Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кітап Шаруа,фермер есеп саясаты Шарипов.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
406 Кб
Скачать
☆

2. Қр бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік құрастырудың нормативтік-құқықтық негіздері

ҚР бұхгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік құрастырудың нормативтік-құқықтық негіздері төрт сатыдын тұрады:

  1. ҚР "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы"28.02.2007 ж № 234-111 жаңа заңы.

  2. Ұлттық қаржылық стандарттар (ҰҚЕС) мен халықаралық қаржылық есеп стандарттары (ХҚЕС).

  3. Типтік бухгалтерлік есеп шоттар жоспары мен Бухгалтерлік есепті жұргізу ережелері.

  4. Субъектінің есеп саясаты.

Республикамызда бәсекеге қабілеті ұлттық экономика қалыптастыру кезінде бухгалтерлік есептің нормативтік-құқықтық негіздерін жетілдіру маңызды роль атқарады. Соған дәлел, 28.02.2007 ж ҚР Президеті қол қойған "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" № 234-111 ҚР жаңа заңы. Бүл құжат бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың бүрын қолданылып келгеннен едәуір айырмашылықтары бар принциптері мен қағидаларын белгілейді. Ірі бизнес субъектілеріне қолданылатын халықаралық қаржылық есеп стандарттарымен (ХҚЕС) қатар, кіші және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұлттық қаржылық есеп стандарттар ы (ҰҚЕС) енгізілуі көрсетілген.

Осы заңға сәйкес іс-әрекет ету аясы қолданылатын субъектілердің кеңейтілген бөліністерінің Заңда келтірілген айта кету қажет. Әрбір топ үшін бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың бір тәртібі белгіленеді. Біржолға талон, немесе патент негізінде салық заңамасына сәйкес арнайы салық режимі қолданылатын жеке кәсіпкерлер бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауда жүзегс асыруға құқылы. Шаруа (фермер) шаруашылықтаты және салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимін қолданылатын шуылшаруашылығы өнімдерін өндіреін заңды түлғалар бұған дейін қаржылық есептілікті жасамайтын. Осы заңға сәйкес олар қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттына сәйкес жасайды. Орта кәсіпкерліктің субъектісі есеп саясатын бекітке басшы органның шешімі бойынша қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға қүқылы. Ірі бизнес қаржылық есептілікті халықаралық стандарттға сәйкес жасауға міндеті.

Есеп саясатын қалыптастыру жауапкершілігі ұйым басшасынан алынып, бухгалтер қызметі басшысы немесе жеке кәсіпкер бұдан кейін есап саясатын тек келісуге және (немесе) бекітуге тиіс. Бұл аса маңызды құжат-есеп саясатының салалы құрлыстарына әсәр етеді.

3.Қр "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 28.02.2007 ж № 234-111 заңының мазмұны

Бұл тақырыпта қолданатын негізгі ұғымдар

1. Қаржылық есептілік стандарты - бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау принциптері мен әдістерін белгілейтін құжат;

2. Қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары (бұдан әрі - ұлттық стандарттар) - қаржылық есептіліктің уәкілетті орган бекіткен стандарттары;

3. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (бұдан әрі  - халықаралық стандарттар) - Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары комитетінің Қоры бекіткен қаржылық есептілік стандарттары;

2008 жылдың 1- қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының субъектілері қаржылық қортындыларын ҰҚЕС-1, ҰҚЕС-2 және ХҚЕС- ке сай келтіре тапсырулары керек. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңының талаптары осындай.. Бір жағынан, бұл ұйымның есеп жүйесі мен саясатын өзгертумен байланысты үлкен мәселе, екінші жағынан- бұл инвесторлармен, кредиторлармен жаңа дәрежеде қарым- қатынас құрудың мүмкіндігі. Бұл Заңның күшi,дара кәсiпкерлерге,заңды тұлғаларға, шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерiне (бұдан әрi - ұйымдар) қолданылады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бiржолғы талон немесе патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiк жасауды жүзеге асырмауға құқылы.

Дара кәсiпкерлер мен ұйымдар мынадай санаттарға:

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiретiн заңды тұлғалар үшiн, сондай-ақ оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi.Олар ұлттық қаржылық есептіліктің № 1 стандартын (ҰҚЕС-1) қолданады;

2) Жалпы салық режимiн қолданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерi. Олар қаржылық есептiлiк жасауды ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандарттына (ҰҚЕС-2) сәйкес жүзеге асырады;

3) Орта кәсiпкерлiк субъектiлерi, сондай-ақ жедел басқару құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорындар (қазыналық кәсiпорындар).Бұл топтағылар қаржылық есептiлiк жасауды ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандарттына (ҰҚЕС-2) сәйкес жүзеге асырады. Бұған қосымша осы ұйымдар есептiлiк саясатын бекiткен басшы органдарының шешiмi бойынша қаржылық есептiлiктi халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға құқылы.

4. Iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жария мүдделi ұйымдар қаржылық есептiлiктi халықаралық стандарттарға (ХҚЕС) сәйкес жасауға мiндеттi.

Мемлекеттiк мекемелер 1 қаңтар 2013 жылдан бастап қаржылық есептiлiктерін қоғамдық ұйымдардың халықаралық стандарттарына (ҚҰХҚЕС) сәйкес жасауға мiндеттi.

Субъектіні қаржылық басқаруда есеп саясаты маңызды роль атқарады. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес, олардың қажеттiлiктерi мен қызмет ерекшелiктерi негiзге алына отырып, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау үшiн дара кәсiпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты принциптердi, негiздердi, ережелердi, тәртiп пен практиканы бiлдiредi. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес субъект басшысы немесе дара кәсiпкер:

1) есеп саясатын келiседi және (немесе) бекiтедi;

2) бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруды қамтамасыз етедi.

Есеп саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және ұйымның жарғысымен (ережесiмен) бекiтiледi.

Басшылық немесе дара кәсiпкер есеп жұмысының көлемiне қарай:

1) бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлiмше ретiнде бухгалтерлiк қызмет құруды;

2) штатқа бас бухгалтер лауазымын енгiзудi;

3) бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды шарт негiзiнде бухгалтерлiк немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсiби бухгалтерге берудi;

4) бухгалтерлiк есептi жеке жүргiзудi жүзеге асыра алады.