- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5В030100 - «Заңтану»
- •Мазмұны
- •Оқу жұмыс бағдарламасы
- •4. Пәннің мазмұны
- •4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
- •4.2 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •4.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары
- •4.5 Соөж тапсырмасы
- •4.4 Сөж жоспары мазмұны
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •1. Оқытушы туралы ақпарат:
- •5. Оқу процесінің кестесі
- •6. «Қр қаржы құқығы» пәні бойынша /30 сағат/ дәрістік сабақтардың жоспары
- •7. «Қр қаржы құқығы» пәні бойынша тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары /15 сағат/
- •8. «Қр қаржы құқығы» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. «Қр қаржы құқығы» пәні бойынша соөж (консультация) тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •«Қр қаржы құқығы» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 1-бақылау жұмысын (бж -1) дайындалуға арналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •«Қр қаржы құқығы» пәні бойынша ауызша нысанда тапсыру үшін 2-бақылау жұмысын (бж -2) дайындалуға арналған соөж тапсырмаларының тізбесі
- •10. Әдебиеттер тізімі
- •Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •Қаржы құқығы (дәріс) Тақырып 1. Мемлекеттік қаржы қызметі Жоспар
- •Тақырып 2. Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жүйесі Жоспар
- •Тақырып 3. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •Тақырып 4. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері Жоспар:
- •Тақырып 5. Бюджет жүйесі және құрылымы Жоспар
- •1. Бюджетті жоспарлау негіздері
- •2. Бюджетті әзірлеу негіздері
- •3. Бюджеттің жобасын қарау және бекіту процесінің негіздері
- •4. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату негіздері
- •Тақырып 7. Қаржы-құқықтық категориясы ретіндегі салық
- •Тақырып 8. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері. Жоспар
- •Тақырып 9,10. Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері. Жоспар
- •Қаржы құқығы пәні бойынша глосарий
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау
- •«Қаржы құқығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары
Қаржы құқығы пәні бойынша глосарий
банк кепілдігі – қарыз алушы мемлекеттік кепілдік беру туралы келісіммен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде заем шарты бойынша өзінен тиесілі сомаларды жинақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда, мемлекет кепілдік берілген заем бойынша берешекті өтеу жөнінде банктің бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган алдындағы міндеттемесі;
бекiтiлген бюджет – Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiстi мәслихат бекiткен бюджет;
борышқа қызмет көрсету – белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының, комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемі;
борыш мониторингі – мемлекеттің өзі уәкілеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесін бақылау жөніндегі қызметі;
борышты өтеу – қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы;
бюджет – мемлекеттiң өз мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, бюджеттi атқару, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттік есептiлiктi жүргiзу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті орган – республикалық бюджеттi және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнiнде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттік есептiлiктi жүргізуді атқару бойынша функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
бюджет жүйесi – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы;
бюджеттiк инвестициялар – бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
бюджеттiк инвестициялық жоба – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
бюджеттiк қамтамасыз етiлу – тиiстi бюджеттер қаражаты есебiнен мемлекеттiк басқару органдары ұсынатын, осы көрсетілетін қызметтерді алушылардың бiрлiгiне есептегендегі көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер құны;
бюджет қаражаты – мемлекеттiң ақша және өзге де активтерi, жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетін мемлекеттiк меншiкке түсетін түсiмдер;
бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арқылы алатын және оларды бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
бюджеттік қатынастар – бюджет процесінде туындайтын қатынастар;
бюджеттiк операциялар – бюджеттi атқару процесiнде жүзеге асырылатын операциялар;
бюджет процесі – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг жасау және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі;
грант – донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына беретiн өтеусiз қаржылық немесе техникалық көмегi;
донорлар – шет мемлекеттер, олардың үкiметтерi мен агенттiктерi, халықаралық және шетелдiк мемлекеттiк ұйымдар, қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн шетелдердiң үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдары және қорлары;
есепті қаржы жылы – жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;
жергілікті атқарушы органның борышы – жергілікті атқарушы органның белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыздарының сомасы;
