4 Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділ сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар эконом калық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффиценттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болын табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлі ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
1) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;
ә) өнімдер;
б) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.
Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі - берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы, шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.
Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігінің өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталдың пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.
Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:
басқару тиімділігінің көрсеткіштері;
кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;
табысты болжау әдісі;
шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болын табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін біддіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болын саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.
Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімдшігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.
Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықгары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеггілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.
Арнайы оқулықтарда бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы жатқызылады.
Бұл екі фактордың талданып отырған көрсеткіш бойынша алынған ауытқуға ықпалын анықтау үшін, өткен жылғы табыс және есепті жылға жалпы бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициентін есептейміз.
Алайда айта кеткен жөн, факторлар әсерін бұл әдістеме бойынша өлшеу біршама қате, себебі оны есептеудің математикалық формуласы дұрыс және ешқандай күдіксіз болғанына қарамастан, ол көрсеткіштің экономикалық мазмұнына жауап бермейді. Таза табыс бойын-барлық активтердің табыстылық деңгейі - (қаражатты тарту көздеріне тәуелсіз) активтер құнының бірлігінен табыстың қанша ақшалай бірлігі алынғанын көрсетеді. Осыған қарағанда, неғұрлым кәсіпорын кеңейген сайын және оның өндірістік потенциялы өскен сайын, соғұрлым активтер тиімділігі төмен болады. Керісінше, авансталған капитаддың табыстылық деңгейі жалпы активтерді пайдалану тиімділігіне тәуелді болуы тиіс. Осы түсініктерді қарастыра келе, біз екінші көз-қарас әлдеқайда ғылыми негізделген және дұрыс деп есептейміз. Және оның соңғы жылдардағы арнайы әдебиеттерде кең таралуы кездейсоқ емес. Таза табысты қалыптастыру барысында, іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің бірі болып саналатын өнімді өткізуден алынған табыс маңызды роль атқарады. Сондықтан да екінші көзқарасты қолдаушы мамандар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің өзгерісі келесі бірінші қатарлы факторлардың әсерінен болады деп есептейді:
1) кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерінің бірі өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
2) жалпы активтердің айналымдылығы.
Кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарының әрбір теңгесінен алынған табысы, өнімді өткізу табыстылығына (сату) және кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдығына байланысты болады.
Формула жалпы активтердің табыстылық деңгейін жоғарылату жолдарын көрсетеді: сату табыстылығы мен болғанда капитал мен оның элементтерінің айналымын жылдамдатуға ұмтылу керек және керісінше сол немесе басқа себептермен анықталатын кәсіпорынның төмен іскерлік белсенділігі, өнімді өндіру дарын азайту немесе өнім бағасын өсіру, яғни сату табыстылығын өсіру негізінде теңестірілуі (орны тырылуы) мүмкін.
Кәсіпорынның есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкеледі. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысудың едитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Жоғарыда айтылған "директ-костинг" жүйесі және оның негізінде іске асырылатын маржиналды табыстың талдауы нарықтық экономиканың белгілері болып табынады. Оларды пайдалану есеп, аудит және басқару шешімдерін қабылдаудың интеграциясының жоғары дәрежесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жүйеде басты көңіл ресурстар шығындарының өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді жағдайды зерттеуге бөлінеді, бұл кәсіпорынның қаржы жағдайын тұрақтандыру бойынша тез және икемді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
"Директ-костинг" жүйесі шығындарды талдау мен табыстарды үйлестірудің теориялық негізі болып табылады. Ол айнымалы және тұрақты шығындардың бөлек есебін, өзіндік құнды калькуляциялау, шығындар мен қаржы нәтижелерінің талдауын біріктіретін өндірістік және қаржы есебінің біріккен жүйесі. Сондықтан оны «өзіндік құнды басқару жүйесі» немесе "кәсіпорындарды басқару жүйесі" деп атайды. Қазіргі кезде, біздің елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасуы және бухгалтерлік есепті реформалауды жүзеге асыру барысында шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларында кәсіпорын қызметінің тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін, осы жүйені қолданудың мүмкіндігі және дұрыстығы туындады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары) кредит және есеп айырысу операцияларының (ақциялардың, вексельдердің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.
Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруда басқа функциялармен қатар, жоғарғы органдар — олардың қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда — ақционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган — басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды қосады: қаржы жөніндегі вице-президентті (басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне - қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынышындағы жеке қызметкерлер — Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.
Қаржы бөлімінің құрылымы (3.1 сызбаны қараңыз) әдетте болжамды-талдамалық, есеп-қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарына негізделеді.
Қаржы-өтім бөлімдері бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі, кассалық сияқты топтарға бөлінсді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды міндеттері мыналар болып табылады:
табысты немесе пайданы өсірудің жолдарын іздсстіру жоме рентабелділікті арттыру;
өндіріс, күрделі қаржылар, жаңа техниканы ендіру және басқа жоспарлы шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
Соңғы сілтеменің тұжырымы мынадай, яғни "директ-костинг" жүйесі өндіріс шығындарын есептеудің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың біртекті әдісі деп санайды, ал Н.Г.Чумаченко бұл жүйе өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жеке қолданылады деп есептейді. Біз қарастырып отырған мәселе бойынша бірнеше авторлардың көзқарастарын келтірдік. Біздің көзқарасымыз бойынша "директ-костинг" жүйесі, өндіріс шығындарының есебін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды бірге байланыстырады.
"Директ-костинг" жүйесін қолдану белгілі бір қиындықтармен байланысты. Шығындарды тұрақты не айнымалы деп жіктеу, тіпті нақты кәсіпорын бойынша да мүлдем анықталуы мүмкін емес, ол қызметтің өзгермелі жағдайларына байланысты қарастырылуы тиіс. "Директ-костинг" жүйесін қолдану барысында калькуляциялау және баға белгілеу үшін өнімнің толық өзіндік құнын жүйеден тыс жолмен анықтауға тура келеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету дарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын теме детеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономика жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төменгдету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін маңызды.
Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру қазіргі уақытта қаржыны басқаруды жетіддіру - бұл процесте автоматтандырылған жүйелерді жасап, оларды қаржыны басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық-математикалық әдістер мен электроңды-есептеу техникасына негізделген басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) қаржыны жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі деп қаржыны, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік жасайтын есептеу жәнс ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының әкімшілік, экономикалық, математикалық әдістерінің жиынтығын айтады. Ол есепке алу, жоспарлау және ұлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өңдеудің жалпы мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді.
Кәсіпорындарды басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде (КБАЖ) қаржыны басқарудың дербес функциялық қосалқы жүйесі бөлінеді, онда қаржы-кредитті басқарудың есептері шығарылады.
Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырудың автоматтандырылған жүйесі тұрақты экономика жағдайыңда ойдағыдай іс-әрекет ететін айта кету қажет. Тек осы жагдайда ғана ол қаржы аппараты жұмысының мазмұнын айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік береді.
