Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сэс срс.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47 Кб
Скачать
☆

2. Денсаулық сақтау объектілерін желдетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларындағы микроклимат пен ауа ортасының тиімді жағдайлары желдету, ауа баптау және жылыту жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Сору-сыртқа таратудың желдеткіш жүйелері тазалық сыныбына сәйкес үй-жайлар топтарына қызмет көрсетеді.

Желдеткіш және ауа өткізгіштердің ауа баптау жүйелерін профилактикалық тексеру, жөндеу, механикалық сору-сыртқа тарату желдеткіші және ауа баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

Объектілер үй-жайларының температурасы, ауа алмасу жиілігі табиғи ауа алмасуы кезінде осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада белгіленген параметрлерге сәйкес келеді.

Сору-сыртқа тарату желдеткіші мен ауа баптаудың дербес жүйелері мына үй-жайлар үшін көзделеді: операциялық блоктар, реанимация залдары мен қарқынды терапия палаталары (септикалық және асептикалық бөлімшелер үшін бөлек), босандыру залдары (босандыру палаталары), жаңа туған нәрестелер палаталары, онкогематологиялық, диализдік, күйік бөлімшелері, таңу бөлмелері, жекелеген палаталық секциялар, рентген кабинеттері. «Денсаулық сақтау объектілерінде басшының бұйрығымен ауаны желдету және баптау жүйелерін пайдалануға, желдеткіш жүйелерінің жоспарлы-профилактикалық жөндеу кестесінің орындалуына жауапты адам тағайындалады. Операциялық үй-жайлардан басқа барлық үй-жайларда механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткішінен басқа табиғи желдеткіш болуы тиіс.

Туберкулезге қарсы ұйымның желдету және ауа баптау жүйелері үшін сырттан ауа жинау жер бетінен кем дегенде 3 м биіктіктегі таза аймақтан, ауаны шығару кемінде 2 м биіктікте жүргізіледі.

Операциялық, наркоз, босандыру бөлмесіне, реанимациялық, операциядан кейінгі палаталарға, қарқынды терапия палаталарына, тері күйігі науқастарына арналған палаталарға берілетін ауа тазалау дәрежесі жоғары бактерицидті ауа сүзгілерінің көмегімен зарарсыздандырылады (кемінде 95%).

Операциялық, қарқынды терапия, реанимация, босандыру палаталарында, емшара, зертханаларда медициналық жабдықты пайдалану ауаға зиянды заттарды бөлумен қоса жүретін үй-жайларда жергілікті сорғы құрылғысы немесе сору шкафы қондырғысы қарастырылады. Препараттардың әртүрлі бояудың күрделі әдістемесін қолданатын зертханаларда биологиялық қауіпсіздік шкафтары орнатылады.

Үй-жайлардағы ауа ортасының бактериялық тұқымдануы және тазалық сыныбы, сондай-ақ дәрілік заттардың қауіптілік сыныбы осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада келтірілген рұқсат етілген деңгейлерден аспауы тиіс.

Операциялық, наркоз, босандыру бөлімшелерінде, операциядан кейінгі палаталарда, қарқынды терапия палаталарында, онкогематологиялық науқастар, ЖИТС-пен ауыратын науқастар, тері күйігі бар науқастар палаталарында, реанимациялық, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге, емшектегі сәбилерге, шала туған балаларға, жарақат алған балаларға арналған палаталарда ауаны баптау көзделеді. Кювездермен толығымен жабдықталған палаталарда ауа баптауға жол берілмейді.

Эпидемияға қарсы ерекше режимді сақтауды талап ететін үй-жайларда тиімділігі жоғары сүзгілер болған жағдайда сплит-жүйені пайдалануға жол беріледі.

Ауа алмасу жиілігі белгіленген тазалықты қамтамасыз ету есебінен және ауаның газ құрамын ұстап тұруына қарай таңдалады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15 м/сек аспауы тиіс.

Ауа өткізгіштер, торлар, желдеткіш камералары және басқа да құрылғылар механикалық зақымдалмай, тотығу іздері болмай, тұмшалануы бұзылмай, таза күйінде ұсталады. Сору-сыртқа тарату желдеткіші (ауа баптау) ауа өткізгіштерінің үй-жайға ауа өткізгіш материалы немесе қорғаныш жабынының бөлшектерін шығаруды болдырмайтын ішкі беттері болуы тиіс. Ішкі жабынның сіңіру қасиеттері болмауы тиіс.

Желдету, ауа баптау және жылыту жүйелері денсаулық сақтау

объектілерінің үй-жайларындағы микроклиматтың және ауа ортасының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс.

Ауаның температурасы, ауа алмасу жиілігі, денсаулық сақтау объектілері үй-жайларының тазалық бойынша санаты осы санитариялық ережеге 9-қосымшаға сәйкес қабылданады.

