- •1. Конституциялық құқық құқықтың бір саласы ретінде
- •58. 1995 Жылғы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қашан енгізілді
- •59. Қай тіл Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады
- •96. Қазақстан аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамадар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтар иеленген бе
- •98. Азаматтық келесідей жолмен алынады:
- •99. Қазақстан азаматтығын жоғалту келесідей жағдайда басталады:
- •237. Республикалық референдумның пәні болып не табылады
58. 1995 Жылғы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қашан енгізілді
A) 7 қазан 1998 жыл
B) 7 қазан 1999 жыл
C) 10 қаңтар 1999 жыл
D) 10 қазан 1999 жыл
E) 7 қараша 1998 жыл
59. Қай тіл Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады
A) қазақ және орыс тілдері
B) қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі мен ағылшын тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады
C) қазақ тілі, ал орыс тілі халықаралық қатынастың тілі болып табылады
D) орыс тілі
E) қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады
60. Қазақстан Республикасының саяси партиялары мен кәсіподақтары шетелдік заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар тарапынан, шет мемлекет пен халықаралық ұйымдар тарапынан қаржыландырылуға жатады ма
A) я, қаржыландыруға жатады
B) жоқ, қаржыландыруға жатпайды
C) кейбір жағдайларда ғана қаржыландыруға жатады
D) тікелей заң нормаларында көрініс тапқан жағдайда ғана қаржыландыруға жатады
E) халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда ғана қаржыландыруға жатады
61. Кім Қазақстан Республикасындағы биліктің бірден-бір бастауы болып табылады?
A) Президент
B) Парламенет
C) Қазақстанның халқы
D) Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі
E) Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламенті
62. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет болып табылады?
A) зайырлы мемлекет, федерация
B) біртұтас мемлекет, монархия
C) президенттік республика, федерация
D) президенттік басқару нысанындағы біртұтас, зайырлы мемлекет
E) ресми мұсылмандықты көздеген тұтас Республика
63. Қазақстан Республикасы Конституциясында билік қандай тармақтарға бөлінеді
A) бақылаушы, орындаушы;
B) мемлекеттік, қоғамдық;
C) заң шығарушы, атқарушы, сот билігі;
D) қауіпсіздік органдары, сот органдары, басқару органдары;
E) құқық қорғаушы органдар, әкімшілік органдар, өкілді органдар.
64. Халық билігін жүзеге асыру нысандары:
A) республикалық референдум және сайлау;
B) отырыстар;
C) мемлекеттік органдарға өз билігін жүзеге асыруды беру;
D) дөңгелек столдар;
E) еркін шерулер.
65. Діни институттардың мемлекеттен бөлінуі қандай мемлекеттерге тән
A) демократиялық;
B) зайырлы;
C) құқықтық;
D) клерикалық;
E) теократиялық.
66. Құқықтық мемлекет қағидасы
A) матриархат;
B) рулық мүдде;
C) заңның үстемдігі;
D) тыйым салу басымдығы;
E) оның аумағына ешкімнің қол сұқпауы.
