- •1. Елдердің тұрақты даму концепциясы
- •2. Экологиялық туризм туралы түсінік
- •3. Қазіргі туризм классификациясында экотуризмнің алатын орны
- •4. Экологиялық туризмнің мақсаттары, міндеттері, негізгі қағидалары
- •5. Экологиялық туризмнің ерекшеліктері
- •6.Экологиялық туризмнің объектілері
- •7. Ерекше қорғаудағы табиғи территориялар, негізгі түсініктер
- •8. Экологиялық туризмді ұйымдастыру мен басқарудың әдістері
- •9. Экотуризм дамуындағы концептуалдық бағыттар
- •10. Экологиялық туризмнің дамуын ақпараттық-жарнамалық жағынан қамтамасыз ету
- •11. Экотуристік іс-әрекеттерді басқарудың халықаралық тәжірибиесі
- •12. Халықаралық табиғатты қорғау ұйымдары
- •13. Мамандандырылған экотуристік ұйымдар
- •14. Экотуризмге арналған халықаралық құжаттар
- •15. Туризм мен табиғи ортаның өзара байланысы
- •16. Табиғи кешендерге тиетін туризмнің әсері
- •17. Туризмнен табиғатты қорғау
- •18. Туризм үшін табиғатты қорғау
- •19. Туризм арқылы табиғатты қорғау
- •20.Туристік табиғатты пайдаланудың функционалдық моделі
- •21. Рекреациялық жүйенің базис моделі
3. Қазіргі туризм классификациясында экотуризмнің алатын орны
Экотуризм тұралы анықтамаларға қысқаша талдаудың қортындысын жасай келіп, экологиялық туризмге сәйкес келетін бес басты бағалау өлшемін бөліп қарауға болады. Экологиялық туризм:
1) табиғатқа бет бұратын және табиғи ресурстарды пайдалануға негізделген;
2) адам өмір сүретін ортаға зиян келтірмейтін, яғни айтқанда экологиялық тұрақты;
3) экологиялық білімділікке және оқу ағартушылыққа көзделген, адам мен табиғат арасында тең қатынастық қалыптасқан;
4) жергілікті әлеуметтік мәдени ошақтарды сақтауға қамқорлы;
5) экономикалық жағынан тиімді және аудандардың тұрақтылығын
қамтамасыз ететін болу керек.
Туризмнің басқа түрлерін экологиялық турлардан айыруға осындай бағаөлшемінің тізімі толық жеткілікті. Осындай баға өлшеміне қарай лайнермен Амазонка өзенімен жүзуді экологиялық тур деп атауға болады, егер де мынадай шарттар орындалса – экотехнологиялық жағынан лайнер жетілдірілген болса, туристер кемені тастап қайық, жаяу немесе атпен маршруттарға қатыса алатын болса, жергілікті табиғатпен, мәдениетімен және аймақтың экологиялық проблемаларымен таныса алатын болса және олардың табиғатты қорғау жоспарларының шешілуіне белгілі бір үлес қосатын болса. Сонымен, туризм индустриясында экотуризм өзін даму бағытымен көрсетеді, оның түрлері бірқалыпты. Экологиялық туризм туристік ағымдарды өзінің әралуан мақсаттарымен қамтиды: ғылыми зерттеулерді өткізуден бастап демалыс күндегі қысқа мерзімдік демалысқа дейін. Кейбір экотуристерді өсімдік қауымының қайталанбас сұлулығы тартады, мысалға, жайқалған жазғы тундра немесе жансыз табиғи объектілер (каньондар, үңгірлер және т. б.). Басқа біреулері – бос уақытында қолтырауын тәлімбағын немесе мексика жағалауындағы теңіз таспақаларын бақылайды. Ал үшіншілері – планетамыздың алыс бұрыштарындағы сүтқоректілер мен құстардың санына есеп жүргізумен айналысады. Ерекше қызықтыратын – Шығыс Африка мен Азияның жыртқыш аңдарын бақылау.
Жоғарыда айтылғындай, "экотуризм" термині күнделікті айналымға жақында ғана енгізілді, бірақта демалыстың түрі ретінде ол көп жылдар бұрын пайда болған. ХІХ-ғасырдың басында еуропалықтар жабайы өмірді (сафари) көру мақсатымен Африка мен Үндістанға сапар шеккен болатын. ХХ ғасырдың басынан бастап американдықтар орнитологиялық турлар ұйымдастырып жүрді, ал алғашқы орнитологиялық сапар Еуропада 1961 жылы болды. Бүгінгі күндері экотуризм барлық континентке және барлық елдерге жетті. Кейбір бағаларға қарасақ, ол әлемдік туристік нарықтың 20% жуығын қамтиды, ал оның даму шапшаңдығы барлық туризм индустриясының даму шапшандығынан асады.
4. Экологиялық туризмнің мақсаттары, міндеттері, негізгі қағидалары
Экологиялық туризмнің қағидалары адам баласының тұрақты дамуына, биологиялық және мәдени әртүрлілігін сақтауына негізделген. Экологиялық туризмнің негізгі қағидалары мынадай:
- жақсы сақталынған табиғи территорияларға бару;
- табиғи ресурстарды тұрақты қолдану, табиғи, әлеуметтік және мәдени әртүрлілікті сақтау;
- табиғи территорияларда ережелерді сақтау;
- туристерге экологиялық білім беру;
- жергілікті мәдени және табиғатты қорғау шараларына туристердің қатысуы;
- экологиялық турларды жоспарлау және олардың құрастыруына мен жүргізуіне кешенді көзқарас;
- туризм дамуына жергілікті халықтың қатысуы;
- экотуризм жүйесінде қызмет ететін адамдарға экологиялық білім беру.
Экологиялық туризмнің негізгі мақсаты – адамның қоршаған (табиғи, әлеуметтік) ортамен үйлесуі; халыққа экологиялық білім, тәрбие беру. Экологиялық туризмнің негізгі міндеті – экологиялық нормаларды максималді дәрежеде сақтау.