Денсаулық сақтау объектілері орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылады немесе меншікті жылу көзі пайдаланылады. Ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық-санитариялық көмектің денсаулық сақтау объектісіне пеш орнатуға жол беріледі.

Жылыту аспаптарының беттері жеңіл тазаланатын тегіс болуы тиіс. Әкімшілік-шаруашылық үй-жайларда және балалар ауруханаларында оларды пайдалануға және жинауға еркін қол жетімділік қамтамасыз етілген жағдайда қоршау қоюға жол беріледі.

Орталықтандырылған жылыту жүйесінде жылыту аспаптарындағы шекті температура 850С артық емес су пайдаланылады. Жылыту жүйелерінде жылу тасымалдағыш ретінде басқа сұйықтықтар мен ерітінділерді (антифриза және басқалары) пайдалануға жол берілмейді.

Ғимараттар жасанды іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткіш жүйелерімен жабдықталады. Инфекциялық және туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде) әрбір бокстар мен жартылай бокстардың палаталы секцияларында гравитациялық іске қосылатын дербес сору жүйесі болуы тиіс және ауаны зарарсыздандыру құрылғысымен және дефлектормен жабдықталады. Инфекциялық бөлімшелерде жасанды іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткіші болмаған жағдайда әрбір бокс пен жартылай бокс ауаны рециркуляциялық түрде зарарсыздандыру құрылғысымен жарақтай отырып жабдықталады.

Туберкулезге қарсы ұйымның желдету және ауа баптау жүйелері үшін сырттан ауа жинау жер бетінен кем дегенде 3 м биіктіктегі таза аймақтан, ауаны шығару кемінде 2 м биіктікте жүргізіледі.

Операциялық, наркоз, босандыру бөлмесіне, реанимациялық, операциядан кейінгі палаталарға, қарқынды терапия палаталарына, тері күйігі науқастарына арналған палаталарға және басқа да осыған ұқсас емдеу үй-жайларына берілетін ауа өңделетін ауадағы микроорганизмдер мен вирустар инактивациясының тиімділігін 95 %-ға қамтамасыз ететін құрылғылармен зарарсыздандырылады. Сырттан берілетін ауа қысқы уақытта жылытылады.

Медициналық жабдықты пайдалану ауаға зиянды заттарды бөлумен қоса жүретін операциялық, қарқынды терапия палаталарында, реанимация, босандыру, емшара және басқа да үй-жайларда жергілікті сорғы құрылғысы немесе сору шкафтары болуы тиіс.

Ингаляторияда ауаның сағатына төрт рет, топтық ингаляторияда он рет алмасуын қамтамасыз ететін сору-сыртқа тарату желдеткішінің дербес жүйесі болуы тиіс.

Эпидемияға қарсы ерекше режимді сақтауды талап ететін үй-жайларда тиімділігі жоғары сүзгілер болған жағдайда сплит-жүйені пайдалануға жол беріледі. Сплит-жүйені орнату тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.

Ауаның алмасу жиілігі белгіленген тазалықты қамтамасыз ету есебіне және ауаның газ құрамын ұстап тұруына сүйене отырып таңдалады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15 м/сек аспауы тиіс.

Aуаөткізгіштер, торлар, желдеткіш камералары және басқа да құрылғылар механикалық зақымдалмай, тотығу іздері болмай, герметикалық бұзылмай таза күйінде ұсталады. Сору-сыртқа тарату желдеткіші (ауа баптау) ауаөткізгіштерінің үй-жайға ауаөткізгіш материалы немесе қорғаныш жабынының бөлшектерін шығаруды болдырмайтын ішкі беттері болуы тиіс. Ішкі жабынның сіңіру қасиеттері болмауы тиіс.

Желдеткіштер мен электр қозғалтқыштар бөтен шу шығармауы және құрылымның дірілін болдырмауы тиіс.

Жалпы алмасу сору-сыртқа тарату және жергілікті сору қондырғылары жұмыс басталардан 5 минут бұрын қосылады және жұмыс аяқталған соң 5 минуттан кейін сөндіріледі.

Барлық үй-жайларға ауа жоғарғы аймаққа, стерильді үй-жайларға ламинарлық немесе әлсіз турбулентті ағынмен 0,15 м/сек жылдамдықпен беріледі. Операциялық және операция алды бөлімшелерде алдымен сыртқа тарату, содан соң сору немесе бір уақытта сыртқа тарату және сору жүйелері қосылады.

Желдеткіш жүйесінің жабдығы сыртқа тарату және сору жүйелері үшін бөлек және дәрігерлер кабинеттеріне, операциялық бөлімге, палаталарға және адамдар үнемі болатын басқа да үй-жайларға жалғаспайтын арнайы үй-жайларда орналастырылады.

