- •« Педагогикалық мамандыққа кіріспе»
- •Мазмұны
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Пән мазмұны және оның әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Пәнді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы
- •Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы
- •Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері
- •Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері.
- •1991 Ж бері орта білім жүйесінде жүргізілген реформалауды мынадай кезеңдерге бөлуге болады;
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •1991-2000Жж арасындағы қр білім беру саласына қатысты 10-нан астам бағдарлама қабылданды.
- •Дәріс 2. Тақырып: Педагогтың кәсіби іс - әрекеті және оның тұлғасы.
- •1. Педагогикалық әрекеттің диагностикалық функциясы.
- •2. Педагогикалық әрекеттің бағдарлаушы - болжаушы функциясы.
- •3. Педагогикалық әрекеттің құрылымдық - жоспарлық функциясы.
- •4. Педагогикалық әрекеттің ұйымдастырушылық функциясы.
- •5. Педагогикалық әрекеттің ақпараттық - түсіндірмелік функциясы.
- •Н.В. Кузьминаның зерттеуі бойынша педагогикалық іс-әрекетінің компоненттері.
- •А.И. Щербаковтың зерттеуі бойынша педагогикалық процесті жүзеге асыру сатысындағы педагогикалық іс-әрекетінің компонентттері.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •2. Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік 3. Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық 4. Педагогикалық техника
- •Педагогикалық шеберліктің құрылымдық компоненттері
- •1. Кәсіптік білімі,құзырлылығы 5.Педагогикалық қабілеттер, сондай-ақ шығармашылық қабілеті
- •6. Педагогикалық мәдениет 7.. Педагогтық толеранттылық 8. Педагогтың сана-сезімі,өзін –өзі жетілдіру Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Педагогикалық зерттеулердің жетекші принциптері.
- •Педагогикалық зерттеу деңгейлері.
- •Ғылыми ізденістердің негізгі звенолары, олардың міндеттері, өзара байланысы.
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Педагогикалық мәдениетсіз педагогикалық қызметтің нәтижесі төмен.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •3. Педагогикалық қарым-қатынастың функциялары:
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Семинар сабағы №2 Мұғалім- педагогикалық әрекеттің субъектісі ретінде.
- •Семинар сабағы№3
- •Семинар сабағы№4 Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы.
- •Семинар сабағы№5 Мұғалім тұлғасының шығармашылық потенциялын дамыту.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- •Глоссарий.
- •Өзіндік презентация.
- •Тапсырманың мысалдық мазмұны.
- •Өмір мағынасы мен педагогтың қабілеттілігі
- •Жағымсыз эмоцияларды басқарып отыру және жағымды көңіл-күйді қалай жасау
Педагогикалық зерттеулердің жетекші принциптері.
Педагогикалық зерттеу деңгейлері.
Ғылыми ізденістердің негізгі звенолары, олардың міндеттері, өзара байланысы.
1.Педагогикадағы зерттеулер – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы, механизмі, педагогиканың теориясы мен тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу әдістемесі, оның мазмұны, принциптері, әдістері мен ұйымдастырылу нысандары туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми қызмет процесі мен нәтижесі. Педагогикадағы зерттеулер эмпириялық тексеруге келетін фактілерге негізделеді, мақсаткерлігімен, жүйелілігімен, барлық элементтерінің, процедуралары мен әдістерінің өзара байланыстылығымен ерекшеленді, талдап-белгіленген теорияға сүйенеді, элементтерін ғылыми және практикалық қызметте бір мәнде ұғынып, пайдалануға болатындай логикалық-сындарлы схемалар шеңберінде құрылады. Педагогикадағы зерттеулердің теориялық маңыздылығы оның тұжырымдамалық мәнімен, алынған нәтижелердің дәлелдігімен байланысты. Практикалық маңыздылығы алынған нәтижелердің оқу-тәрбие процесіне, оқыту әдістемесіне, қызметтің әр түрін ұйымдастыруға ықпал-әсерімен, бұл нәтижелердің әлеуметтік және экономикалық мәнділігімен анықталады.
Ғылым дамуының басты шарты - жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді. Әдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми – танымдықіс - әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің – нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зертеу құралдар тобы т.б сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан , педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Әдіснамалық ілім 2 формада жүргізіледі.
