- •2. Азаматтық құқық принциптері.
- •2.Міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдерін сипаттау:
- •Статья 1. Контрольные вопросы:
- •Тема 2: Гражданское правоотношение.
- •Тема 3: Осуществление и защита гражданских прав.
- •Тема 4: Объекты гражданских прав.
- •Тема 5: Граждане как субъекты гражданских прав.
- •Тема 6: Юридические лица.
- •Тема 7. Сделки.
- •Статья 2. Тема 8. Представительство.
- •Тема 9: Сроки. Исковая давность.
- •Часть 2 п. 1 ст.182 предусматривает условия приостанавливающего действия перечисленных обстоятельств:
- •Тема 10: Понятие права собственности.
- •Тема 11: Возникновение и прекращение права собственности.
- •Глава 13 гк рк называет следующие способы возникновения права собственности:
- •Тема 12: Общая собственность.
- •Тема 13: Другие вещные права.
- •Тема 14: Защита права собственности.
- •Тема 15: Понятие и стороны обязательства.
- •Тема 16: Исполнение обязательства.
- •Тема 17: Обеспечение исполнения обязательства.
- •Тема 18: Ответственность за нарушение обязательства.
- •Тема 19: Прекращение обязательства.
- •Тема 20: Понятие и условия договора.
- •Тема 21: Заключение, изменение и расторжение договора.
2.Міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдерін сипаттау:
1) Түрақсыздық айыбы - міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда борышкердің белгілі бір ақша сомасын төлеуінің қамтамасыз етілетін басты міндеттемеге қосымша шарты ретінде түсінеміз. Тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етудің мақсаты - борышкерді қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша өз міндетін оны күрделендіріп алмау қаупімен дел орындауға мәжбүрлеу, ал күрделенген жағдайда - міндеттеме нысанын құрайтын міндеттер көбейеді, белгілі бір ақша сомасын төлеу түрінде қосымша міндеттер пайда болады. Міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі бола тұрып тұрақсыздық айыбының өзі алдын ала анықталған ақша сомасын білдіреді, бұл ақша сомасы да тұрақсыздық айыбы деп аталады.
Өсім немесе айыппұл деп аталатын тұрақсыздық айыбы міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда белгіленеді, мысалы, орындау мерзімінің бұзылуы (өткізіп алу), өнімнің сапасы, ассортименті, буып-түйілуі туралы шартта көрсетілген талаптардың бұзылуы, т.б. Тұрақсыздық айыбын қолдану заңнамада да, мысалы заңнамада басқаның ақша қаражатын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы белгіленген, кез келген міндеттемені қамтамасыз ету үшін жасалған тараптар келісімінде де, мысалы, жалдау шарты бойынша жалдау ақысын уақтылы төлемегендік үшін, көзделуі мүмкін.
Тұрақсыздық айыбының түрлері: тұрақсыздық айыбы, негізінен, оның туындау негізіне және мөлшерінің қандай тәртіпте - заңмен немесе тұрақсыздық айыбы туралы келісіммен анықталатындығына қарай түрге бөлінеді. Егер ол соманың мөлшері заң актісімен анықталса, ол - заңды немесе нормативтік, ал шартпен анықталса - ерікті немесе шарттық тұрақсыздық айыбы деп аталады.
Тұрақсыздық айыбы өсім немесе айыппұл түрінде де болады. Заңнамада «тұрақсыздық айыбы» «айыппұл», «өсім» ұғымдарымен тектес ұғым ретінде берілген.
Заңнамада немесе шартта мынадай жағдайлар қарастырылуы мүмкін: залалды емес, тек тұрақсыздық айыбын ғана өндіруге болады; залалды тұрақсыздық айыбынан бөлек толық мөлшерде өндіртіп алуға болады; несие берушінің қалауы бойынша не залал, не тұрақсыздық айыбы өңдіріледі. Ерекше, айыптық және балама тұрақсыздық айыбының айырмашылықтары, міне, осында: ерекше тұрақсыздық айыбында тұрақсыздық айыбын өндіртуге болады, бірақ залалды өндіртіп алуға жол берілмейді; айыптықта - залал тұрақсыздық айыбынан тыс өндіріледі; баламалыда - несие берушінің қалауы бойынша не залал, не тұрақсыздық айыбы өндіріледі.
Кейбір реттерде тұрақсыздық айыбы бас тарту төлемі - борышкердің несие берушіге міндеттемені орындаудың орнына беретін белгілі бір ақша сомасы ретінде болады. Тұрақсыздық айыбын төлеу міндеттеменің тоқтауына әкеп соғады деп тараптар өзара келісіп, оны шартқа енгізген жағдайда тұрақсыздық айыбы бас тарту төлемі болып саналады. Әдетте, ерекше және баламалы тұрақсыздық айыбы бас тарту төлемі болады, себебі олар тұрақсыздық айыптарын өндіртіп алғанда залалды өндіртуге жол берілмейді.
Тұрақсыздық айыбын борышкер қамтамасыз етілген міндеттемені бұзған жағдайда оның белгілі бір ақша сомасын төлеу міндеттемесі ретінде ресімдеу әңгіменің шарттық немесе заңды тұрақсыздық айыбы жайында екендігіне байланысты.
Заң талабы бойынша тұрақсыздық туралы келісім тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етілген міндеттеме туындайтын мәміленің формасына тәуелсіз жазбаша түрде болады. Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің жазбаша формасы ауызша мәміледен туындайтын міндеттеме тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етілген жағдайда керек. Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің жазбаша формада болмауы оны заңсыз деп тануға әкеп соғады.
2) Кепілпұл дегеніміз - шарт жасасқан кезде бір адамның екінші адамға міндеттемеден туындайтын белгілі бір әрекеттер орындағаны үшін беруге жататын ақша сомасының бір бөлігін төлеуі. Кепілпұл - борышкер несие берушіге төлеуге тиісті қандай да бір ақша сомасының бөлігі. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретiндегі кепілпұлдың маңызы сонда, ол шартты қандай да бір тараптың орындамауынан сақтандырады. Шартты орындамау оның орындалуына жауапты тарап үшін қолайсыз зардаптар әкеледі. Кепілпұл, негізінен, борышкердің қандай да бір ақша сомасын төлеу жөнінегі негізгі міндеттемесі бойынша міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге бағьгтталған, мысалы, сатып алушының сатылатын бағаны төлеу міндеті, жалгердің жалдау ақысын төлеу міндеті, т.б., ал қамтамасыз етуге сол кепілпұл берген адамның кейін шартты орындаудан бас тартқан жағдайда сол кепілпұлдан айырылып қалу қаупі арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, кепілпұл алған адамның шартты орындамауы да оған алған кепілпұлды қайтару, сондай-ақ контрагентке алған кепілпұлдың сомасына тең сома төлеу түрінде қолайсыз зардаптар алып келуі мүмкін.
Кепілпұл туралы келісім, оның сомасына және негізгі міндеттеменің формасына қарамастан, заңсыз болады деген үреймен жазбаша түрде жасалуы тиіс.
3) Кепілдік және кепіл болушылық: кепілдік пен кепіл болушылықтың құқықтық тегі бір. Кепілдік пен кепіл болушылықтың мiндеттемені қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі мәні - борышкердің міндеттемені тиісінше орындау жөніндегі жауапкершілігін үшінші жақтарға тарату және оларды орындауға міндетті адамдар қатарына тарту. Борышкер үшін негізгі міндеттемені орындаған кепілші мен кепіл болушыға несие берушінің құқықтары ауысады, ол ауысу еш қандай ресімдеуді керек етпейді және ешкімнің ырқына тәуелді емес, себебі ол заң актісінің міндеттеуі негізінде жүзеге асырылады.
Борышкердің үшінші жақтардың қосымша міндеттемелері есебінен міндеттемені орындауды қамтамасыз етуінің түрлері өзара ұқсас болғанмен, олардың құқықтық реттелуін өзінше қарауды талап ететін айырмашылықтар да бар. Кепілдік пен кепіл болушылықтың негізгі айырмашылығы олардың қосымша міндеттеме ретінде ортақтастығында не субсидиялығында, сондай-ақ кепілші мен кепіл болушының борышкер міндеттемесін орындауының шегінде және оларға талап қою тәртібінде.
Кепілдік дегеніміз - кепілші деп аталатын белгілі бір адамның басқа адамның несие берушісі алдында міндеттемесін сол негізгі борышкермен ортақтасып орындауға жауап беру міндеттемесі. Кепілдік - қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша несие беруші мен негізгі міндеттеме бойынша борышкер емес адам арасында орнатылатын құқықтық қатынас. Кепілші келбеті борышкерге келмейді, негізгі міндеттемеге қатысты алғанда кепілші әрқашанда үшінші тұлға болып қалады. Кепілдік бойынша міндеттемеге, тіптен, негізгі міндеттемеге туындыға да, негізгі борышкердің тікелей қатысы жоқ және бұл құқық қатынасына қатыспайды. Кепілші мен борышкер арасыңдағы негізгі міндеттеме бойынша қатынас кепілдік және негізгі міндеттеме бойынша құқық қатынастарынан тыс қалады және олар үшін ешқандай маңызы жоқ. Кепілші мен борышкер арасындағы қатынастардың негізі не өзінше бөлек келісім (шарт), не басқа мән-жайлар болуы мүмкін, мысалы, кәсіпкерлік қызметпен ұзақ уақыт бірге айналысу, жарғы капиталына бірге қатысу (атап айтқанда, «аталық» және «еншілес» коммерциялық ұйымдар, тәуелді акционерлік қоғам және оның жарғы капиталына қатысатын өзге заңды тұлға), достық, туыстық, ерлі-зайыптылық байланыс және т.б.
Кепіл болушылық дегеніміз - кепіл болушы деп аталатын белгілі бір адамның басқа адамның несие беруші алдындағы міндеттемесін негізгі борышкермен бірге толықтай немесе жарым-жартылай субсидиялы орындауға жауап беру міндеті. Кепіл болушылық арқылы, әдетте, борышкердің ақшалай міндеттемені орындауы қамтамасыз етіледі. Бұл кепіл болушының жауаптылығының мәнінен туындайды: кепіл болушы, егер заңнамада өзгеше көзделмеген болса, кепіл болушылықта көрсетілген сома мөлшерінде жауаптылық көтереді. Кепілші сияқты, кепіл болушы да, егер кепіл болушылықтың шарттарынан, заңнамадан, негізгі міндеттеменің мәнінен немесе іскерлік айналым дағдысынан өзгедей туындамаса, не кепіл болушылықта көрсетілген ақша сомасын төлеуге, немесе борышкер міндеттемесін зат түрінде орындауға құқылы, ал соңғысы міндеттемені үшінші жақтың орындауы туралы жалпы ережеден туындайды.
Кепілдік пен кепіл болушылықтың туындау негізі екіжақты шарт болып табылады. Кепіл болушылық шартының немесе кепілдік шартының тараптарына қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша несие беруші мен негізгі міндеттемеге қатысты үшінші жақтар болып табылатын кепілші немесе кепіл болушы жатады. Бұл жерде бір тарап ретінде бір уақытта бірнеше адам қатыса алады. Кепілдік пен кепіл болушылыққа негіз болатын негізгі міндеттеме бойынша несие беруші мен кепілші немесе кепіл болушылық арасындағы қатынастар кепіл болушылық шартының немесе кепілдік шартының жағдайларының шегінен тыс қалады.
Кепілдік шарты мен кепіл болушылық шарты біржақты міндеттеуші шарттар болып табылады (біржақты мәмілемен шатастырмау керек), себебі олар бойынша тек бір тарапта ғана - кепілшіде немесе кепіл болушыда міндет туындайды, ал несие берушіде тек құқық болады, онда міндет болмайды.
Кепілдік шарты мен кепіл болушылық шарты консенсуалдық болып табылады. Біржақты міндеттейтін шарттар ретіндегі және несие беруші мен кепілші немесе кепіл болушы арасындағы келісім ретіндегі кепіл болушылық шартының немесе кепілдік шартының мәнінен олардың ақысыздығы туындайды.
Кепіл болушылық және кепілдік шарттары жазбаша формада жасалуы тиіс. Сол жазбаша форманы сақтамау ол шарттарды заңсыз деп тануға әкеледі, себебі мұндай салдар заңнамада тікелей көрсетілген.
Жалпы ереже бойынша кепілші несие беруші алдында борышкердің барлық жауапкершілігін, оның ішінде борышкердің негізгі міндеттемені орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан несие берушіге келген залалды өтеу жөніндегі жауапкершілігін де көтереді. Сонымен қатар шартта кепілшінің жауапкершілігінің шегі мен мөлшерін анықтаудың өзге тәртібі көзделуі мүмкін. Сол себепті кепілшінің жауапкершілігінің шектері, көбіне, кепілдік шартындағы жағдайларға байланысты.
Кепілдік шартында, сонымен қатар, борышкердің негізгі міндеттеменің орындалмауынан немесе тиісінше орындалмауынан туындаған шығындарды өтеуіне қатысты кепілшінің жауаптылығының басқа тәртібі кепілшінің залалды өтеу жөніндегі жауапкершілігін кепілдік шартының талаптарымен шектеу арқылы белгіленуі мүмкін. Кепілшіге қарағанда кепіл болушы, жалпы ереже бойынша, несие беруші алдында, кепіл болушылық шартында көрсетілген шектерде шектеулі жауапкершілік көтереді. Кепіл болушылық шартында кепіл болушының жауапкершілігінін, өзгедей шектері көзделуі мүмкін.