Сору жүйелеріне арналған үй-жайларда 1 сағатта бір рет ауа алмасуы бар сору желдеткіші болуы тиіс, сыртқа тарату жүйесіне арналған үй-жайларда екі рет ауа алмасуы бар сыртқа тарату жүйесі болуы тиіс.

Асептикалық жағдайлардың талаптары қойылатын үй-жайларда ауаөткізгіштердің, құбырлардың, арматураның жасырын төсемі болуы тиіс. Қалған үй-жайларда ауаөткізгіштерді жабық қораптарда орналастыруға жол беріледі.

Жасанды іске қосылатын сыртқа тарату желдеткішін орнатқан кезде және ауа дәлізге берілген жағдайда биіктігі 3 қабаттан артық ғимаратта табиғи сору желдеткішіне жол беріледі.

Автоклав, себезгі, дәретханаларда, санитариялық бөлмелерде, лас киім-кешектерді, қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайларда және дезинфекциялық құралдарды сақтауға арналған қоймаларда ұйымдастырылған ауа ағымының құрылғысы жоқ жасанды іске қосылатын сору желдеткіші болуы тиіс.

Баспалдақ-лифт тораптарынан лас ауаның палаталы бөлімшелерге берілу мүмкіндігін болдырмау үшін олардың арасында ауа бағанын қамтамасыз ете отырып аралық аймақ құрылады.

Желдеткіш және ауа баптаудың дербес жүйелері таза және іріңді операциялық, босандыру блоктарында, реанимациялық, онкогематологиялық, күйік бөлімшелерінде, таңып-байлау, жекелеген палаталық секцияларда, рентген және басқа да арнаулы кабинеттерде болуы тиіс.

Туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде):

1) желдету жүйесі палаталарда сағатына кемінде алты еселік ауа алмасуды және аэрозоль құратын емшараларды орындауға арналған үй-жайларда (қақырық жинау бөлмесі, эндоскопия және басқалары) он екі еселік ауа алмасуды қамтамасыз етуі және тұрып қалған аймақтардың пайда болуын болдырмауы тиіс;

2) роторлық және пластиналық рекуператорларды пайдалануға жол бермеуі тиіс;

3) қауіптілігі жоғары аймақтарға және 1-2 сыныптағы биологиялық қауіпсіздік шкафтарына (бұдан әрі – БҚШ) қызмет көрсететін сору қондырғылары HEPA-сүзгілерді немесе жеткілікті қарқындылықтағы бактерицидті ультракүлгін сәулеленуді қолдану арқылы ауаны зарарсыздандыруға арналған құрылғылармен жабдықталады;

4) қабатаралық желілерді бір тік коллектормен біріктіруге жол берілмейді;

5) ауаны беруге және шығаруға арналған жабдықтар қарама-қарсы қабырғаларда орналастырылады. Жұқпаланған үй-жайдан шығатын ауаның көлемі келетін ауаның көлемінен көп болуы тиіс;

6) үй-жайлардың және шлюздердің барлық есіктері автоматты түрде жабылатын құрылғылармен, палаталардың және бокстардың есіктері (есіктің төменгі жағынан) ауа кіруі үшін желдеткіш торлармен жабдықталады;

7) көптеген дәрі-дәрмекке тұрақты микробактериясы бар туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған бөлімшелердегі дербес сору желдеткіші әр палатада гравитациялық іске қосылатын және дефлектор қондырғысымен орнатылады;

8) сору ауасының шығыны бір төсекке сағатына кемінде 80 текше метр (бұдан әрі – м3) құрауы тиіс. Бактерия бөлмейтін науқастарға арналған палаталар сору ауасы көлемінің 80%-н ауаны сыртқа тарату шығындайтын сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады;

9) баспалдақ алаңдары, лифт шахталары, көтергіштердің діңгектері, пайдаланылған киім-кешектердің киім-кешек бөлмесі ауаны сыртқа шығаруы басым дербес сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады;

10) сору-сыртқа тарату желдеткіш жүйесі тәулік бойы пайдаланылуы тиіс.

Айына кемінде бір рет сүзгілердің ластану деңгейін қарау және ауаны зарарсыздандыру құрылғысы жұмысының тиімділігіне бақылау жүргізіледі. Сүзгілерді алмастыру олардың ластануына қарай, бірақ кәсіпорын-дайындаушы ұсынғаннан жиі болмай жүзеге асырылады.

