратын саптама бұрып кигізіледі, ол топырақты үйіндіге науалар немесе канаулар бойынша өздігінен ағатын гидроқоспасын айналдырады. Су шығыны және ағыс жылдамдығы ауыспалы саптама көмегімен реттеледі.
Гидромониторлармен топырақты сумен шаюдың екі үлгісі болады: қарсы қазыммен — төменнен жоғары қарай және жолай қазыммен — жоғарыдан төмен қарай (6.6-сурет).
6.6-сурет. Топырақтарды гидроманиторлармен өңдеу
а - қарсы қазыммен; б-жолай қазыммен
Бірінші тәсілде гидромонитор қазымға перпендикуляр тубінде болады және қазымның жоғарғы бөлігі құлаганша оның табанын сумен шаяды. Сонымен қатар құлаган топырақ сумен шайылады және су-топырақ қоспа түрінде еңкіш науалар немесе су бұрғыш каналдар аркылы үйінді жасайтын жерге ағып құйылады. Бұл үлгінің құндылығы су ағысының кинетикалық энергиясын ең толық пайдалану болады. Дегенмен, қазымда қоспаның қарсы тасқыны гидромониторды басқару және оны топырақты шайған сайын ауыстыру бойынша жұмыстарын қиындатады. Жолай үлгісімен шайғанда гидромонитор қазымның бетіне орналастырылады, ал топырақты шаю жоғарыдан төмен қарай құламаны бойлай бағытталған ағыспен өңделеді. Бұл тәсілде қоспаны бұрып ағызуға ең жақсы жағдайлар туады, бipaқ су шығыны едәуір көп болады.
Қауіпсіздік техника талаптарына сәйкес гидромонитордың қазымға дейін ең аз жақындауы мынадай тәуелділікпен анықталады.
мұндағы
-
топырақ түріне байланысты алынатын
коэффициент (сары топырақтар үшін -
1,2; саз балшықтылар үшін 0,6-0,8; саздақ
топырақтар үшін 0,4-0,6); h
-
қазым биіктігі, м.
Қоспа араласын қазымнан үйінді құратын жерге болат құбыры немесе өздігінен ағызып тасымалдауға болады.
Жер жұмыстарын жүргізгенде геологиялық, геодезиялық және геотехникалық бақылау жүзеге асырылады. Орындалған операциялар құрамы бойынша жер жұмы-старының сапасын бақылау жер ғимараттарының түрі және атқаратын міндетімен анықталады. Ол кағида бойынша үш кезеңде орындалады: кіріс (алғашқы), операциялап (жұмыс ондіру барысында) және соңғы (алу-тапсыру).
Kipic бақылауына кіретіндер: жасалатын жер ғимараттарының биіктік және пландық орнын анықтайтын техникалық құжаттарды тексеру, гидрогеологиялық іздеулері топырақты сынау мәліметтері, негізгі элементтерді жер үстіне шығару және оларды бекіту актілері.
Операциялап бақылау жұмыс операциясы жобасымен толық сәйкес орындалады. Қазаншұнқыр және ұзын орлар қазғанда оларға ғимараттар немесе инженерлік жерлердің элементтерін орналастыру шарттарын есепке алып геометриялықэ лементтері, түбінің еңістері және олардың бағыты, құлама жақтарын бекіту тәсілдері басқа шараларды іске асыратын немесе әлсіз топырақтарды бекітуді қамтамасыз eтyi бақыланады.
Топырақты үйінділерге салғанда: оның түрі және ылғалдылығы; үйінді қабаттарын салу жүйесі; тығыздау тәсілі және қабаттың мүмкін қалындығы; салынатын топырақты үйлесімді дымқылдық деңгейіне дейін суландыру (құрғату); үйіндідегі топырақтың тығыздылығының өзгеру ерекшслігі; ор қабаттық шетіндегі топырақтың алынған тығыздылығы берілгенге сәйкестігі; төгілетін топырақтағы тастардың шскті мүмкіншілігі және олардың проценттік мөлшері бақыланады.
