Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ КІНӘНІ МОЙЫНДАУ доп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174 Кб
Скачать
☆

3.2. Кінәні мойындау туралы мәмілені қазақстандық қылмыстық процеске енгізудің теориялық және тәжірибелік аспектілері

Үкімет Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiне «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу кодекстерiне және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне қылмыстық iстердi тергеу рәсiмдерiн жеңiлдету және қылмыстардың кейбiр құрамдарын қылмыстық сипаттан арылту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарауына енгiзді, онда тағылған айып көлемiмен келiсу туралы акт жасалған істер бойынша іс жүргізуді реттейтін арнайы тарау бар.

Заң жобасы:

- тағылған айып көлемiмен келiсу туралы акт прокурор мен айыпталушының арасындағы келiсiм болып табылады, ол бойынша айыпталушы тағылған айыппен келiсiп, жазаны жеңiлдету үшiн қылмыстық қудалау органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

- айыпталушы жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда тағылған айып көлемiмен келiсу туралы келiсiм жасалмайды. Айыпталушы жеке адамға қары бағытталмаған басқа ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда тағылған айып көлемiмен келiсу туралы келiсiм жасаудың заңдық сипатқа ие болады;

- тағылған айып көлемiмен келiсу туралы актiнi қылмыстық қудалау органының не кiнәлi адамның немесе оның қорғаушысының бастамасымен кiнәлiден сезiктi ретiнде жауап алған кезден бастап он тәулiктен кешiктiрмей жасайды, прокурор бұл ретте актiнi жасай отырып, кiнәлi адамға (айыпталушыға) тиiстi айып (жаңа айып) тағады;

- айыпталушының тағылған айып көлемiмен келiсуi туралы прокурор мен екеуiнiң арасында акт жасалған жағдайда, соттың прокурор ұсынған жазадан қатаң жаза тағайындауға құқы жоқ. Сонымен бірге, прокурор тағайындаған ең үлкен жаза сот үшін міндетті болады.

- айыпталушымен кінәні мойындауы мен келісуі ғана соттық істің көпке созушылығын болдырмай автоматты түрде жаза мерзімін қысқарту көзделген.

Қылмыс жасаған адамның (сезікті, айыпталушы, сотталушы) қандай іс жүргізу мәртебесі оған прокурормен келісім жасауды ұсынуға мүмкіндік беретін мәселе ерекше назар аударуды қажет етеді. Осы мәселенің қойылуы тегін емес. Қылмыстық қудалау органдары өкілдерінің арасында сотқа дейінгі іс жүргізуді жеңілдету процесі келісім жасау актісімен тікелей байланыстыра бастады, атап айтқанда сезіктімен келісім актісі.

Алайда, осы ұстанымды қолдау тағылған айыппен келісу туралы сезіктімен жасалған келісім айыпты тағу рәсімінің алдын алу болады. Осыған байланысты, сезіктімен тағылған айыппен келісу туралы келісім жасау мезгілсіз күнібұрын және тағылған айыппен келісімнің негізгі мәнісіне қайшы келеді деп пайымдаймыз.

Осы ұстанымның пайдасына төмендегі дәлелдерді келтіруге болады:

біріншіден, сезікті оған ресми түрде айып тағылғанға дейін оның қандай қылмыс үшін айыпталып отырғанын білмейді, тиісінше бұл сатыда (айып тағылғанға дейін) шарттың мәні болмайды;

екіншіден, сезіктімен оған айып тағылғанға дейін келісім жасау сезіктіден мойындаушылық жауап алу және оның өзіне жалған кінә тағуға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, мойындаушылық жауап алу тәжірибесі мен сезіктінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын болдырмас үшін тағылған айыппен келісу туралы келісім нақты тағылған айыптар бойынша айыпталушымен ғана жасалу қажет деп пайымдаймыз;