Микроклимат параметрлерін және ауа ортасының химиялық заттармен ластануын бақылау:

1) операциялық, операциядан кейiнгi палаталарда, босандыру, қарқынды терапия палаталарында, онкогематологиялық, күйік, физиотерапевтік, радиологиялық бөлімшелерде (палаталарда), қатты әсер ететін және улы заттарды сақтауға арналған, дәрiлік заттарды дайындауға арналған үй-жайларда, зертханаларда, дәріхана қоймаларында және химиялық заттар мен қоспалар пайдаланылатын басқаларында 3 айда 1 рет;

2) инфекциялық және туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде), микробологиялық зертханаларда, рентгендік диагностика кабинеттерінде 6 айда 1 рет жүргізіледі.

Сору желдеткіші қақырық алу рәсімі басталардан 10 минут бұрын қосылады және ол аяқталған соң 10 минуттан кейін ажыратылады.

Патологиялық-гистологиялық және сот-гистологиялық зертханалар механикалық іске қосылатын сору шкафтарымен жабдықталады. Препараттардың әртүрлі реңдерінің күрделі әдістемесі қолданылатын зертханаларда биологиялық қауіпсіздік шкафтары орнатылады.

«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесіне         9-қосымша              

Денсаулық сақтау объектілері үй-жайларының, оның ішінде күндізгі стационардың есепті температурасы, ауа алмасу жиілігі, тазалығы бойынша санаты

Үй-жай атауы

Ауаның есепті температурасы, 0С

1 сағатта ауа алмасу жиілігі

Үй-жайдың тазалығы бойынша санаты

Табиғи ауа алмасу кезіндегі сору жиілігі

приток

вытяжка

Ересек науқастарға арналған палаталар, балалар ауруханасының аналарға арналған үй-жайы, гопотерапия үй-жайы

20

1 төсекке 80 м/с 100%

Т

2

Туберкулез науқастарға арналған палаталар (ересектер, балалар)

20

1 төсекке 80 м3/с

Л

2

80%

100%

Гипотиреозбен ауыратын науқастарға арналған палаталар

24

1 төсекке 80 м3/с  100%

Т

2

Тиреотоксикозбен ауыратын науқастарға арналған палаталар

15

Сол сияқты

Т

2

Операциядан кейінгі палаталар, реанимация залы, қарқынды терапия палатлары, босандыру бокстары, операциялық, наркоз, күйікпен түскен науқастарға арналған 1-2 төсектік палатлар

Барокамералар

Есеп бойынша, бірақ кемінде он еселік алмасу

ӨТ

Жол берілмейді

100%       80%

80%- асептикалық (20% наркоз, стерили зациялықарқылы) 100% - септикалық

Босанудан кейінгі палаталар

22

100%

100%

Т

Сол сияқты

2-4 төсектік палаталар күйік науқастарға, балаларға арналған палаталар

22

100%

100%

т

Сол сияқты

Шала туған, емшектегі, жаңа туған нәрестелер және зақымданған балаларға арналған палаталар

25

Есеп бойынша, бірақ кемінде

өт

Жол берілмейді

100%

100%

80% ассептикалық 100%-септикалық

Бокстар, жартылай бокстар, сүзгі-бокстар, бокс алдылар

22

2,5 дәлізден беріледі100%)

2,5

Л

2,5

Инфекциялық бөлімшенің палаталы секциялары

20

1 төсекке 80 м3/с

1 төсекке 80 м3/с

Л

-

Босандыру алды, сүзгілер, қабылдау-қарау бокстары, қарау таңып-байлау, манипуляциялық операция алды, емшек сүтін сүзуге арналған үй-жай, 1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыруға арналған бөлмелер, екпелер үй-жайы

22

2

2

Т

2

Операциялық жанындағы стерилизациялық

18

-

3- септикалық бөлімшелер 3-асептикалық бөлімшелер

л      

т

2

Шағын операциялық, оның ішінде күндізгі стационарларда

22

10

5

Т

1

Дәрігерлер кабинеттері, рефлексотерапия кабинеттері, науқастар күндіз болатын үй-жайлар

20

Дәлізден ағыс

1

Т

1

ЛФК залдары

18

Залда айналысатын бір адамға 50 м3 80%

100%

Л

2

Функциональдық диагностика кабинеттері, ректороманоскопия кабинеті

22

-

3

Л

2

Емдік дене шынықтыру, механотерапия кабинеті, зондтау кабинеті

20

2

3

Л

2

Вестибюльдер, тамақ ішуге арналған үй-жай, компрессорлық ингаляторлар, киім-кешек және қойма үй-жайы

18

-

1

Л

1

Қысқа толқынды және ультражоғары жиілікті терапия кабинеттері, жылумен емдеу, ультрадыбыспен емдеу кабинеттері

20

4

5

л

Жол берілмейді

Лас киім-кешекті, жинау құралдарын, дезинфекциялау құралдарын сақтау қоймалары

18

-

5

Л

3

Сантораптар

20

-

1 унитазға 50 м3 және 1 писсуарға 20 м3 

Л

3