67. Қазақстан Республикасында меншіктің қандай түрі танылады және қорғалады
A) қоғамдық;
B) мемлекеттік;
C) қоғамдық және мемлекеттік;
D) жеке меншік;
E) мемлекеттік және жеке;
68. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің сипаттамасы және оларды ресми пайдалану тәртібі қандай актілермен белгіленеді
A) конституциямен;
B) заңмен;
C) жарлықпен;
D) конституциялық заңмен;
E) заң күші бар жарлықпен;
69. Қазақстан Республикасында әр алуандылықтың қандай түрі танылады
A) экономикалық;
B) әлеуметтік және саяси;
C) саяси және экономикалық;
D) идеологиялық;
E) идеологиялық және саяси;
70. Нормативтік құқықтық актілерді қолданудың міндетті шарты не болып танылады
A) актіге қол қою;
B) актіні бекіту;
C) ресми жариялау;
D) актіні келісу;
E) актіні қабылдау;
71. 1993 жылғы Конституция бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті қалай аталды
A) парламент;
B) халық кеңесі;
C) халық конгресі;
D) жоғарғы кеңес;
E) халық жиналысы;
72. Мемлекеттік меншік дегеніміз – бұл,
A) азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың меншігі
B) әкімшілік-аумақтық бірліктердің меншігі
C) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің меншігі
D) жеке комерциялық заңды тұлғалардың меншігі
E) мемлекеттік қызметшілердің жеке меншігі
73. Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі принциптері:
A) мұсылман дінінің мәртебесін көтеру, қоғамдық татулық
B) саяси тұрақтылық пен белгілі-бір жекеленген адамдар тобының үстемдігі
C) бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, таптық тұрақсыздықты қамтамасыз ету
D) қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм
E) мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін бір жақты үстемдік әдісімен шешу
74. Қазақстан Республикасында келесідей меншік түрлері танылып, заң алдында бірдей қорғалады:
A) жеке акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің меншігі
B) қазыналық кәсіпорындар мен мекемелердің меншігі
C) мемлекеттік меншік пен жеке меншік
D) тек жеке меншік
E) тек мемлекеттік меншік
75. Мемлекет аумағының белгілі-бір бөліктерге бөлінуін сипаттайтын түсінік бұл -
A) саяси жүйе
B) әкімшілік-аймақтық құрылым
C) біртұтас мемлекет
D) федеративтік мемлекет
E) республика
76. Біздің мемлекетіміздің ең басты қазынасы болып не танылады?
A) адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
B) мемлекеттік алтын қор
C) еліміздегі тыныштық
D) өзге қайсы бір мемлекеттер мен болмасын соғыстың болмауы
E) тек адамдардың саяси бостандығы
77. Мемлекет қандай институт болып табылады
A) қоғамдық;
B) әлеуметтік;
C) құқықтық;
D) құрылымдық;
E) саяси.
78. Азаматтардың сөз бостандығы құқығы, құқықтар мен бостандықтардың қай тобына жатады
A) азаматтық
B) саяси
C) экономикалық және әлеуметтік
D) тек экономикалық
E) кәсіпкерлік
79. Азаматтардың бейбіт әрі қарусыз жиналу құқығы, құқықтар мен бостандықтардың қай тобына жатады
A) саяси
B) азаматтық
C) экономикалық және әлеуметтік
D) өзіндік
E) әлеуметтік
80. Азаматтардың шерулер өткізу құқығы, құқықтар мен бостандықтардың қай тобына жатады
A) саяси
B) азаматтық
C) экономикалық және әлеуметтік
D) өзіндік
E) рухани
81. Азаматтардың қадір қасиетіне қол сұғылмау құқығы, құқықтар мен бостандықтардың қай тобына жатады?
A) саяси
B) азаматтық
C) экономикалық және әлеуметтік
D) әлеуметтік-саяси
E) рухани
82. Азаматтардың кәсіп түрін еркін таңдау құқығы, құқықтар мен бостандықтардың қай тобына жатады?
A) саяси
B) азаматтық
C) экономикалық және әлеуметтік
D) әлеуметтік-саяси
E) рухани
83. Ата-аналар өз балаларына діни сипаттағы білім беруге құқылы ма
A) олардың ондай құқығы жоқ, себебі бізде зайырлы мемлекет
B) бұл үшін арнайы білім органдарының рұхсаты қажет
C) ата-аналарының өз қалауы бойынша құқылы
D) олардың ондай құқығы жоқ, себебі бізде шіркеу мемлекеттік биліктен оқшауланған
E) соттың заңды күшіне енген шешімі болса ғана құқылы
84. Азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағынан еркін шығып, қайтып келу құқығы құқықтар мен бостандықтардың қай тобына жатады