Кепілші міңдеттемені орындағанда осы міндеттеме бойынша несие берушінің қүқығы оның талабын кепілші қаншалықты орындаса, сол көлемде оған ауысады. Кепілшінің, жаңа несие беруші ретінде борышкерге қоятын талаптарынан басқа, жалпы ереже бойынша, борышкер үшін жауапкершілікпен байланысты өзі тартқан шығынды толық көлемде, оның ішінде ақша қаражатын негізгі міндеттемені орындау үшін жаратумен байланысты шығындарды, АК-ның 353-бабына сәйкес өндіртіп алуға қүқығы бар.
Кепілдік пен кепіл болушылық негізгі міндеттемеге қосымша (акцессорлық) міндеттеме болып келеді, олар өздері қамтамасыз ететін міндеттеме тоқтағанда тоқтайды, бұл ретте кепілдікпен немесе кепіл болушылықпен қамтамасыз етілген міндеттеме қандай негізбен: тиісінше орындалғандықтан, есепке алынғандықтан және т.б. себептермен тоқтағанының маңыздылығы жоқ.
4) Кепіл (кепілдік қүқық) деп несие берушінің міндеттеме бойынша өз талаптарын борышкердің немесе заттық кепіл болушының белгілі бір затының не өзге мүлкінің құндылығы есебінен канағаттандырудағы айрықша қүқығы танылады.
Кепілдің акцессорлық сипаты: кепіл өзінен өзі болмайды, ол несие берушінің негізгі міндеттеме бойынша талаптарының қанағаттандырылуын қамтамасыз ету үшін керек. Сондықтан кепілде қосымша және тәуелді, акцессорлық сипат болады, және ол қамтамасыз етілетін міндетгемеден бұрын туындай алмайды, ол тоқтағанда бұл да тоқтайды.
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша несие берушіде екі талап болады: біреуі - қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша борышкерге талап, екіншісі - кепіл нысаны болып табылатын мүліктің кепіл берушісіне талап. Егер кепілге өткізілген мүлікті сатқаннан түскен ақша толық қанағаттандыруға жетпесе, онда несие беруші, жалпы ереже бойынша, кепілге өткізілген мүліктің құны жаппаған бөлікті борышкердің орындауын, оның ішінде өндіртіп алуды борышкердің барлық мүлкіне аудару есебінен орындауын талап етуге құқылы.
Кепіл объектісі: борыш төленбеген жағдайда өндіртіп алуға жіберілуі мүмкін зат кепіл объектісі (кепіл құқығы) деп аталады. Кепіл объектісі (заты) белгілі бір құндылығы, бағалылығы бар, негізгі міндеттеме орындалмаған жағдайда несие берушiнің мүддесін қанағаттандыра алатын кез келген мүлік бола алады. Сонымен, кепіл құқығының объектісі бола алатын мүлік ретінде заттарды, ақшаны, оның ішінде шет ел валютасын, бағалы қағаздарды, жұмысты, қызметті, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелерін, фирмалық атауларды, тауар белгілерін, кейбір даралау құралдарын, мүліктік құқықтарды және «мүлік» ұғымына жататыңдардың барлығын алуға болады. Ескеретін бір жағдай - мүлік деп материалдық түрдегі қандай да бір жеке зат немесе құндылықтын қандай да бір жеке түрі ғана танылмайды. Мүлік деп қандай да бір субъективтік құқықтың объектісін де түсіну керек, ал ол объект мүліктің көптеген түрлерін біріктіруі мүмкін, мысалы, заттар мен мүліктік құқықтар, олардың барлық жиынтықтары да мүлік - нақты субъективтік құқықтың объектісі болып табылады.
Кепіл қатынастарына кемінде екі адам - кепіл ұстаушы және кепіл беруші қатысады.
Кепілдің туындауының негізі шарт болып табылады. Кепіл нысанының жойылуы немесе кепіл нысанына меншік қүқығының заң актілерінде көзделген негіздермен және тәртіпте (алып қою немесе мемлекет пайдасына сатып алу, реквизиция, ұлт меншігіне айналдыру және т.б.) тоқтауы негізгі міндеттеме тоқтамай-ақ кепіл құқығының тоқтауына әкеп соғады.
Бақылау сұрақтары:
1.Айып төлеу ұғымы.
2.Айып төлеу мөлшері.
3.Айып төлеу мөлшерін азайту.
Тақырып 18: Міндеттемені бүзғанды үшін жауаптылық
Мақсаты: Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң негiзгi категорияларын қарастыру.
Сұрақтар:
1 Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылық ұғымы.
2 Міндеттемені бұғандық үшін жауаптылықтың формалары.
3 Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылықтың түрлері.
4 Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылық шарттары.
5 Міндеттемені бүзгандық үшін жауапкершіліктен босатудың негіздері.
1. Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылық ұғымы. Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, бір жағынан заңдық жауапкершіліктiң түрі бола тұрып, тағы да, азаматтық-қүқықтық жауапкершіліктің бір түріне жатады, ол субъективтік азаматтық құқық бұзушыға қосымша азаматтық-құқықтық міндеттерді немесе оған тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтік азаматтық құқықтарды қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану деп анықталады.
Заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, сөзсіз, қандай да бір теріс салдарларды құқық бұзушыға жүктеу болып табылады. Сонымен қатар, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің бір түрі бола тұрып, құқық бұзушы үшін жұмыс жасау, қызмет көрсету, ақша сомасын төлеу жөніндегі қосымша міндеттемемен, не мүлікке қандай да бір құқықтан айыру түріндегі белгілі бір қосымша мүліктік айырумен сипатталады, ол тікелей қолайсыз мүліктік салдарларға алып келеді. Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық, кез келген азаматтық-құқықтық жауапкершілік сияқты, әрқашанда мемлекеттік мәжбүрлеумен немесе сондай мәжбүрлеумен қорқыту арқылы қамтамасыз етіледі. Сондықтан, мiндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілікті міндеттемелік азаматтық құқықты бұзушыға қосымша азаматтық-құқықтық міндет жүктеу немесе оны, өзіне тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде, мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айырулар жүктеу деп анықтауға болады.
Жауапкершілік қолданудын АК-ның 349-бабында бекімін тапқан негізі деп міндеттеменің борышкердің міндетіне жататын кез келген шартын, атап айтқанда, орындау уақытын, орнын, тәсілін, санын, сапасын, тауарлардың ассортиментін, жинақтылығын және т.б. оның бұзуын түсіну керек.
Көлемі, маңыздылық дәрежесі және құқықтық салдары бойынша алғанда міндеттемені бұзу, әдетте, екі түрге бөлінеді: міндеттемені орындамау, яғни міндеттемені толықтай бұзу; мiндеттемені тиісінше орындамау, яғни міндетемені оның мазмұнында анықталған қандай да бір жеке жағдайларды бұзып орындау.
Міндеттемені борышкердің тікелей өзінің орындауы елеулі жағдайларға жататын, не ондай орындау заңнама талаптарынан туындайтын (императивтік талап) жағдайларда орындаушының алмасуы да міндеттемені бұзғандық болып табылады, ол да жауапкершілік шараларын қолдануға негіз болады.
2. Міндеттемені бұғандық үшін жауаптылықтың формалары: міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік құқық бұзушыға қосымша міндеттеме жүктеу түрінде болатындықтан міндеттеме бұзғандық үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықтың формасы ретінде құқық бұзушыға артылатын қолайсыз мүліктік салдарлар түсініледі. Басқаша айтқанда, міндеттеме бұзғандық үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықтық формасы, сырттай жауапкершіліктің көрінісі ретінде, құқық бұзушы үшін белгілі бір қолайсыз шаралардың, міндеттемені бұзғаны үшін санкциялардың көрініс табуы болып табылады. Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық формаларына тән, онсыз болуы мүмкін емес сипатқа олардың қосымша мүліктік сипаты жатады.
Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық-жауаптылық мынадай формада болады: шығынды өтеу; тұрақсыздық айыбын төлеу; кепіл-пұлды жоғалту не кепілпұлдың қайтарылған сомасынан басқа қосымша сома төлеу; қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған мәміле бойынша алынғанның бәрін мемлекет пайдасына тәркілеу; кепілге салынған мүлікке, сондай-ақ ұстап қалу ережесіне сәйкес ұстап қалынған мүлікке меншік құқығын жоғалту; моральдық залалдың орнын толтыру және т.б.
Шығынды өтеу азаматтық-құқықтық жауаптылықтың жалпы шарасы болып табылады, ол кез келген субъективтік азаматтық құқықты (міндеттемелік, заттық, ерекше және т.б.) қорғауда қолданыла алмайды. Шығындар ұғымы және азаматтық құқықты қорғаудың шығындарды өтеу сияқты тәсілдерін азаматтық құқықты бұзудың барлық жағдайларында қолдану мүмкіншілігі АК-ның 9-бабының 4-тармағында көзделген. АК-ның 350-бабына сәйкес, өз міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған борышкер несие берушіге міндеттемені бұзушылықтан болған шығындарды өтеуге міндетті, яғни құқық берілген адамды шығынға отырғызған кез келген азаматтық құқық бұзушылықта шығындарды өтеуге жол берілген. Бұл ретте, жалпы ереже бойынша, міндеттемені бұзғандық үшін шығындарды өтеуге қатысты шығындарды толық өтеудің АК-ның 9-бабының 4-тармағында бекімін тапқан бас принциптері қолданылады. Шығындарды толық өтеу принципі құқықтың бұзылуына байланысты несие берушіде туындаған нақты залалдың да, және жіберіп алынған пайданың да өтелуін көздейді.
Нақты залал дегеніміз өз құқығының бұзылуына байланысты несие беруші жұмсаған шығындардың жиынтығы (яғни бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін есептелген шығындар), оған жоғалған не бүлінген мүліктерді қалпына келтіру шығындары да кіреді. Бұл ретте, нақты залалды өтегенде несие берушінің жұмсаған шығындары да, ол жүмсауы тиіс шығындар да есептелінеді.
Несие берушінің құқығы бұзылмағанда ол дағдылы айналым жағдайында алуы мүмкін табыстың кемшілігі қолдан жіберіп алынған пайда деп түсініледі. Қолдан жіберіліп алынған пайданың мөлшерін анықтағанда несие берушінің оны алу үшін жүргізген шаралары да, сол табысты алу мақсатында жасалған дайындық жұмыстары да ескеріледі.
3. Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылықтың түрлері. Міндеттемені бұзгандық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке топтастыру әртүрлі критерийлер негізінде жасалынады.
Шарттың бүзылған міндеттеменің және құқық бүзушының жауапкершілігінің негізі болатын-болмайтындығына қарай да топтастыру жүргізуге болады. Бұл ретте шарттық және шарттан тыс жауапкершілік болып бөлінеді, оларда құқықтық реттеуде, құқық бұзушының жауапкершілігінің шегін тараптардың келісімімен өзгерту мүмкiндігінде елеулі айырмашылық бар. Шарттық жауапкершілікке шарт бойынша контрагенттің жауапкершілігі жатады, мысалы, сатушының, жалдаушының, сақтаушының жауапкершілігі. Егер, азаматтық заңнаманың міндеттеменің кейбір түрлерін реттейтiн нормалары императивтік міндеттеу көздемеген болса, шарттық міндеттемеде тараптардың келісімімен жауапкершіліктің шектерiн өзгерту, жауапкершілікті шектеу және т.б. мүмкiн болады. Шарттан тыс жауапкершілік, әдетте, азаматтық құқықтың қандай да бір шартсыз мiндеттеме туындау жағдайын және мән-жайын, борышкердің мұндай міндеттеме бойынша жауапкершілігін, жауапкершілік шектерін, құқық бұзушылықтың құрамын және т.б. қарастыратын императивтік нормалардың арқасында туындайды. Шарттан тыс жауапкершілікке, мысалы, борышкердің сыйақыға көпшілік алдында уәде беруден, тапсырмасыз қызметтен, зиян келтіруден, негізсіз баюдан және т.б. туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілігі жатады.
Борышкерге міндеттемені бұзғаны үшін қолданылатын санкциялар бойынша жауапкершілік түрлерін топтастыруға болады. Бұл ретте жауапкершілік борышкердің шығындарды өтеу, тұрақсыздық айыбын төлеу, кепілпұл сомасын төлеу, моралдық зиянның орнын толтыру және т.б. жөніндегі жауапкершілігі сияқты түрлерге бөлінеді. Бұл жерде тұрақсыздық айыбын төлеу және шығындарды өтеу, жауаптылықтың кең таралған түрі ретінде, бұрын жан-жақты қаралған.
Борышкердің тұрақсыздық айыбын төлеу мен шығындарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғандығы үшін жауапкершілігінің айрықша бір түрі ретінде борышкердің бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілігін атау кереқ. Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін АК-ның 353-бабына сәйкес заңды тұрақсыздық айыбын төлеу көзделген. Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдалану дегеніміз ақша міндеттемесiн орындамау (ақша төлеу жөніндегі міндеттемелер) не оны төлеудiң мерзімiн өткізiп алу, басқа адамның есебінен ақшаны негізсіз алу және сақтау және т.б.
353-баптың 2-тармағында бекітілген жалпы ереже бойынша, бөтеннің ақшасын пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы осы ақша сомасын несие берушіге төлеген күн бойынша алынады. Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы алынатын мерзімді анықтаудың өзге тәртiбі заңнамамен немесе шартпен анықталуы мүмкін. Яғни, мiндеттемелердің кейбір түрлері үшін заңнама ережелерімен не шарт талаптарымен бөтеннiң ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы есептелетін аз мерзім белгіленуі мүмкін, атап айтқанда, ауқымында тұрақсыздық айыбын есептеуге болатын ең шекті мерзім белгіленуі, не ең шекті мөлшер белгіленуі мүмкін.
Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздык айыбы, АК-ңың 353-бабының 3-тармағына және ережелерге сәйкес есептiк деп аңықталады, және өңдірілген тұрақсыздық айыбының мөлшері осындай пайдаланудан келген шығындардың сомасына есептеледi.