Дискриптивті әдіснама – ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми білімді танудың заңдары туралы ілім, яғни теориялық бөлім.
Прескриптивті әдіснама – іс-әрекетті басқаруға бағытталған ілім, яғни практикалық бөлім.
Педагогика әдіснамасы педагогикалық процестің ғылыми танымдық әрекеті ретінде жүргізілетін философиялық ілім. Оның бірнеше түрлері бар.
а) Экзистенциолизм – адамның өз тұрмысының жағдайымен толығымен өмір сүретін философиясы.
ә) Неотализм - өсіп келе жатқан болашақты тәрбиелеудегі діннің маңызын ашатын ілім.
б) Позивитизм – ғылыми жетістіктерді обсолютдендіру, тек математика мен жаратылыстануды ғылым деп қолдау.
в) Неопозитизм – ғылым практикалық әрекеттен алынса ғана деген тұжырымды қолдайтын филососфиялық ағым.
г) Диалектикалық материализм – ойлаудың, қоғамның, табиғаттың қозғалуымен дамуының жалпы заңдылықтары туралы философиялық ілім.
Ғылыми – педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет.
Педагогикалық құбылыстардың шынайлылығы мен шарттастығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама – қарсылықтары және себепті – салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;
құбылыстарды даму барысында зерттеу;
бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
Зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін – бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатыны естен шығармау;
Зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән – мағынасына сай келуі;
Даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама – қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
Сынақталушыға, білім – тәрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік - инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі және оның нәтижесі.Педагогикалық зерттеулердің міндеті – деректер мен құбылыстарды түсіндіру және оларды алдын ала болжастыру.
2. Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі / фундаменталды/, қолданбалы және болжам – жобалау /разработки/ деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба - бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми – практикалық ұсыныстар дұрыстығын дәлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
3. Ғылыми жұмыстың мақсаты іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу болып табылады. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің дүниежүзілік мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен жаратылыс құрылымының жалпы және ортак заңдылықтары сипатталады. Қолданбалы ғылым, іргелі ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, өмір-тіршіліктегі міндеттерді қарастырады. Ғылыми нәтижелер іс жүзінде қолданылады. Жалпы алғанда, зерттеу жұмысы зерттеу бағдарламасы арқылы іске асырылады. Ол негізінен жеті кезеңнен тұрады:
Алғашқы кезең зерттеу мәселесімен танысудан басталады, оның өзектілігі мен зерттелу деңгейін қарастырады. Ғылыми жұмыстың мақсаты, мінлеттері, объектісі, пәні анықталады. Ғылыми жұмыстың өзіндік қарама-қайшылығы болуы тиіс, ол зерттеу жұмысын жүргізу барысында шешімш табуға тиіс.
Жұмыстың мақсаты зерттеушінің жұмыс қорытындысында алатын нәтижесін сипаттауы тиіс. Ал жұмыстың объектісі таным процесінің неге бағытталғандығын керсетеді. Пәні – зерттеу объектісінің нақты қарастыратын бір бөлігі. Мақсат, объект, пәнге және болжамды дәлелдеуге байланысты ғылыми зерттеу жұмысының міндеттері айқындалады.
Екінші кезең әдіснама таңдауға байланысты: алдыңғы тұжырымдар, теориялық ілімдер, таным әдістері, тәжірибенің болжамдық нәтижесі, т.б. Қазіргі кездегі педагогикалық мәселелерді қарастыру барысында жүйелілік, кешенділік, тұтастық, жекелік, іс-әрекеттілік және т.б. тұрғыдан келу іске асырылады.
Үшінші кезеңде ғылыми жұмыстың маңызды бөлігі - болжам жасау іске асырылады. Зерттеудің болжамы дегеніміз - болашақта теориялық, тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеуді қажет ететін, ғылыми тұрғыдан негізделген болжам жасаушылық.
Төртінші кезең зерттеу әдістерін таңдаумен сипатталады.
Бесінші кезең тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу арқылы ерекшеленеді.
Алтыншы кезең зерттеу нәтижелерін өңдеу, талдау, безендірумен сипатталады.
Жетінші, соңгы кезеңде практикалық ұсыныстар жасалады. Осылайша, ғылыми зерттеу жұмысы өз нәтижесін көрсетеді. Бұл процесті іске асыру барысында зерттеушінің зерттеу мәдениеті қалыптастырылады.
