Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 2.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43 Кб
Скачать
☆

2. Фортран тіліндегі типтер

1. Алфавит

Программалау тілінің символдары – осы тілде программа жазылатын негізгі таңбалар. Алфавит – анықталған символдар жиыны. Фортран алфавиті үш топқа бөлінеді:

  • әріптер – латын әріптері a-z;

  • цифрлар - араб цифрлары 0-9;

  • арнайы таңбалар:

└┘ - пробел, бос орын;

+ - қосу

- - алу;

* - жұлдызша;

/ - бөлу;

= - тең;

, - үтір;

. - нүкте;

( - сол жақша;

) - оң жақша;

$ - ақшалы таңба;

& - амперсанд;

‘ - апостроф;

: - қос нүкте.

Фортранда символдардан құрылған, процессорге түсінікті сөздер екі түрге бөлінеді: қызметші және атаулар. Қызметші сөздерге тілдің операторлары жатады, ал пайдаланушы өз сөздерін (өрнектердің, айнымалылардың, программаның, қосалқы программалардың, тұрақтылардың, файлдардың аттары) Фортран ортасында анықталған ережелер арқылы құру керек. Атаулар қызметші сөздерден өзге болуы тиіс. Келесі кестеде Фортран ортасының қызметші сөздері келтірілген.

Кесте 1.

№

Қызметші сөз

Мағанасы

1

ASSIGN TO

Меншіктеу

2

BACKSPACE

Қадамға кері

3

BLOCK DATA

Мәліметтер блогі

4

CALL

Шақыру

5

CHARACTER

Мәтінді

6

CLOSE

Жабу

COMMON

Жалпы

7

COMPLEX

Комплекстік

8

CONTINUE

Жалғастыру

9

DATA

Мәліметтер

10

DIMENSION

Өлшемі, көлемі

11

DO

Орындау

12

DOUBLE PRECISION

Жоғарғы дәлдік

13

ELSE

Әйтпесе

14

END

Соңы

15

ENDIF

IF соңы

16

ENTRY

Кіру

17

EQUIVALENCE

Эквивалент, теңдік

18

EXTERNAL

Сыртқы

19

FORMAT

Формат, пішім

20

FUNCTION

Функция

21

GO TO

Көшу

22

IF

Егер

23

IMPLICIT

Айқындалмаған

24

INQUIRE

Мәліметтерді алу

25

INTEGER

Бүтін

26

INTRINSIC

27

LOGICAL

Логикалық

28

OPEN

Ашу

29

PAUSE

Пауза, үзіліс

30

PARAMETER

Параметр

31

PRINT

Шығару

32

READ

Оқу, енгізу

33

REAL

Нақты

34

RETURN

Қайту

35

REWIND

Кері орау

36

STOP

Стоп, тоқтау

37

SUBROUTINE

Қосалқы программа процедура

38

WRITE

Жазу

Идентификатор – латын әріпінен басталатын, қалғандары әріп, цифра немесе астынғы сызық, үзындығы 6 әріптен аспайтын ат. Тілдің негізгі элементері тұрақтылар, айнымалылар, тізбектер, жолдар, өрнектер деп саналады. Тілдің негізгі элементінің турі анықталады. Шамалар тұрақты және айнымалы болуы мүмкін. Тұрақты – мәні алдын ала белгілі, өзгермейтін шама.

Фортранда бүтін, нақты, комплексті, логикалық, символдық (мәтінді) түрдегі айнымалылар қолданылады. Бүтін, нақты, комплекстік мәліметтердің арифметикалық түріне жатады. Тұрақтыларға, мәліметтердің аттарына және процедураларға түр сипатталады. Тұрақтынын түрі оның жазылыумен анықталады:

1. Идентификатордың бірінші әріпімен. Егер бірінші әріп I, J, K, L, M, N болса, онда бұл бүтін түр. Басқа жағдайда нақты түр.

2. IMPLICIT бұйрығымен, ол айқындалмаған түрді өзгертеді.

Егер түр айқынсыз сипатталмаса, онда айқындалған түр қолданылады. Мәліметтердің аттары айнымалыны, тізбекті немесе параметрді белгілеуге колданылады. Параметр – бұл PARAMETER бұйрығымен аты берілген тұрақ.

2. Бүтін түр

Фортранда бүтін түр келесі түрлері қөлданылады:

Түрдің аты

Көлемі, байтта

Мәні

INTEGER*1

1

-128..+127

INTEGER*2

2

-32768..+32767

INTEGER*4

INTEGER

4

4

-2147483647..

+ 2147483647

Бүтін тұрақтылар – таңбамен немесе таңбасыз жазылған цифрлардың тізімі, жазуында нүкте кездеспейтін. Автоматты түрде INTEGER*4 түр сипатталады. Мысалы, 0; -198; 04; +04.

3. Нақты түр

Түрдің аты

Көлемі, байтта

Мәні

REAL

REAL*4

4

4

Абсолютті мәндері 5.4*10-79 –нен 7.2*1075 дейін.

Дәлдігі 7, 17, 35 тиісті ондық сандар

DOUBLE PRECISION

8

REAL*8

8

REAL*16

16

Нақты тұрақтылар жазуында нүкте немесе Е әріпі кездеседе. Мысалы,

Математикада жазылу

Фортран тілінде

4,7

4.7

0

0 немесе 0.0

-1,28

-1.28

15,0

15.0

0,17

0.17

-137

-137.

Өте үлкен немесе кішкентай сандарды ыңғайлы ретті қолданып жазуға. Осы кезде тұрақ келесі түрде жазылады:

,

мұнда m – мантисса, ал p- санның реті.

Мысалы, 650000= 65*104 = 6,5*105немесе 0,0003=0,3*10-3=3*10-4.

Осындай тұрақтыны Фортранда жазу үшін, алдымен мантиссаны бүтін немесе нақты түрінде жазамыз, сосын Е әріпі, келесі екі цифрдан аспайтын таңбамен /таңбасыз реті орналасады. Мысалы,

Математикада жазылу

Фортран тілінде

6,5*105

6.5Е5

-7*10-3

-7Е-3

1,22*10-70

1.22Е-70

35*1015

35Е15

8700=87*102

87Е2

3,24

3.24Е0

Фортранда нақты тұрақтылар қос дәлдікпен көрсетіліу мүмкін.Осы жағдайда D әріпі санның жазылуында кездеседі. Мысалы,

Математикада жазылу

Фортран тілінде

64,57600189

64.57600189D0

1,25*10-7

1.25D-7

-314*1010

-314D+10

1*1050

1D50