Сондықтан, ақшасын борышкер заңсыз пайдаланған адам, сол ақшаны заңсыз пайдаланудан келген шығындарды тұрақсыздық айыбының мөлшерінен аспайтын бөлікте борышкердің өтеуін талап етуге құқылы.
Моральдық зиянның орнын толтыру жеке мүліктік емес құқықтарға арналған тарауда, соңдай-ақ келген зияннан туындайтын мән-жайларға арналған тарауда жан-жақты қаралған.
Моральдық зиян дегеніміз жәбірленушінің құқықтың бұзылуы, оның ішiнде міндеттемелік құқықтың бұзылуы нәтижесінде басынан өткізген дене және көңіл күйзелісі (қорлануы, ашулануы, ұялуы, болуы, көңілінiң қынжылуы, құлазуы және т.б.) Моральдық зиян ақша түрнде өтеледі. Моральдық зиянның орнын толтырғаңда өзiне келген моральдық залалдың ауырлығың ауырлығын жәбірленушінің субъективтiк бағалауы да, жәбірленушінің дене және көңіл күйзелісінің дәрежесiн көрсететiн объективтік деректер те ескеріледі (қол сұғу нысанына айналған игiліктің өмірдегі маңыздылығы, құқық бұзушылық салдарының ауыртпашылығы, жалған мәліметтердің сипаты және таралған өрiсі, жәбірленушінiң өмiрi сүру жағдайы және назар аударуға тұрарлық басқа да мән-жайлар). Шығындарды өтеу мен моральдық зиянды өтеудiң ара қатынасына келетін болсақ, АК-ның 352-бабына сәйкес, моральдық зиян мiндеттеме бұзылудан келген зияннан тысқары өтеледі.
Борышкер жағындағы адамдар көп болса, олардың жауапкершілікті бөлу өзінің сипатына қарай үлесті, ортақтастық және субсидиялық жауапкершілік болып келеді. Тараптардың адамдарының көптiгін анықтау тәртiбі АК-ның 269-бабының 2-тармағында көзделген.
Несие берушінің міндеттемелік құқығын борышкердің несие беруші алдындағы міндеттемесін орындаумен байланысты, не оған байланысты емес себептермен онымен шарттық байланыста тұрған адамдардың бұзуының негізі бойынша не бұл себеші болмаса да, бірақ борышкердің осы шарттың контрагенттерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі несие берушінің құқығын бұзса, жауапкершіліктің айрықша түрі - борышкердің үшінші жақтың әрекеті үшін жауапкершілігі туындайды. Жалпы ережеге сәйкес, міндеттеме бойынша жауапкершілік міндетгеме тарапы болып табылатын борышкерге жүктеледі. Үшінші жақтың борышкер алдындағы, оның несие беруші алдындағы міндеттемесімен байланысты емес, бірақ несие беруші алдындағы міндеттеменің орындалмауына және орындаудың мүмкін еместігіне негіз болған қандай да бір өзге міндеттемелері АК-ның 363-бабының 1-тармағына сәйкес өзіне аталған мән-жайларға байланысты емес жауапкершілік жүктелген борышкердің, жауапкершілігіне әсер етпейді, себебі борышкердің үшінші жақпен өзара қатынасы оның несие берушімен қатынастары өрісінен тысқары жатыр.
Жауапкершіліктің ерекше бір түрі - несие берушінің міндеттеме бойынша орындауды қабылдаудың мерзімін өткізіп алғандық үшін борышкер алдындағы жауапкершілігі. Борышкер ұсынған тиісінше орындауды қабылдаудан несие берушінің бас тартуы немесе заңнамада немесе шартта көзделген не іскерлік айналым дағдысынан немесе міндеттеме мәнінен туындайтын, жасалғанынша борышкер өз міндеттемесін орындай алмайтын әрекеттерді жасамауы несие берушінің міндеттеме бойынша мерзімді өткізіп алуы деп саналады (мысалы, егер шартта көзделген болса, сатып алушының тауарды сұрыптауы). Міндеттеменің орындалғандығын тиісінше растаудан бас тартқан жағдайда да несие беруші мерзімді өткізген болып саналады, мысалы, мұндай растау борышкердің міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуі үшін кепілге берген мүлкіне оның билік етуіне қойылған шектеулерді алу үшін керек. Несие беруші мерзімді өткізіп алғанда борышкер одан келген шығынның өтелуін талап етуге құқылы, бұл жағдайда олардың құқықтары мен міндеттері қарама-қарсы бағытта өзгереді: негізгі міндеттеме бойынша несие беруші шығынды өтеу міндеттемесі бойынша борышкерге, ал борышкер - несие берушіге айналады.
4. Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылық шарттары. Субъективтік міндеттемелік азаматтық құқықтарды бұзушыға міндеттемені бұзғандығы үшін жауаптылық шараларын қолдануға негіз - сол адамның міндеттеменi орыңдамау немесе тиісінше орыңдамау түрінде азаматтық-қүқыктық құқық бұзушылық жасауы. Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік шараларын қолданудың барлық қажетті талаптарының жиынтығы кұкық бұзушылыктың құрамын береді. Айта кететін бір жағдай - азаматтық-құқықтық жауаптылық жүктелетін жалпы, типтік жағдайлар болады, олар жауапкершіліктің азаматтық құқық бұзушылықтың тек кейбір жағдайлары мен кейбір түрлеріне ғана тән арнайы жағдайларының диалектикалық өмір дамуында құқық бұзушылықтың барлық немесе көпшілік жағдайларына тән.
Азаматтық-құкықтық жауапкершіліктiң жүктелуінің жалпы, дәстүрлі танылған жағдайлары мыналар: 1) бұзушының құқыққа қарсы қылығы; 2) залалдың немесе шығынның болуы; 3) құқыққа карсы қылык пен зиян әкелген салдарлар арасында себептік байланыстың болуы; 4) құқық бұзушының кінәсінің болуы.
Жауапкершіліктің қаншалықты көп формалары мен түрлері болғанмен барлық міндеттемелік құқық бұзушылықтың құрамдарын біріктіретін екі жалпы принцип бар, оларға сәйкес те құқық бұзушылық шарттарының құрамын екі топқа біріктіруге болады, бұл топтар құқықтық реттеуде бірінен бірі едәуір өзгеше. Бұлар азаматтық құқықтық жауапкершілік теориясында кінә принципі және келтіру принципі деп аталады, олар азаматтық - құқықтық жауаптылықты қолдануды қарастырады. Келтіру принципі заң әдебиеттерінде көбіне, қауіп бастауларына негізделген жауапкершілік деп аталады.
Кінә принципіне және келтіру принципіне негізделген жауапкершілікті өзара бөлектейтін негізгі сипаттама мынадай: кінә принципіне сәйкес жауапкершілік құқық бұзушы кінәсінiң азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін қажетті талабы жағдайларда болуын көздейді, ал келтіру принципіне сәйкес - жауапкершілік үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті артудың талабы кінәнің болуы қажет емес. Сонымен қатар, кінә принципі мен келтіру принципіне сәйкес жауапкершілік қолдану үшін біріктіргіш жағдайлар, әдетте, құқық бұзушылықтың объективтік жағына жататың жағдайлар: борышкердің құқыққа қайшы қылығы және осы қылық пен құқық бұзу арасындағы себептік-салдарлық байланыс болуы тиіс.
5. Міндеттемені бүзгандық үшін жауапкершіліктен босатудың негіздері. Борышкерді міндеттемені орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатудың басты негізі құқық бұзушылық құрамының болмауы деп саналады, яғни жауапкершілікке тарту үшін қажетті шарттардың әйтеуір біреуінің болмауы.
Міндеттемені орындаудың мүмкін еместігі міндетті адамды міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатудың жанама негізі болып табылады. Айта кететін бір жағдай - бұл аталған негіз белгілі бір ережелер сақталғанда ғана жауаптылықтан босата алады.
Несие берушінің талап көнелігі мерзімі шегінде не жауаптылыққа тарту жөнінде талап қоюдың белгіленген мерзімі шегінде талап мәлімдемеуі де құқық бұзушыны жауапкершіліктен босатудың негізі болып табылады.
Несие берушiнің борышкердің тиісінше орындағанын өз мерзімінде қабылдамауы да, АК-ның 366-бабына сәйкес, борышкерді кінә принципіне де, келтіру принципіне де негізделген жауаптылықтан босатуға негіз болып табылады. Несие берушінің мерзімді өткізіп алғандығынан туындаған салдарлар үшін жауаптылықтан борышкер сол мерзім өте бастаған кезден бастап босатылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылық ұғымы.
2.Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылықтың түрлері.
3.Субсидиялық жауапкершілік
Тақырып 19: Міндеттеменің тоқтатылуы
Мақсаты: Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң негiзгi категорияларын қарастыру.
Сұрақтар:
1 Міңдеттеменің тоқтауы үғымы және оның негіздері.
2 Міндеттемені тоқтатудың кейбір тәсілдері.
1. Міңдеттеменің тоқтауы үғымы және оның негіздері. Міндеттеменің тоқтауы тараптардың оның мазмұнын құрайтын құқықтары мен мiндеттерінің тоқтауын білдіреді. Міндеттеменің тоқтауы үшін белгілі бір құқық тоқтатушы заңдық фактілердің - міндеттемені тоқтатудың негіздері болуы тиіс. Бұл негіздердің тізбесі АК-ның 367-бабының 1-тармағында берілген.
Міндеттемені тоқтату негіздерінiң бірқатар топтамалары бар. Мысалы, бір негіздер біржақты (есепке жатқызу) немесе екіжақты (бас тарту төлемі) мәмілелер болып табылады, басқа негіздер (борышкер мен несие берушінің бір тұлға болуы) ондай емес.
Дегенмен, негіздерді мынадай бөлу көп таралған:
тараптардың еркімен болатын негіздер (тиісінше орындау, бас тарту төлемі, есепке жатқызу, жаңалау, борышты кешіру);
тараптардың еркіне қарамастан міндеттемені тоқтататын негіздер(борышкер мен несие берушінің бір тұлғаға айналуы, міндеттемені орындаудың мүмкін еместігі, мемлекеттік органның акт шығаруы азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаның тарауы).
Тараптардың біреуінің талабы бойынша міндеттеменің тоқтауы заңнамада көзделген жағдайларда ғана мүмкін болады (367-баптың 2-тармағы).
Тараптардың біреуінің талабы бойынша міндеттеменің тоқтауы дегеніміз, бәрінен бұрын, міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуды білдіреді (АК-ның 273, 401 және 404-баптары).
АК-ның 367-бабының 1-тармағында берілген тізбе жабық емес. Заңнамада немесе шартта мiндеттемені тоқтатудың өзгедей де негіздері көзделуі мүмкін.
2. Міндеттемені тоқтатудың кейбір тәсілдері. Тиісінше орындау ғана міндеттемені тоқтатады (272-бап). Тиісінше орындалған болмаса міндеттеме тоқтамайды, қайта, қосымша міндеттер пайда болады (тұрақсыздық айыбын төлеу, шығынды өтеу жөнінде және т.б.)
Несие берушінің кінәсінен борышкердің орындауды кешіктіруі, біріншіден, борышкерді орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін жауапкершіліктен босатады, екіншіден, несие берушінің мерзім өткендіктен болған шығынды борышкерге төлеуіне әкеледі.
Бас тарту төлемі міндеттемені тоқтатудың жаңа негізі болып табылады, ол Азаматтық кодексте бұрын (АК-ның 369-бабы). Бас тарту төлемін қолданудағы мақсат міндеттеме нысанын басқа мүлікке немесе ақшаға алмастыру арқылы міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету. Жұмыс орындау немесе қызмет көрсету де ұсынылуы мүмкін.
Жаңартудағы сияқты, азаматтардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі және алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерге қатысты бас тарту төлемін қолдануға болмайды (АК-ның 272-бабы).
Бас тарту төлемі ретінде белгіленген ақша сомасын төлеу борышкерді міндеттемені зат түрінде орындаудан босатады (354-бап). Бас тарту төлемін кәсіпкерлік қызметте төлеуді практикада қолданудың нұсқалары әртүрлі. Мысалы, заем шарты мүлік кепілімен қамтамасыз етілген. Міндеттеме орындалмағанда несие беруші өндіріп алуды кепіл нысанына аударғысы келеді, бірақ ол үшін сотқа жүгіну керек немесе мүлікті саудаға салу керек, және мүлік сатылғаннан кейін ғана өз талабын сол мүліктің құнынан қанағаттандыра алады. Ал, несие беруші сол кепілге салынған мүліктен қанағат алуға қарсы емес, оған борышкер де келіседі. Енді несие беруші мен борышкер бас тарту төлемі туралы келісім жасай алады: борышкер ақшаның орнына несие берушіге мүлік береді, міндеттеме тоқтайды.
Міндеттеменің есепке жатқызу арқылы тоқтауы (АК-ның 370-бабы). Есепке жатқызғанда біртекті қарсы талаптар, егер мөлшері жағынан өзара тең болса, тоқтайды. Есепке жатқызу үшін мынадай үш талап орындалуы тиіс:
- есепке жатқызуға қойылатын талап қарсы болуы керек, яғни екі адам екі міндеттеме бойынша біріне бірі несие беруші де, борышкер де болуы қажет (жоғарыда келтірілген мысалда бірінші азамат заем міндеттемесі бойынша борышкер, ал костюмді сатып алу-сату міндеттемесі бойынша ақша төлеуде несие беруші болып табылады);
- талаптар біртекті болуға тиіс. Практикада есепке жатқызу, әдетте, ақша төлемдері бойынша талаптарға қатысты жүргізіледі. Егер заттарды есепке жатқызу туралы мәселе туындаса, олар сапасы бірдей біртекті заттар болуы керек (ұн ұнға, алма алмаға, және т.б.)