үшіншіден, тағылған айып айыпталушы мен оның қорғаушысына оның нақты қандай қылмыс үшін айыпталып отырғаны және ол үшін қылмыстық жауапкершілік тартатыны белгілі екендігінің кепілі болып табылады. Тек сонда ғана оның тағылған айыппен келісу туралы келісімді жасауға бағытталған әрекеттері саналы түрде және өз еркімен жасалған деп жорамалдай аламыз;

төртіншіден, айыпталушымен (сезіктімен емес) жасалған келісім тағылған нақты әрбір айыптау пунктері толық және жан-жақты зерделенген және қылмыстық қудалау органы дәлелдегеніне кепілдік береді. Осыған байланысты, айыпталушымен келісім жасау мерзімі ғылыми және практикалық маңызы бар.

Қазақстан ғалымдары мен заңгерлерінің пікіріне сәйкес айыпталушыға қысым жасау және заңсыз жолмен алынған кінәні мойындау мүмкіндігін жою және мақсатында айыпталушы мерзіммен шектелмеуі қажет. Айыпталушы тағылған айыппен келісу туралы актіні жасауға өтініш білдіру және соттың істі қарауынсыз үкім шығару бойынша өз құқығын басты соттық істі қарау басталғанға дейін оған айып тағылғаннан кейін кез келген сәтте іске асыра алу қажет.

Прокурормен тағылған айыппен келісу туралы келісім жасау мамандар үшін орынды сұрақтар туғызады, яғни асы аталған акті прокурорға тағылған айып көлемін қықартуға және жаңа айып тағуға құқық бере ме?

Кейінгіде жазаны жеңіл түріне ауыстырумен айып көлемін қысқарту мақсатында келісім жасау ешбір жағдайда қазақстандық заңнама талаптарына үйлеспейді. Себебі, ешбір прокурор, ешбір тергеу органы жасалған қылмыстың көлемін жасанды түрде қысқартуға құқығы жоқ, сәйкесінше тағылатын айыпты қысқарту. Олай болмаған жағдайда біз іс бойынша қылмысты жасыру және объективті тергеу жүргізу жағдайларына тап боламыз. Осымен байланысты, бірде бір тағылған айып көлемін қысқарту жолымен тағылған айыппен келісу туралы келісім туралы сөз болуы мүмкін емес. Жасалған қылмыс үшін жазаның жеңіл түріне ауыстыру мақсатында келісім жасау туралы сөз қозғасақ оның жөні басқа. Алайда, бұл жағдайда айыпталушыға қандай да бір жаңа айып тағу қажеттігі жоқ, себебі жеңіл жаза белгілеу судья (сот) құзіретіне жатады. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу ĸелісімді жасау үшін іс жүргізу ĸелісімін жасауға еріĸті түрде ниет білдірілуі тиіс, сондай-ақ, адам ĸүдіĸті (айыпты) және іс бойынша қылмысты жасағанына қолда бар дәлелдемелерді, оларға ĸелтірілген зиянныӊ сипаты мен мѳлшерін дауламаған болуы әрі іс жүргізу ĸелісімін жасауға жәбірленуші ĸелісĸен ĸезде жасалуы мүмĸін.

Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу ĸелісімі жасалған ĸезде сотқа дейінгі іс жүргізу іс жүргізу ĸелісімін жасаған ĸезден бастап, Қылмыстық іс жүргізу ĸодеĸсініӊ 192-бабында белгіленген мерзімде аяқталады, сондай-ақ, Қылмыстық іс жүргізу ĸодеĸсініӊ 382-бабыныӊ еĸінші бѳлігіне және 64-тарауына сәйĸес ĸінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы істі сотта талқылаудан ѳтĸізіледі немесе іс жүргізу ĸелісімін жасауға ĸелісім берген жәбірленушіні залалды ѳтеу мѳлшері туралы талапты одан әрі ѳзгерту құқығынан айыру ĸінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу ĸелісімін жасаудыӊ салдарлары болып табылады.

Екінші жағынан, Қазақстан Республикасының ҚІЖК 62, 190, 192, 197, 289-баптарын талдау прокурор айып тағу (қай тағу) құқығына берілген деп пайымдауға мүмкіндік береді.

