- •Маркетинг және оның қонақжай индустриясындағы ролі.
- •Маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мәні.
- •Маркетинг - экономикалық үрдіс.
- •Маркетинг - шаруашылық функция.
- •Маркетинг - шаруашылық концепция.
- •Әлеуметтік-этикалық маркетинг концепциясы
- •Қызмет көрсету марктингінің ерекшелігі.
- •Туризмде көрсетілетін қызметтердің сипаттамалары.
- •Туристік өнімнің ерекшеліктері.
- •Дтұ бойынша туризм маркетингінің үш басты функциясы.
- •Туризмдегі маркетингтің деңгейлері.
- •Туризмдегі маркетингтің мәні мен мазмұны.
- •Туристік мекеме – маркетинг концепциясын іске асырудағы негізгі бөлігі.
- •Ұйымдастырылған туризм нарығының құрылымы.
- •Маркетингті қолдануда негізгі жағдайлар.
- •Туризмдегі маркетинг қағидалары.
- •Туристік мекемеде маркетинг концепциясын іске асыру технологиясы.
- •Нарық мүмкіншіліктеріне талдау жасау.
- •Маркетинг кешенінің негізгі элементтері және оларға сәйкес маркетинг стратегиялары.
- •Маркетингтің қосымша жүйелерінің сипаттамасы.
- •Маркетингтік зерттеулердің міндеттері мен мәні.
- •Маркетингтік зерттеулердің ережелері.
- •Маркетингтік зерттеулердің кезеңдері және оларға сипаттама.
- •Маркетингтік зерттелерді ұйымдастырудың түрлері.
- •Брифинг туралы түсінік.
- •Маркетингтік зерттеулердің бағыты.
- •Маркетингтік ақпараттардың классификациясы.
- •Маркетинг ақпараттың тұрақты, ауыспалы, эпизодикалық түрлері.
- •Маркетинг ақпараттың демоскопиялық және экоскопиялық түрлері.
- •Маркетинг жүйесінде ақпараттарды құрастыру мен пайдаланудың негізгі қағидалары.
- •Туристік кәсіпорының маркетинг ақпарат жүйесі
- •Туристік мекеменің маркетингтік ортасын зерттеу.
- •Маркетингтің ішкі ортасына талдау жасау.
- •Маркетингтің сыртқы ортасына талдау жасау.
- •Туристік мекеменің маркетинг макроортасының факторлары.
- •Маркетинг ортасының сыртқы тікелей әсер ететін аумағы.
- •Туристік нарық құрылымы.
- •Туристік нарықтың классификациясы.
- •Нарық конъюктурасын бағалау.
- •Туристік нарық конъюктурасын зерттеу кезеңдері.
- •Нарық сыйымдылығы туралы түсінік.
- •Туристік өнімнің құрылымы.
- •Бәсекелестердің маркетингтік зерттеулері.
- •Тұтынушының мінез-құлық мотивтері.
- •Мотивацияның негізгі теориялары.
- •А. Маслоудың ынталандыру теориясы.
- •З. Фрейдтің теориясы.
- •Д. Шварцтың теориясы.
Туристік мекеме – маркетинг концепциясын іске асырудағы негізгі бөлігі.
Туризм дамуында маңызды роль атқаратын туристік мекеме (фирма). Сарапшылардың айтуынша шет елге шығатын туристердің жартысы өз саяхаттарын турфирма арқылы ұйымдастырады.
Туристік фирма өзінің негізгі іс-әрекеттерінің мазмұны мен сипаты жағынан тұтынушы (турист) мен туристік қызметті өндірушінің (қонақ үйі, көлік, мейрамхана) арасындағы делдал болып келеді. Классикалық үлгіде туроператор және турагенттер фирмалары көрінеді.
Туристік фирма делдал
Туристік қызметті тұтынушы (турист)
Туристік фирма
Туристік қызметті өндіруші (қонақ үйі, мейрамхана, көлік)
Туроператор – бұл туристік өнімді қалыптастыру, ілгері жылжыту және оны іске асыру әрекеттерімен айналысатын фирма.
Турагент – бұл туристік өнімді ілгері жылжытып, іске асыратын фирма.
Нарықта туроператордың функциясы көтерме саудамен айналысатын мекемелердің әрекетіне сәйкес келеді.
Туроператор туристік индустрия мекемелерінің (қонақ үйі, мейрамхана, көлік және т.б.) қызметтерін сатып алып, туристік пакет жинайды.
Ұйымдастырылған туризм нарығының құрылымы.