- екі талап бойынша да орындалу мерзімі келуі (мысалы, ақшаны қарызға берген 2 айлық мерзім аяқталады), не мұлде белгіленбеген болуы (қайтару мерзімі көрсетілмей ақша қарызға берілді), не талап ету кезімен анықталуы (талап еткен бойда қайтарылатындай шартпен беріледі) тиіс.
Соңғы жағдайда орындаудың ақылға қонымды мерзімі және 7 күндік мерзім туралы ереже (271-бап) қолданылмайды, себебі іс жүзінде орындау болмайды.
Есепке жатқызу үшін екінші тараптың келісімі керек емес, бір тараптың мәлімдеуі бір жақты мәміле деп қарастырылады (148-бап). Бірақ, екінші тарап есепке жатқызуға қойылған талаптың заңдылығын да, және есепке жатқызуды жүзеге асыруға қажетті, 370-бапқа сәйкес жағдайлардың бар екендігін де сот арқылы дауласуға құқылы.
АК-ның 370-бабының 2-тармағында талаптарды есепке алуға жол берілмейтін жағдайлар аталған:
егер тараптардың бірінің өтініші бойынша талапқа заңды талап мерзімін қолдануға болса және ол мерзім өтіп кетсе;
азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы;
алимент өндіріп алу туралы;
өмір бойы асырау туралы талаптарда;
5) заңнамада немесе шартта көзделген басқа да жағдайларда. АК-ның 370-бабының 2-тармағында талаптарды есепке жатқызуға жол берілмейтін негізгі жағдайлар аталған.
Талап қою мерзімі өткен талапты есепке жатқызуға жол бермеу тараптардың біреуінің арызы болғанда ғана қолданылады. Сондықтан да, арыз болмаса есепке жатқызу жүргізілуі мүмкін. Ескеретін бір жағдай - азаматтардың талаптары бойынша сот, ерекше жағдайларда, өтіп кеткен талап қою мерзімін қалпына келтіруге құқылы (185-бап).
Бапта келтірілген басқа жағдайлар, негізінен азаматтардың ақша қаражаттарына қатысты, оларда есепке жатқызуға мүлде жол берілмейді.
Борышкер мен несие берушінің бір тұлға болуы (АК-ның 371-бабы) міндеттемені токтату негізі бола алады. Мысалы, акционерлік қоғам акционерден оның акцияларын оларды өтеу және жарғы капиталын азайту мақсатында сатып алса; борышкер несие берушіден борыштық құжатты (вексельді) сатып алса; жалдаушы жалға берушінің жалға берген мүлкін иеленсе және т.б. жағдайларда борышкер мен несие берушінің бір тұлға болуы туындайды.
Мүлік мұра бойынша борышкерден несие берушіге, және керісінше ауысқанда борышкерлер мен несие беруші бір тұлғаға айналып, азаматтар арасындағы қатынастарда міндеттеме тоқтайды.
Заңды тұлғалар арасындағы қатынастарда осы көрсетілген себептермен міндеттеменің тоқтауы заңды тұлғалар біріне бірі қосылу немесе бірігу арқылы олар қайта құрылғанда орын алады (45-бап).
Борышкер мен несие берушінің бір тұлға болуын тудырған мән-жайлар күшін жойса, бұрын болған міндеттеме тек азаматтар арасындағы қатынастарда ғана қалпына келеді (мысалы, борышкер өлді деп хабарланған несие берушінің мүлкін мұралайды, ал ол тірі).
Жаңалау дегеніміз - сол адамдар арасындағы бір міндеттемені екіншісіне алмастыру туралы келісім (мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша ақша төлеу жөніндегі міндеттеме жаңалау жолымен сол адамдар арасындағы заемдық мiндеттемемен алмастырылуы мүмкін). Бұл ретте жаңа міндеттеме туралы нормалар (заем шарты) қолданыла бастайды.
Борышты кешіру АК-ның 373-бабына сәйкес «егер бұл несие берушінің мүлкіне қатысты басқа адамдардың құқықтарын бұзбайтын болса, міндеттеме тоқтатылады» делінген. Борышты кешіру несие беруші жасайтын біржақты мәміле ретінде танылады (154-бап).
АК-ның 371-бабына сәйкес, міндеттеме, егер орындай алмау борышкер жауап бермейтін мән-жайлармен байланысты болса, тоқтайды.
АК-ның 375-бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың, оның ішінде жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың шығарған актілерінің (жария актілерінiң) әрекетінен міндеттемені орындау толықтай немесе ішінара мүмкін болмай қалса, міндеттеме толықтай немесе ішінара тоқтайды.
Егер міндеттемені орындау борышкердің жеке өзінің қатысуынсыз жүргізілмейтін болса не міндеттеме басқаша түрде борышкердің жеке басымен ажырамастай байланысты болса, борышкер қайтыс болғанда міндеттеме тоқтайды. Егер міндеттемені орындау несие берушінің жеке өзіне арналса не міндеттеме басқаша түрде борышкердің жеке басымен ажырамастай байланысты болса, несие берушінің қайтыс болуымен міндеттеме тоқтатылады (АК-ның 376-бабының 1,2-тармақтары).
Бұл ережелер азаматты өлді деп хабарлаған жағдайда да қолданылуы тиіс (31-бап).
Бақылау сұрақтары:
1.Бас тарту төлемі.
2.Борышты кешіру.
Тақырып 20: Шарттың ұғымы және жағдайлары
Мақсаты: Азаматтық-құқықтық шарттардың түрлерi мен талаптарының мәнiн ашу.
Сұрақтар:
1 Шарт ұғымы.
2 Шарттың мазмұны мен формасы.
3 Шарттардың түрлері.
1. Шарт үғымы. Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады (АК-ның 378-бабының 1-тармағы).
«Шарт» термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туындайтын заңдық факты; сол шарттық міндеттеменің өзі; шарттық міндеттемені ресімдеген кұжат.
Шарт - құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын зандық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады (7-бап).
148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. «Бір жақты және көп жақты мәмілелер» ұғымын «бір жақты және өзара шарттар» ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті (бір жақты және өзара шарттар жайында осы тараудың 3-параграфын қараңыз). Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, 148-баптың 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптын (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде - сол құқыққа икемделген міндет (борышкер) болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады (АК-ның 228-бабы).
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарттың «Міндеттемелік құқық» туралы бөлімде емес, меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы бекерден бекер емес (АК-ның 228-бабы).
Көп жақты шарттарға, әдетге, шарт туралы жалпы ережені қолдануға болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт туралы (387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы (391-бап) ережелерді көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.
Шарттан авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында), өнертапқыштық қатынастар (бірлескен өнертапқыштар арасында) және т.б. туындаған жағдайда осылай бағалауға болады.
Құқықтық қатынастар кешені (заттық және міндеттемелік) заңды тұлғаның пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынан туындайды (41-бап).
Шарттан туындайтын міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ереже қолданылады (268-377-баптар), себебі АК-ның шарттар туралы жалпы ережеге арналған 22-тарауының баптарында және шарттардың АК-да көрсетілген кейбір түрлері жайындағы ережеде (379-баптың 2-тармағы) өзгедей көзделмеген.
Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. АК-да, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді (АК-ның 380-бабының 1-тармағы).
Шарт еркіндігі туралы норма 8-баптың азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережесіне негізделген. Шарт еркіндігі АК-да бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіндігіне құқығымен үйлестікте болады (10-бап).
Қазір шарт жасауға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болады. Міндетті түрде шарт жасасу туралы ережелер АК-ның арнайы бабында жинақталған (АК-ның 399-бабы).
Шарт жасасу міндеті АК-да, егер мұңдай шарт жария шарт болса, коммерциялық ұйым үшін көзделген (387-бап).
Шарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады (380-баптың 2-тармағы). АК-ның Ерекше бөлімі баптарының басым көшпілігі , заңнамада көзделген шарттарға арналған. Айта кететін бір жағдай - 380-баптың 2-тармағында әңгіме заң актілері жайында емес, заңнама жайында, сондықтан шарттардың жаңа түрлерін Қазақстан Республиасы Үкіметінің қаулылары және ондай құқық берілген мемлекеттік органдар белгілей алады. Ондай шарттардың мысалы ретінде толлинг операцияларын жүргізу туралы шартты алуға болады.
Тараптар заңда көзделмеген шарттарды да жасаса алады. Бұл ереже туындайтын жалпы ережеде «азаматтық құқықтар мен міндеттер заңнамада көзделген негіздерден, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңнамада көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәні азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудырады» делінген (7-бап).
Бұл ереже азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да, болашақта болуы мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді.
2. Шарттың мазмұны мен формасы. Заңдық факт деп саналатын шарттың мазмұнын оны жасасқан кезде тараптар құрастырған ережелер жиынтығы құрайды.
Шарт ережелерін, егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды.
Шарт ережелерін анықтаудың жалпы принципі шарт еркіндігінен туындайды. Тараптар шарттың заңнамада тікелей тыйым салынғанынан басқа кез келген ережені анықтауға құқылы.
АК-ның 382-бабының 1-тармағында императивтік және диспозитивтік нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген.
Тиісті ереженің мазмұны заңда тікелей міндеттелген болса (императивтік норма), тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар ол нормаларды шартта қарастыруы да, қарастырмауы да мүмкін, бірақ оған қарамастан олар оны заңда көрсетілген қалпында орындауға міндетті (383-бап).
Мысалы, 282-бапта ақша міндеттемесі Қазақстан аумағында теңгемен көрсетілуге тиіс делінген. Немесе, 304-бапта ортақ меншік болып табылатын мүлік кепілге тек барлық меншік иелерінің келісімімен ғана берілуі мүмкін деп көрсетілген. Сондықтан да, шарттың тараптары (заңда көзделмегеннен басқа реттерде) есеп-қисапты доллармен жасау туралы немесе мүлікті кепілге басқа меншік иелерінің келісімінсіз беру туралы ережені шартта көрсете алмайды.
Егер шарт ережелерінде диспозитивтік норма көзделген болса тараптар оны қолданбауға немесе одан өзгеше ереже белгілеуге құқылы.
Мысалы, АК-ның 285-бабына сәйкес екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышкерге, егер заңнамадан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, тандау құқығы беріледі. Сондықтан тараптар балама міндеттемені орындаудың өзге тәртібін қарастыра алады.
Егер тараптар шартта осы ережеге қатысты ешнәрсе қарастырмаған болса, онда заңмен белгіленген норма қолданылады.
Азаматтық заңнамада императивтік нормалар көп емес. Олардың басым көпшілігі диспозитивтік нормалар. Ол шарт еркіндігіне сүйене отырып тараптардың оның барлық ережелерін өздері анықтай алатындығымен байланысты. Тараптар шартта кез келген жағдайды қарастыруға құқылы, егер олар оны істемесе (білместіктен немесе көңіл аудармай), оңда диспозитивтік нормалар қолданылады.
Қандай да бір ережені тараптардың өздері де, диспозитивтік нормалар да қарастырмаған жағдайлар кездесуі мүмкін. Ондай, іскерлік айналым дағдысы бар болып, оны дәлелдеу мүмкін болса, сол жағдайда дағды басшылыққа алынады.
Дегенмен, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі және әрқашанда дау туғызады. Бұған байланысты дауларды сот шешеді.
Шарт дегеніміз екі немесе бірнеше адамның келісілмі, екі немесе бірнеше адамның келісіп ерік білдіруі. Әр шартта көптеген ережелер болуы мүмкін, олардың ішінен, егер келісілмесе шарт жасалды деп саналмайтындарын бөліп алу қажет. Бұл - шарттың елеулі ережесі. АК-ның 393-бабына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін формада келісімге қол жеткен кезде шарт жасалынды деп есептелінеді.
393-бап елеулі ережелердің тізбесін бермейді, тек жалпы тәртіпте олардың нышандарын атап өтеді. Ережелердің елеулі болып табылатын үш тобын бөліп алуға болады, олар:
шарт нысаны туралы ережелер. Шарт нысаны анықталмайынша бірде бір шарт жасалған болып саналмайды;
заңнамада елеулі деп танылған ережелер. Мысалы, брокер-диллермен оның клиеті арасында жасалған брокерлік шартта мыналар болуға тиіс:
а) шарт нысаны: номиналдық ұстаушы ретіндегі клиенттің тапсырмасы бойынша брокер-диллердің өз қызметін жүзеге асыруы;
б) тараптардың, оның ішінде брокер-диллердің, клиенттің есепшоты туралы коммерциялық құпияны сақтау міндетемесін қоса алғандағы, қүқықтары мен міндеттері;
в) брокер-диллердің қызметін төлеудің мөлшері мен тәртібі;
г) брокер-диллердің клиент алдында есеп беруінің формасы мен кезеңділігі;
д) тараптардың шарт ережелерін бұзғандық үшін жауаптылығы;
е) бағалы қағаздар бойынша табыс алудың, және оны клиенттің есешпотына аударудың, сондай-ақ ақша қаражатын клиенттің бұйрығы бойынша төлеудің шарттары мен тәртібі;
шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, мысалы, мүлікті жалдау шартындағы жалдау ақысының мөлшері;
тараптардың біреуінiң арызы бойынша оған қатысты келісім болуға тиіс ереже. Мысалы, жүк алушы шартта жүкті темір жолмен емес су көлігімен жеткізу туралы ереже болуын талап етеді.
Ондай елеулі ережелер болмағандықтан немесе ондағы ережелер бойынша келісімге келмегендіктен шарттың заңсыз деп танылуы мәмілені заңсыз деп танығандағыдай салдарларға әкеледі (АК-ның 157-бабы).