Тағылған айыппен келісу туралы келісімді прокурормен жасау айыпталушыға жасалған келісімнің барлық салдары, соның ішінде жазаны жеңілдету шектері туралы түсіндіріп беруді талап етеді.

Алайда, прокурор ең үлкен жаза мерзімін қалай және қандай белгілер бойынша анықтайтыны белгісіз және түсініксіз. Жазалау шарасын анықтаудың қандай да бір өлшемдерінің болмауы осы сұрақты шешуде прокурордың субъективті пікіріне тәуелді болады, бұл әділ сот туралы түсінікке мүлдем сәйкес келмейді, жат құбылыс. Сонымен қоса, прокурорға ең үлен жаза мерзімін қолдану құқығын беру Қазақстан Республиасы –Конституциясының 75-бабына қайшы, онда әділдік тек сот арқылы жүзеге асады, сондай-ақ ҚР Конституциясының 77-бабының талабында: «Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады» деп көрсетілген. Біз кінәні мойындау туралы келісім сот егемендігіне қиянат жасамау керек және жасай алмайды деген кәміл сенеміз.

Осыдан шығатын қорытынды, прокурорең үлкен жаза белгілеу бойынша өкілдік берілуі мүмкін емес, әсіресе, соттың істі қарауына дейін күнібұрын, себебі тек сот қана адамды кінәлі деп мойындау және оған жаза қолдануға құқылы. Олай болмаған жағдайда, тағылған айыппен келісу туралы келісім жасалған іс бойынша судья «прокурор мен айыпталушының шешімін тіркеушіге» айналады және олар келіскенді тек заңдастыру ғана қажет болады. Екінші жағынан, мұндай жағдай прокуратура органдарына сот төрелігіне жолдау кезінде сотты алмастырушы ретінде қосымша функция береді. Бұл жағдай біздің мемлекетіміздің құқықтық саясатына қайшы. Осы мәселені мәдениетті шешу мақсатында басқа мемлекеттердің сот тәжірибесіне жүгінген орынды деп пайымдаймыз, онда тағылған айыппен келісу туралы келісім жасалған жағдайда ең үлкен жазаның анық шегі заңнамамен айқындалған.

Мысалы, Испанияда жазалау шарасы бас бостандығынан айыру 6 жылдан аспау қажет болса, Италияда бас бостандығынан айыру мерзімі 1/3 қысқарту көзделген. Ресей Федерациясының ҚІЖК 316-бабына сәйкес егер судья сотталушы келіскен айып негізді және дәлелдермен расталған деген қорытындыға келсе, онда ол айыптау үкімін шығарады және жаза тағайындайды, ол ең үлкен жазаның үштен екісінен немесе жасалған қылмыс үшін көзделген жазалаудың аса қатаң түрінің көлемінен аспау қажет.

Тағылған айыппен келісу туралы мәселені қарап, аталған институт қылмыс құрбандары мүдделері қаншалықты ескерілген деген сұрақ туындауы мүмкін? Айыпталушымен тағылған айыппен келісу туралы келісім жасау мемлекеттік айыптаушынының айыптаудан бас тартуына әкеп соғады. Бұл жағдайда жәбірленушінің қылмыстық іс жүргізу мәртебесі жеке айыптаушыға ауысады. Тиісінше, жеке айыптаушының өздігінен айыптауды қолдау құқығы формальды сақталады. Егер жеке айыптаушы өз дегенінде тұрып, айыптауды талап еткен жағдайда сот іс бойынша сот тергеуін жүргізусіз шешім шығаруға құқығы жоқ.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикаының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 36-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық қудалау органы жәбірленушіге әділ сотпен қамтамасыз ету қажет және қылмыспен келтірілген зиянды өндіріп алу шараларын қабылдау керек екені есте сақтаған жөн.

