Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лек 14.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129 Кб
Скачать
☆

Беттерді бояу

Әрленетін беттерге бояу құрамы қолмен және механи­каланған тәсілмен қондырылады. Бояу құрамын қондыру әр түрлі көлемді және формалы бояу жаққыштар көмегімен жүзеге асырылады. Бояу жаққыштар дөңгелек және жазық,ұзын және кысқа сапты болады және айналыс, қол, кесік, флейцалы, филенкалыларға бөлінеді. Бояу жаққыштар жұмыс көлeмi кішкентай және жетуі қиын беттерді бояғанда қолданылады. Анағұрлым жоғары сапа және еңбек өнімділігін біліктер қолдану береді. Бейнелі және күрделі келбет бөлшектерді бояу үшін (радиаторлар, ағаштан жасалған бұйымдар, тұтқалар және т. б.) профильді бояу біліктерін қолданады.

Сусыз бояу құрамдарын механикаланған қондыру пневматикалық бояу қондырғыларымен және пневматикалық бояу бүріккіштермен жүзеге асырылады. Бояу бүріккіш қондырғының құрамына: бояу бүріккіш-пистолет, материалдық және ауа шлангілері, бояу айдамалау бағы, май-су ұстап алғыш және компрессор кіреді.

Сулы бояу құрамдары қол және электр бүріккішпен қондырылады. қол бүріккіші сорғыш, аралық бак, сүзгілі сорғыш шланг, қысымды шланг, шүмек, құрық және фор-сункадан тұрады.

Ішкі бөлмелерді бояу олардың биіктігіне байланысты еденнен, басқыштан, майлау үстелінен немесе төсееніштен атқарылады. Бояу қабаттарын қондыру сыр түріне байла­нысты бip немесе екі ретте орындалады.

Әкпен бояу ең арзан және ең аз сапалы болады. Оның құрамына тек сілтіге төзімді пигменттер жарамды. әк құрамын қондыру көбінесе компрессорсыз пистолет арқылы механикаланған тәсілмен жүзеге асырылады.

Желімді бояу ішкі бөлмелерді әрлеудің ең көп таралған түрі болады. Ол бетке бояу жаққышпен және қол және электр бүріккішпен қондырылады.

Казеин бояуы сулы бояулардың ішінде ең берігі, бірақ тек сілтіге төзімді пигменттермен ғана дайындауға болады, әрине мұндай жағдай бөлмелерді әр түспен безендіру мүмкіншілігін шектейді.

Силикат бояуы да казеин бояуы сияқты тек cілтігe төзімді пигменттермен ғана қолдануға болады. Бояу бетке қолмен немесе механикаланған тәсілмен қондырылады.

Су эмульсиясы бояулар майлау жұмыстарында кең қолданылады. Олардан жасалған қабыршақ ауа өткізгіш, иілімді және жууға мүмкіншілік береді. Бұл бояуларды жұмыс консистенциясына су қосып жеткізеді және бетке бояу жаққышпен, білікпен және бүріккі-пистолетпен екі қабат етіп қондырады.

Майлау жұмыстарын ұйымдастыру

Майлау жұмыстары тасқынды әдіспен орындалады, оның ішінде тасқынды-бөлшектелген және тасқынды-циклдік ең көп таралған.

Еңбекті тасқынды-бөлшектелген әдіспен ұйымдастырғанда жұмыстың барлық көлемі бөлек алымдарға, ал алымдардағы жұмыстар бригаданың мамандандырылған звеноларымен кезекпен орындалатын жеке операцияларға бөлінеді. Звенолар бip алымнан келесіге ауысып үздіксіз таскын жасайды. Сонымен әр звено алымда өзіне тапсырылған цикл шегінде дайындык, негізгі және аяқтайтын операцияларды орындайды.

Еңбекті тасқынды-циклдік әдіспен ұйымдастырғанда алымда бірнеше мамандыктың мамандандырылған звено­ларымен кешенді орындалатын операциялар өзара үйлестіріледі. Бұл әдісте звеноның әр жұмысшысы күн сайын бip операцияны қайталап істей береді. Ол звеноның да, бүтіндей бригаданың да еңбек өнімділігінің артуына жеткізеді. Әр звеноға белгілі бip учаске бөлінеді, онда ол бетті тазалаудан бастап және ағаш бұйымдарын бояумен аяқтап майлау жұмыстарының барлық операцияларын орындайды.