Елеуліден басқа шарттың дағдылы және кездейсоқ ережелерін бөліп алуға болады. Олардың ерекшелігі сонда, бұл ережелердің болған-болмағандығы шарттың заңдық күшіне әсер етпейді. Дағдылы ережелер Заңнамада шарттардың осы түрі үшін дағдылы деп көзделгендіктен қолданылады, және олар шартта бар-жоғына қарамастан қолданылады.
Кездейсоқ ережелер шарттың бұл түріне тән емес және шартқа тараптардың өзара келісімі бойынша кіреді (мысалы, сатып алу-сату шартының нысаның сатып алушыға беру тәртібі туралы ереже, мердігерге жұмысты мерзімінен бұрын орындағаны және оның айрықша сапасы үшін қосымша сыйақы беру туралы ереже және т.б.). Бұл ережелердің бар-жоғы шартты жасалған деп тануға еш ықпал етпейді.
Дағдылы ережелерге шарттың үлгі ережелерін жатқызуға болады. Үлгі ережелер шарттардың тиісті түрі үшін жасалынады және баспасөзде жариялануы тиіс (АК-ның 388-бабы).
Үлгі ережелерді тараптардың біреуі дайындаған шарттардың үлгілерінен бөліп қарау керек. Өнім өндіретіндер, жұмыс, қызмет орындайтындар, әдетте, өз клиенттеріне шарт жобасын ұсынады. Үлгі ережелер, әдетте Үкімет бекітетін және өзінде міндеттеу күші болатын типтік шарттардың ережелерінен де басқа.
Үлгі ережелерінің мысалы ретінде Мұнай туралы заңның 26-бабында және Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықтың 1-бабында көзделген Модельдік контрактыны алуға болады. Моделдік контракт Үкімет бекітетін үлгі контракт ретінде анықталған, онда контрактылардың кейбір түрлерінің ерекшеліктері немесе жер қойнауын пайдаланудың кейбір операцияларын жүргізудің ерекшеліктері көрініс табады және ол контрактылар жасаудың үлгісі ретінде пайдаланылады.
Үлгі ережелері қолданылуы үшін олар шартта көрсетілуі тиіс. Егер ондай сілтеме болмаса, үлгі ережелері іскерлік айналым дағдысы ретінде ғана қолданылады. Бұл ретте, АК-ның 3-бабына сәйкес, мұндай дағдылар заңнамаға қайшы келе алмайды, ал АК-ның 382-бабына сәйкес олар тараптар арасындағы қатынастарға да қолданатындай болуға тиіс.
Шарт күшінде болған кезде оның ережелерін түсіндіру, яғни шартқа түсініктеме беру қажеттігі жиі туындайды. 392-баптың 1-тармағына сәйкес, сот шарт ережелерін түсіндірген кезде ондағы сөздер мен сөйлемдердің сөзбе-сөз мәні қабылданады. Шарт ережесінің сөзбе-сөз мәні түсініксіз болған жағдайда, ол бүкіл шарттың басқа ережелерімен және мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.
Егер осы көрсетілген ережелермен шарт мазмұнын анықтау мүмкін болмаса, АК-ның 392-бабының 2-тармағына сәйкес, шарт мақсаты ескеріле отырып, тараптардың шын мәніндегі ортақ еркі анықталуға тиіс. Бұл орайда шарт жасасу алдындағы келіссөздер мен хат алмасу, тараптардың өзара қатынастарында орныққан тәжірибе, іскерлік қызмет дағдысы, тіптен олардың мінез-құлықтары да назарға алынады.
Шарттың қандай да бір ережесін түсінуде тараптар арасында қайшылық туындаса, онда шартқа сай түсініктеме беріледі. Ал сотқа кең өкілеттік берілген: ол шарттың мәтіні мен оның мазмұнына ғана сүйеніп қоймайды, тараптардың пиғылын білу үшін шарт шегінен шығып та кете алады. Ондай жағдайға сот шарт мәтіні төңірегіндегі талқылау нәтиже бермегенде барады.
Шарт ережелерін әрқилы ұғынбау үшін көптеген ірі контрактыларда олардың кейбір ережелерін қалай түсіну керектігі арнайы көрсетіледі.
Шарт формасы мәмілелер формасы туралы ережеге сәйкес анықталады (АК-ның 151-155-баптары). Заңнама бойынша шарттың бұл түрін нотариалдық куәландыру қажет болмаса да шарттың нотариалдық куәландырылуын тараптар өздері қарастыруы мүмкін. Бұл ретте мәміленің нотариалдық формасы туралы ереже елеуліге айналады. Егер тараптар белгілі бір формада шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл форма талап етілмесе де, шарт оған уағдаласқан форма берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі (394-баптың 1-тармағы).
Шарттың жазбаша формасының сақталғаны бір құжат жасау немесе хат, телеграмма, телефонограмма, факс сияқты құжаттар алмасу арқылы расталынады (АК-ның 152-бабын қараңыз).
АК-ның 394-бабының 2-тармағына сәйкес, оферта алған адамның шарттың офертада көрсетілген талаптарды (тауарлар жіберу, қызмет көрсету, жұмыс орындау және т.б.) орындау жөнінде конклюденттік әрекеттерді жазбаша формада жасауы шарттың жазбаша формасына теңестіріледі. Мұңдай әрекеттерді жазбаша форманы сақтау деп тануға тыйым салу заңнамада немесе офертада белгіленуі мүмкін.
3. Шарттардың түрлері. Шарттарды топтастыру әртүрлі негіздерде жүргізіледі. Міндеттемелер туралы мәселені қарастырғанда жүргізілген топтастыру да, атап айтқанда, тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету сияқтылар шарттарға да қолданылуы мүмкін. Шарттарға мәмілелер топтастырулары да қолданылады.
Нақты және консенсуальдық шарттар. Егер, заң актілеріне сәйкес шарт жасалу үшін мүліктің берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалынған болып саналады (АК-ның 393-бабының 2-тармағы).
393-баптың 2-тармағында нақты шарттың жасалу кезі туралы сөз болады. Шарттардың көпшілігі консенсуальдық болып табылады, (лат. соnsensus - келісім), яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса жеткілікті. Мысалы, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен кезден бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады. Затты беру, ақша төлеу және басқа әрекеттер жасалынып қойған шартты орындау мақсатында атқарылады. Бірақ, кейбір шарттар (мысалы, сыйға тарту, сақтау, заем, жүк тасымалдау) шарт нысаны берілген кезден бастап ғана жасалынады деп саналады. Мұндай шарт нақты (лат. res -зат) деп аталады, ол заң актілерінде бекімін табуға тиіс.
Шарттың консенсуальдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың анықтамасының өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенеді, ал сатып алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта міндеттеме осындай орындалуы тиіс.
Нақты шарттарда тараптардың міндеттері басқаша анықталады. Мысалы, сақтау шарты бойынша сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған затын сақтауға міндетті, тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған жүкті апаратын жерге жеткізуге міндетті. Яғни, шарт бойынша міндеттеме екінші тарап затты бергеннен кейін ғана туындайды. Бұл жерде орындау кезі мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек. Консенсуальдық шарттарда олар, әдетте, сәйкес келмейді, бірақ тараптар сатып алу-сату шарты бойынша зат беру кезін шарт жасасу кезімен сәйкестендіруге келісе алады. Бірақ бұдан сатып алу-сату шарты нақты шарт бола алмайды.
Ақылы және ақысыз шарттар. Шарт бойынша тараптар өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-ның 384-бабы).
Ақылы және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық - шарт бойынша өз міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну-ұсынбауында.
Бір нәрсені ұсынуға (төлеуден басқа) материалдық құндылықтар беру (бартерлік операция), біріне бірі қандай да бір мiндеттерді атқаруы (өзара міндеттемелер), ақшалай баға беруге болатын кез келген әрекетті жасау жатады.
Бір нәрсені ұсыну ұғымы ағылшын-американ құқығында «соnsіdагаtіоn» деген атпен кең қолданылады. Оларда «соnsіdагаtіоn» кез келген шарттың елеулі ережесі болып табылады; онсыз шарт заң күші бар шарт деп танылмайды. Шарттардың көпшілігі ақылы. АК-да бекімін тапқан ақысыз шарттардың ішінен сыйға тарту шартын, мүлікті ақысыз пайдалану және пайызсыз заем шартын атауға болады.
Кейбір шарттар заң бойынша ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін (тапсыру, сақтау, заем). Сондықтан да, АК-ның 284-бабында қандай да бір күдік туса, шарт ақылы деп танылады деген презумпция бекітілген. Шарт ақысыз деп танылады, егер ол заңнамадан, шарттың мазмұнынан немесе мәнінен туындайтын болса.
Бір жақты және өзара шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерінiң бөліну сипатына қарай ажыратылады. Бір жақты шартта бір тарапта тек құқық, екіншісінде тек міндет туындайды (мысалы, заем шарты). Өзара шартта тараптардың әрқайсысында құқық болады, олар мiндеттемелер де көтереді (сатып алу-сату шарты бойынша сатушы берген заты үшін сатып алушының ақша төлеуін талап етуге құқылы және өзі сол затты сатып алушыға беруге міндетті, ал сатып алушы заттың өзіне берілуін талап етуге құқылы және сол зат үшін ақша төлеуге міндетті).
Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар (жеткізу, тұрмыстық мердігерлік, жалдау, рента және т.б.) белгілі бір түрдегі (тауарды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету) міндеттемелерді тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың элементтері болады (АК-ның 381-бабы).
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес, шарттардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.
Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады. Тиісінше оған сатып алу-сату шартының элементтері бар бөлігінде сатып алу сату шартының нормалары, ал, егер мердігер шет елде болса - сыртқы экономикалық сатып алу-сату шартының элементтері қолданылады Мердігерлік шарттың элементтері бар бөлігінде мердігерлік шарттың нормалары қолданылады.
Тараптар аралас шарттан туындайтын қатынастарды реттеудің басқа тәртібін келісуі мүмкін, мысалы, шарттың айрықша ережелерін алып оның басқа ережелері қолданылмайды деп көрсетуі мүмкін.
Негізгі және алдын ала шарттар. Мүлікті беруге, жұмыс орындауға және қызмет көрсетуге байланысты құқықтар мен міндеттер тікелей негізгі шарттан туындайды. Алдын ала шарт дегеніміз - сол шартта көзделген ережелерді сақтап тараптардың келешекте негізгі шарт жасасуға міндет алған шарты (АК-ның 390-бабының 1-тармағы).
Алдын ала шарттардың мысалы ретінде жүк тасымалын ұйымдастыру туралы шартты, банктың тараптар келіскен мөлшерде және жағдайларда ақша қаражатын беруге міндеті көзделген шартты келешекте пәтер алу шартын (тұрғын үй контрактын) алуға болады. Егер заңнамада негізгі шарт формасы анықталмаған болса (мысалы, әдеттегі сатып алу-сату шарты), алдын ала шарт, заңсыз болып қалады деген қауіппен, жазбаша формада жасалады (390-баптың 2-тармағы).
Алдын ала шартта, тым болмаса, негізгі шарттың нысанын, сондай-ақ басқа елеулі ережелерін анықтауға мүмкіндік беретіндей ережелер болуға тиіс (390-баптың 3-тармағы). Негізгі шарттың жасалу мерзімі алдын ала шарт үшін міндетті жағдай болып табылады, сондықтан АК-ның 390-бабының 4-тармағында, егер алдын ала шартта мерзім белгіленбеген болса, негізгі шартты жасасудың бір жылдық мерзімі анықталған.
Мұндай мерзімнің маңыздылығы сонда, егер негізгі шарт мерзім өткенше жасалмаған болса, онда бұл мерзім өткеннен кейін алдын ала шарт күшін жояды.
Еркін және міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына байланысты шарт еркін шарт деп аталады. Міндетті шартты жасау тараптардың біреуі үшін міндетті болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін жасалады. Дегенмен, шарттардың кейбір түрлері міндетті шарттар (мысалы, мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік тапсырыс негізінде жасалатын шарт).
Міндетті шарттар арасында жария шарттардың орны бөлекше.
Коммерциялық ұйыммен жасалған және қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнінде оның міндеттемелерiн белгiлейтін шарт жария шарт деп аталады (бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету және т.б.) (АК-ның 387-бабы).
387-баптың мазмұнынан жария шарттың белгілері туындайды:
оны коммерциялық ұйым жасайды (АК-ның 34-бабы);
коммерциялық ұйымның тауарлар сату, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету жөніндегі міндеттері белгіленеді;
ұйым, өз қызметінің сипатына қарай, бұл міндеттерді өзіне жүгінген әр адамға қатысты жүзеге асыруға тиіс;
коммерциялық ұйым, заңнамада көзделген жағдайлардан басқа реттерде, шарт жасасуда бір адамның алдында екінші адамға артықшылық беруге құқылы емес.
Коммерциялық ұйым тұтынушыға тиісті тауар (жұмыс, қызмет) ұсынудан өзінде ондай мүмкіндік болмаған (дүкенде тауар жоқ, көлікте бензин жоқ және т.б.) жағдайларда ғана бас тартуға құқылы. Мысалы, бөлшек сауда дүкенінде сатып алушы, егер сауда залында тауар бітіпі қалса, сатушының витринадағы тауарды алуын немесе қоймадан алып келуін талап ете алады.
Егер дәлелсіз бас тартса, шарт жасасу міндетті болған жағдайда, шарт жасасудан бас тартқандағыдай салдар болады (АК-ның 399-бабы).» Тұтынушы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынуға мәжбүрлеу туралы және содан келген зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы (мысалы, сатып алатын тауарын алып кетуге дайындаған көлікке кеткен шығынды өтеу; немесе сондай тауарды басқа дүкеннен табу үшін шығарған шығынды өтеу, т.б.)
Өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары. Өзара келісілген шарт жасасқанда оның ережелерін тараптардың екеуі анықтайды. Қосылу шартын жасасқанда оның ережелерін тараптардың біреуі дайындайды, екінші тарап ол ережелерді құптайды.
Қосылу шарты өзінің жасалу процедурасы жағынан басқа шарттардан өзгеше. Егер әдеттегі шарт хат алмасу, шарт ережелерін келісу жолымен жасалса, қосылу шартының ережелерін бір тарап дайындайды, ол стандартты формаларда (бланк, формуляр, т.б.) анықталады. Екінші тарап шартқа ешқандай өзгерту енгізе алмайды. Егер енгізетін болса шарт қосылу шартынан жай шартқа айналады.
Қосылу шарты экономиканың әртүрлі салаларына таралды. Оның мысалы ретінде электр және жылу қуатын, газды және коммуналдық кәсіпорындардың басқадай қызметін пайдалану туралы шарттарды, көлік ұйымдарымен шарттарды атауға болады.
Көптеген жария шарттар, бір жағынан қосылу шарттары да болып табылады. Мысалы, затты пайдалануға беру ательесі ол жайында шарт жасасқанда жария шарттың бір тарабы болып саналады. Сонымен қатар, шарт жасасқанда ол ателье клиентке шарт ережелері келтірілген бланк ұсынады. Клиент оған ешнәрсе қоспастан шартқа қол қоя салады. Егер қосатын болса онда ол жай шартқа айналады.
АК-ның 389-бабының 2-тармағы шартқа қосылушы тарапты қорғауға бағытталған. Бұл тармаққа сәйкес тарап, егер шарт ережесі өзі үшін ауырлау келсе, шартты бұзуға құқылы. Шарттың ауырлығы сол тараптың ақылға қонымды мүдделерін ескеру арқылы анықталады. Мысалы, қосылу шартында қосылған тарап шартты бұзуға немесе сотқа жүгінуге құқылы емес, немесе шартты дайындаған тарап шарт бойынша міндеттемелердің қандай да бір бұзылғаны үшін жауаптылықтан босатылады деп белгіленген.
Бірақ, бұл ереже қолданылмайтын жағдайлар да бар, ол - қосылған жақтың кәсіпкерлік қызметпен айналысып, соны жүзеге асыру үшін шартқа қосылуы (АК-ның 389-бабы). Егер кәсіпкер шарт тараптарының қандай екендігiн білмеген болса және білуге тиіс болмаса ғана ол өзінің шартты бұзу туралы талабын қанағаттандыра алады. Бірақ оны дәлелдеу өте қиын, тіптен мүмкін емес.
Өзінің қатысушыларының пайдасына жасалған шарттар мен үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар. Әдетте шарттар шарттан туындайтын міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы адамдардың - өзінің қатысушыларының пайдасына жасалады. Сонымен қатар, шарттың жасалуына қатыспаған, бірақ орындалуын талап етуге құқығы бар адамдардың - үшінші жақтың пайдасын көздейтін шарттар да бар.
Тараптар несие берушіге емес, шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген және борышкерден міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқылы үшінші жаққа борышкер орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт деп танылады (АК-ның 391-бабы).
Үшінші адамның пайдасына жасалған шарт, бұл - азаматтық құқықтың дәстүрлі институты, үшінші жақ қатынасқан талаптар көрініс табатын жағдайлардың бірі (270-бап).
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттардың ең көп таралған түрлері мыналар:
жүкті (багажды) тасымалдау шарты, оған сәйкес тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтушінің сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді (АК-ның 689-бабы);
үшінші жақтың пайдасына сақтандыру шарты (815-бап);
үшінші жақтың пайдасына банктік салым шарты (764-бап).
Үшінші жақ өз құқығын пайдаланғысы келетін ниетін білдіргенге дейін тараптар өздері жасасқан шартты бұза да, өзгерте де алады. Ал үшінші жақ ондай ниетін қандай да бір тәсілмен жеткізгеннен кейін борышкер мен несие беруші оның ырқына тәуелді болып қалады, бұдан былай оның келісімінсіз шартты бұза немесе өзгерте алмайды. Бірақ олар үшінші жақтың ырқына байланысты болмайтындығын шартта алдын ала қарастыра алады.
Ондай жағдай заңнамада да бекімін табуы мүмкін (АК-ның 391-бабының 2-тармағы).
Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттың заңдылығы ол үшінші жақтың шартта арнайы көрсетілген - көрсетілмегендігiне байланысты емес. Дегенмен, үшінші жақтың міндеттеменің өз пайдасына орындалуын талап ету құқығы мұндай шарттың міндетті белгісі болып табылады. Мысалы, тасымалдау шарты бойынша жүк алушы тасымалдаушыдан тасымалдау шартының орындалуын талап етуге құқылы.
Үшінші жақтың пайдасына жасалған шартты үшінші жақ үшін орындау туралы шарттан ажырату керек, соңғы жағдайда үшінші жақ үшін орындалу болғанмен, оны борышкердің орындауын ол талап ете алмайды (бұл жағдайлар сатып алу-сатуда жиі кездеседі, мысалы тауар жеткізуде сатып алушы тауарды өз мекен-жайына емес, үшінші ұйымның мекен-жайына жеткізуді жеткізушіге тапсырады).
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттың ерекшелігі сонда - үшінші жақ шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетін білдірген кезден бастап ол несие берушіні алмастырады.
Сондықтан да АК-ның 391-бабының 3-тармағында борышкер шартта өзінің несие берушіге қарсы қоя алатындай қарсылықтарын үшінші жақтың талаптарына қарсы қоюға құқылы деген ереже көзделген. Мысалы, жүк алушы өзіне жеткізілген жүктің сапасына қатысты тасымалдаушыға талап қойса, онда ол жүк сапасының жүкті тиеп жіберген адамдардың кінәсінен нашарланғанына сілтеме жасай алады.
Бірақ, үшінші жақ, өзіне шарт бойынша берілген құқықтан бас тартса, несие беруші өз орнын қайта алады және, егер бұл заңнамаға және шартқа қайшы келмесе, сол құқықтарды пайдаланады.
Мысалы, АК-ның 815-бабының 7-тармағына сәйкес, сақтандырылған адам шарт бойынша өзіне тиесілі сақтандыру өтемін алудан бас тартса, сақтандыру өтемін алу құқығы сақтандырушыға көшеді.
Сонымен қатар шартта, үшінші жақтың өзіне тиесілі талап ету құқығынан бас тартуының өзге де салдарлары көзделуі мүмкін. Мысалы, сақтандыру шартында пайданы иемденуші сақтандыру өтемін алудан бас тартқан жағдайда ол өтемнің сақтандырушыға төленбейтiндiгi көзделуі мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
1.Шарт ұғымы.
2.Жария шарт.
3.Алдың ала жасалатын шарт.
Тақырып 21: Шарт жасасу, өзгерту және бұзу
Мақсаты: Шарттардың тоқтатылуы, өзгертiлуi мен жасау процедурасын сипаттау.
Сұрақтар:
1 Шарт жасасу.
2 Шартты өзгерту және бұзу.
1. Шарт жасасу. Шарт жасасу екі кезеңнен тұрады: шарт жасасуға ұсыныс (оферта) және ол үсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт). Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.
АК-ның 395-бабына сәйкес офертада біршама нышандар болуға тиіс. Біріншіден, ол анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге, екіншіден, мүмкіндігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуға, үшіншіден, белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс.
Егер ұсыныс жалпыламай жасалса (мысалы, азамат «Караванда» пианиносын сатамын деп хабарландыру береді), ол оферта емес, тек оферта жасауға шақыру. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға шарт жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады. Ал, түскен ұсынысты қабылдау-қабылдамау сатушының өзіне байланысты.
Шарт жасасу қандай да бір тараптың міндеті емес, офертаны олардың кез келгені жібере алады. АК-ның 395-бабы «оференттің байланыстылығы» ұғымын енгізді. Бұл шарт әлі болмаса да, белгілі бір міндеттемелердің туындағанын білдіреді. Ол адресат офертаны алған кезден акцеп немесе акцеп үшін белгіленген мерзім өткен кезге дейін туындайды.
«Оферент байланыстылығы» ұғымынан «офертаның кайтарып алынбайтындығы» ұғымы туындайды. Оферент офертамен байланыста болатын мерзім өткенше ол офертаны қайтарып ала алмайды және оның ережелерін өзгерте алмайды. Бұл ережені бұзу екінші тараптың офертаны қайтарып алудан көрген шығынын өтеу міндетінің туындауына әкеп соғады.
Сонымен қатар, офертаның қайтарып алынбайтындығы туралы ереже диспозитивтік болып табылады. Егер ондай мүмкіндік офертаның өзінде айтылса не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан ондай мүмкіндік туындаса офертаны қайтарып алуға болады (395--батың 3-тармағы).
АК-ның 395-бабының 4-тармағында оферта емес, тек офертаға шақыру болып табылатын жарнама мен жария оферта арасындағы айырмашылық көрсетілген. Жалпыламай жасалған ұсыныс пен барлығына және әркімге арнап жасалған ұсынысты айыра білу керек.
Жария офертаны өзінің қызметінің сипаты жағынан мүмкіндігінше көп адамға ұсыныс жасауға міндетті адамдар мен ұйымдар жасайды. Мысалы, витринаға немесе сатып алушылар өзіне өзі қызмет көрсететін залға бағасы көрсетілген тауарлар қойып қойған дүкен оферент болып саналады. Сол тауарды сатып алуға ұсыныс жасаған кез келген адам акцептант болып табылады. Сондықтан, тауар тұрған кезде дүкен өз офертасымен байланысты болады және тауарды сатудан бас тарта алмайды.
Тауар жаймада жоқ болса, сатушы оны витринадан алып сатуға міндетті.
Ұсынысты жария оферта деп тану үшін мынадай белгілер болуға тиіс: 1) одан тұлғаның шарттық қатынастарға баруға ерікті екендігі сезілуі тиіс; 2) ол шарттың барлық елеулі ережелерін қамтуы тиіс: 3) тұлғаның шарттық қатынастарға еркімен баруы бұл ұсынысқа үн қатқандардың барлығына қатысты болады.
Сонымен, егер дүкен қандай да бір тауардың бар екендігі жайында жарнама берсе - ол офертаға шақыру; егер дүкен тауарын витринаға қойса - ол жария оферта.
Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады (АК-ның 396-бабының 1-тармағы).
Акцептанттың өзінің офертамен толық және сөзсіз келісетіндігін білдірген жауабы ғана акцепт деп саналады. Мысалы, акцептант өзіне жолданған жобаға сөзсіз және өзгертусіз қол қояды. Шарт ережелерінен бас тарту немесе өз ережелерін ұсыну, ережелерді өзгерту немесе оларға толықтыру енгізу, келісімнің анықталмағандығы акцепт болып табылмайды, одан шарт тумайды және ол не шарт жасасудан бас тарту немесе жаңа оферта ұсынғаңдық болады.
Бұрынғы заңнамада үндемейтін акцепт арқылы шарт жасасуға жол берілген еді, яғни, егер белгілі бір мерзім өткенше басқа тарап шарт жасасудан бас тартатынын хабарламаса, шарт жасалды деп саналатын. 396-баптың 2-тармағы кері жүреді: үндемей қою акцепт емес. Бірақ бұл норма диспозитивтік болып табылады.
Мысалы, банктердің корреспонденттік есепшоттары бойынша есеп-қисап операцияларын электрондық хабарламалар түрінде жүргізуді белгілейтін банкаралық келісімдерде егер ондай хабарлама келіп түскеннен кейін белгілі бір мерзім өткенше корреспондент ол хабарламаға келіспейтінін білдірмесе, ұсыныс қабылданған болып саналады делінген.
АК-ның 396-бабының 3-тармағына сәйкес акцепт ауызша немесе жазбаша формадағы мәлімдеу немесе үндемедей қою түріңде ғана емес, конклюденттік әрекеттер жасау, яғни тауарлар жіберу, қызмет көрсету, тиісті сомада ақша төлеу және т.б. түрде де болады. Бірақ бұл әрекеттерден офертаны сөзсіз қолдау сезіліп тұруы тиіс және бұл әрекеттер өзінің акцепті үшін оферта белгілеген мерзімде жасалуы керек.
Оферта сияқты (395-баптың 2-тармағы) акцепт те, ол оферентке барып жеткенше қайтарып алынуы мүмкін, оның акцептантқа еш салдары болмайды. Мысалы, акцептант оференттен алған шарт жобасына қол қойып, оны почтамен жібереді, бірақ кейін өзінің акцепттен бас тартатындығын оферентке телеграммамен немесе факспен хабарлай алады.
Оферент акцептті алғаннан кейін шарт жасалған болып саналады оны шартты бұзудың жалпы ереже бойынша ғана тоқтатуға болады.
Шарт жасасу тәртібі (АК-ның 397-бабы). Шарт жасау ұсынысы сол жерде бар контрагентке тез жауап беруге болатын жағдайларда; ол жерде жоқ контрагентке жауап алу үшін қалайда уақыт қажет болатын жағдайда жасалады. Мерзімі көрсетілген ұсыныс ауызша да, жазбаша да жасалуы мүмкін. Жауап күтетін мерзімін ұсынушының өзі анықтағандықтан (пианино сатып алыңыз, жауабын 2 апта күтемін), ол сол мерзіммен байланып қалады, және өз ұсынысынан бас тарта немесе оның мазмұнын өзгерте алмайды. Мерзім өткенге дейін ұсынысынан бас тартса оферентке екінші тарапқа келген шығынды өтеу түрінде теріс салдар келеді.
