- •I тарау Қаржыны басқарудың теориялық негіздері......................................4
- •I тарау Қаржыны басқарудың теориялық негіздері
- •1.1 Қаржыны басқару мәні мен құрылымы
- •1.2 Шаруашылык жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
- •1 Сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржысын басқару
- •1.3 Мемлекеттің қаржысын басқару
- •2.1 Қр Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы
- •2.2 Қазақстан Республикасындағы қаржыны басқаруды жетілдіру
- •ПайдаланҒан Әдебиеттер:
2.1 Қр Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады11.
Мемлекет өз алдына дербес мемлекет болып өмір сүру барысындағы атқарылатын функцияларды арнайы құрған және оған белгілі бір құзырет беріп сол арқылы белгілі бір саланы басқарушы, реттеуші әрі қадағалаушы орган арқылы жүзеге асырады.
Республикамыздың негізгі, әрі мәнді саласы қаржы саласында қызмет жасаушы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ҚР Ұлттық банкi тектес атқарушы органдар жүйесіндегі орны Министрліктің атқаратын функциялары мен негізгі міндеттерінен-ақ айқындалады. Оған дәлел Министрліктің мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуын, мұнда тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге қатысады. Мемлекеттің өмір сүруінде бюджеттің алатын рөлі ерекше, оған көз жеткізу үшін мына мәліметтерге көңіл аударсақ, Бюджет жобасына сәйкес, республикалық бюджет шығыстарының негізгі бір бөлігі болып саналатын әлеуметтік блокқа - білім, денсаулық, мәдениет және спорт салаларын, әлеуметтік төлемдерді қоса есептегенде 426 миллиард теңге жұмсау көзделген. Ал, мемлекеттік даму институттарының жарғылық капиталдарын ұлғайтуға 4,6 миллиард теңге, Астананы дамытуға 72,6 миллиард теңге, 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына 60,5 миллиард теңге бөлу жоспарлаған, соған сай «2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы желтоқсанның 1-іне дейін қабылдануы тиіс. 2005 жылы республикалық бюджет қоржынына мемлекеттік займдарды қоспағанда түсетін түсімдердің жалпы көлемі 1 триллион 135,8 миллиард теңге болады. Бұл 2004 жылғы межеден 200,5 миллион теңге артық болса, шығыстар 1 триллион 223,6 миллиард теңгені құрап, ағымдағы жылмен салыстырғанда 196,6 миллион теңгеге өседі.12
Бюджетті жоспарлау кезінде бастапқы сатыда Қаржы министрлігі және жергілікті қаржы органдары бюджеттік өтінімдердің олардың Президент жолдауына, елдің даму стратегиясына, индикативтік жоспарға және қабылданған даму бағдарламаларына сәйкестігін талдайды. Тиісті бюджеттің құрамына енгізу үшін басымдықтары бойынша оларды реттейді. Атқару сатысында шығыстарды жоспарлау кезінде белгіленген мақсаттарға қол жеткізу тұрғысынан бағдарламалардың іске асырылуын сандық және сапалық бағалау жүргізіледі.13
Мұндағы үнемі болатын алға қойылған маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға, мақсаттарға жетуге қажетті қаржы қаражаттарын тартып, оларды жинақтап, теңестіріп, қайта салаларға тарату және сол қаражаттардың мақсатты әрі дұрыс жұмсалуын қадағалау процестері қарастырылады.
Республикамызда кедендiк және өзге де заңнамаларының сақталуын қамтамасыз етеді, кеден iсi саласындағы iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын арнайы құрылған Кедендiк бақылау комитетi арқылы жүзеге асырады. Мемлекет болудың белгілерінің бірі өзіне тән аумағының болуы, яғни басқа да мемлекеттерден тәуелсіздігін, дербестігін және қол сұғылмаушылығын дәлелдейтін шекарасының болуы. Ал шекарадан халқымыздың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін заттардың өтіп кетпеуін немесе олардың көлемін шектеп, мөлшерлейтін, елімізде тыныштықты бұзып, алауыздық тудыратын және т.б. келеңсіздіктердің еларасына жіберілмеуін қадағалайтын маңызды да әрі қажетті орган Министрлік болмақ.
Сондай – ақ Министрлік салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң толық түсуiн, Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында салықтық бақылау қызметін арнайы құрылған мамандандырылған Салық комитеті арқылы салық саясатын жүзеге асырады.
Салық саясаты дегеніміз – қоғамның нақты даму ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің салық салу саласында жүргізетін іс – шараларының жиынтығы. Салық саясатының субьектісі – мемлекет. Мақсаттары: мемлекетті қаржымен қамтамасыз ету; ел экономикасын реттеуге әсер ету.14 Бұл анықтамалар жоғарыда атағанымыздай мемлекет маңызды қызметтерін дәл осы Министрлік арқылы жүргізетінін таңбалай түседі.
Жалпы мемлекеттің бірден – бір қалтасы әрі қоймасы болып табылатын бюджет көлемінің 90% - дан асатын бөлігі ҚР – ғы тоғыз салық түрімен қамтамасыз етіледі. Яғни мемлекет өзін толығымен осы салықтар арқылы қаржыландырады десем артық болмас. Сондықтан да салықтардың дер кезінде жинақталып, әрі мөлшерлі түрде бюджетке келіп түсуінің маңыздылығы халқымыздың ұрпақ жалғастырып, дамуында ерекше орын алатыны сөзсіз.
Ал келесі бір Министрліктің басқа да мемлекеттік атқарушы органдар арасындағы ерекшелігін айқындайтын негізгі міндеттерінің бірі Ішкі қаржылық бақылау болып табылады.
Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің ажырамас бөлігі, экономиканың және қаржылық жүйенің толық қанды қызмет етуіне тікелей әсер етуші құрал болып табылады. Экономиканы реттеуші дербес функция ретінде бақылау реттеу циклының маңызды кезеңінде көрініс табады, яғни реттелу объектісіне әсер етуші нақты нәтижелер нормативтік жарлықтардың және қалбылданған шешімдердің талаптарымен салыстырылады, ал тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда оларды жоюға байланысты қажетті шаралар жүргізіледі15.
Ішкі бақылауда бақылаудың субъектісі және объектісі ұйымдастырушы жүйенің бір буыны болады. Осыған орай Министрлік өзіне бағынышты кәсіпорынның қаржылық операцияларын тексереді. Маңыздылығы - Республикамыздың қаржы қызметінің толық қанды және оперативті жұмыс жасауына және барынша тиімді болуына себепкер болуында.
Министрлiк өз қызметiн ҚР Конституциясы мен заңдарына, ҚР Президентінің және Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi туралы ережeге сәйкес жүзеге асырады. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.16
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi өзіне жүктелген міндеттерді атқару және ҚР – ғы қаржы саласын ұйымдастырып, реттеп және бақылау қызметтерін, құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыруды неғұрлым тиімдірек, нақтырақ, жедел, жүйелі әрі нәтижелі түрде басқару мақсатында келесідей арнайы мамандандырылған органдар құрған.
Министрлiктiң ведомстволары:
Қазынашылық комитеті;
Кедендiк бақылау комитетi;
Салық комитетi;
Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетi;
Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті;
Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi.
