Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб ИИТ (каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

1.3. Сынақтың жүргізілуі.

1.3.1. Сурет 1.1 бойынша схеманы құрастыру.

С урет 1.1.

ИП – бақылау амперметрі,

А2 – тексерілетін аспап.

1.3.2. Стенті қоспақ бұрын ЛАТРдың ауыстырып-қосқышын бастапқы орынға қою керек. Айналмалы токтағы бір фазалы тізбек блогында "В" фазасында Т1 ЛАТР-ның шығу орамасын қосу керек.

1.3.3. Айналмалы R13 резисторын максимальды кедергіге қою керек.

1.3.4. Стендті қосып, ЛАТР-дың қосылу тумблерін (S7) және тұрақты ток тізбегін қоректендіру (S6) тумблерін қосу керек.

1.3.5. ЛАТР-дың ауыстырып-қосқышымен кернеу шамасын (бұл шамаV2 вольтметрімен бақыланады) өлшеу тогының мәнін алғанға дейін өзгеру керек, токтың одан кейінгі ұлғайтылуы айналмалы R13 резисторының біртіндеп өзгеруімен іске асырылады.

1.3.6. Есептеуге қажетті мөлшерде өлшеулерді жүргізу.

1.3.7. Жұмыс айақталғанан кейін барлық аспаптарды бастапқа орнына қойыңыз.

1.4 Сынақ нәтижесін қорту.

1.4.1. Өлшеулер нәтижесі бойынша тексерілетін амперметр шкаласының бірнеше нүктесіндегі абсалюттік қателікті есептеңіз.

1.4.2. Тексерілетін амперметрдің келтірілген қателігін есептеңіз.

1.4.3.Тексерілетін амперметрдің дәлдік класын анықтаңыз және осы мәнді тексерілетін амперметрдің шаласындағы келтірілген дәлдік класымен салыстырыңыз.

1.5 Тексеруге арналған сұрақтар.

5.1. Үлгілік және тексерілетін амперметрдің дәлдік касының қатынасы қандай болу керек? Өлшеу аспабының шкаласындағы 1,0 белгісі бар.Бұл нені білдіреді?

1.5.3. Өлшеу құралдарын тексеру дегеніміз не?

1.5.4. Дәлдік класы 1,5; 2,5 болаты амперметрді тексеру үшін, қандай дәлдіктегі аспапты таңдаған дұрыс?

1.5.5. Дәлдік класы 1,5 болатын амперметрді тексеру үшін, дәлдік класы 0,2 болатын ампертаңдаған дұрыс па?

1.5.6. Магнитоэлектрлік жүйедегі аспаптардың шкала теңдеуін жазыңыз.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №2

Электродинамикалық жүйеде вольтметрді зерттеу

2.1 Жұмыстын мақсаты

2.1.1.Вольтметрді тексеру схемасын зерттеу;

2.1.2.Тексерілетін вольтметрдің дәлдік классын анықтау;

2.1.3.Өлшенетің құрылғының тексеру әдісін зерттеу;

2.2.Негізгі теориялық мағлұмат

(№1 зертханалық жұмысқа қараңыз).

Магнитоэлектрлік жүйедегі вольтметрді тексеру үшін үлгілік және тексерілетін вольтметрлерді параллель қосады.

Магнитоэлектрлік жүйедегі өлшеу механизмін қандай бір электр тізбегіндегіне екі түрлі әдіспен қосуға болады. Схема бойынша қосуда (сурет 2.1, а), А нүктесімен белгіленген механизмнің орамасы арқылы жалпы жүктемелік ток өтеді.

Механизмнің жылжымалы бөлігінің нөлдік жағдайдан ауытқуы I тогының мәніне байланысты. Бұл жағдайда аспаптың көрсету жүктемелік токтың функциясы болып табылады, яғни осы арқылы оның шкаласын градусқа келтірсек, ол ретінде қызмет етеді.

а) б)

Сурет. 2.1.

Егер осындай аспаптар, рамкасының орамасымен тізбектей қосылған жеткілікті дәрежеде жоғарғы Rд кедергісімен толтырып, V-мен белгіленген аспапты қосса (сурет 2.1, б), онда аспаптың бойымен, кернеу мен кедергілер қосындысымен (RД +RP) анықталатын, Iv тогы жүреді. Мұндағы RP-аспап рамкасындағы ораманың кедергісі.

Бұл жағдайда:

1

= ----- f(Iv),

W

Сонымен бірге

U

Iv = --------- ,

Rд + Rр

мұндағы Rд + Rр – тұрақты шама, сонда

1

= ------ f(U).

W

Бұдан схема бойынша (сурет 2.1, б) аспаптын көрсетуі U кернеуінің функциясы болатының көрсетеміз, яғни ол енді амперметр ретінде емес, вольтметр ретінде қызмет етеді.