Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құрылыс материалдары (лекция).doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Химиялық қасиеттер

Химиялық қасиеттер – материалдың басқа затпен жұғысқанда химиялық өзгеріске ұшырауын сипаттайды. Материалдың химиялық қасиеттері барынша әрқилы, солардың ішіндегі ең негізгілері химиялық және тотығуға төзімділік.

Химиялық төзімділік – сілттілердің, қышқылдардың, суда еріген тұздар мен газдардың бүлдіру әрекетіне материалдың төтеп беру қабілеті.

Тотығуға төзімділік – ортаның тотықтыру әрекетіне материалдың төтеп беру қасиеті.

Көптеген құрылыс материалдарында бұл қасиеттер жоқ. Мысалы, цементтің барлығының дерлік қышқылға төтеп беруі төмен, битумда қоюланған сілті ерітінділерінің әсерінен әлдеқайда тез күйрейді, ағаш екеуіне де төтеп бере алмайды, екеуіне де төзімсіз.

Қышқылдар мен сілттілер табиғи тас материалдарының кейбіреулері (диабаз, андезит, базальт), тығыз күш, сонымен қатар пласстмассадан жасалған материалдардың көбісі тотығуға жақсырақ төтеп береді.

2-ТАРАУ. АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН

Құрылыс материалдары

Ағаштар туралы негізгі мағлұматтар.

Ағаш ежелден маңызды құрылыс материалы болып табылады, оның кең пайдалануын тығыздығы аз ғана болғанмен, беріктігі жоғарлығы, жылу өткізгіштігінің төмендігі, өндеуінің жеңілдігімен түсіндіруге болады. Сонымен қатар ағаштың айтарлықтай кемшілігі бар. Олар: әртүрлі бағыттағы қасиеттерінің әркелкілігі, оңай шіруі, жоғары сусорғыштығы, санқила ауруларының болуы.

Ағаш – көп жылдық өсімдік. Ол діңнен, бұтақтар мен тамырлардан тұрады. Ағаштың діңі басты және барынша құнды бөлігі, діңнің құрылымына ағаш құрылыс материалы ретіндегі сапасы тәуелді. Діңнің ағашы әр бағытта әртүрлі құрылымда болады. Тегінде ағашты үш түрлі тілік бойынша қарайды. Олар: көлдеңен, радиалды ұзын бойына (диаметрі немесе радиусы бойынша) және тангентальды ұзын бойына (хорда бойынша).

Ағаш құрылымын жай көзбен немесе микроскоппен зерттеуге болады.

Жай көзбен макроқұрылымын, микроскоппен микроқұрылымын білуге болады.

Макроқұрылымы; қабық,ағаш,камбий және өзек.

Микроқұрылымы: әртүрлі мөлшердегі және түрдегі көптеген тірі және өлі клеткалар. Тірі клетка қабық, протоплазма мен өзек. Атқаратын қызметіне қарай ағаш клеткалары өткізуші, механикалық, кор жинаушы болып бөлінеді.

Құрылыста қолданылатын ағаш тұқымдарының түрлері

Қылқан жапырақтылар:

Қарағай - қылқан жапырақтылардың ең көп таралған. Қарағайдың физикалық және механикалық қасиеттері жоғары және өндеуге оңай болғандықтан, құрылыста кең пайдаланылады.

Шырша - қылқан жапырақтылар қатарына жатады, шайырлылығы аз, беріктігі жағынан көрсеткіштері жақсы. Алайда ылғалды жерде қолданылғанда тез шіри бастайды.

Самырсын (пихта) – ағашы беріктік жағынан шыршаға жуық болғанмен, одан да тез шіруге бейім.

Балқарағай (кедр) – жеңіл ағаш, оңай өнделеді.

Жапырақты ағаштар, қылқан жапырақтыларға қарағанда құрылыста сирек пайдаланады.

Емен – ауыр, тығыз, қатты және өте берік ағаш. Ашық ауада да, суда да емен жақсы сақталады.

Шетен (ясень) – ағашы еменге ұқсас, тек түсі ашығырақ.

Шамшат (бук) – ақ түсті, әрі берік ағаш.

Қайың – ең көп таралған ағаш.

Қайын қатты, берік болғанмен, ылғалдану мен құрғаудың алма-кезек ауысуынан төтеп бере алмайды.

Көктерек (осина) – жұмсақ жеңіл ағаш.