жергілікті атқарушы орган борышының лимиті – Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін белгілеген жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына алынған және өтелмеген қарыздарының тіркелген сомасы, жергілікті атқарушы органның белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының аяғына) нақты борышы одан аспауға тиіс;
жоспарлы кезең – ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;
инвестициялық ұсыныс – бюджеттік инвестициялық жобаны одан әрі дайындау мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсаты, қол жеткізу жолдары көрсетілетін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;
квазимемлекеттік сектор субъектілері – ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды, басқа да акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қамтитын жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұйымдар;
кезекті қаржы жылы – ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл;
келісімшарт жасасушы агент – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәміленің тарабы;
концессиялық міндеттемелер – жасалған концессия шарттары бойынша концеденттің белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржы міндеттемелерінің сомасы бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;
кiрiстердi бөлу нормативi – әртүрлі деңгейлердегi бюджеттер арасында кiрiс түрлерін бөлудің проценттiк арақатынасы;
Қазақстан Республикасының резиденттері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;
қаржы агенттігі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз процент қатысатын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
қаржы жылы – бюджеттiң атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңi;
қаржыландыру - бюджет ақшасын оларды алушыларға бөлу;
қаржылық есептiлiк – егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын бақылау объектілерінiң қаржылық жағдайы, қызметiнiң қаржылық нәтижелерi және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпарат.
қарыз алу – тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсімдерін қоса алғанда, қарыз қаражаттарын тарту қажеттілігі туралы шешім қабылдау, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау рәсімдері, келіссөздер, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және кепілдіктері, қарыз бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу және қол қою, қарыз шартын ратификациялау (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсімдері кіретін процесс;
қарыз беруші – мемлекеттік немесе мемлекеттік емес қарыздарды мемлекеттік кепілдікпен немесе мемлекет кепілгерлігімен берген тұлға немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі;
қарыз шарты – қарыз алушы қарыз қаражатын соған байланысты алатын және қарыз берушінің алдында оны қайтару және сыйақыны, сондай-ақ қарызға байланысты басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемені мойнына алатын келісім;
қарызға қызмет көрсету – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе банктің қарыз алушының шоттарындағы қарыз қаражаттарының пайдаланылуын есепке алу жөніндегі қызметі және қарыз алушының сыйақы төлемдерін, комиссиялық алымдарды және қарыз талаптарына сәйкес басқа да төлемдерді жүзеге асыруы;
қарызды қайта құрылымдау – тараптардың келісімі бойынша қарыз шарты жөніндегі өздерінің міндеттемелерін орындау мерзімдерін, қаржылық және өзге де талаптарды өзгертуі;
мемлекет активтерi – өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесiнде мемлекеттiк меншікке алынған, құндық бағасы бар мүліктiк және мүліктiк емес игiлiктер мен құқықтар;
мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз – инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз;
мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш – мемлекет кепілгерлігімен тартылған, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыз сомаларының сомасы;
мемлекет кепілгерліктерін беру лимиті – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін тіркелген сома, соның шегінде мемлекет кепілгерліктері берілуі мүмкін;
мемлекет кепілдік берген борыш – мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы;
мемлекет кепілдік берген қарыз – мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз;
мемлекеттік борышты қайта қаржыландыру – мемлекеттік борышты жаңадан алынған қарыз қаражаттары есебінен өтеу;
мемлекеттік емес қарыз – Қазақстан Республикасының Үкіметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті қарыз алушы болатын қарыз қатынастары;
мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
мемлекеттік кепілдіктерді беру лимиті – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітіліп, тіркелген сома, соның шегінде мемлекеттік кепілдіктер берілуі мүмкін;
мемлекеттік қарыз – қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары;
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз – қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастарында оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру – Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын бірінші иеленушілерге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау арқылы иеліктен шығаруы;
нақтыланған бюджет – атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiстi мәслихат қабылдаған өзгерiстер мен толықтырулар ескеріле отырып, бекiтiлген бюджет;