Жазбаша офертада акцепт үшін мерзім көрсетілмесе шарт жасалған болып саналады, егер акцепті оферта жолдаған адам заңнамада белгіленген мерзім аяқталғанша, егер ондай мерзім белгіленбеген болса - ол үшін жеткілікті уақыт ішінде алған болса. Ал оферта акцепт үшін мерзім көрсетілмей ауызша жасалса, басқа тарап өзінің акцепті жайында тез мәлімдеген жағдайда шарт жасалған болып саналады (397-баптың 2-тармағы).
Оферта үшін тағайындалған мерзім (немесе ұсынысқа жауап алу үшін қажетті уақыт) өткен жағдайда офертаның күші жойылады оферент өз ұсынысы бойынша міндеттемеден босанады. Сондықтан ұсыныс алған адам тағайындалған мерзім өткеннен кейін ұсынысты қабылдауға шешім етсе, ол енді акцептант емес, жаңа оферент болады. Жаңа құқықтық қатынастар туындайды, оған шарт жасасудың жоғарыда қарастырылған барлық ережелері таралады.
АК-ның 397-бабының 3-тармағында жауаптың кешігуі акцептанттың кінәсінен емес, уақтылы жіберілген жауапты дер кезінде жеткізбеген байланыс бөлімінің кінәсінен болған жағдай баяндалады. Бұл ретте оференттің де, акцептанттың да кінәсі жоқ, сондықтан заң екі тараптың да мүдделерін қорғайтын шаралар қарастырған.
Оферент, жауап ала алмағандықтан, басқа адаммен шарт жасасуы мүмкін. Ол оның құқығы, себебі оферент өз ұсынысымен байланып тұрған жоқ. Ал, жауапты дер кезінде жіберген акцептант та, мерзімнің өтіп кеткенін білмей, шартты орындау үшін өз тарапынан әрекет жасауы мүмкін (көлік дайындауы, басқа зат іздеуді тоқтатуы және т.б.) Сондықтан оферент жауаптың кешігіп келгендігі туралы оған тез хабар беруге тиіс. Егер оферент мұны істемесе жауап кешіккен деп саналмайды, яғни шарт жасалған болып табылады, және шартты орындаудан бас тартса оферент акцептантқа келген шығынды өтеуге міндетті.
Мысалы, И. 1 сәуірде М-ге пианино сатамын деп ұсыныс жібереді, жауап беруіне 30 күн мерзім тағайындайды. 10 сәуірде М. өзінің келісетіндігін жазып хат жібереді, бірақ ол хат байланыс бөлімінің кінәсінен едәуір кешігіп келеді (10 мамырда). Жауап келмеген соң И. 5 мамырда пианиноны Н.-ге сатады, ал М.-нің хатын алғаннан кейін оған пианиноны сатып жібергендігін хабарламайды. 15 мамырда М. көлік жалдап пианиноны алуға келеді. Ол көтерген шығынның бәрін М. өтеуге міндетті.
Шарт жасасу процедурасы екінші тараптың (акцептанттың) ұсынысты оферент белгілеген ережелер бойынша ғана қабылдауын көздейді. Егер ол ережелерді акцептант қабылдамайтын болса шарт жасалмаған болып табылады, барлық процедура қайта басталады. Сондықтанда ережеге қандай да бір өзгеріс енгізу жаңа ұсыныс жасау болып табылады. Алғашқы оферент акцептантқа айналады, жаңа ұсынысты қабылдауға да, шарт жасасудан бас тартуға да оның құқығы бар, немесе ол жаңа ұсыныс жасап қайтадан жаңа оферентке айнала алады. Ол шарт жасалғанша немесе тараптар өздерінің бос әурешілігiн түсінгенше жалғаса береді.
Шарт жасасатын жер. Егер шартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерінде немесе оферта жіберген заңды тұлғаның орналасқан жерінде жасалған болып танылы (АК-ның 398-бабы).
Шарт жасасқан жерді анықтаудың сыртқы экономикалық шарттр жасасқанда маңызы зор. Мұндай жағдайларда заң, әдетте, егер келісімде басқадай көрсетілмесе, мәміле формасының ол жасалған жердің құқығына бағынатындығын, ал тараптардың құқықтары мен мiндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы бойынша анықталатындығын белгілейді.
Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның түрғылықты жері деп танылады (АК-ның 16-бабы). Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылады (АК-ның 39-бабы).
Азаматтық заңнаманың негізгі принципі шарт бостандығы болғанмен, АК-да және басқа заң актілерінде тікелей көзделсе ғана шартты міндетті түрде жасасу мүмкіндігі АК-да қарастырылған.
АК-ның 399-бабына сәйкес, міндетті түрде шарт жасасудың екі нұсқасы бар: шарт жасасу акцептант үшін міндетті болғанда (1-және 2-тармақтар); шарт жасасу оферент үшін міндетті болғанда (3-тармақ).
Бірінші нүсқада шарт жасасу міндетті болып табылатын тарап екінші тараптан оферта алғаннан кейін, сол алған күннен бастап отыз күн ішінде екінші тарапқа акцеп туралы, не одан бас тарту туралы, немесе офертаның өзге жағдайлардағы (шарт жобасына пікір қайшылығы хаттамасы) акцепті жайында (шарт жобасы) хабар жіберуге тиіс.
Оферта жіберген тарап, бұл жағдайда, шарт жасасқанда туындаған пікір қайшылығын ондай хабар алғаннан кейін отыз күн ішінде немесе акцент мерзімі өткеннен кейін сот қарауына беруге құқылы.
Екінші нүсқада, егер шарт жасасу міндетті болып табылатын тарап жолдаған шарт жобасына отыз күндік мерзім ішінде оған деген қайшы пікірлер хаттамасы алынса, онда бұл тарап пікір қайшылығы хаттамасын алғаннан бастап отыз күн ішінде басқа тарапқа шартты оның редакциясында қабылдағаны туралы не пікір қайшылығы хаттамасын қабылдамағаны жайында хабар береді.
Пікір қайшылығы хаттамасы қабылданбаса не оны қараудың нәтижесі жайында хабар алынбаса, пікір қайшылығы хаттамасын жолдаған тарап шарт жасасу кезінде туындаған пікір қайшылығын соттың қарауына жіберуге құқылы.
Акцепттің пікір қайшылығы хаттамасын жасауы немесе пікір қайшылығын сот қарауына беруі үшін АК-ның 399-бабында белгіленген мерзімдер бірдей (отыз күн). Бұл мерзімнен шатасуға жол бермейді. Сонымен қатар бұл жоғарыда аталған барлық әрекеттерді жасау үшін ақылға қонымды мерзім.
Бұл мерзімдер императивтік емес. Шарттардың кейбір түрлері үшін заңнамада, ал кейбір жағдайларда - тараптардың келісімімен өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін.
Шарт жасасуға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап оны мәжбүр ету туралы және оған шығындарды төлеттіру туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы (АК-ның 399-бабының 4-тармағы).
Бірақ, кейбір жағдайларда бұл ережеден ауытқу бар. Ресейдікіне қарағанда Қазақстанның Азаматтық кодексінде алдын ала шарт жасасқан тарапты негізгі шартты жасасуға мәжбүрлеу көзделмеген. Екінші тарап тек шығынның өтелуін ғана талап ете алады (390-бап).
Шығындарды өтеу, АК-ның 9-бабының 4-тармағының және 350-бабының ережелері бойынша жүргізіледі. Жалпы ереже бойынша шарт жасасу кезінде туындаған пікір қайшылықтарын тараптардың өздері шешеді, оларды соттың қарауына бермейді. Егер ол қайшылықтарды тараптардың өздері шеше алмаса шарт жасалмаған болып саналады, тараптар арасындағы қатынас тоқтайды.
АК-ның 400-бабына сәйкес шартка дейінгі дауларды сотта қарауға болатын тек екі жағдай бар: шарт жасасудан бас тартушы тарап үшін шарт жасасу міндетті болғанда (АК-ның 399-бабының 2-3-тармақтары); пікір қайшылығын сот (мемлекеттік немесе төрелік) қарауына беру жөнінде тараптардың келісімі болса. Мұндай келісім пророгациялық немесе төрелік деп аталады. Пікір қайшылығы сотта қаралғанда, шарттың тараптар келісе алмаған ережелерін сот анықтайды. Ол шешімге тараптар бағынуға тиіс. Шарт алдындағы даулар бойынша сот шешімдері мәжбүрлеп орындату жөнінде ешқандай әрекеттерді керек етпейді, онда тек құқық құрушы маңыз бар.
2. Шартты өзгерту және бұзу. Шартты өзгерту дегеніміз - оның мазмұнын құрайтын бір немесе бірнеше ережелердің өзгеруі.
Шартты бұзу дегеніміз толықтай немесе ішінара орындалмаған шартты АК-ның 367-377 баптарында көзделмеген (міндеттемелердің тоқтауы) негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтату. АК-ның 401-бабында шартты өзгертудің және бұзудың үш нұсқасы көзделген: тараптардың келісуі бойынша; соттың шешімі бойынша; шартты толықтай немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартудың нәтижесінде.
Тараптардың келісуі шартты өзгертудің және бұзудың шарт бостандығы принципінен туындайтын қалыпты және ең қолайлы тәсілі болып табылады. Шартты өзгертудің және бұзудың барлық қалған тәсілдері (сот тәртібінде, орындаудан біржақты бас тарту) АК-да, басқа заң актілерінде және шартта көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
Сот шешімі бойынша шартты бұзу тараптардың біреуінің талабы бойынша жүргізіледі. АК-ның 401-бабының 2-тармағында шартты бұзудың екі негізі келтірілген. Оның біреуі - шарттың едәуір дәрежеде бұзылуы, яғни шарттың бұзылуынан екінші тараптың шарт жасасу кезінде үміт артуға құқылы болғанынан едәуір дәрежеде айырылып қалатындай шығынға ұшырауы. Мысалы тапсырыс беруші шарт жасасқан кезде құрылыс объектісінің уақтылы және сапалы тұрғызылатындығына үміт артқан, бірақ мердігер құрылыс жұмыстарын жүргізгенде жобаның өрескел бұзылуына жол берген.
Шарттардың кейбір түрлері үшін заңнамада елеулі деп танылатын нақты бұзушылықтар белгіленген. Мысалы, АК-ның 476-бабына сәйкес тауар жеткізіп беру шарты үшін кемшілігі бар сапасыз тауарлар жеткзіліп, ол кемшiліктерді сатып алушы үшін қолайлы мерзімде жою мүмкін болмаса; тауар жеткізу мерзімдері неше қайтара бұзылса; тауарларды төлеу мерзімдері неше қайтара бұзылса шарт елеулі бұзылған боп саналады. Екінші жағдай - АК-да, басқа заң актілерінде немесе шартта мұндай жағдайларды белгілеуге мүмкіндік беру. Мысал ретінде АК-ның 389-бабының 2-тармағын келтіруге болады, онда шарт ережесінде өзіне залал келетін баптар болса қосылған тараптың шартты бұзуды талап ету құқығы көзделген.
Басқа заң актілерінің ішінен, мысалы, тұрғын үй қатынастары туралы Заңды атауға болады, оның 103-бабында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдау шарты жалға берушінің талабы бойынша, Тұрғын үй қатынастары туралы Заң негізінде ғана бұзылады делінген (егер үй бұзылуға жатса, егер жалдаушы оны ұдайы бүлдіріп немесе қирата берсе және т.б.)
Шартты орындаудан бір жақты бас тартуға, егер ол АК-да, заң актілерінде немесе шартта тікелей көзделгенде ғана, жол беріледі (АК-ның 404-бабының 1-тармағы). Бұл ереже 273-баптың заңнамада немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол бермейтіндігі туралы нормаларына негізделген.
273- және 404-баптардың редакцияларындағы алшақтықтарды атай кеткен жөн: 273-бапта заңнама жайында, ал 404-бапта заң актілері жайында айтылған. Бұл ретте «заңнама» терминін қолданған дұрыс болар, себебі мұндай жағдайлар тек заңдармен ғана емес, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен де, Үкіметтің қаулыларымен де белгіленуі мүмкін.
404-баптың 2-тармағында шартты орындаудан біржақты бас тартуға жол берілетін мынадай жағдайлар белгіленген: 1) шартқа негізделген міндеттемені орындау мүмкін болмаса (374-бап); 2) белгіленген тәртіпте екінші тарап банкрот деп танылса; 3) шарт жасалғанда негізге алынған мемлекеттік орган актісі өзгерсе немесе күшін жойса.
Шарттан тараптың бір жақты бас тартуға құқығы АК-ның шарттардың кейбір түрлеріне арналған бірқатар баптарында көзделген. Бұл, көбіне, орындалуы борышкердің немесе несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты шарттар (тапсырма шарты, ақылы қызмет көрсету, банк есепшоты және банк салымы, жолаушылар тасымалдау шарттары). Шарттан біржақты бас тартуға жол берілетін жағдайлар басқа заң актілерінде де көзделген. Мысалы, тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 102-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдаушы жалдау шартын кез келген уақытта бұзуға құқылы (отбасының кәмелетке жеткен мүшелерінің келісімімен).
Тұрғын үй жалдау шартын тұрғын үйді жалдаушы, тіптен жалға берушіні хабардар етпей-ақ, өзінің шартты бұзғандығын растайтын конклюденттік әрекеттер жасау жолымен бұза алады. Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 102-бабының 2-тармағына сәйкес жалдаушы және оның отбасы мүшелері басқа жаққа тұрғылықты тұруға кетсе тұрғын үйді жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылған болып саналады [11].