A) саяси құқықтар
B) экономикалық және әлеуметтік құқықтар
C) азаматтық құқықтар
D) рухани құқықтар
E) өзіндік құқықтар
85. Төмендегілердің қайсысы азаматтардың міндеті болып табылады
A) заңдармен бекітілген алымдарды төлеу, Отанын қорғау, табиғатты қорғау
B) табиғатты қорғау және заңсыз аң аулаушылар мен күресу
C) өз Отаны мен дінін қорғау
D) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу
E) қажымай еңбек етіп, табыс табу
86. 1995 жылғы Конституция бойынша азаматтарға тегін қандай білім көзделген
A) мемлекеттік оқу орындарындағы жоғарғы білім
B) жекеменшік нысанындағы оқу орындарындағы жоғарғы білім
C) мемлекеттік оқу орындарындағы орта білім
D) жекеменшік нысанындағы оқу орындарындағы орта білім
E) жексенбілік мектептердегі орта білім
87. Азаматтардың бейбіт әрі қарусыз жиналуға деген құқықтары қандай жағдайда шектелуі мүмкін
A) Президенттің бастамашылығымен
B) Консттуциялық кеңес төрағасының шешімі негізінде
C) соғыс жағдайларында
D) Үкіметтің тиісті шешімі негізінде
E) егер мұндай жиналу мемлекеттің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке қайшы келсе
88. Қандай тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматы деп танылады
A) тек заң нормаларына сәйкес азаматтықты алған тұлғалар
B) «Азаматтық туралы» ҚР заңы күшіне енген сәтте Қазақстанның аумағында тұрақты тұрған, және азаматтықты заңға сәйкес алған тұлғалар
C) «Азаматтық туралы» заңы күшіне енген сәтте бұрынғы одақтас мемлекеттердің аумағында тұрақты тұрған тұлғалар
D) Қазақстанның азаматтығын алу туралы өтініш берген тұлғалар
E) Республика аумағында кем дегенде 5 жыл тұрған тұлғалар
89. Азаматтылықты алу сәтінде азаматтық туралы заң нормаларына сәйкес «қан қағидасы» мен «топырақ қағидасы» біздің елімізде қалай қолданылады
A) тек «қан қағидасы» ғана қолданылады
B) тек «топырақ қағидасы» ғана қолданылады
C) екі қағида да қатар қолданылады
D) екеуіде қолданылмайды
E) біздер құқықтық мемлекет болғандықтан қағидалар қолданылмайды
90. Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болады ма
A) жоғарғы талап қойылған жағдайда әрдайым беріліп отырады
B) ешқашан, ешбір жағдайда берілмейді
C) егер Республиканың Халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, беруге болмайды
D) құқық қорғау органдарының бірінші талабы бойынша беруге болады
E) егер адам өлтіру қылмысын жасаған болса беруге болады
91. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заң қашан қабылданды
A) 20.12.1991 жыл
B) 19.12.1991 жыл
C) 10.12.1991 жыл
D) 11.12.1991 жыл
E) 20.12.1995 жыл
92. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар қашан енгізілді
A) 06.10.1995 жыл
B) 10.10.1995 жыл
C) 01.10.1995 жыл
D) 02.10.1995 жыл
E) 03.10.1995 жыл
93. Қазақстан Республикасының азаматтығы дегеніміз не
A) тұлғамен мемлекет арасындағы жалпы құқықтық қатынас
B) тұлғаның мемлекетке тиістілігі
C) мемлекетпен мойындалған, тұлғаның мемлекетпен саяси-құқықтық байланысы, осы байланыстың нәтижесінде тұлғаға азаматтықтың барлық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері таратылады
D) тұлғаның мемлекетке бағыныштылығы
E) тұлғаның, мемлекеттің белсенді мүшесінің болуы
94. Шетелде жүрген біздің азаматтарды қорғау қызметін қандай орган жүзеге асырады
A) сауда өкілдіктері мен туристік фирмалар
B) еліміздегі фирмалардың шет мемлекеттердегі өкілдіктері
C) дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер
D) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
E) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігі
95. Азаматтығы жоқ тұлғалар дегеніміз кімдер
A) Қазақстан Республикасы азаматтығын иеленбеген тұлғалар
B) өзге мемлекеттің азаматтығын иеленген тұлға
C) Қазақстан Республикасының аумағында ешбір құжатсыз тұрып жатқан тұлғалар
D) Қазақстан Республикасының азаматтығын иеленбестен Республика аумағында тұратын, өзінің өзге мемлекет азаматы екеніне дәлелі жоқ тұлғалар
E) Қазақстан Республикасының аумағынан шет мемлекетке тұрақты тұруға көшіп кеткен тұлғалар
