Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
13-Ойлау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144 Кб
Скачать
☆

4. Ойлау тәсілдері.

Белгілі бір зат туралы, белгілі бір обьект туралы біз әруақытта ойлаймыз, оларды қабылдаймыз немесе елестетеміз, немесе ол туралы түсінігіміз болады. Затсыз ойлау болуы мүмкін емес.

Ойлау үрдісі ерекше ойлау тәсілдері түрлері арқылы іске асады, олардың негізгілеріне салыстыру, талдау және жинақтау, абстракция, нақтылау және жалпылау жатады.

Салыстыру – бұл жекелеген заттар мен құбылыстардың арасында ұқсастық немесе теңсіздікті, бірдейлік немесе қарама-қарсылықты табуда байқалатын ойлау тәсілі болып табылады.

К.Д.Ушинский ойлау және тану үрдістерінде салыстырудың ерекше мәнін атап көрсетті: «... салыстыру - кез-келген түсінудің және ойлаудың негізі. Дүниедегінің бәрін біз салыстыру арқылы білеміз».

Алғашқы рет заттардың ұқсастығы мен айырмашылығы тікелей түйсіктерде және қабылдауларда бейнеленеді.

Салыстыру ойлау тәсілі ретінде сол жағдайда іске асады, егер қабылданатын заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын нақтылай түсу қажет болғанда немесе тікелей түйсіктерімізде және қабылдауларымызда бейнеленбейтін ұқсастықпен айырмашылықты анықтауға болатын кезде.

Салыстыру елестететін немесе ойлайтын заттарды салыстырғанда іске асады.

Мысалы, өзіміз тұрған үйді көшенің басқа бетіндегі үйлермен салыстыра отырып, олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын табамыз.

Психологияны оқытуда да бір психикалық құбылыстарды басқаларымен салыстыра отырып, олардың арасындағы ұқсастықты және айырмашылықты анықтауға болады. Жекелеген адамдарды салыстыра отырып, біз олардың қабілеттіліктері мен мінезіндегі айырмашылықтар немесе ұқсастықтарды табамыз. Шындықты терең және дәл тану үшін ойлау сапасының мәні зор.

Салыстыру – бұл қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ойша табу.

Талдау – бұл заттар мен құбылыстарды ойша оның бөліктеріне ажырату, ондағы жеке бөліктерді, белгілерді және қасиеттерді бөліп көрсету.

Талдау – бұл затты құрамдас элементтерге, бөліктерге және құрамды белгілерге бөліп қарастыру. Талдау үрдісінде тұтас заттардың оның бөліктеріне, элементтеріне қатынасы анықталады. Мәселен, химик суды сутегі және оттегіне бөліп қарастырады. Сол сияқты жүргізушы машинаның моторындағы ақауды жою үшін оны алып, бөлшектеп, талдап қарайды, бұл жүргізушінің тарапынан орындалатын әрекет ойлау тәсілін пайдалана отырып іске асады, мотордың ақауын оңдағаннан кейін оның қосалқы бөлшектерін орын орнына қойып, жинайды.

Мәселен, психологияны оқытуда әрбір психикалық құбылысты біз тек салыстырып қана қоймаймыз, сонымен қатар талдаймыз.

Оқу үрдісінде ойлаудың аналитикалық қызметі ерекше орын алады. Мысалы, оқытқанда, үйреткенде көп жағдайда сөйлеу талдаудан басталады: сөйлемді сөздерге ажыратып, оны буындарға, буындарды-дыбыстарға бөледі. Математикалық есептерді шешу талдаудан басталады, алдымен белгілі қағидаларды анықтап, одан кейін белгісіз қағидаларға көшеді.

Жинақтау – бұл жекелеген элементтерді, бөліктерді және белгілерді біртұтас обьектіге біріктіру, жинақтау талдауға қарама-қарсы, кері үрдіс. Жинақтау үрдісінде жеке заттар мен құбылыстардың тұтас заттар мен құбылыстарға қатынасы анықталады.

Мәселен, машинаның әрбір бөліктерін құрастырып, тұтас машина жасап шығару ойша жинақтау тәсілі арқылы іске асады. Сол сияқты сағат шебері бұзылған сағатты бөлшектерге ойша бөліп, оңдап болғаннан кейін біртұтас сағатқа біріктіруі ой қызметінің тікелей қатысымен талдау арқылы іске асады. Барлық осы сияқты жағдайлар талдау іс-әрекетте байқалатын ойлау үрдістері арқылы орындалады.

Жинақтау, талдау сияқты, жеке элементердің тек қана бір тұтас ойша бірігуі түрінде іске асуы мүмкін. Мысалы, бізге белгілі шет тілінің сөздерінен мағыналы сөйлем құрастырғанда немесе белгілі сөздерден тұратын даяр сөйлемді оқығанда жинақтау үрдісі жүзеге асады.

