3 Жасына байланысты зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі
Тақырып 15 Жинақтаушы зейнетақы қорларынан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру
Сабақтың мақсаты: студенттерге жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеудің тәртібін және зейнетақы қорларының қызмет мен зейнетақы шартын жасасу тәртібін түсіндіріп, жеткізу.
Жоспары:
1 ЖЗҚ түсінігі мен түрлері
2 Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары мен акционерлері
3 Жинақтаушы зейнетақы қорының құқықтары мен міндеттері және оның қызметін жүзеге асыру тәртібі
4 Зейнетақы шартын жасасу тәртібі
1. Жзқ түсінігі мен түрлері
Жинақтаушы зейнетақы қоры – салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен зейнетақы төлейтін, сондай-ақ зейнектақы активтерін қалыптастыру жөнінде қызметті жүзеге асыратын және оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктердің дипозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңды тұлға.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) ашық;
2) корпоративтiк болуы мүмкiн.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс iстейтiн және тұратын жерiне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлерi болып табылатын бiр немесе бiрнеше заңды тұлғалардың алушы-қызметкерлерi үшiн құрылады.
2. Қазақстан Республикасының резиденттерi - заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады.
Рейтинг агенттiктерінің бірiнiң белгiлi бiр рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционерi бола алады. Рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен ең төмен рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Шет ел қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жиынтық жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының барлық ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жарияланған жиынтық жарғылық капиталының жиырма бес процентiнен аспауы керек.
Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесi мен басқарма мүшелерiнің кемiнде үштен бiрi Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесi мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденттерi емес мүшелерi қаржы рыногында қызметiн жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжiрибесiн куәландыратын құжаттарды табыс eтуге мiндеттi.
Дауыс беретiн акцияларының жиырма бес процентiнен астамы жиынтық түрінде:
1) Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлғаның;
2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың меншігінде және (немесе) басқаруында болған Қазақстан Республикасының резидентi-заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншігіндe немесе басқаруында болған ашық жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құру кезеңiнде бiрде-бiр тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi кезеңiнде, уәкiлеттi орган рұқсат еткен реттердi қоспағанда, бiрде-бiр тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауысы құқығы бар акцияларының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес.
Аталған шектеулер корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорына қолданылмайды.
Мемлекеттiк кәсiпорын жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционерi бола алмайды.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының:
1) зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға;
2) өзiнiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақылар алуға;
2-1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi және бағалы қағаздар рыногындағы өзге де қызмет түрлерiн дербес жүзеге асыруға;
2-2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот органдарында салымшының жазбаша өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен оның мүдделерiн бiлдiруге;
3) зейнетақы шартының ережелеріне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) алушыларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақы төлеуге;
2) жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асыруға;
3) салымшыға және ақпарат алушыға жылына кемiнде бiр рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез келген сұралатын күнгі оның жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйi туралы ақы алмай ақпарат беруге зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 50-бабында көзделген қағидаларды ескере отырып, оның жинақталған зейнетақы қаражаттары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiнiң электронды және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге міндетті. Жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi салымшымен (алушымен) келiсім бойынша анықталады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған немесе салымшы (алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген тұрғылықты мекен-жайының өзгергенi туралы жинақтаушы зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) өткен жылғы жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат жiберуді жүзеге асырмайды; 4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдары мен зейнетақы шартының ережелерiн бұзғаны үшiн жауап беруге; 6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнде белгiленген тәртіппен аударуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға; 8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен қаржылық есептiлiктi және уәкiлетті орган белгiлеген тәртіппен өзге де есептілік пен өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңдарымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;
9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
4. Зейнетақы шарты – бұл жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылардың немесе алушының арыснда зейнетақы төлемдері мен жаналарына байланысты туындайтын қатынастардың пайда болу, өзгертілу немесе тоқтатылуына байланысты жасалатын шарты (келісімі).
Зейнетақы шарты зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі негізгі құжаттардың бірі және тараптардың келісіміне негізделген акті болып табылады.
Типтік зейнетақы шарты уәкілетті органмен жасалады және бекітіледі және мазмұнында мыналарды қамтиды: зейнетақы шартын жасасқан күні; орналасқан жері, соның ішінде аудан, облысы; әлеуметтік жеке коды; жеке зейнетақы шоты. Зейнетақы шарты мынадай бөлімдерден тұрады:
Шарттың пәні;
Тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Зейнетақы жарналары мен төлемдерін жүзеге асыру тәртібі;
Шарт талаптарын орындамаған жағдайдағы тараптардың жауапкершілігі;
Шартты талаптарын өзгерту және тоқтату тәртібі;
Дауларды шешу тәртібі;
Тараптардың реквизиттері және қол таңбалары.
Зейнетақы шартының мерзімі аяқталған жағдайда да салымшы, зейнетақы шартын ұзартуға құқылы. Салымшының келісімінсіз қор салымшының зейнетақымен қамсыздандыру шартын қауіпсіздендіретін шешімдер қабылдауға құқықғы жоқ.
Әрбір зейнетақы жинақтау жүйесінің салымшысында заңмен орнатылған құқықтары болады:
зейнетақы шартын жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға;
зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпатар алуға;
жинақтаушы зейнетақы қорының іс-әрекетіне сот тәртібімен шағым жасауға;
өзінің жинақталған қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне, бірақ жылына екі реттен асырмай, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен аударуға;
ҚР тыс жерлерге тұрғылықты тұруға кеткен кезде ҚР заңдарына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын алуға;
ҚР заңдарына сәйкес өзінің жинақталған зейнетақы қаражатына өсиетхат қалдыруға;
Жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударуға және т.б.
Әдебиет: 5, 137-143 б., 10; 11; 12; 13; 16
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Жинақтаушы зейнетақы қорларының түсінігі мен түрлері
2 Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары, міндеттері және қызметтері
3 Зейнетақы шартын жасасу тәртібі