Жәбірленушінің оған қатысуынсыз прокурор және айыпталушы арасында жасалған келісім жәбірленушінің әділ сот төрелігімен қамтамасыз ету қағидаттарын өрескел бұзады. Осыған байланысты, оған жәбірленушінің қатысуынсыз прокурор мен айыпталушы арасында жасалған келісім оның заңда белгіленген құқықтарын бұзатынын атап өту қажет. Осындай қайшылықтар туындамас үшін прокурор мен айыпталушы арасында тағылған ацыппен келісу туралы келісім жасаудың бір шарты ретінде жәбірленушінің келісімі болу қажет деп пайымдаймыз. Олай болмаған жағдайда, жәбірленушінің қылмыстық қудалау органының шешіміне, сондай-ақ сот шешіміне шағымдану құқығы сақталады.

Сонымен, тағылған айыппен келісу туралы келісім институтының жеке аспектілерін қарау ғана мұқият зерттеуді талап ететін көптеген сұрақтардың барлығын және іске асырудың нақтыланған тетігін анықтау қажеттігін көрсетті. Қарастырылып отырған институттың тиімділігіне сенімсіздік туғызатын кез келген күмәнді жою қылмыстық іс жүргізуді жеңілдету және жеделдетудің басқа мүмкін түрлерін шығарып тастайтын негізгі өлшем болу қажет.

Мемлкеттің тиімді қылмыстық саясаты қылмыстық іс жүргізудің оңтайлы үлгісінсіз мүмкін емес [1]. Кінәні мойындау туралы келісім - қылмыстық процесті жеңілдету және тиімділігін арттыруға бағытталған институт ретінде қылмысты жасаған адамдармен қылмыстық процесті жүргізуші органмен өзара әрекеттесуін құқықтық реттеудің өзіндік тетігі болып табылады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының соттың қорғауын, ұйымдар мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері, азаматтардың әділ сот шешіміне деген құқығын кепілдік беруін тиімді қамтамасыз ету мақсатында сезіктімен (айыпталушымен) кінәні мойындау туралы келісімді қабылдау сұрақтарын сотқа жүктеу дұрыс деп пайымдауға мүмкіндік береді. Басқа мемлекеттердің заңнамасын зерттеу қылмыстық процесте кінәні мойындау туралы келісім институтының барлығы және жұмыс істейтінін көрсетті. АҚШ қылмыстық процесінде өз кінәсін мойындау кінәні мойындау туралы келісім институтымен тығыз бйланысты, ол американдық қылмыстық процестің негізгі болып табылады және тәжірибеде 150 жылдан аса қолданылады. Кінәні мойындау туралы келісім – бұл келісім арқылы айыпталушы ол бойынша өз кінәсін мойындайтын айыптау пуктерін қоса істі шешу бойынша айыптау мен қорғаудың келетін келісімі. Осы жүйе кінәні мойындау туралы келісім деген атауға ие болды. Прокурор мен айыпталушы көп жағдайда айыптау пунктерінің көлемі мен істелген әрекетті саралау, сондай-ақ жазалау шарасы, айыппұл, басқа сұрақтар бойынша келісімге келеді. Мысалы жазаны өтеудің нақты орны.

Іс жүргізу келісімі туралы жекелеген нормалар жәбірленушілердің іс жүргізу заңнамалық пікірін үнемі ескере бермейді. Мәселен, 4 бөлімнің 631-ші бабында келісімге оған прокурор, сотталушы және оның қорғаушысы қол қойғаннан кейін барып келісілген болып табылады деп айтылған. Бұл анықтамада жәбірленушінің пікірі, оның келісім жасауға келісім беруі ескерілмеген(жоқ).

Жәбірленушінің пікірін көзге ілмеу (назарға алмау) қылмыстық заңнамалар ұстанымдарының бұзылуына жол береді, заң бірінші кезекте жәбірленушінің мүддесін қорғауға, ал қылмыскерді жазалауға тиісті .

Қазіргі(заманауи) жағдайда сот төрелігімен іс жүргізу мәмілелерін жасаған кезде ғана емес, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау қай кезде де болмасын қылмыстық сот өндірісінің бірінші кезектегі міндеті болуға тиісті.