Жинақтау талдау сияқты оқу жұмысының үрдісінде ерекше орын алады. Мысалы, оқуға үйретуде әріптерден буындар, буындардын-сөз, сөздерден-сөйлемдер құрастырылады. Бұл-талдау. Жекелеген әдеби шығармалардың қаһармандарының немесе тарихи қайраткерлердің іс-әрекеттерін, ойларын, сезімдерін, бейнесін суреттеу және талдау жолымен бұл қайраткерлер мен қаһармандарға мінездеме беруге болады.

Талдау және жинақтау арқылы әрбір бөлім тұтас заттың элементінің рөлі мен маңызын, бұл бөлімдер мен элементтердің өзара байланысын ашып, заттың негізгі және қосымша белгілерін ерекше бөліп көрсетеді.

Талдау мен жинақтау әруақытта да бірлікте іске асады. Біртұтас заттар мен құбылыстар талданылады. Ал жинақтауда талдаудың элементтері қатыстырылады. Талдау мен жинақтаудың байланысы ми бірлігі туралы И.П. Павлов ,-ассоциациядан, жинақтаудан басталады, содан кейін талдау мен жинақтаудың жұмысын біріктіру іске асады.

Адамның бас ми жартышарларының қыртысында іске асатын талдау мен жинақтау өзінің әрекетімен бірінші және екінші сигнал жүйелерін қамтиды.

Шартты рефлекестер әдісін пайдалана отырып, И.П.Павлов мидың үлкен жартыларының қызметі талдау және жинақтау үрдістерінен, көптеген тітіркендіргіштерден тұратындығын, олар жүйке жүйесіне сыртқы ортадан, сонымен қатар организмнің өз ішкі бөліктерінен әсер ететіндігін айтқан.

Абстракция – бұл заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттері мен белгілерінің ойша бөлініп берілуі. Абстракция-ойлаудың негізгі тәсілдерінің бірі, субьект зерттелу үстіндегі обьектінің белгісін айрықша бөліп алып, басқаларын назардан тыс қалдырады. Соның нәтижесінде абстракция терминін білдіретін ақыл-ой термині пайда болды. Бастапқыда абстракция ортаның тікелей сезімдік – бейне қасиетері қабылдау мен әрекет ету үшін бағдар тұту түсінігіне айналады да қалғандары жоққа шығарылады.

Таным үрдісінде қажеттілік пайда болды: тек қана затты немесе құбылысты талдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар одан да терең зерттеу үшін бір белгіні, бір қасиетті, бір бөлімді басқаларынан уақытша дерексіздендере отырып, оны көңілге алмай ерекше бөліп көрсету. Бөліп көрсеткенде, жай ғана белгілері мен қасиеттері емес, негізгі, маңызды белгілері назарға алынады.

Абстракциялау үрдісінде заттың бөлініп алынған белгісі басқа белгілерден тәуелсіз ойланады және ойлаудың дербес обьектісі болып табылады. Мәселен, әртүрлі анық обьектілерді бақылауда: ауа, шөлмек, су, және т.б., олардың ішіндегі жалпы, ортақ белгі-анықтықты алып, жалпы сол туралы ойлаймыз.

Жалпылау және нақтылау. Жалпылау-бұл ойлау арқылы бейнеленетін көптеген заттардың ұқсас, мәнді белгілерінің осы заттар туралы бір ұғымда ойша бірігуі. Мәселен, алмада, алмұртта, апельсинде, алхорыда және т.б. бар ұқсастық белгілері бір «жеміс-жидек» деген ұғым арқылы беріледі, жалпылама ойлау абстракциялық іс-әрекетімен тығыз байланысты. Кейбір заттармен құбылыстардың ұқсас белгілері жалпыланады, ол абстракциялау үрдісінде бөлініп көрсетіледі.

Жалпылау да абстракция сияқты сөздер көмегімен іске асады. Кез-келген сөз жалпылық мағынаны білдіреді. Мысалы, мал деген сөз айта отырып, көптеген жеке белгілерден тұратын ойды білдіреміз.

Абстракциялау мен жалпылаудың ойлау тәсілдері екінші сигнал жүйесінің ерекшеліктерінің негіздеріне сүйенеді.

Нақтылау– бұл жалпыға сәйкес келетін жалпыдан жалқыға ойша көшу.

Нақтылау-бұл ойлау тәсілі, оны іске асыру барысында белгілі абстракциялық-жалпылық ойлауға заттың көрнекілік сипат беруін айтады. Нақтылау мен абстракциядан және жалпылаудан кері заттар мен құбылыстарға көшуді айтады. Мәселен, ағаш деген сөз жалпылық мағынада қолданылса, нақтылағанда қарағай, қайың, емен, шырша т.б. деп жалқыға ойша көшуге болады.

Оқу үрдісінде де нақтылаудың атқаратын қызметі ерекше. Оқу үрдісінде нақтылау дегеніміз, яғни, мысал келтіру, оқу үрдісінде нақты мәселелер бойынша көрнекі құралдары, нақты деректерді, ережелерді, заңдарды пайдалану. Мәселен, грамматикалық, математикалық ережелерді, қағидаларды, тарихи құжаттарды оқу үрдісінде пайдалану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]