Бәлкім, тұрғын үй жалдау шартын жалдаушының бір жақты бас тарту жолымен бұзуына АК-ның 404-бабы 4-тармағының «шартты орындаудан бір жақты бас тартылған жағдайда бір тарап бұл туралы екінші тарапты бір айдан кешіктірмей ескертуге тиіс» деген ережесі қолданылмайды.
Шарт мерзімі көрсетілмей жасалса да шартты орындаудан біржақты бас тартуға жол беріледі. (404-баптың 3-тармағы). Бұл ретте біржақты бас тартудың барлық жағдайларына қатысты жалпы ереже: ол жайында екінші тарапты бір айдан кешіктірмей ескерту туралы талап сақталуы тиіс (404-баптың 4-тармағы). Шартты орындаудан біржақты бас тарту шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне әкеп соғатын заңдық факты болып табылады. Бұл ретте шартты бұзу немесе өзгерту үшін сотқа жүгінудің қажеті жоқ. Бірақ екінші тарап, егер мұндай біржақты бас тарту негізсіз деп тапса, сот арқылы дауласуға құқылы.
Шартты өзгерту және бұзу тәртібі туралы келісім, егер заңдардан, шарттан немесе іскерлік айналым дағдыларынан өзгеше туындамаса, шарт жасалған формада жасалады (АК-ның 402-бабының 1-тармағы). Шартты өзгерту немесе бұзу жөніндегі ұсыныстан екінші тараптың бас тартуы алынғаннан кейін, не ұсыныста көрсетілген немесе заңдарда не шартта белгіленген мерзімде, ал ондай мерзім болмаған кезде отыз күн мерзімде жауап алынбағаннан кейін ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлімдей алады (АК-ның 402-бабының 2-тармағы).
Шартты бұзудың және өзгертудің салдарлары әртүрлі: егер шарт бұзылғанда тараптардың міндеттемелері тоқтаса, ал шарт өзгергенде олар өзгерген түрде сақталады (403-баптың 1- және 2-тармақтары).
АК-ның 403-бабында шарттың бұзылуын шартты заңсыз деп танудан айыруға мүмкіндік беретін ережелер келтірілген: 1) шарт өзгерген немесе бұзылған жағдайда міндеттемелер алдағы уақытта, тараптар келісім жасаған немесе сот шешімі заңды күшіне кірген кезден бастап тоқтайды; 2) шарт заңсыз деп танылғанда заңдық салдар туындамайды, шарт ол жасалған кезден бастап заңсыз деп танылады (154-баптың 8-тармағы); 3) шарт өзгергенде немесе бұзылғанда тараптар шарт өзгерген немесе бұзылған кезге дейін өздерінің орындағандарын қайтару жөнінде талап қоя алмайды, шарт заңсыз деп танылса әр тараптың шарт бойынша алғанды басқа тарапқа қайтарып беруі жалпы ереже ретінде белгiленген (АК-ның 157-бабының 3-тармағы).
Шарт өзгергенде немесе бұзылғанда пайда болған шығындар барлық жағдайларда бірдей өтелмейді, ол үшін шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне тараптардың біреуінің шартты едәуір бұзуы себеп болуы тиіс (АК-ның 403-бабының 5-тармағы).
Тараптар шарттың күшін жаңа мерзімге ұзартуға құқылы. Шарттың күшінде болу мерзімін ұзарту іс жүзінде жаңа шарт жасалғанын білдіреді. Сондықтан ол АК-ның 397-бабының шарт жасасу тәртібіне арналған ережелері бойынша жүргізіледі.
Яғни, шарт мерзімін ұзарту үшін бір тарап екінші тарапқа оферта жіберуге, ал ол тарап сол офертаны акцептеуге тиіс.
Шарттың күшінде болу мерзімін ұзартуды шартты жаңа мерзімге пролонгация жасаудан ажырату керек, соңғы жағдайда шарттың күшінде болу мерзімі өткеннен кейін шарттың күшінде болуы өзінде көзделген мерзімге өзінен өзі ұзарады. Егер шарттың өзінде тікелей көзделсе ғана шартты пролонгация жасауға жол беріледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Шартты өзгерту және бұзу тәртідбі.
2. Шарртың қолдану мерзімін ұзарту.
Тезисы лекций
Тема 1 Понятие гражданского права
Цель: ознакомить студентов с понятие гражданского права как отрасли права.
План:
Понятие, предмет и метод гражданского права.
Понятие и система гражданского законодательства РК.
Принципы гражданского законодательства РК.
Действие гражданского законодательства во времени, в пространстве и по кругу лиц.
Применение гражданского законодательства по аналогии.
Глава 61.
Глава 62. 1. Термин «цивильное право» (jus civile) известен с древних времен, под ним римские юристы понимали право граждан Рима (цивильное право) /1, С.6/.
Глава 63. Современное понимание гражданского права определено следующим образом: гражданское право - это отрасль права, представляющая собой систему норм, регулирующих товарно-денежные и иные имущественные, а также личные неимущественные отношения, как связанные, так и не связанные с имущественными отношениями, основанные на равенстве участников.
Глава 64. «Для гражданских имущественных отношений характерно то, что они возникают между имущественно обособленными субъектами, не связанными взаимными правами и обязанностями властно-подчиненного характера, каждый из которых обладает собственными частными интересами (так называемые горизонтальные имущественные отношения)» /2, С.14/.
Предметом любой отрасли права является определенная группа общественных отношений, обладающая определенной спецификой. Предметом гражданского права согласно п.1 ст. 1 ГК РК являются две группы отношений:
1) имущественно-стоимостные отношения, т.е. складывающиеся по поводу материальных благ и основанные на законе стоимости, которые подразделяются на:
|
2) личные неимущественные отношения, складывающиеся по поводу нематериальных благ и неразрывно связанные с личностью, которые подразделяются на:
|
а) товарно-денежные отношения, то есть, отношения, в которых участвует денежная масса (купля-продажа); |
а) отношения связанные с имущественными (отношения по поводу создания авторских произведений); |
б) отношения непосредственно не связанные с денежным обращением (дарение) |
б) отношения, не связанные с имущественными (отношения по поводу духовных благ)
|
Гражданское право можно назвать экономическим правом. По мнению М.К.Сулейменова, Ю.Г.Басина «имущественные отношения составляют основу рыночной экономики, основу предпринимательской деятельности, ибо рыночная экономика без гражданского права невозможна, гражданское право без рыночной экономики во многом беспредметно» /2, С.14/.
Метод правового регулирования – система специфических способов, средств и приемов, посредством которых право воздействует на общественные отношения в нормативном порядке, устанавливая правила поведения их участников, предоставляя им права и наделяя их обязанностями. Иными словами, метод правового регулирования – это система тех средств и способов, при помощи которых государство добивается нужного поведения участников данных отношений. Что же касается гражданско-правового метода, он характеризуется рядом специфических признаков:
равенство участников гражданско-правовых отношений означает равные основания возникновения, изменения и прекращения субъективных гражданских прав и обязанностей у их носителей независимо от материального, социального положения, гражданства, правового статуса, а также равные основания ответственности за гражданские правонарушения и равные права на защиту своих интересов;
автономия воли участников гражданских правоотношений означает возможность самостоятельно и свободно определять характер взаимоотношений между ними полностью или в определенной мере по собственному усмотрению, а также широкая возможность выбора между несколькими вариантами поведения в пределах, установленных законом (диспозитивность);
имущественная самостоятельность участников, которые выступают в качестве обладателей обособленного имущества, наделенных распорядительной самостоятельностью;
имущественный и компенсационный характер гражданско-правовой ответственности в сочетании с принципом полного возмещения вреда или убытков, то есть, воздействие оказывается не столько на личность правонарушителя, сколько на его или указанных в законе третьих лиц имущественную сферу.
2. Гражданское законодательство - это совокупность нормативных правовых актов, регулирующих гражданские правоотношения.
Система гражданского законодательства, предусмотренная ст. 3 ГК РК, включает нормативные правовые акты по мере уменьшения их юридической силы начиная с Конституции РК, обладающей наивысшей юридической силой.
Далее следуют: Гражданский кодекс РК от 27 декабря 1994 г. (часть Общая), законодательные акты (Законы РК и Указы Президента РК, имеющие силу закона, Постановления Парламента РК и его палат), подзаконные нормативные правовые акты (Указы Президента РК, Постановления Правительства РК, акты Министерств, Госкомитетов и Агентств РК), Постановления Пленумов Верховного Суда РК.
Важно отметить, что в п.4 ст.3 ГК РК устанавливаются правила: гражданские правоотношения могут регулироваться обычаями, в том числе обычаями делового оборота, если они не противоречат гражданскому законодательству, действующему на территории Республики Казахстан. Возможность применения деловых обыкновений предусмотрена ст.272 ГК РК /3/. Под деловыми обыкновениями понимаются установившиеся в гражданском обороте правила поведения.
3. Принципы гражданского законодательства – это основные начала, выражающие объективные закономерности общественного развития, определяющие сущность всей отрасли права, закрепляемые в нормах действующего законодательства и имеющие в силу этого общеобязательное значение.
Принципы гражданского законодательства закреплены ст.2 ГК РК:
равенство правового режима субъектов гражданских правоотношений;
неприкосновенность собственности (воспроизводится конституционный принцип «Никто не может быть лишен своего имущества иначе как по решению суда. Принудительное отчуждение имущества для государственных нужд может быть произведено только при условии предварительного и равноценного отчуждения»);
принцип свободы договора, означающий возможность субъектов гражданского оборота по своему усмотрению (в рамках закона) избирать вид договора, контрагентов и условия договора;
недопустимость произвольного вмешательства в частные дела, в этом принципе проявляется такой элемент гражданско-правового метода как автономия воли участников, например, органы государственной власти и местного самоуправления не вправе вмешиваться в частные дела субъектов гражданского права, за исключением случаев неправомерного поведения последних;
беспрепятственное осуществление гражданских прав, что подразумевает невозможность ограничения гражданских прав, кроме случаев их ограничения в той мере, в какой это необходимо в целях защиты конституционного строя, государственной безопасности, здоровья и нравственности населения и лишь на основании закона; при этом признание необходимости беспрепятственного осуществления гражданских прав влечет за собой защиту их от правонарушений,
восстановление и защита нарушенных прав: субъекты имеют равное право на защиту нарушенных прав и свободны в выборе конкретных способов защиты (в том числе судебная защита), которые в основном носят восстановительный характер.
4. Для правильного применения гражданского законодательства необходимо знать порядок вступления в законную силу нормативных правовых актов и порядок их действия. Все нормативные правовые акты Республики Казахстан публикуются в официальных изданиях: Ведомости Парламента РК, Егемен Қазақстан, Заң, Казахстанская правда, Юридическая газета.
Нормативные правовые акты вводятся в действие в следующие сроки: 1) законы, указы Президента, постановления Правительства РК – по истечении 10 дней после их первого опубликования; 2) Постановления Парламента РК и его Палат – со дня первого официального опубликования; 3) постановления Конституционного совета – со дня их принятия; 4) акты центральных исполнительных и центральных государственных органов, входящих и не входящих в состав Правительства РК, акты Верховного суда РК, а также акты местных исполнительных или представительных органов – по истечении 10 дней с момента их первого опубликования.
В самих нормативных правовых актах или актах о введении их в действие могут быть указаны иные сроки. Общее правило о действии гражданского законодательства во времени состоит в том, что нормативные правовые акты не имеют обратной силы, следовательно, применяются только к правоотношениям, возникшим после введения их в действие. Но если после заключения договора принят закон, устанавливающий обязательные для сторон правила, причем иные, чем те, которые действовали при заключении договора, условия заключенного договора сохраняют силу, кроме случаев, когда в законе установлено, что его действие распространяется на отношения, возникшие из ранее заключенного договора. Данные положения служат содержанием принципа «закон обратной силы не имеет». Придание обратной силы допускается в порядке исключения тогда, когда это прямо предусмотрено законом.
Действие акта гражданского законодательства прекращается в установленный в самом акте срок. Если он не определен, то действие прекращается в результате их прямой отмены или вступления в силу нового акта, отменяющего акт, действующий ранее. Общее правило действия гражданского законодательства в пространстве состоит в том, что акты гражданского законодательства действуют на всей территории Республики Казахстан.
Из этого правила есть два исключения: 1) в силу указания из самого закона; 2) территориальные границы его действия могут быть ограничены, либо, напротив, законодательство одной страны в определенных случаях и по определенным вопросам может применяться на территории другой страны.
Общее правило о действии гражданского законодательства по кругу лиц состоит в том, что акты распространяются на всех лиц, находящихся на территории Республики Казахстан. В порядке исключения законодатель может прямо или косвенно определить круг лиц, на которых распространяется тот или иной акт.
5. При применении гражданского законодательства в отдельных случаях в нем обнаруживаются пробелы, то есть, отсутствует норма, прямо регулирующая данное общественное отношение. В таких случаях обращаются к такой категории как аналогия.
Аналогия – это способ восполнения пробелов в законодательстве, когда правоприменитель использует норму, относящуюся к сходной ситуации или исходя из основных начал гражданского законодательства. Ст.5 ГК РК различает аналогию закона и аналогию права.
Аналогия закона применяется при наличии следующих условий: 1) имеет место общественное отношение, которое по своим признакам входит в предмет гражданского права, 2) данное отношение не урегулировано ни нормой права, ни соглашением сторон, ни обычаями делового оборота, а также не охватывается смыслом законодательства, т.е. нельзя применить расширительное толкование. В указанной ситуации к неурегулированному отношению будет применяться норма права, регулирующая сходное отношение.
Аналогия права применяется при наличии тех же самых условий, но невозможность применить аналогию закона объясняется тем, что отсутствует норма, регулирующая сходное правоотношение. В сложившейся ситуации к неурегулированному правоотношению применяются основные начала гражданского законодательства, то есть, спорные вопросы разрешаются исходя из принципов гражданского права.