Туристік нарықтағы жағдайды "сатушы нарығынан" "сатып алушы нарығына" өту ретінде түсінуге болады. Ол жөнінде келесі аспектілер көрсетеді:
-сұраныстан ұсыныстың көп болуы;
-сұраныс ұсынысты анықтайды;
- жоғары дәрежеде тұтынушылардың ақпарат алуға жетерлігі;
-нарықта ұсынылып отырған қызметтердің сапасына талаптың өсуі;
- нарықта бәсекелестіктің өсуі.
Маркетингті қолдануда негізгі жағдайлар.
Қандай бір болмасын экономикалық құбылыс сияқты, туризмдегі маркетинг даму үшін бірқатар жағдайларды қажет етеді:
-нарықты қызметтермен толтыру, яғни сатып алушы нарығын құру;
-тұтынушылар үшін туристік фирмалар арасындағы қатаң бәсекелестікті сақтау;
-дербес нарық қатынастарын құру, яғни әкімшілік шектеулерсіз өнімді өткізу нарығын таңдау, іскерлік серіктестерді таңдау, өнімдерге өз еркін баға қою, коммерциялық жұмыстарды жүргізу;
-фирманың мақсатын, стратегиясын, басқару құрылымын анықтағанда, туристік мекеменің ішіндегі әкімшіліктің еркін қызметі.
Алғашқы екі жағдай маркетинг концепциясын пайдалануда мүмкіншіліктер мен қажеттіліктерді анықтайды.
Соңғы екеуі нақты туристік мекемеде маркетинг концепциясын іске асыру эффективтілігін көрсетеді.
Туризмдегі маркетинг қағидалары.
Туризмдегі маркетингтің мәнін жүйе ретінде қарастырғанда, оның негізгі қағидалары қалыптасады.
Қағида дегеніміз маркетингтің негізін құрайтын ережелері, талаптары.
Біріншіден, ұсынылатын туристік қызметтер міндетті түрде тұтынушыларға бейімделу қажет, ал екіншіден туристік мекеменің мүмкіншіліктері нарық талаптарына сай болу тиіс.
Осыған сәйкес, туризмдегі маркетингтің келесі қағидаларын айырады:
Жеке тұтынушылардың проблемаларын тиімді шешуге бейімделу. Нарықты белгілі бір қажеттілігі бар тұтынушылар құрайды. Олар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін туристік өнімді сатып алады. Тұтынушылардың талаптарын идентификациялау маркетингте маңызды роль атқарады.
Коммерциялық нәтиженің анық болуына тырысу, яғни ұзақ уақытқа арналған мақсатына сәйкес нарық үлесіне жету. Мақсатқа жетуге арналған маркетинг қызметі үш басты компонентін анықтау керек – мерзімін, ресурстарын, жауапкершілігін. Осыдан барып, тұтынушылардың төлей аларлық мүмкіндіктерінен бастап барлық маркетингтік жағдайдың ұзақ мерзімге арналған жобасын жасайды.
Фирманың өз алдына қойған мақсаттарына жету жолдарын кешенді түрде айқындау. Өйткені табысты әрекетті тек қана барлық маркетинг құралдары жиынтығы ғана қамтамасыз етеді. Ал жиынтық түрінде емес, тек жеке алынған маркетинг әрекеттері (тұтынушылардың қажеттіліктеріне талдау жасау, нарықты болжау, туристік өнімді зерттеу, өнімді өткізу жолдарын іздестіру, жарнама жасау және т.б.) ойдағыдай нәтиже бере алмайды, керісінше түбінде сәтсіздікке соқтырады.
Әрекеттенуге таңдап алынған нарықтың талаптары мен жағдайларын барынша ұштастырып есепке алу және нарыққа нысаналы әсер ету. Бұл жағдайда потенциалды тұтынушыларды топтарға бөлу тиіс, яғни нарықты сегменттеу.
Белсенділік, екпінділік, іскерлік көрсету, яғни сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделу. Олай болмаған жағдайда коммерциялық табысқа жету және бәсекелестік артықшылық алу мүмкін емес.
Қазіргі кезде ғылым, техника, технология салалары тез дамуда. Бұл бәсеке жағдайын тез арада өзгертіп, маркетинг концепциясын творчестволықпен қолданғанды, тез арада өзгеріп жатқан нарық жағдайларына бейімделу жолдарын іздегенді талап етеді. Тек осы әдіспен фирмалар тиімді жұмыс жасай алады. Бұл қағидалар маркетинг шаралары арқылы жүзеге асырылады.