нәтиженің көрсеткіштері – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қызметін сипаттайтын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің, тиімділігі мен сапасы көрсеткіштерінің жиынтығы;
негізгі борыш сомасы – қарыз берушіден алынған және оған қайтарылмаған қарызды, сол бойынша сыйақының, тұрақсыздық төлемінің (айыппұлдың, өсімпұлдың) есептелген сомасын есепке алмастан, өтелуге жататын сома;
өтеусiз қаржылық көмек – донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына тауарлар берудi, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi қаржыландыру үшiн ақша беруi;
өтеусiз техникалық көмек – донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына тауарлар берудi, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi жүзеге асыруы немесе ұйымдастыруы;
сақтандыру шарты – қарыз алушы қарыз талаптары бойынша өзінен алынуға тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, сақтандыру ұйымының қарыз берушінің алдындағы мемлекет кепілгерлігімен немесе мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыз бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемесін көздейтін шарт;
сыйақының тіркелмеген (құбылмалы) ставкасы – нарық конъюнктурасына байланысты өзгерістерге ұшыраған кредиттер, қарыздар жөніндегі сыйақы ставкасы немесе бағалы қағаздар бойынша сыйақымен қоса табыс;
сыртқы қарыз – қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары;
үкіметтік борыш – Қазақстан Республикасының Үкіметі алған және өтемеген мемлекеттік қарыздарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышына жатқызылған белгілі бір күнге борыштық міндеттемелердің сомасы;
үкіметтік борыш лимиті – тиісті қаржы жылына алынған және өтелмеген үкіметтік қарыздардың республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін тіркелген сомасы, белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының аяғына) қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің нақты борышы одан аспауға тиіс;
үкіметтік қарыздарды хеджирлеу – бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган мен келісімшарт жасасушы агент арасындағы үкіметтік қарыз алудың тәуекелдерін (валюталық, проценттік және өзге де) басқару мақсатында қаржы құралдарымен мәмілелер жасау;
ішкі қарыз – қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.
салық агентi - осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықты есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндет жүктелетiн дара кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның iшiнде резидент емес заңды тұлға.
салық берешегi - бересi сомасы, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы. Салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламада көрсетiлген өсiмпұлдар сомасы, сондай-ақ әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалу кезеңiнде шағым жасалу бөлiгiнде көрсетiлген айыппұлдар сомасы салық берешегiне қосылмайды.
салық режимi - осы Кодексте белгiленген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi барлық салық мiндеттемелерiн есептеу кезiнде салық төлеушi қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы.
салықтар - осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын, бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер.
салық төлеушi - салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын адам.
салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоты - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерiлген) сомасын, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың сомасын есепке алуға арналған құжат, оның iшiнде электрондық нысандағы құжат.
салық төлеушiнiң электрондық құжаты - белгiленген электрондық форматта берiлген, қабылданғаннан және бiрдейлiгi расталғаннан кейiн салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат.
пруденциялық нормативтер – уәкілетті орган белгілейтін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтауы үшін міндетті нормативтер;
сақтандыру агенті – берілген өкілеттіктеріне сәйкес бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
сақтандыру брокері – сақтанушының тапсыруымен сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының мүддесін білдіретін немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөніндегі делдалдық қызметті, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
сақтандыру ережелері – сақтандыру ұйымының белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы – уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей немесе жанама иелене алатын немесе:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының он немесе одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге шартқа орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігіне ие жеке немесе заңды тұлға (осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
сақтандыру қызметінің субъектілері – сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;
сақтандыру портфелі – сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, сондай-ақ олар бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) жиынтығы;
сақтандыру резервтері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулері негізінде бағаланатын міндеттемелері;
сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар – өз қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий;
сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын заңды тұлға;
